Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір суппозиторийдің құрамында
белсенді зат - 100 мг клотримазол,
қосымша зат: қатты май.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Цилиндрлі конус пішінді, ақ немесе сарғыштау реңді ақ түсті суппозиторийлер.
Әсер ету механизмі
Клотримазолдың микозға қарсы әсер ету механизмі эргостерол синтезін бәсеңдетуімен байланысты, бұл цитоплазма жарғақшасының құрылымдық және функционалдық тұрғыдан зақымдануына алып келеді.
Фармакодинамикалық әсерлері
Клотримазолдың микозға қарсы in vitro және in vivo белсенділігінің ауқымы кең, дерматофиттерге, ашытқылық, өңездік зеңдерге әсер етеді.
Тиісті тест жүргізу жағдайларында зеңдердің аталған типтері үшін ең төменгі тежегіштік концентрациялары 0,062-8,0 мкг/мл субстраттан азды құрайды.
Концентрациясына байланысты фунгистатикалық және фунгицидтік қасиеттерге ие болады.
In vitro белсенділігі зеңнің пролиферациялаушы элементтерімен шектеледі, зең спораларының сезімталдығы болар-болмас қана.
Бастапқыда зеңдердің сезімтал түрлерінің резистентті штаммдары сирек кездеседі. Сезімтал зеңдерде емдеу кезінде салдарлы резистенттіліктің дамуы әлі күнге дейін өте сирек байқалады.
Препаратты әрқашан емдеуші дәрігердің немесе фармацевттің ұсыныстарына сәйкес қолданыңыз.
Дозалау режимі
3 күн бойы күніне 2 рет бір суппозиторийден (100 мг) немесе 6 күн бойы күніне бір рет, кешке ұйықтар алдында бір суппозиторийден (100 мг).
Қажет болған жағдайда, емдеу курсын дәрігермен кеңескеннен кейін қайталауға болады.
Егде жастағы, бауыр немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін арнайы дозалау режимі жоқ.
Балалар
18 жасқа дейінгі балаларға препарат қолданылмайды.
Енгізу әдісі және жолы
Қынап ішіне.
Суппозиторий қабығынан шығарылады және қынапқа терең енгізіледі.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар
Қабылданбай қалған дозаның орнын толтыру үшін екі есе дозаны қабылдамаңыз.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар
Дәрілік препаратты қолданар алдында кеңес алу үшін дәрігерге немесе фармацевтке жүгініңіз.
Дәрілік препарат стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
• анафилаксиялық реакциялар, ангионевроздық ісіну, аса жоғары сезімталдық
• естен тану, артериялық гипотензия
• ентігу
• іштің ауыруы, жүрек айнуы.
• бөртпе, есеккжем, қышыну.
• қынаптық эксфолиация, қынаптан бөліністер, қынаптан қан кету, вульвақынаптық жайсыздық, вульвақынаптық эритема, қынап ішінің ашыту сезімі, вульвақынаптық қышыну, вульвақынаптық ауыру.
• енгізген жердегі тітіркену, ісіну, ауыру.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
• клотримазолға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
• етеккір кезеңі;
• 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөсіпірімдерге.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Жедел уыттану қаупі байқалмайды, өйткені қынап ішіне бір рет енгізгеннен кейін немесе теріге жаққаннан кейін немесе абайсызда ішке қабылдағаннан кейін артық дозалану ықтималдығы аз.
Препарат байқаусызда ішу арқылы қолданылған жағдайда, мынадай симптомдар болуы мүмкін: бас айналуы, жүрек айнуы немесе құсу.
Емі: Спецификалық антидоты жоқ. Тыныс алу жолдарын тиісті түрде қорғау мүмкіндігі болған жағдайда ғана асқазанды шаюды жүргізуге болады.
Егер сіз қынап кандидозының симптомдарын алғаш анықтасаңыз, дәрігерге жүгіну керек.
