Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Крем
Дозасы
1%
Саудалық атауы
Клотримазол
Әсер етуші зат
Клотримазол
Мақсаты
Дерматофиттер, зеңдер, ашытқылар және Malassezia furfur сияқты микроорганизмдер туындатқан тері және шырыш микоздарын және Corynebacterium minutissimum туындатқан тері…
Өндіруші
Хиперион С.А.
Ел
Румыния
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 г препараттың құрамындабелсенді зат - клотримазол 10.00 мг,
қосымша заттар: полисорбат 80, ақ жұмсақ парафин, глицерол, цетил спирті, метилпарагидроксибензоат (Е218), тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақ жартылай қатты бір текті масса.
- дерматофиттер, зеңдер, ашытқылар және Malassezia furfur сияқты микроорганизмдер туындатқан тері және шырыш микоздарын және Corynebacterium minutissimum туындатқан тері инфекцияларын емдеу
- зеңдер және суперинфекциялар туындатқан тері аурулары: саусақаралық микоздар (Tinea pedum, Tinea manuum), тері микоздары (Tinea corporis, Pityriazis versicolor), беткейлік кандидоз (Tinea inguinalis, erythrasma), онихомикоз кезіндегі (Tinea unica) тырнақ буылтығының зақымдануы (паранихия)
- суперинфекциялы себореялық дерматит, сақал сикозы, фавус, микоздық вульвит (әсіресе, Candida), спецификалық емес вульвит, сыртқы жыныс еріндерінің қабынуы (бартолинит) және кандидоздық баланит.
ATХ коды D01AС01
Әсер ету механизмі
Клотримазолдың зеңге қарсы белсенділігі P450 зеңдік цитохромының ферменті жүйесінен стерол-14-деметилазаның тежелуі салдарынан зеңдердің жасушалық жарғақшасының маңызды компоненті эргостерол синтезінің төмендеуімен түсіндіріледі. Әсер ету спецификасы адам ферменттеріне қарағанда зеңдік ферменттерде анағұрлым жоғары аффинділікпен байланысты. Триазолдармен салыстырғанда имидазолдарда ерекшелік дәрежесі анағұрлым жоғары, сондықтан оларда жағымсыз реакциялар мен дәрілік өзара әрекеттесулердің жиілігі анағұрлым жоғары. Алайда азолдардың әсер ету механизмі антибактериялық химиотерапия кезінде анықталатын типтің микробқа қарсы әсеріне ерекшелік бермейді, сондықтан олар бірқатар жағымсыз реакциялар тудыруы мүмкін.
Дерматофиттерге, Candida және басқа зеңдерге, Malassezia furfur (Pitiriazis versicolor) қарсы белсенділігі кең ауқымды антимикотик; антитрихомонадалар; Corynebacterium mimitissima (Eritrasma) және түрлі грамоң микробтарға антибактериялық қарсы белсенді.
Фармакодинамикалық әсерлері
Клотримазол крем, дерматофиттер (Trichophytoninfectios, microsporium типтері, Epidermophyton floccosum); зеңдер (Candida Albicans және Candida басқа түрлері); өңез және басқа зеңдер (Malassezia furfur) анықтаған барлық дерматомикоздар кезінде тағайындалады. Зеңдік және суперинфекцияланған тері ауруларында: саусақаралық микоздар (Tinea pedium, Tinea manum); тері микоздары (Tinea corporis, Pityriazis versicolor); тері жабындарының микоздары (Tinea inghinalis, Eritrasma), онихомикоз кезіндегі паронихия (Tinea unguium). Одан өзге, мына кезде: сақал сикозы, Фарус, микоздық вагинит (әсіресе кандидоздық), трихомонадалық вагинит, спецификалық емес бактериялық вагинит).
Клиникалық қауіпсіздігі және тиімділігі
Осы ДПЖС басқа бөлімдеріне қосылғандарға толықтыру болып табылатын ешқандай клиникалық деректер жоқ.
Балалар
4.2 бөлімін қараңыз.
Дозалау режимі
Клотримазол, крем сыртқа қолдануға арналған.
