Емдеуді бастамас бұрын бауырдың функционалдық сынамаларын тексеру керек және оны алғашқы алты ай ішінде, әсіресе қауіп тобына кіретін пациенттерге қатысты мерзімді түрде орындау керек.
Трансаминазалар деңгейінің оқшауланған және өтпелі, орташа жоғарылауы байқалуы мүмкін екенін атап өткен жөн, бұл эпилепсияға қарсы көптеген дәрілерді қолданғанда, қандай да бір клиникалық белгілерсіз, әсіресе емдеудің басында болады.
Бұл жағдайда неғұрлым ауқымды биологиялық зерттеулер (протромбин деңгейін қоса) ұсынылады; қажет болған жағдайда дозаны түзету қарастырылуы мүмкін және қажет болған жағдайда талдауларды қайталау керек.
Монотерапия вальпроатты тағайындаған кезде 3 жасқа дейінгі балаларға ұсынылады, бірақ ықтимал пайдасы осындай пациенттерде бауырдың немесе панкреатиттің зақымдану қаупімен салыстырылуы тиіс.
Емдеуді бастар алдында, содан кейін 15 күннен кейін және емнің соңында, сондай-ақ хирургиялық араласудың алдында және ретсіз гематомалар немесе қан кетулер дамыған жағдайда қан талдауын (тромбоциттер санын, қан кету уақытын және ұю параметрлерін анықтауды қоса, толық қан талдауын) жасау ұсынылады.
Балаларға қатысты гепатоуыттылық дамуының жоғары қаупіне және қан кету қаупіне байланысты салицилат туындыларын бір мезгілде тағайындаудан аулақ болу керек.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге қатысты қандағы вальпрой қышқылының айналымдағы концентрациясының жоғарылауын ескерген жөн, осыған байланысты дозаны тиісті түрде төмендету керек.
Бұл препаратты мочевина түзілу циклінде фермент тапшылығы бар пациенттерге қолдануға болмайды. Мұндай пациенттердің арасында мелшию немесе коматоздық жағдайы бар гипераммониемия дамуының бірнеше жағдайлары болды.
Анамнезінде бауыр мен асқазан-ішек жолы тарапынан түсініксіз бұзылулар (анорексия, құсу, цитолиздің жедел көріністері), летаргия немесе коматоздық жағдай көріністері, ақыл-ой кемістігі немесе отбасылық анамнезінде жаңа туған нәрестелер немесе сәбилер арасында өлім-жітім бар балаларға қатысты кез келген вальпроатпен емдеуді бастағанға дейін метаболизмдік тестілер, әсіресе ашқарынға және тамақтанудан кейін қандағы аммиак деңгейінің талдауын жүргізген жөн.
Иммундық бұзылулар осы препаратты қолдану кезінде ерекше жағдайларда ғана байқалғанымен, оның ықтимал пайдасын жүйелі қызыл жегі бар пациенттерде оның ықтимал қаупімен салыстырған жөн. Пациенттерге емнің басында салмақ жинау қаупі туралы ескертілуі тиіс және қауіпті азайту үшін тиісті стратегиялар қабылдануы тиіс. Вальпроат ағзадан негізінен несеппен, ішінара кетон денелері түрінде шығарылатындықтан, кетон денелерін шығаруға тест қант диабеті бар науқастарда жалған оң нәтиже беруі мүмкін.
II типті карнитин пальмитоилтрансфераза (КПТ II) жеткіліксіздігі бар пациенттер вальпроатты қабылдаумен байланысты рабдомиолиз дамуының аса жоғары қаупі туралы ескертілуі тиіс.
Конвулекс препаратымен емдеу кезінде алкогольді тұтыну ұсынылмайды.
Арнайы ескертулер
Контрацепция бағдарламасы Конвулекстің жоғары тератогенді қуаты бар, ал ана құрсағында вальпроат әсеріне ұшыраған балалар үшін туа біткен даму аномалияларының және неврологиялық даму бұзылуларының жоғары қаупі бар. Вальпроатты емдеудің басқа әдістері тиімсіз немесе пациенттерге жақпайтын жағдайларды қоспағанда, бала туу қуаты бар қыздар мен әйелдерге тағайындамаған жөн. Егер басқа ешқандай емдеу мүмкін болмаса, төменде көрсетілген Жүктіліктің алдын алу бағдарламасына сәйкес әрекет ету қажет. Конвулексті мынадай жағдайларда қолдануға болмайды: - жүктілік кезінде, сай келетін баламалы емдеу әдістері болмаған жағдайларды қоспағанда - ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдер үшін, егер контрацепция бағдарламасының талаптары қадағаланбаса Контрацепция бағдарламасының талаптары (жүктіліктен сақтану): Препаратты тағайындайтын дәрігер мынаған көз жеткізуі тиіс: - егер олар осы үдеріске қатысатын болса, олардың енгізілгеніне, сондай-ақ емдеу нұсқаларын талқылау мәселесінің қойылғанына көз жеткізу үшін және пациент әйелдің қауіптер туралы мәлімет алғанына және қауіптерді барынша азайтуға қажетті шараларды түсінгеніне көз жеткізу үшін пациент әйелдің жеке жағдаяттары ескерілді. - барлық пациент әйелдердің бала тууға қабілеттілігі бағаланды. - пациент әйел ана құрсағында Конвулекс әсеріне ұшырайтын балалар үшін осы қауіптердің ауқымын қоса, туа біткен даму аномалияларына және неврологиялық даму бұзылуларына қатысты барлық қауіптерді түсінді және растады. - пациент әйел емдеуді бастар алдында және (егер қажет болса) емделу кезінде жүктілік тестісінен өту қажеттілігін түсінеді. - пациент әйел контрацепция мәселелері жөнінде кеңес алады, сонымен қатар, пациент әйел контрацепцияның сенімді әдістері қолданылатын бүкіл емдеу кезеңі бойына оны қолдануға қабілетті болады. - пациент әйел эпилепсия немесе биполярлық бұзылысты емдеу саласындағы тәжірибелі маман жүргізетін емді тұрақты (кем дегенде жыл сайынғы) бақылаудың қажеттілігін түсінеді.- пациент әйел жүктілікті жоспарлағаннан кейін, тұжырымдамадан бұрын және контрацепция кезеңі аяқталғанға дейін уақтылы талқылау және емдеудің балама мүмкіндіктеріне көшу мүмкіндігінің бар екендігіне көз жеткізу үшін дәрігерге бару қажеттілігін түсінеді.- пациент әйел жүктілік болған жағдайда дереу дәрігерге бару қажеттілігін түсінеді. - пациент әйел тиісті нұсқаулық алады. - пациент әйел өзінің Конвулекс қолданумен байланысты қауіптер мен сақтанудың қажетті шараларын түсінгенін растайды (әр жыл сайын қауіптермен келісімін растауға арналған формуляр толтырады). Аталған талаптар егер тек препаратты тағайындайтын дәрігерде жүкті болу мүмкіндігін болдырмауға салмақты себептер болмаса, қазіргі сәтте сексуалдық белсенді емес әйелдерге де қатысты. Қыз балалар Препаратты тағайындайтын дәрігер мынаған көз жеткізуі тиіс: - қыздың ата-анасы/қамқоршылары өздерінің Конвулекс қабылдайтын қыз балада алғашқы етекір оралымы білінген бойда маманды хабарландыруы тиіс екенінің қажеттілігін түсінеді.- алғашқы етекір оралымы білінген қыз баланың ата-анасы/қамқоршылары Вальпроат әсеріне ана құрсағында ұшырайтын балалар үшін осы қауіптер ауқымын қоса, туа біткен даму аномалияларына және неврологиялық даму бұзылуларына қатысты барлық қауіптер туралы толық ақпараттанды. Алғашқы етеккір оралымы білінген пациент қыз балалармен болған жағдайда, препаратты тағайындайтын дәрігер Конвулекс қолданылатын емнің қажеттілігін жыл сайын қайта бағалауы және емдеудің баламалы нұсқаларын қолдану мүмкіндігін қарастыруы тиіс. Егер Конвулекс емдеудің бірден-бір таңдаулы мүмкіндігі болса, пациент қыз баламен контрацепцияның сенімді әдістерін қолдану қажеттілігін және контрацепция бағдарламасының (жүктіліктен сақтанудың) барлық басқа талаптарын талқылау керек. Маман қыз баланы баламалы емдеуге ауыстыру мүмкіндігінің бәрін ол ересек жасқа жетпес бұрын жасауы тиіс. Жүктілікке тест Конвулекс емінің басталуына дейін жүктілік жоққа шығарылуы тиіс. Вальпроатпен емдеуді жүктілік кезінде абайсызда пайдалануды болдырмау үшін денсаулық сақтау қызметкері растаған кемінде 25 мМЕ/мл сезімталдығы белгіленген плазманы пайдалана отырып, жүктілікке тесттің теріс нәтижесінсіз бала туу қуаты бар әйелдерде бастауға болмайды. Жүктілікке