Контрацепция бағдарламасы Конвулекстің® жоғары тератогендік потенциалы бар және ана құрсағында вальпроат әсер ететін балалар үшін туа біткен даму ауытқулары мен неврологиялық дамудың бұзылу қаупі жоғары. Вальпроатты емдеудің басқа әдістері тиімсіз немесе пациенттер көтермейтін жағдайларды қоспағанда, бала туу әлеуеті бар қыздар мен әйелдерге тағайындауға болмайды. Егер басқа ешқандай емдеу мүмкін болмаса, төменде көрсетілген Жүктіліктің алдын алу бағдарламасына сәйкес әрекет ету қажет. Конвулекс келесі жағдайларда қарсы көрсетілімді: қолайлы баламалы емдеу әдістері болмаған жағдайларды қоспағанда, жүктілік кезінде егер контрацепция бағдарламасының шарттары сақталмаса, ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдер үшін Контрацепция бағдарламасының шарттары (жүктіліктің алдын алу): Препаратты тағайындайтын дәрігер мынаған көз жеткізуі тиіс: - пациенттің жеке жағдайлары, егер олар осы процеске қатысса, олардың қосылғанына көз жеткізу үшін, сондай-ақ емдеу нұсқаларын талқылау және пациенттің қауіптер туралы хабардар екендігіне және қауіптерді азайту үшін қажетті шараларды түсінгеніне көз жеткізу үшін ескерілгендігіне. - барлық пациенттер үшін бала туу мүмкіндігі бағаланғанына. - пациент құрсағында Конвулекстің әсеріне ұшыраған балалар үшін туа біткен даму ауытқулары мен неврологиялық дамудың барлық қауіптерін, соның ішінде осы қауіптердің ауқымын түсінгеніне және растағанына. - пациент ем басталар алдында және (қажет болса) емдеу кезінде жүктілікті анықтау тестін жасау қажеттілігін түсінетініне. - пациент контрацепция мәселелері бойынша, сондай-ақ пациенттің емнің барлық кезеңі ішінде контрацепцияның сенімді әдістерін қолдана алатындығы туралы кеңес алғандығына. - пациент эпилепсия немесе биполярлық бұзылысты емдеу саласындағы тәжірибелі маман жүргізетін емді тұрақты (кем дегенде жыл сайынғы) бақылаудың қажеттілігін түсінетініне.- пациент жүктілікті жоспарлағаннан кейін, бала біткеннен бұрын және контрацепция кезеңі аяқталғанға дейін уақтылы талқылау және емдеудің балама мүмкіндіктеріне көшу мүмкіндігінің бар екендігіне көз жеткізу үшін дәрігерге бару қажеттілігін түсінетініне.- пациент жүкті болған жағдайда дереу дәрігерге бару қажеттілігін түсінетініне. - пациентке арналған нұсқаулықты алғанына.- пациент Конвулекс® қолданумен байланысты қауіптер мен қажетті сақтандыру шараларын түсінгенін растайтынына (жыл сайын қауіптермен келісуді растау үшін формуляр толтырылады). Бұл жағдайлар қазіргі уақытта сексуалды белсенді емес әйелдерге де қатысты, егер препаратты тағайындайтын дәрігер ықтимал жүктіліктің алдын алуға жақсы себеп болмаса. Қыз балалар Препаратты тағайындайтын дәрігер мынаған көз жеткізуі тиіс: - қыздың ата-анасы/қамқоршылары Конвулекс® қабылдаған қыз алғашқы етеккір келсе, маманға хабарлау керек екенін түсінетініне.- алғашқы етеккірі келген қыздың ата-аналары/қамқоршылары құрсағында вальпроат әсеріне ұшыраған балалар үшін туа біткен даму ауытқуларына және дамудың неврологиялық бұзылыстарына, оның ішінде осы қауіптердің ауқымына қатысты қауіптер туралы толық хабардар екеніне. Алғашқы етеккірі келген пациенттерде препаратты тағайындайтын дәрігер жыл сайын Конвулекс® қолданумен ем қажеттілігін қайта бағалауы және емдеудің балама әдістерін қолдану мүмкіндігін қарастыруы тиіс. Егер Конвулекс® емдеудің жалғыз қолайлы мүмкіндігі болса, пациентпен контрацепцияның сенімді әдістерін қолдану қажеттілігін және контрацепция бағдарламасының (жүктіліктің алдын алу) барлық басқа