Жағымсыз реакциялар АИТВ емдеу процесінде, Комбивир препаратын тағайындағанда және ламивудин мен зидовудинді жеке тағайындағанда анықталды. Көрсетілген жағымсыз реакциялардың ламивудинге немесе зидовудинге тікелей қатысы бар-жоғы немесе АИТВ-ны емдеу үшін пайдаланылатын препараттардың кең спектрін қолдану нәтижесі не аурудың өзінің салдары болып табылатыны әрдайым анық емес. Комбивир құрамында ламивудин мен зидовудин болғандықтан, қосылыстардың әрқайсысымен байланысты жағымсыз реакциялардың түрі мен ауырлығын күтуге болады. Екі қосылысты бір мезгілде қолданғаннан кейін қосымша уыттылық туралы деректер жоқ.
Зидовудинді пайдалану кезінде кейде өліммен аяқталатын, әдетте, ауыр гепатомегалиямен және бауырдың майлы дистрофиясымен байланысты лактоацидоз жағдайлары тіркелген («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).
Зидовудинмен емдеу тері астындағы майдың жоғалуымен байланысты, ол бет, аяқ-қол және бөкселерде байқалады. Комбивир қабылдайтын пациенттерді липоатрофия белгілері бойынша жүйелі түрде тексеру және сұрау қажет. Егер липоатрофияның дамуына күдік болса, емдеуді тоқтату қажет.
Антиретровирустық терапия кезінде қан липидтерінің салмағы мен деңгейі, сондай-ақ глюкоза төмендеуі мүмкін. Ауыр иммун тапшылығы бар АИТВ-инфекцияланған пациенттерде антиретровирустық ем (АРЕ) басталған кезде симптомсыз немесе қалдық оппортунистік инфекцияларға қабыну реакциясы туындауы мүмкін. Сондай-ақ, иммундық реактивация жағдайында аутоиммунды аурулар (мысалы, Грейвс ауруы) пайда болатындығы туралы айтылды; алайда, әсер етудің басталу уақыты анағұрлым өзгермелі және бұл құбылыстар емдеу басталғаннан кейін бірнеше айдан соң пайда болуы мүмкін.
Остеонекроз жағдайлары, атап айтқанда, АИТВ ауруының кеш сатылары бар және/немесе ұзақ біріктірілген антиретровирустық терапияда болатын жалпы танылған қауіп факторлары бар пациенттерде тіркелген. Пайда болу жиілігі белгісіз.
Ламивудинге реакциялар
Жиі
• бас ауыру, ұйқысыздық
• жөтел, мұрынның бітелуі
• жүрек айну, құсу, іштің жоғарғы бөлігінің ауыруы, диарея
• бөртпе, алопеция
• артралгия, бұлшықет бұзылулары
• әлсіздік, шаршағыштық, қызба
Жиі емес
• анемия, нейтропения, тромбоцитопения
• бауыр ферменттері белсенділігінің транзиторлы жоғарылауы (АСТ, АЛТ)
Сирек
• сүт қышқылды ацидоз гипоксемия, анорексия болмаған кезде
• сарысулық амилаза белсенділігінің жоғарылауы, панкреатит (препаратты қабылдаумен байланысы анықталмаған)
• рабдомиолиз
• ангиодистрофия
• гепатит
Өте сирек
• эритроциттік аплазия
• шеткері нейропатия, парестезия (жүргізілетін терапиямен байланыс анықталмаған)
• сүт қышқылды ацидоз
Зидовудинге реакциялар
Ересектер мен жасөспірімдердегі жағымсыз реакциялардың бейіні бірдей. Ең күрделі жағымсыз реакцияларға анемия (қан құюды қажет етуі мүмкін), нейтропения және лейкопения жатады. Олар жоғарырақ дозаларды (тәулігіне 1200–1500 мг) қолданғанда және АИТВ-инфекциясының соңғы сатыларындағы (әсіресе емдеуге дейінгі сүйек кемігінің қоры нашар болған) пациенттерде, әсіресе CD4 саны 100/мм3-тен кем пациенттерде жиірек байқалды. 4.4 бөлімін қараңыз.
Өте жиі
• жүрек айну
• бас ауыруы
Жиі
• анемия, нейтропения және лейкопения
• гиперлактатемия
• бас айналу
• құсу, іш аймағының ауыруы, диарея
• бауыр ферменттері мен билирубин белсенділігінің артуы
• миалгия
• дімкәстік
Жиі емес
• тромбоцитопения, панцитопения (сүйек кемігінің гипоплазиясымен)
• диспноэ
• метеоризм
• бөртпе, қышу
• миопатия
• қызба, жайылған ауырсыну, астения
Сирек
• эритроциттердің аплазиясы
• гипоксемия, анорексия болмаған кезде лактоацидоз
• мазасыздық, депрессия
• ұйқысыздық, парестезия, ұйқышылдық, ойлау жылдамдығының төмендеуі, құрысулар
• кардиомиопатия
• жөтел
• ауыз қуысының шырышты қабығының пигментациясы, дәмнің бұрмалануы
• панкреатит
• стеатозбен айқын гепатомегалия
• тырнақтар мен тері жамылғысының пигментациясы
• есекжем
• қатты терлеу
• кіші дәретке жиі шығу
• гинекомастия
• суық тию, кеудедегі ауырсыну, тұмауға ұқсас симптомдар
Өте сирек
• аплазиялық анемия
Зидовудинмен емдеудің алғашқы бірнеше аптасы ішінде жүрек айнуының және басқа да жиі тіркелген клиникалық жағымсыз әсерлердің пайда болу жиілігі тұрақты төмендейтінін көрсететін плацебо бақыланатын зерттеулердің де, ашық зерттеулердің де деректері қолда бар.
Күтілетін дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Егер сізде қандай да бір жағымсыз реакциялар туындаса, емдеуші дәрігермен кеңесіңіз. Бұл ұсыным кез келген ықтимал жағымсыз реакцияларға, оның ішінде қосымша парақта аталмаған реакцияларға да қатысты. Жағымсыз реакциялар туралы хабарлай отырып, сіз ДП қауіпсіздігі туралы көбірек ақпарат алуға көмектесесіз.