бұл тестіні емдеу кезінде жүйелі түрде уақыт аралығымен қайталап отырған жөн. Контрацепция Конвулекс тағайындалатын ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдер Конвулекс қолданылатын бүкіл емделу кезеңінің бойына контрацепцияның сенімді әдістерін үздіксіз қолдануы тиіс. Осы пациент әйелдер жүктілік профилактикасы, ұрықтануға қарсы шаралар туралы толық ақпарат алуы керек және егер олар контрацепцияның сенімді әдістерін әлі пайдаланбаған болса, контрацепция мәселелері бойынша кеңес беру орталығына жіберілуі тиіс. Контрацепцияның, кем дегенде, бір сенімді әдісін (пайдаланушысына қарамастан, дұрысы, бөгеу әдісін қоса, контрацепцияның жатырішілік спираль немесе имплантат сияқты түрін) немесе бірін-бірі толықтыратын екі контрацепция түрін) қолдану керек. Контрацепция әдісін таңдағанда пациент әйелдің, олардың ұмтылысын қамтамасыз ету және таңдалған шараларды қадағалауы үшін, осы үдеріске қосылуы тиіс жеке жағдаяттарын есепке алу қажет. Тіпті аменорея болғанда да пациент әйел сенімді контрацепция жөніндегі барлық нұсқауларды ұстануы тиіс. Құрамында эстроген бар препараттар Эстрогені бар гормональді контрацептивтерді қоса, эстрогені бар препараттармен бір мезгілде қабылдау вальпроат тиімділігінің төмендеуіне алып келуі мүмкін. Эстрогені бар препараттар қабылдауды бастау немесе тоқтату кезінде клиникалық жауаптың мониторингі (ұстамаларды бақылау) қажет болады. Алайда, вальпроат гормональді контрацептивтердің тиімділігін төмендетпейді. Маманның емдеуді жыл сайынғы бағалауы Маман Конвулекстің пациент әйел үшін таңдаулы ем болып табылатынын, кем дегенде, жылына бір рет бағалауы тиіс. Маман пациент әйелмен емдеуді бастар алдында және емдеуді жыл сайын бағалау кезінде жыл сайын толтыру қажет болатын қауіптермен келісімін растау жөніндегі формулярды талқылауы, сондай-ақ оның формуляр мазмұнын түсінгеніне көз жеткізуі тиіс. Жүктілікті жоспарлау Әйел жүктілікті жоспарлаған жағдайда эпилепсия сияқты көрсетілім болса, эпилепсияны емдеу тәжірибесі бар маман Конвулекс қолданылатын емді қайта бағалауы және емдеудің баламалы нұсқаларын қарастыруы тиіс. Қолайлы баламалы емге ұрықтануға дейін және контрацепция бағдарламасын тоқтатуға дейін ауысуға бар күшті салу қажет. Егер баламалы емге ауысу мүмкін болмаса, әйел отбасын жоспарлау жөнінде негізді шешімдер қабылдауына көмек болуы үшін әлі тумаған сәбиге төнетін Конвулекс қабылдаумен байланысты қауіптер туралы қайта ақпараттануы тиіс. Егер әйел жүктілікті жоспарлаған жағдайда биполярлық бұзылыстар сияқты көрсетілім болса, ол биполярлық бұзылыстарды емдеу тәжірибесі бар маманмен кеңесуі, Конвулекс қолданылатын емді тоқтатуы және, қажет болса, ұрықтануға дейін және контрацепция кезеңі аяқталғанша баламалы емге көшуі тиіс. Жүктілік Егер әйел Конвулекс қолдану кезінде жүкті болып қалса, ол Конвулекс қолданылатын емді қайта бағалау және баламалы нұсқаларды қарастыру үшін дереу маманға жіберілуі тиіс. Жүктілік кезінде Конвулекс әсеріне ұшырайтын пациент әйелдер өз жұптастарымен бірге препараттың жүктілік кезінде әсер ету зардаптарын бағалау және талапқа сай түсіндіру үшін эмбриондық уыттылық немесе пренатальді медицина саласында тәжірибесі бар маманға жіберліуі керек. Фармацевт мынаған көз жеткізуі тиіс: - пациенттің карточкасы Конвулекс әр жолы берілген сайын ұсынылады және пациенттер оның мазмұнын түсінеді - пациент әйел Конвулекс қолдануды үзуге болмайтыны немесе жүктілік жоспарланған немесе болжанған жағдайда шұғыл маманға қаралу қажеттілігі туралы хабарланған болуы тиіс. Оқу құралы Денсаулық сақтау саласындағы кәсіп өкілдеріне және пациент әйелдерге жүктілік кезінде Конвулекс әсерінен сақтану мақсатында тіркеу куәлігінің ұстаушысы олардың қолдануы үшін оқу құралын ұсынады, онда тиісті сақтандырулар, сондай-ақ ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдерге арналған Конвулексті қолдану жөніндегі нұсқаулар және контрацепция бағдарламасының (жүктіліктен сақтанудың) нақты бөліктері мазмұндалған. Конвулекс қолданатын ұрпақ өрбіту жасындағы барлық әйелдерге пациенттерге арналған нұсқаулық және пациент картасы берілуі тиіс. Қауіпті растаудың жыл сайынғы нысанын маман емдеу басталған уақытта және Конвулекс еміне жыл сайын жасалатын әрбір шолу тұсында пайдалануы тиіс.