шарттарын талқылау керек. Маман ересек жасқа толмастан бұрын қызды балама емдеуге ауыстыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасауы керек. Жүктілікті анықтау тесті Вальпроатпен емдеу басталғанға дейін жүктілікті жоққа шығару керек. Вальпроатпен емдеуді жүктілік кезінде абайсызда пайдалануды болдырмау үшін денсаулық сақтау қызметкері растаған кемінде 25 мХБ/мл сезімталдығы белгіленген плазманы пайдалана отырып, жүктілікті анықтау тестінің теріс нәтижесінсіз бала туу әлеуеті бар әйелдерде бастауға болмайды. Бұл жүктілікті анықтау тесті емдеу кезінде жүйелі түрде жасалуы керек. Контрацепция Конвулекс® тағайындалған ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдер Конвулекс® қолданумен жүргізілетін барлық ем бойы контрацепцияның сенімді әдістерін үздіксіз қолдануы тиіс. Бұл пациенттер жүктіліктің профилактикасы, контрацепция шаралары туралы толық ақпарат алуы керек және егер олар контрацепцияның сенімді әдістерін әлі қолданбаса, контрацепция мәселелері жөніндегі кеңес беру орталығына жіберілуі керек. Контрацепцияның кем дегенде бір сенімді әдісін (жатырішілік спираль немесе имплантат сияқты контрацепцияның пайдаланушыдан тәуелсіз түрін) немесе барьерлік әдісті қоса алғанда, бір-бірін толықтыратын контрацепцияның екі түрін қолданған жөн. Контрацепция әдісін таңдау кезінде пациенттің жеке жағдайларын ескеру қажет, олардың қатысуын және таңдалған шаралардың сақталуын қамтамасыз ету үшін олар осы процеске қатысуы керек. Аменорея болса да, пациент сенімді контрацепция бойынша барлық ұсыныстарды ұстануы керек. Құрамында эстроген бар препараттар Құрамында эстроген бар гормондық контрацептивтерді қоса алғанда, құрамында эстроген бар препараттармен бір мезгілде қабылдау вальпроат тиімділігінің төмендеуін туындатуы мүмкін. Құрамында эстроген бар препараттарды қабылдауды бастағанда немесе тоқтатқанда клиникалық жауапты мониторингілеу (ұстамаларды бақылау) қажет. Алайда, вальпроат гормондық контрацептивтердің тиімділігін төмендетпейді. Маманның емдеуді жыл сайынғы бағалауы Маман жылына кемінде бір рет Конвулекс® пациент үшін дұрыс ем болып табылатындығын бағалауы керек. Маман пациентпен емдеуді бастар алдында және емдеуді жыл сайынғы бағалағанда қауіптермен келісуді растау бойынша жыл сайынғы толтырылатын формулярды талқылауы, сондай-ақ оның формулярдың мазмұнын түсінгеніне көз жеткізуі тиіс. Жүктілікті жоспарлау Эпилепсия сияқты көрсетілімдер болған кезде, егер әйел жүктілікті жоспарласа, эпилепсияны емдеуде тәжірибесі бар маман Конвулекс® көмегімен емі қайта бағалап, емдеудің балама нұсқаларын қарастыруы керек. Бала көтергенге дейін және контрацепция бағдарламасын тоқтатқанға дейін қолайлы балама емге көшуге барлық күш-жігерді жұмсау қажет. Егер балама емдеуге көшу мүмкін болмаса, әйелге отбасын жоспарлау туралы негізделген шешім қабылдауға көмектесу үшін туылмаған балаға Конвулекс® қабылдауға байланысты қауіптер туралы қайта хабарлау керек. Егер әйел жүктілікті жоспарлаған жағдайда биполярлық бұзылыстар сияқты көрсетілімдер болған жағдайда, ол биполярлық бұзылуларды емдеу тәжірибесі бар маманмен кеңесуі, Конвулекс® қолданумен емдеуді тоқтатуы және қажет болған жағдайда балаға көтергенге дейін және контрацепция кезеңі аяқталғанға дейін баламалы емдеуге көшуі тиіс. Жүктілік Егер әйел Конвулекс® қолдану кезінде жүкті болып қалса, ол дереу маманға Конвулекс® препаратымен емдеуді қайта бағалау және балама нұсқаларды қарастыру үшін жіберілуі керек. Жүктілік кезінде Конвулекс® әсеріне ұшыраған пациенттер серіктестерімен бірге жүктілік кезіндегі препараттың әсерін бағалау және тиісті түрде түсіндіру үшін эмбриондық уыттылық немесе пренатальдық медицина саласындағы тәжірибесі бар маманға жіберілуі керек. Фармацевт келесіге көз жеткізуі керек: - пациенттің карточкасы Конвулекс® әрбір берілген сайын ұсынылатынына және пациенттер оның мазмұнын түсінетініне - пациенттерге Конвулекс® қолдануды үзуге болмайтындығы және жоспарлау немесе болжамды жүктілік жағдайында дереу маманға жүгіну қажеттігі туралы ақпарат берілетініне. Оқу құралы Денсаулық сақтау саласындағы кәсіп өкілдері мен пациенттерге жүктілік кезінде Конвулекс® әсерін болдырмауға көмектесу үшін тіркеу куәлігінің ұстаушысы олардың қарауына тиісті ескертулерді, сондай-ақ ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдерге арналған Конвулекс® қолдану жөніндегі ұсынымдарды және контрацепция (жүктіліктің алдын алу) бағдарламасының егжей-тегжейін қамтитын оқу құралын ұсынады. Конвулекс® қолданатын ұрпақ өрбіту жасындағы барлық әйелдерге пациенттерге арналған нұсқаулық және пациенттің картасы берілуі тиіс. Қауіпті растаудың жыл сайынғы нысанын маман емдеуді бастағанда және әрбір жыл сайынғы Конвулекс® препаратымен емдеуге шолу жасағанда пайдалануы тиіс.
Ұстамалардың қайта басталуы
Эпилепсияға қарсы басқа препараттар жағдайындағыдай, вальпроатты қабылдау жақсарудың орнына ұстамалардың жиілігі мен ауырлығының қайтымды қайталануын (эпилепсиялық жағдайды қоса алғанда) немесе ұстамалардың жаңа түрлерін туындатуы мүмкін. Ұстамалар қайта басталған жағдайда пациенттер дереу емдеуші дәрігердің кеңесіне жүгіну керек. Бұл ұстамаларды фармакокинетикалық өзара әрекеттесуден, уыттылықтан (бауыр ауруы немесе энцефалопатия) немесе артық дозаланудан туындауы мүмкін ұстамалардан нақтылау керек.
Осы дәрілік препарат вальпрой қышқылына метаболизденетіндіктен, оны вальпрой қышқылымен артық дозалануын болдырмау мақсатында (мысалы, вальпроат семинатрийі, вальпромид) сол трансформациядан өтетін басқа дәрілік препараттармен біріктіруге болмайды.
Бауыр ауруы
Туындау шарттары
Сирек жағдайларда бауыр функциясының ауыр немесе кейде өліммен аяқталатын бұзылуы туралы хабарланады. Жоғары қауіп тобына әсіресе мидың зақымдануымен, ақыл-ой дамуының тежелуімен және/немесе тұқым қуалайтын метаболизмдік немесе дегенеративтік аурулармен бірге жүретін ауыр эпилепсиялық ұстамалары бар сәбилер мен 3 жасқа дейінгі балалар жатады. 3 жастан асқан кезде мұндай асқынулардың жиілігі едәуір төмендейді және жасына қарай біртіндеп төмендейді.
Көптеген жағдайларда бауыр функциясының бұзылуы емдеудің алғашқы 6 айында, әдетте 2-ден 12 аптаға дейін және көбінесе эпилепсияға қарсы біріктірілген емде байқалады.
Ескерту белгілері
Клиникалық симптомдары ерте диагностикалау үшін маңызды болып табылады. Атап айтқанда, сарғаюдан бұрын болуы мүмкін екі жағдайды, әсіресе қауіп тобындағы пациенттерге қатысты («Туындау шарттарын» қараңыз) ескеру қажет:
- біріншіден, әдетте кенеттен пайда болатын спецификалық емес симптомдар, мысалы, астения, анорексия, летаргия, ұйқышылдық, кейде қайталанатын құсумен және іштің ауыруымен байқалатын,
- екіншіден, эпилепсиялық ұстамалардың қайталануы, емнің тиісті деңгейде жүргізілуіне қарамастан.
Пациенттерге, ал егер олар балалар болса, олардың отбасыларына кез келген осындай белгілер пайда болған кезде дереу дәрігерге қаралу керек екенін хабарлау ұсынылады. Клиникалық тексеруден басқа, бауырдың функциялық сынамаларын дереу орындау керек.
Анықталуы
Емдеудің алғашқы 6 айында бауырдың функциялық сынамаларн мезгіл-мезгіл бақылау қажет.
Классикалық тестілердің ішінде бауыр ақуызының синтезін, атап айтқанда протромбин деңгейін көрсететін тестілер ең орынды болып табылады. Протромбиннің аномалиялық төмен деңгейі расталған жағдайда, әсіресе зертханалық талдауларда басқа да аномалиялық ауытқулар байқалған жағдайда (фибриноген деңгейінің және ұю факторларының едәуір төмендеуі, билирубин мен бауыр трансаминазалары деңгейінің жоғарылауы), емдеуді тоқтата тұру керек (сақтық шарасы ретінде салицилат туындыларымен емдеуді біріктіріп тағайындағанда да тоқтату керек, өйткені олар метаболизмнің бірдей жолдарын пайдаланады).
Гепатоуыттылығы (дозаны ұлғайту немесе жаңадан емдеу) белгілі қатарлас препараттарды модификациялау жағдайында бауырдың биологиялық мониторингін қайта ұйымдастыру керек (бауырдың салицилаттармен, құрысуға қарсы басқа препараттармен, соның ішінде каннабидиолмен зақымдану қаупі туралы да қараңыз).
Панкреатит
Өте сирек жағдайларда өлімге әкелуі мүмкін панкреатит байқалды. Бұл жағдайлар пациенттің жасына және емдеу ұзақтығына қарамастан байқалды, ал кіші жастағы балалар ерекше қауіп тобына кірді.
Қолайсыз нәтижесі бар панкреатит, әдетте, кіші жастағы балаларда немесе ауыр ұстамалары бар пациенттерде немесе бірнеше эпилепсияға қарсы дәрілермен емделетін адамдарда байқалады.
Егер панкреатит бауыр функциясының жеткіліксіздігімен бірге туындаса, өлім қаупі артады.
Іштің қатты ауыруы немесе жүрек айну, құсу және/немесе анорексия сияқты асқазан-ішек жолы тарапынан белгілер пайда болған жағдайда панкреатитті диагностикалауды қарастыру керек және ұйқыбез ферменттерінің деңгейі жоғары пациенттерде емдеуді тоқтатып, қажетті балама емдік шараларды қабылдау керек.
Суицид қаупі
Эпилепсияға қарсы дәрілермен бірнеше көрсетілімдер бойынша емделген пациенттер арасында суицидтік ойлау мен мінез-құлық байқалды. Эпилепсияға қарсы дәрілерге жүргізілген рандомизацияланған, плацебо бақыланатын зерттеулерден алынған деректердің мета-анализі суицидтік ойлау мен мінез-құлықтың туындау қаупінің аздап жоғарылағанын көрсетті. Бұл қауіптің себептері белгісіз және қолжетімді деректер вальпроатты қолдану кезінде жоғары қауіпті жоққа шығаруға мүмкіндік бермейді.
Демек, пациенттер суицидтік ойлау мен мінез-құлық белгілерінің туындауына мұқият бақылауда болуы керек және тиісті емдеу қарастырылуы керек. Пациенттерге (немесе олардың қамқоршыларына) суицидтік ойлау немесе мінез-құлық туындаған жағдайда дәрігермен кеңесу керек екендігі туралы хабарлау керек.
Белгілі немесе болжамды митохондриялық аурулары бар пациенттер.
Вальпроат митохондриялық ДНҚ мутациялары туындатқан негізгі митохондриялық аурулардың клиникалық белгілерін, сондай-ақ POLG кодтайтын ядролық генді туындатуы немесе нашарлатуы мүмкін.
Атап айтқанда, бауыр функциясының жедел жеткіліксіздігі және бауыр ауруларынан болатын өлім POLG геніндегі мутациялар туындатқан тұқым қуалайтын нейрометаболизмдік синдромдары бар, мысалы, Альперс-Гуттенлохер синдромы бар пациенттерде вальпроатпен емдеудің жоғары деңгейімен байланысты болды.
