Барлық дәрілік препараттар сияқты, Клопиксол депо жағымсыз әсерлерді тудыруы мүмкін, бірақ олар әр пациентте дами бермейді.
Жағымсыз реакциялардың жиілігін жіктеу үшін мынадай терминология пайдаланылады: өте жиі (≥ 1/10); жиі (≥1/100-ден < 1/10-ға дейін); жиі емес (≥1/1000-нан < 1/100-ге дейін); сирек (≥1/10000-нан < 1/1000-ға дейін); өте сирек (< 1/10000); жиілігі белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес).
Төменде аталған симптомдардың қайсы бірі дамыған жағдайда, пациент дереу дәрігерге немесе ауруханаға бару керек.
Жиі емес
- «кешеуілдеген дискинезия» деп аталатын жағдайдың ерте белгісі болуы мүмкін ауыз бен тілдің ерекше қозғалыстары
Өте сирек
- жоғары температура, бұлшықеттің ерекше сіресуі және сананың бұзылуы, әсіресе егер олар терлеу мен жылдам жүрек соғуымен бірге жүрсе; бұл симптомдар әртүрлі антипсихотиктерді қабылдау кезінде байқалатын «қатерлі нейролептикалық синдром» деп аталатын сирек жағдайдың белгілері болуы мүмкін
- бауырдың зақымдануын көрсететін және «сарғаю» деп аталатын жағдайдың белгісі болып табылатын тері мен көз ақуыздарының сарғаюы
Келесі жағымсыз реакциялар емнің басында айқын байқалады және олардың көпшілігі әдетте емдеу барысында бәсеңдейді.
Өте жиі
- ұйқышылдық, тіке отыруға немесе қозғалмау қалпын сақтауға (акатизия) қабілетсіздік, еріксіз қозғалыстар (гиперкинезия), баяу немесе әлсіреген қозғалыстар (гипокинезия)
- ауыздың құрғауы
Жиі
- жылдам жүрек соғу жиілігі( тахикардия), жылдам, күшті немесе ретсіз жүрек соғуы (жүрек соғуының жиілігі)
- бұлшықеттердің тұрақты жиырылуына (дистония) байланысты тремор, қисайған немесе қайталанатын қозғалыстар немесе дененің қалыптан тыс орналасуы, бұлшықет сіресуінің жоғарылауы (гипертонус), бас айналу, бас ауыруы, терінің шаншуы, ашуы немесе ұйып қалу сезімі (парестезия), зейін қоюдың бұзылысы, амнезия, қалыптан тыс жүріс
- көздің жанында орналасқан объектіге көзді шоғырландырудың қиындығы (аккомодация бұзылысы), көру қабілетінің бұзылуы
- дененің өзгермейтін қалпында (вертиго) айналу немесе тербелуді сезіну
- мұрын қойнаулары блокадасы (мұрынның бітелуі), тыныс алудың қиындауы немесе тыныс алу кезіндегі ауырсыну (ентігу)
- сілекей шығарудың жоғарылауы (сілекейдің гиперсекрециясы), іш қату, құсу, ас қорыту проблемалары немесе іштің жоғарғы бөлігіндегі жайсыздық (диспепсия), диарея
- несеп шығарудың бұзылуы, несеп шығаруға қабілетсіздігі (несептің іркілуі), несеп көлемінің ұлғаюы (полиурия)
- қатты терлеу (гипергидроз), қышыну
- бұлшықет ауыруы (миалгия)
- тәбеттің жоғарылауы, дене салмағының жоғарылауы
- шаршау, әлсіздік (астения), жалпы жайсыздық сезімі немесе өзін нашар сезіну, ауыру
- ұйқысыздық, депрессия, үрейлену сезімі, ашушаңдық, аномальді түс көру, қозу, сексуалды құмарлықтың күшеюі (либидоның жоғарылауы)
Жиі емес
- шамадан тыс белсенді немесе әсер ететін рефлекстер (гиперрефлексия), үзіліссіз қозғалыстар (дискинезия), паркинсонизм, сананың жоғалуы (естен тану), бұлшықет белсенділігін үйлестіре алмау (атаксия), сөйлеудің бұзылуы, бұлшықет тонусының төмендеуі (гипотонус), құрысулар, бас сақинасы