Ұстамалардың қайта басталуы
Эпилепсияға қарсы басқа препараттар жағдайындағыдай, вальпроатты қабылдау жақсарудың орнына ұстамалардың жиілігі мен ауырлығының қайтымды жаңаруына (эпилепсиялық жағдайды қоса) немесе ұстамалардың жаңа түрлері пайда болуына әкелуі мүмкін. Ұстамалар қайта басталған жағдайда пациенттер дереу емдеуші дәрігермен кеңесу керек. Бұл ұстамаларды фармакокинетикалық өзара әрекеттесуден, уыттылықтан (бауыр ауруы немесе энцефалопатия) немесе артық дозаланудан туындауы мүмкін ұстамалардан ажырату керек.
Осы дәрілік препарат вальпрой қышқылына метаболизденетін болғандықтан, оны вальпрой қышқылының артық дозалануын болдырмау мақсатында (мысалы, вальпроат семинатрий, вальпромид) сол трансформациядан өтетін басқа дәрілік препараттармен біріктіруге болмайды.
Бауыр жеткіліксіздігі
Пайда болу шарттары
Сирек жағдайларда ауыр немесе кейде өліммен аяқталатын бауыр функциясының бұзылуы туралы хабарланады. Жоғары қауіп тобына ауыр эпилепсиялық ұстамалары бар, әсіресе мидың зақымдануымен, ақыл-ой дамуының тежелуімен және/немесе тұқым қуалайтын метаболизмдік немесе дегенеративті аурулармен бірге жүретін нәрестелер мен 3 жасқа дейінгі балалар жатады. 3 жастан асқан кезде мұндай асқынулардың жиілігі едәуір төмендейді және жасына қарай біртіндеп төмендейді.
Көптеген жағдайларда бауыр функциясының бұзылуы емдеудің алғашқы 6 айында, әдетте 2-ден 12 аптаға дейін және көбінесе эпилепсияға қарсы біріктірілген емде байқалады.
Сақтандыру белгілері
Ерте диагностика жасауда клиникалық симатомдардың маңызы зор. Атап айтқанда, сарғаюдан бұрын болуы мүмкін екі жағдайды, әсіресе қауіпті пациенттерге қатысты ескеру қажет:
- біріншіден, әдетте кенеттен білінетін спецификалық емес симптомдар, мысалы, астения, анорексия, летаргия, ұйқышылдық, кейде қайталанатын құсу және іштің ауыруымен қатар жүреді
- екіншіден, емнің тиісті деңгейде жүргізілуіне қарамастан, эпилепсиялық ұстамалардың қалпына келуі.
Пациенттерге, ал егер олар балалар болса, онда олардың отбасыларына кез келген сындай белгілер білінгенде дереу дәрігерге қаралу керектігін ескертіп қою ұсынылады. Клиникалық тексеруден басқа, бауырдың функционалдық сынамаларын бірден жасау керек.
Анықтау
Емдеудің алғашқы 6 айында бауырдың функционалдық сынамаларын мезгіл-мезгіл бақылап отыру қажет.
Классикалық тестілер арасында ең дұрысы бауыр ақуызының синтезін, атап айтқанда, протромбин деңгейін көрсететін тестілер болып табылады. Протромбиннің өте төмен деңгейі расталған жағдайда, әсіресе зертханалық талдауларда басқа да аномалиялық ауытқулар (фибриноген деңгейінің және ұю факторларының едәуір төмендеуі, билирубин мен бауыр трансаминазалары деңгейінің жоғарылауы байқалған жағдайда, емдеуді тоқтата тұру керек (сақтық шарасы ретінде салицилат туындыларымен емдеуді біріктіріп тағайындау кезінде де тоқтату керек, өйткені олар метаболизмнің бірдей жолдарын пайдаланады).
