D3 дәруменінің ұзақ уақыт қолданылатын аса жоғары дозалары немесе екпінді дозалары созылмалы D3 гипервитаминозына себеп болуы мүмкін.
Баланың D дәруменіне тәуліктік қажеттілігін анықтауды және оны қолдану тәсілін дәрігер әркімге жеке белгілеп, әсіресе өмірінің алғашқы айларында мезгіл-мезгіл тексеру кезінде әр жолы түзетіп отыруы тиіс.
Иммобилизацияланған пациенттерде, тиазидті диуретиктер қабылдайтын пациенттерде, несеп-тас ауруы бар пациенттерде, сондай-ақ жүрек ауруына шалдыққан және жүрек гликозидтерін қабылдайтын пациенттерге сақтықпен қолдану керек.
D3 дәруменімен бір мезгілде жоғары дозалардағы кальций препараттарын қолданбау керек.
D дәруменін жалған гипопаратиреозда қабылдауға болмайды, өйткені осы ауру тұсында D дәруменіне қажеттілік төмендеп, бұл ұзаққа созылатын артық дозалану қаупіне әкелуі мүмкін.
1 000 ХБ асатын тәуліктік дозада D3 дәруменін ұзақ қабылдаған кезде қан мен несеп сарысуындағы кальций деңгейін бақылау керек.
D дәрумені алдыңғы еңбегінің көлемі кішкентай жаңа туған нәрестелерде аса абайлап тағайындалуы тиіс.
Қосымша заттар
Сахароза
Препарат құрамында сахароза бар. Сирек тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы проблемалары, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сахараза-изомальтаза тапшылығы бар пациенттерге препаратты қабылдауға болмайды.
Бензил спирті
Препарат құрамында анафилаксиялық реакциялар тудыруы мүмкін бензил спирті бар.
Майсана майы
Майсана майы асқазан-ішек аурулары мен диареяны тудыруы мүмкін.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүктілік
Жүкті әйелдерде холекальциферолды қолдану туралы деректер жоқ немесе шектеулі. Жүкті әйелдерге ұсынылатын тәуліктік доза 500 ХБ құрайды, алайда D дәрумені тапшы әйелдерге тәуліктік дозаны жоғарылату қажет болуы мүмкін (2000 ХБ дейін).
Жүктілік кезінде әйелдер дәрігердің нұсқауларын орындауы керек және дозасы аурудың ауырлығына және емдеуге жауапқа байланысты өзгеруі мүмкін.
Жүктілік кезінде препаратпен артық дозаланудан аулақ болу керек, өйткені гиперкальциемия физикалық және психикалық дамудың кідіруіне, шаранада қолқа стенозы мен ретинопатияның ерекше формасының қалыптасуына әкелуі мүмкін.
Лактация
Препаратты қажет жағдайда емшек емізу кезінде қолдануға болады.
Лактация кезінде ананың D3 дәруменін қолдануы препаратты нәрестеге тағайындауды алмастырмайды.
D3 дәрумені және оның метаболиттері емшек сүтімен шығарылады. Емшек еметін балаларда препаратты ананың қолдануына байланысты артық дозалану жағдайлары сипатталмаған. Дегенмен, емшек еметін балаларға препаратты тағайындау кезінде дәрігер анасы алатын D3 дәруменінің дозасын ескеруі тиіс.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат көлік жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар
Симптомдары
Эргокальциферолдың (D2 дәрумені) және холекальциферолдың (D3 дәрумені) емдік индексі салыстырмалы түрде төмен. Қалқанша маңы безінің функциясы қалыпты ересектерде 1-2 ай ішінде D дәруменінің уыттану шегі тәулігіне 40000-100000 ХБ құрайды. Нәрестелер мен кішкентай балаларда әлдеқайда төмен концентрацияға сезімталдық болуы мүмкін. Осылайша, препаратты медициналық бақылаусыз қолдануға болмайды.
Артық дозалану қан сарысуындағы және несептегі фосфор деңгейінің жоғарылауына, сондай-ақ гиперкальциемия синдромына, содан кейін тіндерде, әсіресе бүйректе (нефролитиаз, нефрокальциноз) және қан тамырларында кальцийдің шөгуіне әкеледі.
Қан сарысуындағы кальций деңгейі 10,6 мг/дл-ден (2,65 ммоль/л) жоғары немесе несепте ересектерде тәулігіне 300 мг-нан астам немесе балаларда тәулігіне 4-6 мг/кг артық болса, препаратты тоқтату керек.
Созылмалы артық дозалану гиперкальциемияға байланысты тамырлар мен ағзалар кальцификациясына әкелуі мүмкін.
Уыттану симптомдары спецификалық емес және жүрек айнуы, құсу, бастапқы кезеңде - диарея, кейінгі кезеңде - іш қату, тәбеттің төмендеуі, шаршау, бас ауыруы, миалгия, артралгия, бұлшықет әлсіздігі, тұрақты ұйқышылдық, азотемия, полидипсия, полиурия және соңғы кезеңде - дегидратацияны қамтиды. Өзіне тән биохимиялық өзгерістерге гиперкальциемия, гиперкальциурия, сондай-ақ қан сарысуындағы 25-гидроксихолекальциферол концентрациясының жоғарылауы жатады.
Емі
Препараттың созылмалы артық дозалану симптомдарының болуы мәжбүрлі диурезді қолдануды, сондай-ақ глюкокортикостероидтарды немесе кальцитонинді тағайындауды қажет етуі мүмкін.
Артық дозалану гиперкальциемияны түзету үшін шаралар қабылдауды қажет етеді, ол көбінесе тұрақты және белгілі бір жағдайларда өмірге қауіп төндіруі мүмкін.
Ең алдымен, D дәрумені қабылдауды тоқтату керек. Препараттың артық дозалануынан туындаған гиперкальциемияны жою үшін бірнеше апта қажет. Гиперкальциемия дәрежесіне байланысты емдеу шараларына кальций аз немесе кальцийсіз диета, көп сұйықтық ішу, фуросемидпен мәжбүрлі диурез және глюкокортикоидтар мен кальцитонинді тағайындау жатады.
Бүйректің функциясы қалыпты кезде кальций деңгейін қан сарысуындағы кальций деңгейі мен ЭКГ тұрақты мониторингілеумен фуросемид және кейбір жағдайларда 15 мг/кг/сағ дозада натрий эдетатын қосу арқылы натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісін (24 сағат ішінде 3-6 л) инфузиялаулау жолымен төмендетуге болады. Олигоанурия жағдайында гемодиализ (кальцийсіз диализат) жүргізілуі керек.
Спецификалық антидот жоқ.
Препараттың жоғары дозаларын ұзақ уақыт қолданғанда (жүрек айнуы, құсу, сондай-ақ бастапқыда диарея, кейінірек - іш қату, анорексия, әлсіздік, бас ауыруы, миалгия, артралгия, бұлшықет әлсіздігі, ұйқышылдық, азотемия, полидипсия және полиурия) ықтимал артық дозалану симптомдарына пациенттердің назарын аудару ұсынылады.