Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки диспергируемые в полости рта
Саудалық атауы
Колофорт
Әсер етуші зат
Другие лекарственные препараты
Мақсаты
Тітіркенген ішек синдромы, оның ішінде стресске байланысты, абдоминалды ауыру, іш қату, диарея, метеоризм, іштің кебуі, жүрек айну және құсу сияқты симптомдардан көрінеді
Өндіруші
ООО «НПФ «МАТЕРИА МЕДИКА ХОЛДИНГ»
Ел
Россия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: альфа аффинді тазартылған адамның ісік некрозы факторының антиденелері - 0,006 г*,
аффинді тазартылған миспецификалық S-100 ақуызына антиденелер - 0,006 г*,
аффинді тазартылған гистаминге антиденелер - 0,006 г*
қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, магний стеараты.
* лактоза моногидратына 10012, 10030, 100200 есе сәйкес сұйылтылған субстанцияның үш белсенді су-спиртті қоспасының сұйылтылған түрі жағылады.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Сызығы және ойығы бар, жалпақ цилиндр пішінді, ақтан ақ дерлік түске дейінгі таблеткалар. Сызығы бар жалпақ бетінде MATERIA MEDICA жазуы бар, екінші жалпақ бетіне KOLOFORT жазуы жазылған.
Колофорт ересектерде қолдануға көрсетілген.
- тітіркенген ішек синдромы, оның ішінде стресске байланысты, абдоминалды ауыру, іш қату, диарея, метеоризм, іштің кебуі, жүрек айну және құсу сияқты симптомдардан көрінеді.
ATХ коды V03AX.
Әсер ету механизмі және фармакодинамикалық әсерлері
Препарат гомеопатиялық болып табылады.
Іс-тәжірибелік түрде препарат компоненттері эндогендік регуляторлардың тиісті рецепторлармен лиганд-рецепторлық өзара әрекеттесуінің белсенділігін модификациялайтынын көрсетті: серотониндік рецепторларға және сигма 1 рецепторларына - S-100 ақуыздарына антиденелер; альфа адамның ісік некрозы факторының (ІНФ-α) рецепторына - ІНФ-α антиденелер; асқазан-ішек жолында (АІШ) орныққан Н4 – гистаминдік рецепторларға - гистаминге антиденелер.
Үш белсенді компоненттердің бірігуі ішектің функционалдық бұзылуларының орталық және шеткері буындарына, соның ішінде абдоминалды ауыру синдромына кешенді әсер етуді іске асыруға мүмкіндік береді.
S-100 ақуызына антиденелер анксиолитикалық және депрессияға қарсы, астенияға қарсы және ноотропты әсерлерді қоса психотроптық белсенділіктің кең ауқымына иеленген, бұл ішкі ширығуды, үрейді басады, бірқатар висцеральді функцияларды, соның ішінде тоқ ішектің қызметін тұрақтандыруда байқалады. Седативті әсері, дағдылану, тоқтату синдромы жоқ.
ІНФ-α антиденелер айқын қабынуға қарсы әсер етеді, қабынуға қатысты және қабынуға қарсы цитокиндер теңгерімін тұрақтандыруға көмектеседі.
Гистаминге антиденелер спазмалитикалық, қабынуға қарсы, ісінуге қарсы әсер етеді.
Кешенді препарат құрамында компоненттерді біріктіріп қолдану ішек функцияларының жүйке және гуморальді реттелуін тұрақтандыруға ықпал етуге; АІЖ бұзылған моторикасының қалпына келуін қамтамасыз ете отырып, тоқ ішектің созылуға висцеральді рецепторлардың аса жоғары сезімталдығын төмендетуге; іштің кебу және асқазанның толу сезімін тоқтатуға, ауыру синдромының айқындылығын азайтуға көмектеседі. Препараттың спазмолитикалық әсері АІЖ қабырғасы тонусының төмендеуімен және тегіс бұлшықеттердің босаңсуымен, саңылау ішіндегі қысымның төмендеуімен, нәжіс консистенциясының, оның жиілігінің және қатар жүретін симптомдарының қалыпқа келуімен байқалады (үлкен дәретке отырғысы келу, тенезмаларды, ішектің толық босамау сезімі, дефекация актісі кезінде қосымша күш салу және т.б. басылуы).
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Колофорттың тітіркенген ішек синдромын (ТІС) емдеуге арналған тиімді және қауіпсіз препарат екендігі клиникалық түрде анықталды.
ТІС әртүрлі нұсқаларын (диарея/іш қату және аралас түрі басым ТІС) емдеудің көп орталықты салыстырмалы жасырын плацебо бақыланатын клиникалық зерттеулерінде Колофорт препараты айқын анальгетикалық әсерге ие болды, ол ТІС барлық нұсқалары бар пациенттерде аурудың негізгі симптомының ауырлығының елеулі төмендеуі түрінде көрінді. Бастапқы айқын/орташа қарқындылықтағы 11 балдық визуалды аналогтық шкала (ВАШ) бойынша бағаланған іштің ауыруы 12 аптадан кейін науқастардың 90% - ында 30% және одан да көп азайды (Плацебо тобындағы науқастардың 67% - ына қарсы; p=0,003). Зерттеуге қатысушылардың 31% - ында іштің ауыруы емдеу кезеңінің соңына дейін толығымен тоқтатылды (қарқындылықтың 90-100% төмендеуі); Плацебо тобында мұндай науқастар 2 есе аз болды (16%). Осылайша, Колофорт препаратымен емдеу іштің ауыруын қалыптастырудың орталық және шеткері механизмдеріне әсер ету есебінен ішектің моторлы және рецептивті висцеральді дисфункциясын және гипералгезияны жойды, оның айқындылығын едәуір төмендетіп, анальгетикалық (антиспазмдық/ спазмолитикалық) емге қажеттілікті азайтты. Айқын анальгетикалық әсер біртіндеп дамыды және науқастардың 100% - ында байқалды.
Колофорт препаратының емдік әсері ТІС түрлі нұсқалары бар пациенттерде нәжіс үлгісіне (пішіні мен жиілігіне) оң әсер етті.
«Диареясы басым ТІС» пациенттерінде Бристоль шкаласы бойынша нәжістің консистенциясын/пішінін жақсарту Колофорт препаратын қолданудың 2 аптасынан басталды. Емнің 3 айының соңында емдеуге жауап берген науқастардың 96% - ының жартысында нәжістің қалыпты пішіні болды; бұл ретте оның жиілігі тәулігіне 3 реттен және одан да көп 1-2 ретке дейін төмендеді.
«Іш қатуы басым ТІС» бар пациенттерде Колофорт препаратының әсері емдеудің алғашқы екі аптасында білінді және ем үдерісінде үдемелі түрде өсті. Аптасына 1-2 рет нәжістің орташа жиілігі 7 күнде 5,4±2,1 есеге дейін өсті.
Колофорт препаратын қолдану интестинальді симптоматиканың (жайсыздық, метеоризм, іштің кебуі, жүрек айну, құсу, диарея, іш қату) көрінісін едәуір азайтты, сондай-ақ емдеу аясында дефекацияға императивті қысылулары бар және ішектің толық емес босап қалу сезімі бар пациенттер пайызының азаюы байқалды.
Колофорт препаратымен емдеу физикалық және ақыл-ой қабілетінің жоғарылауына, ашушаңдық пен эмоционалды құбылудың төмендеуіне, өмір сүру сапасының жақсаруына әкелді. Субклиникалық/клиникалық елеулі үрей/депрессиясы бар пациенттердің үлесінің төмендеуі байқалды және үрей бұзылысы мен депрессия белгілері жоқ пациенттердің пайызы артты.
Колофорт препаратын қолдану іштің ауыруын жеңілдету және нәжісті қалыпқа келтіру үшін симптоматикалық препараттарды қолдану қажеттілігін азайтуға мүмкіндік берді.
Колофорт жақсы көтерімді және қатар жүретін патологиялық жағдайларды емдеу үшін қолданылатын басқа дәрілік заттармен үйлесімді.
Колофорт ТІС емдеу кезінде тиімді және қауіпсіз; препаратты клиникалық зерттеу барысында Колофорт препаратының тобындағы жағымсыз құбылыстардың жиілігі плацебо тобындағы жағдайдан аспады. Барлық ЖҚ препаратты қабылдаумен белгілі бір байланысы жоқ
Дозалау режимі
Кешенді ем құрамында қолдану керек.
Ішке. Бір қабылдауға - 1 немесе 2 таблетка (аузыңызда толық ерігенше ұстаңыз – тамақтану кезінде емес). Күніне 2 рет қабылдау керек. Емдеу курсы-1-3 ай; қажет болған жағдайда емдеу курсын 6 айға дейін ұзартуға және/немесе 1-2 айдан кейін қайталауға болады.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын жіберіп алғанда қажетті шаралар
Препарат дозасын қабылдауды жіберіп алған жағдайда жіберіп алған дозаны мүмкіндігінше ертерек қабылдау және басталған сызба бойынша препаратты қабылдау курсын жалғастыру қажет. Ұмытылған дозаның орнына дозаны екі еселеуге болмайды.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша ұсынымдар
Препаратты қолданар алдында дәрігермен кеңесіңіз.
- препарат компоненттеріне жоғары жеке сезімталдық;
- 18 жасқа дейін;
- лактаза тапшылығы, галактоза жақпаушылығык, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы.
Препараттың компоненттеріне жоғары жеке сезімталдық реакциялары мүмкін.
Жағымсыз реакциялардың пайда болу жиілігін маркетингтен кейінгі бақылау негізінде есептеу мүмкін емес.
Егер препаратты қабылдау кезінде жағымсыз реакциялар пайда болса, қабылдауды тоқтатып, дәрігерге қаралу қажет.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Артық дозаланғанда препараттың құрамына кіретін қосымша заттармен байланысты диспепсиялық құбылыстар болуы мүмкін.
Қатысты емес.
Арнайы сақтандырулар
Препараттың құрамына лактоза кіреді, осыған байланысты оны туа біткен галактоземиясы, глюкоза немесе галактоза мальабсорбциясы синдромы бар немесе туа біткен лактаза жеткіліксіздігі бар пациенттерге тағайындау ұсынылмайды.
Педиатрияда қолдану
Колофорт препараты балаларда қолдануға арналмаған.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Колофорт көлік құралдарын және басқа да қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Жүкті әйелдерде Колофорт препаратының әсер етуші заттарын қолдану туралы деректер жоқ. Колофорт препаратының әсер етуші заттарының (метаболиттерінің) адамның емшек сүтіне енуі туралы мәліметтер жоқ.
Басқа дәрілік заттармен үйлесімсіздік жағдайлары осы уақытқа дейін тіркелген жоқ.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Дәріханадан босатылу шарттары
Рецептісіз.
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.