Панкреатит
Өте сирек жағдайларда өлімге әкелуі мүмкін панкреатит байқалды. Бұл жағдайлар пациенттің жасына және емдеу ұзақтығына қарамастан байқалған, ал жас балалар ерекше қауіп тобына кірген.
Қолайсыз нәтижесі бар панкреатит, әдетте жас балаларда немесе ауыр ұстамалары бар пациенттерде немесе эпилепсияға қарсы бірнеше дәрімен емделетін адамдарда байқалады.
Егер панкреатит бауыр жеткіліксіздігімен қатар пайда болса, өлім қаупі артады.
Іштің жедел ауыруы немесе жүрек айну, құсу және/немесе анорексия сияқты асқазан-ішек жолы тарапынан белгілер пайда болған жағдайда панкреатит диагнозын қарастыру керек және ұйқы безі ферменттерінің деңгейі жоғары пациенттерде емдеуді тоқтатып, қажетті балама емдік шараларды қабылдаған жөн.
Суицид қаупі
Суицидтік ойлар және мінез-құлық бірнеше көрсетілімдер бойынша эпилепсияға қарсы дәрілермен емделген пациенттер арасында байқалған. Эпилепсияға қарсы дәрілердің рандомизацияланған, плацебо – бақыланатын зерттеулерден алынған мета-талдау деркетері де суицидтік ойлар мен мінез-құлықтың пайда болу қаупінің аздап артуын көрсетті. Бұл қауіптің себептері белгісіз және қолжетімді деректер вальпроатты қолдану кезінде қауіптің жоғарылауын жоққа шығаруға мүмкіндік бермейді.
Демек пациенттер суицидтік ойлар мен мінез-құлық белгілерінің пайда болуы тұрғысынан мұқият қадағалауда болуы және тиісті ем қарастырылуы тиіс. Пациенттерге (пациенттерді күтіп-бағушы тұлғаларға) суицидтік ойлар мен мінез-құлық пайда болған жағдайда бірден дәрігерге қаралуы тиіс екені айтылуы тиісті.
Белгілі немесе болжанатын митохондриялық аурулары бар пациенттер.
Вальпроат митохондриялық ДНҚ, сондай-ақ кодталатын POLG ядролық генінің мутациялары туғызатын негізгі митохондриялық аурулардың клиникалық белгілерін туғызуы немесе нашарлатуы мүмкін.
Атап айтқанда, жедел бауыр жеткіліксіздігі және бауыр ауруларынан болатын өлім POLG геніндегі мутациялардан туындаған тұқым қуалайтын нейрометаболикалық синдромдары, мысалы, Альперс-Гуттенлохер синдромы бар пациенттерде вальпроатпен емдеу жиілігінің анағұрлым жоғары болуымен байланысты.
POLG байланысты бұзылуларды түсіндірілмеген энцефалопатияны, рефрактерлік эпилепсияны (фокальді, миоклониялық), алғашқы қарап-тексеру сәтіндегі эпилепсиялық статусты, дамудың кідірісін, психомоторлы регрессияны, аксональды сенсомоторлы нейропатияны, миопатияны, мишық атаксиясын, офтальмоплегияны немесе желке аурасы бар асқынған мигреньді қоса, бірақ онымен шектелмей, POLG бар пациенттерде отбасылық анамнезінде немесе POLG байланысты бұзылулардың болжамды симптомдарында күдіктену керек.
Мутацияға POLG тестілерін жүргізу осындай бұзылуларды диагностикалық бағалау үшін ағымдағы клиникалық тәжірибеге сәйкес орындалуы тиіс.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Жоғары зейін қоюды және психомоторлық реакциялардың жоғары шапшаңдығын талап ететін қызмет түрлерімен (автокөлік жүргізу және механизмдерді басқару) айналысуға кеңес берілмейді.
Вальпрой қышқылын қолданумен емдеу нәтижесінде туындайтын ұстамаларды бақылау көптеген жағдайларда пациенттерге жол қозғалысына белсенді қатысу мүмкіндігін береді.
Алайда көлік құралын басқаратын немесе механизмдермен/құрылғымен жұмыс істейтін пациенттер өздерінде, бәрінен бұрын, эпилепсияға қарсы біріктірілген емде немесе Бензодиазепиндер қолданумен бір мезгілде емдегенде уақытша сананың көмескіленуі болуы мүмкін екенін түсінуі тиіс.