Жағымсыз реакциялардың түйіндемесі
Клиникалық зерттеулердің нәтижелері көрсеткендей, жағымсыз реакциялар жоғары дозаларды қабылдаған кезде немесе ұзақ емдеу кезеңінде дамиды. Препаратты ұсынылған дозаларда қолданған кезде жағымсыз реакциялар айқын болмайды және емдеуге сирек кедергі келтіреді.
Клиникалық зерттеулер барысында келесі жағымсыз реакциялар туралы жиі хабарланды: аналық бездің ұлғаюы (13,6%), ысыну (10,6%), іш пен жамбас аймағында жайсыздық сезімі (іштің созылу сезімі, кекіру) (5,5%), жүрек айну және құсу (2,2%), сүт бездеріндегі жайсыздық сезімі (2,1%), көру мүшелері тарапынан симптомдар (1,5%), бас ауыруы (1,3%), етеккірлер арасындағы жұғынды қан кету немесе менорагия (1,3%).
Өте жиі:
-ысыну
- аналық бездердің ұлғаюы
Жиі:
-бас ауыруы
- көру қабілетінің бұзылуы: бұлыңғыр контурлар, жарқылдар немесе дақтар (сцинтилляциялық скотомалар), қалдық сурет
- құсу, жүрек айну, метеоризм
- сүт бездеріндегі жайсыздық сезімі, циклдер арасында жұғатын қанды бөлінділер немесе менорагия
Жиі емес:
-бас айналу, талма алдындағы жағдай, вертиго, жүйке кернеуі/ұйқысыздық, шаршау
- депрессия
Сирек:
-құрысу ұстамалары
- катаракта, көру жүйкесініңқ невриті
Жиілігі белгісіз:
• гормонға тәуелді ісіктер / жаңа өспелер немесе ауру ағымының нашарлауы, аналық бездің қатерлі ісіктері
- аллергиялық реакциялар, соның ішінде анафилаксия және ангионевроздық ісіну.
- гипертриглицеридемия, кейбір жағдайларда панкреатитпен бірге жүреді, анамнезінде гипертриглицеридемия бар пациент әйелдерде, сондай-ақ препараттың дозасы немесе емдеу ұзақтығы ұсынылғаннан өзгеше болған жағдайларда байқалды.
- параноидтық психоздың ағымының нашарлауы, мазасыз жағдай, көңіл-күйдің бұзылуы (көңіл-күйдің өзгеруін, көңіл-күйдің ауысуын және ашуланшақтықты қоса), күйгелектік, ашуланшақтық.
- синкопе, талма, ми қанайналымының жедел бұзылуы, ми қантамырларының тромбозы, неврологиялық симптоматика, бағдарсыздық және сөйлеудің бұзылуы, уақытша парестезия
-скотомалар, фосфендер, диплопия, көру өткірлігінің төмендеуі, көздің ауыруы, аккомодацияның бұзылуы, макулалық ісіну, көру жүйкесінің ишемиялық нейропатиясы, торқабықтың ажырауы, шыны тәрізді дененің ажырауы, торқабықтың орталық венасының окклюзиясы.
Жоғарыда берілген жағымсыз реакциялар тіркеуден кейінгі кезеңде байқалды және кейбір жағдайларда көру қабілетінің қайтымды немесе қайтымсыз, ішінара немесе толық жоғалуымен (соқырлық) байланысты болды, әсіресе дозаны жоғарылатқан және емдеу ұзақтығын ұзартқан кезде.
- тахикардия, жүректің қатты соғуы сезімі
- панкреатит
- гепатоцеллюлярлық функцияның бұзылуы: бромсульфалеин тесті нәтижелерінің өзгеруі (төменде қараңыз), сарғаю, трансаминаза белсенділігінің жоғарылауы
- аллергиялық дерматит, тері бөртпесі, есекжем, шаштың түсуі, көп формалы эритема, экхимоздар.
- поллакиурия
- көпұрықты жүктілік, бір мезгілде жатырішілік және жатырдан тыс жүктілік, эктопиялық жүктілік - кломифенді қолданғанда эктопиялық жүктілік қаупі артады.
- эндометриоз, бар эндометриоздың нашарлауы, эндометрий қалыңдығының азаюы, аналық бездердің айтарлықтай ұлғаюы, аналық бездердің гиперстимуляциясы синдромы, кломифеннің эстрогенге қарсы әсеріне байланысты цервикальдық шырыштың өндірілуінің төмендеуі.
Құрысулардың дамуы туралы хабарламалар бар. Анамнезінде құрысулары бар пациенттер көбірек бейім.