- көздің дөңгелене қозғалысы (окулогирлі криз), қарашықтардың кеңеюі (мидриаз)
- дыбыстардың белгілі бір диапазонына шамадан тыс сезімталдық немесе әдеттегі дыбыстарды көтере алмауымеен проблемалар (гиперакузия), құлақтың шуылдауы (тиннитус)
- іштің ауыруы, жүрек айнуы, метеоризм
- бөртпе, жарыққа сезімталдыққа байланысты тері реакциялары (жарыққа сезімталдық реакциясы), пигментацияның бұзылуы, тері майы секрециясының күшеюіне байланысты майлы, жылтыр немесе сарғыш тері (себорея), экзема немесе терінің қабынуы (дерматит), терідегі қызыл немесе қып-қызыл дақтар түрінде көрінетін тері астындағы қан кету (пурпура)
- бұлшықеттің сіресуі, ауызды қалыпты аша алмау (тризм), мойынның бұралуы және бастың қалыптан тыс орналасуы (қисық мойын)
- тәбеттің төмендеуі, дене салмағының азаюы
- төмен артериялық қысым( гипотензия), ысынулар
- шөлдеу, дене қызуының тым төмен болуы (гипотермия), қызба (пирексия)
- Клопиксол депо инъекциясы енгізілген тері учаскесіндегі қызару немесе қанталау
- функционалдық бауыр сынақтарындағы ауытқулар
- жыныстық бұзылыстар (кешіктірілген эякуляция, эрекция проблемалары, әйелдерде оргазмға жету проблемалары, қынаптың құрғауы (вульвовагинальді құрғау))
- айналадағы нәрмелерге немқұрайдылықпен қарау (апатия), түнгі қорқынышты түстер, сексуалды елігудің жоғарылауы (либидоның төмендеуі), сананың шатасуы
Сирек
- қандағы тромбоциттер мөлшерінің төмендігі (тромбоцитопения), қандағы нейтрофилдер мөлшерінің төмендігі (нейтропения), қандағы лейкоциттер мөлшерінің төмендеуі (лейкопения), сүйек кемігінің уыттануы (агранулоцитоз)
- қандағы пролактин деңгейінің жоғарылауы (гиперпролактинемия)
- қандағы қанттың жоғары деңгейі (гипергликемия), глюкоза жағымдылығының бұзылуы, қандағы май деңгейінің жоғарылауы (гиперлипидемия)
- жоғары сезімталдық (аса жоғары сезімталдық), жедел жүйелі және күрделі аллергиялық реакция (анафилаксиялық реакция)
- ерлердегі сүт бездерінің өсуі (гинекомастия), сүттің шамадан тыс өндірілуі (галакторея), етеккірдің болмауы( аменорея), пенистің тұрақты ауырсынатын эрекциясы (приапизм)
Әсері зуклопентиксол деканоатына (Клопиксол депоның әсер етуші заты) ұқсас басқа препараттар сияқты келесі жағымсыз реакциялар туралы сирек хабарламалар алынған:
- QT аралығының ұзаруы (жүректің баяу соғуы және ЭКГ-дағы өзгерістер)
- жүректің ретсіз соғуы (қарыншалық аритмия, қарыншалық фибрилляция, қарыншалық тахикардия)
- екі бағытты қарыншалық тахикардия (ретсіз жүрек соғуының ерекше түрі).
Сирек жағдайларда ретсіз жүрек соғысы (аритмия) кенеттен болатын өлімге әкелуі мүмкін.
Венадағы, әсіресе аяқтың венасындағы тромбтар (симптомдарына аяқтың ісінуі, ауыруы және қызаруы жатады), олар қан тамырлары арқылы өкпеге өтіп, кеудедегі ауырсыну мен тыныс алу қиындықтарын тудырады. Егер осындай симптомдардың кез келгені байқалса, дереу дәрігерге қаралу керек.
Деменциямен ауыратын және антипсихотиктерді қабылдайтын егде жастағы адамдарда антипсихотиканы қабылдамаған пациенттермен салыстырғанда өлім санының аз өскені туралы хабарланды.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық дерекқорға тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz .