Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Сироп
Саудалық атауы
Коделак® Бронхо тасшөп қосылған
Әсер етуші зат
Комбинация отхаркивающих препаратов
Мақсаты
Жедел және созылмалы бронхит, пневмония, өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы (ӨСОА), бронхоэктаз ауруы
Өндіруші
Фармстандарт-Лексредства
Ел
Россия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
5 мл шәрбат құрамы:
амброксол гидрохлориді (амброксол) – 10,0 мг,
белсенді заттар:
натрий глицирризинаты (глицирризин қышқылы тринатрий тұзы) - 30,0 мг,
жатаған жебіршөп шөбі экстрактісі (тасшөп сұйық экстрактісі*)(1:1) – 500 мг.
қосымша заттар: метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, сорбитол, натрий гидроксиді ерітіндісі 2,4% **, тазартылған су.
* Жатаған жебіршөп (тасшөп) шала бұтасының жабайы өсетін шөбінен алынған тасшөп сұйық экстрактісі – Thymus serpyllum L., Тауқалақай тұқымдасы - Lamiaceae, құрамында глицерин бар 30% спиртпен экстракцияланған.
** Натрий гидроксиді ерітіндісі 2,4% натрий гидрохлоридінен және тазартылған судан дайындалады.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ашық қоңырдан қоңыр түске дейінгі мөлдір сұйықтық. Сақтау процесінде шөгінді түзілуге жол беріледі.
Коделак Бронхо тасшөп қосылған, шәрбат тұтқыр қақырық түзілетін тыныс алу жолдары аурулары кезінде ересектерде және 2 жастан асқан балаларда қолданылады:
- жедел және созылмалы бронхит,
- пневмония,
- өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы (ӨСОА),
- бронхоэктаз ауруы.
Әсер ету механизмі
Жөтелді емдеуге арналған біріктірілген препарат, муколитикалық және қақырық түсіретін әсер береді, сондай-ақ қабынуға қарсы белсенділігі бар.
Фармакодинамикалық әсерлері
Коделак Бронхо тасшөп қосылған шәрбатының әсері оның компоненттерінің фармакологиялық қасиеттерімен жүзеге асырылады
Амброксолдың секретомоторлы, секретолитикалық және қақырық түсіретін әсерлері бар, қақырықтың сероздық және шырышты компоненттерінің бұзылуын қалыпты етеді, альвеолаларда сурфактант секрециясын арттырады. Қақырықтың тұтқырлығын азайтады және оның бөлініп шығуына ықпал етеді.
Орташа алғанда, ішке қабылдаған кезде амброксолдың әсері 30 минуттан кейін басталады, қабылданған дозаға байланысты әсер ету ұзақтығы – 6-12 сағатты құрайды.
Натрий глицирризинаты (глицирризин қышқылының тринатрий тұзы) қабынуға қарсы және вирусқа қарсы әсерлері бар. Антиоксиданттық және жарғақша тұрақтандырғыш белсенділігінің арқасында цитопротекторлы әсер береді. Қабынуға қарсы және аллергияға қарсы әсер бере отырып, эндогендік глюкокортикостероидтардың әсерін күшейтеді. Қабынуға қарсы айқын белсенділігінің арқасында тыныс жолдарында қабыну үдерісінің азаюына ықпал етеді.
Жатаған жебіршөп (тасшөп) шөбінің экстрактісі құрамында қақырық түсіретін, қабынуға қарсы, микробқа қарсы әсері бар биологиялық белсенді заттар кешені бар. Сонымен қатар, жатаған жебіршөп (тасшөп) шөбі экстрактісінің әлсіз спазматикалық және репаративтік қасиеттері бар.
Клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігі
Коделак Бронхо тасшөп қосылған препаратының тиімділігі мен қауіпсіздігі зерттелді:
• ересектер мен балаларда ЖРА кезінде өнімсіз жөтелмен ауыратын пациенттерді емдеуде,
• балалардағы жедел бронхиттің кешенді емінің құрамында,
• төменгі тыныс жолдарының жедел және қайталанатын инфекциясы бар балалардағы кешенді емнің құрамында.
Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде Коделак Бронхо тасшөп қосылған шәрбаты қақырықты бөлінетін жөтелмен қатар жүретін ауруларды емдеуде өзінің тиімділігін көрсетті, атап айтқанда:
• Моноамброксол препаратын қабылдаған пациенттер тобымен салыстырғанда Коделак Бронхо тасшөп қосылған тобында анағұрлым елеулі жөтелдің қарқындылығы мен айқындылығының төмендеуі байқалды.
• Коделак Бронхо тасшөп қосылған препаратын қабылдаған пациенттер тобындағы жөтел кезеңінің ұзақтығы моноамброксол препаратын қабылдаған пациенттер тобына қарағанда едәуір аз болды.
• Пациенттердің екі тобында қақырықты бөлінудің едәуір жақсаруы және оны бөлу процесінде ауырсынуды сезінудің болмауы байқалды. Коделак Бронхо тасшөп қосылған препаратын қабылдаған пациенттер тобында оң динамикасы қатты білінді және емнің төртінші күнінен бастап топтар арасындағы айырмашылықтар статистикалық тұрғыдан сенімді болды.
• Емнің барысында екі топта да түнде жөтелмейтін пациенттер санының өсуі байқалады. Емнің төртінші күнінен бастап Коделак Бронхо тасшөп қосылған препаратын алатын пациенттер тобында түнгі жөтелсіз пациенттер саны моноамброксол препаратын қабылдаған пациенттер тобындағы пациенттер санынан едәуір асып түседі.
• Коделак Бронхо тасшөп қосылған және Амбробен® тобындағы ем кезінде сыртқы тыныс алу функциясы параметрлерінің – өкпенің қарқынды өмірлік сыйымдылығы мен 1 секундта қарқынды дем шығару көлемінің өсуі байқалды.
• Екі топта да бронхофонографиялық зерттеу көрсеткіштерінің статистикалық сенімді жақсаруы байқалды. Ем аясында тіркелген мәндер қалыпты мәндерге жеткен.
• Кешенді ем құрамында моноамброксол препаратын алған пациенттермен салыстырғанда Коделак Бронхо тасшөп қосылған препаратын қабылдаған пациенттер тобында уыттану кезеңі ұзақтығының және айқындылығы күшті мұрын бітелуінің сенімді азаюы байқалды.
• Коделак Бронхо тасшөп қосылған препаратымен емдеу аясында мектеп жасындағы балаларда жергілікті иммунологиялық қорғаныс тиімді артқан.
• Коделак Бронхо тасшөп қосылған препаратымен біріктірілген мукоактивті терапия аясында секреторлық иммуноглобулин А айтарлықтай артуы байқалды.
• Зерттеулер барысында Коделак Бронхо шәрбатын қабылдаған топта да, моноамброксол препаратын алған топта да негізгі өмірлік көрсеткіштердің статистикалық маңызды өзгерістері және биохимиялық және гематологиялық талдаулардың нәтижелері тіркелмеген.
• Зерттеу барысында пациенттердің екі тобында да елеулі жағымсыз құбылыстар тіркелген жоқ.
• Пациенттердің екі тобында тіркелген жағымсыз құбылыстар алдын ала болжанған, ауыр болмаған және препарат дозасын тоқтатуды немесе өзгертуді талап етпеген.
• Коделак Бронхо тасшөп қосылған және Амбробене препараттарының қауіпсіздігін салыстырмалы зерттеу кезінде бұл препараттар арасында сенімді айырмашылықтар анықталмаған.
Осылайша, зерттеу барысында Коделак Бронхо тасшөп қосылған препараты моноамброксол препараттарымен салыстырғанда, әсер етудің ықтимал кешенді механизмінен туындаған қақырық бөлінетін жөтелмен қатар жүретін аурулары бар пациенттерді емдеуде Коделак Бронхо тасшөп қосылған препаратының қосымша фармакологиялық қасиеттері есебінен (тасшөптің қабынуға қарсы, бактерияға қарсы, спазмолитикалық әсері), (натрий глицирризинатының қабынуға қарсы, вирусқа қарсы қасиеттері) сенімді артықшылығын көрсетті.
Дозалау режимі
Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға – тәулігіне 4 рет 10 мл.
2-ден 6 жасқа дейінгі балаларға тәулігіне 3 рет 2,5 мл шәрбат, 6-дан 12 жасқа дейін – тәулігіне 3 рет 5 мл тағайындайды.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке, тамақтану кезінде, аздаған су мөлшерімен ішеді.
Емдеу ұзақтығы
Дәрігердің кеңесінсіз ең жоғары емдеу ұзақтығы – 5 күн.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша ұсынымдар
Егер емдеу кезеңінде жақсару болмаса немесе симптомдар ушығып кетсе немесе жаңа симптомдар пайда болса, дәрігермен кеңесу қажет.
Препаратты тек сол көрсетілімдерге, қолдану тәсіліне және нұсқаулықта көрсетілген дозаларға сәйкес қолданыңыз.
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы бар пациенттерге
- жүктілік және бала емізу кезеңі
- 2 жасқа дейінгі балалар
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар:
Сирек - әлсіздік, бас ауыруы.
Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы және көкірек ортасы ағзалары тарапынан бұзылулар:
Сирек - ауыздың және тыныс алу жолдарының құрғауы, ринорея.
Асқазан-ішек жолдарының бұзылуы:
Сирек - диарея, іш қату.
Ұзақ уақыт бойы жоғары дозада қабылдаған кезде - гастралгия, жүрек айну, құсу.
Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар:
Сирек - аллергиялық реакциялар, экзантема.
Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар:
Сирек - дизурия.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны
http://www.ndda.kz
Симптомдары: жүрек айнуы, құсу, диарея, диспепсия.
Емі: жасанды құсу, препаратты қабылдағаннан кейін алғашқы 1-2 сағат ішінде асқазанды шаю.
Жөтелге қарсы дәрілермен біріктіруге болмайды.
Қант диабетімен ауыратын пациенттерге препараттың 5 мл шәрбатында 0,18 ХБ мөлшерінде сорбиттің болуын ескере отырып пайдалануға болады.
Препараттың ең жоғары бір реттік дозасындағы абсолютті этил спиртінің құрамы – 0,24 грамм, препараттың ең жоғары тәуліктік дозасында – 0,96 грамм.
Арнайы ескертулер
Бауыр және/немесе бүйрек жеткіліксіздігі, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы, бронх демікпесі, қант диабеті кезінде. Бауыр аурулары, алкоголизм, бассүйек-ми жарақаты, ми аурулары кезінде, 2 жастан бастап балаларға.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препаратты қолдану кезеңінде жоғары зейін қоюды және психомоторлық реакциялар жылдамдығын талап ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерін (көлік құралдарын басқару, қозғалатын механизмдермен жұмыс, диспетчер мен оператордың жұмысы) орындау кезінде сақ болу қажет.
Қолдану бойынша ұсыныстар
Жүктілік кезінде Коделак® Бронко тасшөп қосылған шәрбат препаратын қолдануға болмайды. Емшекпен қоректендіру кезеңінде препаратты қабылдау қажет болған жағдайда, бала емізуді тоқтату керек.
Жөтелге қарсы дәрілік заттармен бірге қолдану қақырықтың бөлініп шығуын қиындатуы мүмкін.
Амоксициклинмен, цефуроксиммен, эритромицинмен, доксициклинмен бір мезгілде қолданғанда амброксол олардың бронх секретіне енуін арттырады.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25ºС-ден аспайтын температурада түпнұсқалық қаптамада (құтыда) сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.