Аналық бездердің ұлғаюы
Препаратты ұсынылған дозаларда қолданған кезде аналық бездердің патологиялық мөлшерге дейін ұлғаюы сирек кездеседі, дегенмен оның мөлшерінің әдеттегі циклдік өзгерістерімен салыстырғанда ұлғаю айқынырақ болуы мүмкін. Сол сияқты, аналық бездердің циклдік ауырғыштығы айқынырақ болуы мүмкін. Жоғары дозаларды қолдану немесе емдеу мерзімін ұзарту кезінде аналық бездердің ұлғаюы және кисталардың пайда болуы жиі байқалады, сонымен қатар овуляция циклінің лютеиндік фазасы ұзаруы мүмкін.
Сирек жағдайларда аналық бездердің айқын ұлғаюы туралы хабарланды. Мұндай жағдай 14 күн бойы тәулігіне 100 мг дозада Клостилбегит препаратын қабылдаған поликистозды аналық без синдромы бар пациент әйелде сипатталған.
Аналық бездердің қалыптан тыс ұлғаюы әдетте өздігінен өтеді. Мұндай жағдайы бар пациент әйелдердің көпшілігіне консервативті ем жүргізуге болады.
Көру мүшесі тарапынан бұзылулар
Жалпы дозаның жоғарылауымен көру қабілетінің «бұлыңғырлығы» ретінде белгілі симптомдардың даму жиілігі, сондай-ақ дақтардың немесе жарқылдың пайда болуы (жыбырлақ скотома) артады. Кейінгі кескіннің ізі пайда болуы туралы да хабарланды. Бұл симптомдардың көру мүшесі тарапынан алғашқы пайда болуы немесе күшеюі, негізінен, қатты жарықта байқалады. Офтальмологиялық расталған скотомалар, фосфендер және көру арқылы қабылдаудың нашарлауы туралы хабарламалар бар.
Сирек жағдайларда катаракта және көру жүйкесінің невриті туралы хабарланды. Бұл көру қабілетінің бұзылулары әдетте қайтымды сипатқа ие, дегенмен кломифенмен емдеу аяқталғаннан кейін көру қабілетінің ұзақ мерзімді бұзылыстары туралы хабарламалар болған. Кейбір жағдайларда көру қабілетінің бұзылуы қайтымсыз болуы мүмкін, әсіресе кломифенді жоғары дозаларда қолданғанда немесе оны ұзақ уақыт бойы тағайындаған кезде.
Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар
Бромсульфалеин тестінің (БСФ) көмегімен БСФ белгілі мөлшерін вена ішіне енгізгеннен кейін қаннан шығарылған БСФ мөлшері анықталады. 5 мг/кг БСФ вена ішіне енгізгеннен кейін 45 минуттан соң қанда дозаның тек 5%-ы ғана қалады. Бұл сынама бауыр жасушаларының және бауырдың детоксикация функциясының зақымдануымен бірге жүретін ауруларды анықтаудың тиімді әдісі болып табылады, алайда бұл әдіс бауырдан тыс ауруларды диагностикалау немесе бауырішілік обструктивті сарғаюды анықтау үшін қолданылмайды.
БСФ сынамасы жүргізілген 141 пациенттің 32-сінде БСФ кідіруі 5%-дан асты. Осы топқа кіретін 43 пациенттің 5-і кломифенді қазіргі уақытта ұсынылған 50 мг дозада қабылдады. Кломифенді ұзақ уақыт бойы үздіксіз қабылдаған пациенттерді немесе препаратты қабылдауға қатысы жоқ бауыр аурулары жағдайын қоспағанда, БСФ ретенциясы әдетте минималды болды. Басқа бауыр сынамаларының нәтижелері әдетте қалыпты болды.
Пациенттер плацебо немесе 50 мг таблетка түрінде кломифен қабылдаған зерттеуде (айына 3 күн тәулігіне 50 мг немесе 100 мг дозада) 6 айлық емдеу курсы кезінде БСФ тест 94 пациентке жүргізілді. 5% - дан астам БСФ кідіруін көрсететін нәтижелер 11 пациенттен алынды, олардың 6-ы кломифен, 5-і плацебо қабылдаған.
Тағы бір зерттеуде тәулігіне 50 мг дозада кломифен таблеткаларын қабылдаған бір пациент әйелде емдеудің 19-шы күні сарғаюдың дамығаны туралы хабарланды. Бауыр биопсиясы гепатит белгілері жоқ холестазды анықтады.
Зат алмасу тарапынан бұзылулар
Гипертриглицеридемия (кейбір жағдайларда панкреатитпен) гипертриглицеридемиямен ауырған немесе отбасылық анамнезінде бар және/немесе кломифен препаратын ұзақ уақыт бойы немесе ұсынылғаннан жоғары дозада қабылдаған пациенттерде байқалды.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz