Ем барысында тағаммен А дәруменіне бай өнімдерді (мысалы, бауыр) қолдануға болмайды.
Жүкті әйелдерде ерекше сақтықпен қолдану керек.
Ұзақ уақыт бойы қолданылатын дәрумендердің тым жоғары дозалары немесе препараттың екпінді дозалары A және/немесе D3 созылмалы гипервитаминоздың себебі болуы мүмкін.
Тиазидтік препараттарды және басқа диуретиктерді қабылдайтын төсек тартып жатқан пациенттерге, несеп-тас ауруы, жүрек аурулары бар және жүрек гликозидтерін қабылдайтын пациенттерге препаратты сақтықпен тағайындау керек.
Препаратты қолдану кезінде қандағы және несептегі кальций мен фосфат деңгейін мезгіл-мезгіл бақылау ұсынылады. D 3 дәрумені мен кальций, фосфор және магнийдің жоғары дозаларын бір мезгілде қолдануға болмайды.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
А дәруменінің сіңуі колестирамин, колестипол, ішуге арналған неомицин, минералды майды бір мезгілде қолданылған жағдайда бұзылуы мүмкін. Мұндай жағдайда А дәруменінің дозасын ұлғайту қажет болуы мүмкін.
А дәрумені сіңуінің төмендеу себебі орлистатты қолдану болуы мүмкін.
Пероральді контрацептивтер плазмадағы А дәруменінің концентрациясын жоғарылатады.
А дәрумені басқа ретиноидтармен бірге қолдану оның уыттылығының жоғарылауына әкелуі мүмкін және оның артық дозалануына әкелуі мүмкін.
А дәруменінің жоғары дозалары 50 000 ME-ден жоғары, тетрациклинмен біріктірілімде интракраниальді гипертензияның дамуына себеп болуы мүмкін.
Алкогольмен бірге қолдану гепатоуыттылық әсердің жоғарылауына әкелуі мүмкін.
Құрамында алюминий мен магний бар антацидтерді D 3 дәруменімен бірге ұзақ уақыт қолдану қандағы алюминий концентрациясының жоғарылауына және соның салдарынан алюминийдің сүйек тініне уытты әсеріне ықпал етуі мүмкін.
Құрамында магний мен D 3 дәрумені бар антацидтерді бір мезгілде қолдану гипермагниемияға әкелуі мүмкін, әсіресе созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі кезінде.
D 3 дәрумені мен құрамында фосфор бар препараттарды бір мезгілде қолдану гиперфосфатемияның даму қаупін арттырады.
А дәруменін ұзақ қолдану немесе оның жоғары дозалары антикоагулянттарды (әсіресе варфарин) қабылдайтын пациенттерде қан кету қаупін арттырады.
Арнайы ескертулер
Жүктілік және лактация кезеңі
Ұрыққа уытты әсер етуі мүмкін болғандықтан, А және D3 дәрумендерінің жоғары дозаларын қабылдаудан аулақ болу керек. Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде тағайындаған кезде А дәрумені 4000 ME тәуліктік дозасынан аспауы керек.
Тератогендік әсердің дамуының маңызды факторы доза ғана емес, сонымен қатар препаратты қолдану ұзақтығы болып табылады. А дәруменінің тератогендік қасиеттері туралы мәліметтерге сәйкес, жүктілік және лактация кезінде қолдану өте қажет болған жағдайда, осы дәруменнің жетіспеушілігі болған кезде және диета жетіспеушілікті жою үшін жеткіліксіз болған кезде, сондай-ақ ағзадағы А дәрумені деңгейін мұқият бағалағаннан кейін ғана мүмкін болады.
Туған сәтінен бастап еңбегінің өлшемі кіші екендігі анықталған емшек еміп жүрген балаларға, препаратты ерекше сақтықпен тағайындау керек.
Педиатрияда қолдану
Нәрестелер мен балалардағы D дәруменінің емдік индексі өте төмен. Егер гиперкальциемия ұзақ уақытқа созылса, бұл нәрестелерде ақыл және физикалық дамудың регресін тудырады. Д дәруменінің фармакологиялық дозаларын қабылдайтын бала емізетін аналардың нәрестелерінде гиперкальциемия қаупі бар.
Қауіпсіздік пен тиімділік туралы деректердің болмауына байланысты 4 аптаға дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
Қосымша заттар
Колефер құрамында күнжіт майы бар, ол сирек жағдайларда ауыр аллергиялық реакцияларды тудыруы мүмкін.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
Симптомдары
А дәруменімен жедел улану кезінде, әсіресе балаларда, бассүйекішілік қысымның жоғарылауы мен құсу байқалады. А дәруменімен созылмалы улану кезінде байқалады: тәбеттің болмауы, көзге қос көріну, дімкәстану, бас ауыруы, шаштың түсуі, еріннің жарылуы, қозғыштықтың жоғарылауы, сүйек қабы мен сүйектердің ауыруына байланысты сүйектердің қалыңдауы, бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы, гипоплазиялық анемия, лейкопения, кейде бассүйекішілік қысымның жоғарылауы және гидроцефалия.
Балаларда түтік тәрізді сүйектер өсуінің эпифизарлық аумағының ерте жабылуы байқалады.
D3 дәруменінің уытты әсерінің симптомдары гиперкальциемияны, гиперкальциурияны, бүйрек кальцификациясын және сүйектердің зақымдануын қамтиды. Д3 дәруменінің артық дозалануының клиникалық симптомдары: бас ауыруы, летаргиялық ұйқы, тәбеттің болмауы, қатты шөлдеу, полиурия, жүрек айнуы, құсу, іш қату, бұлшықет әлсіздігі, дене салмағының төмендеуі, конъюнктивит, фотофобия, панкреатит, мұрыннан ағатын сулы экссудат, қышыну, гипертермия депрессия, либидо төмендеуі, гиперхолестеринемия, аминотрансферазалар белсенділігінің жоғарылауы, артериялық гипертензия, тахиаритмия және уремия болуы мүмкін.
Емі
Препаратты қабылдауды дереу тоқтатып, уыттану жағдайында сусыздану күйін түзету керек. Басқа шаралар: құрамында кальций аз диета.