Кремді жұқа қабатпен терінің зақымдалған бөлігіне тәулігіне 2-3 рет жағады және теріге толық енгенге дейін аздап ысқылайды. Кремнің ½ см жуығы алақан өлшеміндей аумақты өңдеу үшін жеткілікті.
Жыныс еріндерінің (кандидоздық вульвит) және оған іргелес аумақтар инфекцияларында, кандидоздық баланитте және сыртқы жыныс ернеулерінің қабынуында крем тәулігіне 1-3 рет терінің зақымданған аумағына (мысалы, қынаптан артқы өтіске дейін) жағылады.
Табан инфекциясында кремді қолданар алдында аяқтарды, әсіресе саусақтар арасын жуу және кептіру ұсынылады.
Көрсетілімдеріне байланысты толық емдеуді қамтамасыз ету үшін емдеуді инфекция симптомдары жойылғаннан кейін тағы 2 апта бойы жалғастыру керек. Ең көп емдеу ұзақтығы 4 аптаны құрайды.
Емнің ұзақтығы
Дерматомикоздар - 3-4 апта; эритразма - 2-4 апта; түрлі-түсті теміреткі - 1-3 апта; кандидоздық вульвит немесе баланит - 1-2 апта.
Енгізу әдісі және жолы
Сыртқа.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар
Дәрілік препаратты қолданар алдында дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.
- клотримазолға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық.
Клотримазол кремінің әдетте көтерілімдігі жақсы.
Сирек
- эритема, қышыну, күйдіру және/немесе жылу сезімі, терінің тітіркенуі және аллергиялық реакциялар сияқты жергілікті жағымсыз әсерлер.
Жағымсыз реакциялар пайда болғанда, крем жағылған аймақты сабынмен және жылы сумен жуу керек, ал емдеуді тоқтату керек.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Сенсибилизациялайтын (аллергиялық) реакциялар болғанда препаратты тоқтату қажет.
Симптомдары: артық дозалану симптомдары (мысалы, бас айналуы, жүрек айнуы және құсу) және өмірге қауіпті болуы мүмкін.
Емі: байқамай жұтып қойған жағдайда асқазанды шаю сирек талап етіледі және қабылданған кремнің мөлшері ескерілуі тиіс.
Тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз еткен жағдайда ғана құстыруға болады.
Егер зақымдалған теріде ашық жаралар болса, Клотримазол кремін қолдану ұсынылмайды.
Клотримазол кремін тырнақ пен бас терісінің инфекцияларында қолданбаған жөн.
Препарат тек сыртқа қолдануға арналған.
Шырышты қабықтарға жағылмайды. Кремді көзге тигізіп алмаңыз.
Егер тітіркену немесе клотримазолға аллергиялық реакциялар пайда болса, онда емдеуді тоқтату керек.
Арнайы ескертулер
Препараттың құрамында метилпарагидроксибензоат (Е218) бар, ол аллергиялық реакциялар (оның ішінде, кейінге қалдырылған) туындатуы мүмкін.
Препарат құрамында цетил спирті де бар, ол терідегі жергілікті жағымсыз реакциялар (мысалы, жанаспалы дерматит) тудыруы мүмкін.
Педиатрияда қолдану
Балаларға Клотримазол кремін педиатрмен кеңескеннен кейін ғана тағайындау керек.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Клотримазол көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Жүкті әйелдерде препараттың клиникалық бақыланатын сынақтары жүргізілген жоқ. Препаратты жүктіліктің I триместрінде қолданудан аулақ болу ұсынылады. Жүктіліктің II және III триместрлерінде клотримазол тек аса қажет жағдайда, дәрігер шаранаға төнетін потенциалды қауіп пен анаға келетін емдік пайданың арақатынасын мұқият бағалағаннан кейін ғана қолданылады.
Жергілікті қолданылатын клотримазолдың емшек сүтіне бөлінетіні белгісіз, сондықтан кремді емшек емізетін әйелдерде тек дәрігердің ұсынысы бойынша ғана сақтықпен қолдану керек.
Белгісіз.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.