Егер төмендегі жағдайлардың кез келгені бар болса, Клотримазол қынаптық суппозиторийлерін пайдаланбас бұрын, маманның кеңесіне жүгіну қажет:
• соңғы алты ай ішінде кандидоздық вагинит дамуының екеуден көп жағдайы
• анамнездегі жыныстық жолмен берілетін аурулар немесе жыныстық жолмен берілетін ауруы бар серіктеспен қатынас
• жүктілік немесе болжамды жүктілік
• 18 жасқа дейінгілер немесе 60 жастан асқандар
• имидазолдарға немесе зеңге қарсы басқа қынаптық препараттарға белгілі аса жоғары сезімталдық
Егер сізде төмендегі симптомдардың кез келгені болса, Клотримазол қынаптық суппозиторийлерін пайдаланбау керек, осы жағдайларда маманның кеңесіне жүгіну қажет:
• қынаптан жүйесіз түрде қан кету
• қынаптан патологиялық қан кету немесе қанды бөліністер
• вульваның немесе қынаптың ойық жаралары, везикулалары немесе жаралары
• іштің төменгі жағының ауыруы немесе дизурия
• шырышты қабықтың емдеумен астасқан қызаруы, тітіркенуі, ісінуі
• қызба немесе қалтырау
• жүрек айнуы немесе құсу
• диарея
• қынаптан бөліністердің жағымсыз иісі.
Суппозиторийдің етеккір бөліністерімен шайылып кету қаупін ескеру керек, сондықтан препаратты етеккір кезінде қолданбаған жөн. Емдеу етеккір басталғанға дейін аяқталуы тиіс.
Клотримазол препаратымен емдеу кезінде тампондарды, бүркіп шайынуды, спермицидтерді немесе қынапқа енгізілетін басқа препараттарды қолданбау керек.
Жыныстық қатынас кезінде инфекция жұқтыруы салдарынан серіктесінде инфекцияның даму қаупінің жоғарылығын ескеру керек, сондықтан препаратты қолдану кезінде қынаптық жыныстық қатынастан бас тарту ұсынылады.
Егер бір апта бойы емдегенде жағдайы жақсармаса, кеңес алу үшін дәрігерге жүгіну керек. Егер 7 күннен кейін симптомдары қайта басталса, Клотримазол қынаптық суппозиторийлерін қайталап қолдануға болады. Егер инфекцияның қайталануы алты ай ішінде екі реттен жиі анықталса, кеңес алу үшін дәрігерге жүгіну керек.
Арнайы сақтандырулар
Педиатрияда қолдану
Препаратты 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөсіпірімдерге қолдануға болмайды
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Клотримазол көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді немесе елеусіз әсер етеді.
Клотримазолдың жүкті әйелдерде қолданылуы жөніндегі деректер шектеулі. Клотримазолдың жануарларда жүргізілген зерттеулерінде жоғары дозаларын пероральді енгізген кезде ұрпақ өрбітуге уыттылығы бар екенін анықтады.
Клотримазолдың жүйелі әсері төмен болған кезде қынапқа енгізгеннен кейін ұрпақ өрбітуге уыттылығына қатысты зиянды әсерлері күтілмейді.
Клотримазолды жүктілік кезінде қолдануға болады, бірақ дәрігердің немесе акушердің қадағалауымен ғана.
Клотримазолдың емшек сүтіне бөлінетіні туралы мәліметтер жоқ. Алайда, препаратты қолданғаннан кейін жүйелі сіңірілуі өте аз және жүйелі әсерлерге әкелуі екіталай. Клотримазолды емшек емізу кезеңінде кезінде қолдануға болады.
Клотримазолдың адамдағы фертильділікке ықпалын зерттеулер жүргізілмеді, алайда жануарларға жүргізілген зерттеулердің деректері клотримазолдың фертильділікке ықпал ететінін көрсетпеді.
Зертханалық зерттеулер препарат бірге қолданылғанда латекс контрацептивтерді зақымдауы және, сол арқылы, олардың тиімділігін төмендетуі мүмкін екендігін көрсетті.
Клотримазол препаратымен емдеу курсы аяқталғаннан кейін кемінде 5 күн бойы контрацепцияның баламалы әдістерін пайдалануға ұсынылады.
Клотримазолды қынапқа және такролимусты ішу арқылы (FK-506; иммуносупрессант) бір мезгілде қолдану такролимустың қан плазмасындағы деңгейінің жоғарылауын туғызуы мүмкін және ондай әсері сирулимуспен бір мезгілде қабылдаған кезде байқалады.
Осы жағдайларда дәрігер такролимустың немесе сиролимустың артық дозалану белгілерін анықтау үшін сіздің жағдайыңызды мұқият бақылайды, қажет болған жағдайда олардың қан плазмасындағы концентрациясын анықтайды.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25˚C-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.