POLG байланысты бұзылуларды отбасылық анамнезінде POLG бар немесе POLG байланысты бұзылулардың болжамды симптомдары бар, оның ішінде, бірақ түсініксіз энцефалопатиямен, рефрактерлік эпилепсиямен (ошақталған, миоклонусты), бастапқы тексеру кезіндегі эпилепсиялық статуспен, дамудың тежелуімен, психомоторлық регрессиямен, аксондық сенсомоторлық нейропатиямен, миопатиямен, мишықты атаксиямен, офтальмоплегиямен немесе желке аурасы бар асқынған бас сақинасымен шектелмей пациенттерден күдіктену керек.
POLG мутациясын анықтау тестілерін жүргізу осындай бұзылуларды диагностикалық бағалау үшін ағымдағы клиникалық практикаға сәйкес орындалуы тиіс.
Когнитивті немесе экстрапирамидалық бұзылулар
Когнитивті немесе экстрапирамидалық бұзылулар нейровизуализация кезінде церебральдық атрофияны анықтаумен байланысты болуы мүмкін. Осылайша, клиникалық көріністің бұл типін деменциямен немесе Паркинсон ауруымен шатастыруға болады. Бұл бұзылулар емдеуді тоқтатқан кезде қайтымды болады.
Терінің ауыр жағымсыз реакциялары және ангионевроздық ісіну
Вальпроаттармен емдеумен байланысты Стивенс-Джонсон синдромы (SJS), уытты эпидермалық некролиз (TEN) және эозинофилиямен және жүйелік симптомдармен дәрілік реакция (DRESS), көп пішінді эритема сияқты терінің ауыр жағымсыз реакциялары (тыртықтар) және ангионевроздық ісіну туралы хабар алынған. Пациенттер терінің күрделі көріністерінің белгілері мен симптомдары туралы мағлұматтануы тиіс және мұқият бақылауда болуы тиіс. Тыртықтар немесе ангионевроздық ісіну белгілері пайда болғанда шұғыл тексеруден өтіп, егер тыртықтар немесе ангионевроздық ісіну диагнозы расталса, емдеуді тоқтату қажет.
Гипокарнитинемия қаупі бар науқастар
Вальпроатты енгізу гипераммонемияға әкелуі мүмкін (гипераммониемиялық энцефалопатияны тудыруы мүмкін) гипокарнитинемияның пайда болуын немесе нашарлауын тудыруы мүмкін. Гепатоуыттылық, гипокетоздық гипогликемия, кардиомиопатияны қоса, миопатия, рабдомиолиз, Фанкони синдромы сияқты басқа симптомдар негізінен гипокарнитинемия немесе бұрыннан гипокарнитинемия қаупі факторлары бар емделушілерде байқалды. Вальпроатпен емдеуде симптоматикалық гипокарнитинемия қаупі жоғары пациенттер - бұл метаболизмдік бұзылыстары бар, оның ішінде карнитинмен, карнитинді тамақпен бірге қабылдаумен байланысты митохондриялық бұзылыстары бар, 10 жасқа дейінгі пациенттер, және бір мезгілде пивалатпен конъюгацияланған препараттармен немесе эпилепсияға қарсы басқа препараттармен ем қабылдайтын пациенттер.
Пациенттерге атаксия, сананың өзгеруі, құсу сияқты гипераммонемияның кез келген белгілері туралы дереу хабарлау қажет екендігіне нұсқау беру керек. Гипокарнитинемия симптомдары пайда болған кезде карнитин қосу мүмкіндігін қарастыру керек.
Бастапқы жүйелік карнитин тапшылығы және түзетілген гипокарнитинемиясы бар емделушілерді вальпроатпен емдеу тек вальпроатпен емдеудің пайдасы осы пациенттер үшін қауіптен басым болған жағдайда және баламалы ем болмаған жағдайда ғана жүргізілуі керек. Бұл емделушілерде карнитинге мониторинг жүргізу керек.
Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Аса зейін қоюды және психомоторлық реакциялардың жоғары жылдамдығын талап ететін қызмет түрлерімен айналысу ұсынылмайды (автокөлік жүргізу және механизмдерді басқару).
Вальпрой қышқылын қолдану арқылы емдеу нәтижесінде туындайтын ұстамаларды бақылау көптеген жағдайларда пациенттерге жол қозғалысына белсенді қатысуға мүмкіндік береді.
Алайда, көлік құралын басқаратын немесе механизмдермен / жабдықтармен жұмыс істейтін пациенттер олардың, ең алдымен, эпилепсияға қарсы біріктірілген ем кезінде немесе бензодиазепиндерді қолданумен бір мезгілде емдеу кезінде уақытша естен тану мүмкін екенін ұғынуы тиіс.