Ескерту
Жүктілікті алдын алу бағдарламасы Вальпроат жоғары тератогендік әлеуетке ие және құрсақ ішінде вальпроат әсеріне ұшыраған балаларда туа біткен ақаулар мен неврологиялық дамудың бұзылу қаупі жоғары. Вальпроатты басқа емдеу әдістері тиімсіз болған немесе жақпаған жағдайларды қоспағанда, ұрпақ өрбітуге қабілетті қыздар мен әйелдерге тағайындауға болмайды. Егер басқа ешқандай ем мүмкін болмаса, төменде көрсетілген Жүктілікті алдын алу бағдарламасына сәйкес әрекет ету қажет. Конвулекс® келесі жағдайларда қарсы көрсетілімді: -тиісті балама ем болмаған жағдайларды қоспағанда, жүктілік кезінде -Жүктіліктің алдын алу бағдарламасының шарттары орындалған жағдайларды қоспағанда, ұрпақ өрбітуге қабілетті әйелдерде Жүктіліктің алдын алу бағдарламасының шарттары: Препаратты тағайындаған адам (емдеуші дәрігер) мыналарға көз жеткізуі тиіс: Әр адам үшін әрбір жағдай пациентпен талқылау, оларды қамтуға кепілдік берумен, онымен сөйлесу, емдеу нұсқаларын талқылау және пациенттің қауіптерді барынша азайту үшін қажет болатын шаралар мен қауіптерді түсінуін қамтамасыз ету арқылы бағаланғанына; жүктілік ықтималдығы барлық пациенттер үшін бағаланатынына пациенттердің құрсақ ішінде вальпроат әсеріне ұшыраған балаларға осы қауіптер масштабын қоса, туа біткен дамудағы ауытқулар мен дамудағы неврологиялық бұзылыстарға қатысты барлық қауіптерді түсінгеніне және растайтынына; пациенттің емді бастағанға дейін және қажет болған кезде, ем кезінде жүктілік тестісін жүргізу қажеттілігін түсінгеніне; пациенттің контрацепция мәселелері бойынша кеңесіп жүргеніне, сондай-ақ, вальпроатпен емделудің барлық кезеңінде пациенттің үздіксіз (алдын –алу мақсатында толық ақпаратты алу үшін «Контрацепция» бөлімін қараңыз) тиімді контрацепцияны сақтай алатынына; пациенттің эпилепсияны емдеу бойынша тәжірибесі бар маманның ем барысын тұрақты (кем дегенде жыл сайын) қайта қарауы қажет екенін түсінгеніне; пациент жүктілікті жоспарлағаннан кейін бірден ұрықтануға және контрацепцияны қолдануды тоқтатқанға дейін емнің балама нұсқалары туралы уақтылы кеңес алып, оған көшуді қамтамасыз ету үшін өз дәрігерімен кеңесу қажеттілігін түсінгеніне; пациенттің жүктілік жағдайында дәрігерге шұғыл баруға тиіс екенін түсінгеніне пациенттің пациентке арналған нұсқаулықты алғанына; пациенттің вальпроатты пайдалануға байланысты қауіптерді және қажетті сақтық шараларын түсінгенін растағанына (Қауіптермен танысудың жыл сайынғы түрі). Бұл шарттар сондай-ақ, емді тағайындаған адам жүктілік қаупінің жоқтығын растауға дәлелді себептер бар деп санаған жағдайдан басқа, қазіргі уақытта жыныстық қатынасқа түспейтін әйелдерге қатысты. Қыз балалар Препаратты тағайындаған адам (емдеуші дәрігер) мыналарға көз жеткізуі тиіс: қыздардың ата-аналарының /қамқоршыларының вальпроатты қабылдаған қыздың алғашқы етеккірі басталғаннан кейін бірден маманға жүгіну қажет екенін түсінгеніне; алғашқы етеккір басталған қыздардың ата-аналарының/қамқоршыларының туа біткен ақаулар мен неврологиялық дамудың бұзылу қаупі туралы, оның ішінде вальпроат әсеріне құрсақ ішінде ұшыраған балалар үшін осы қауіптердің шамасы туралы толық ақпарат алғанына; етеккір басталған пациенттерде жыл сайын вальпроатпен емдеу қажеттілігі қайта бағаланып, емдеудің балама нұсқалары қайта қарастырылатынына; Егер вальпроат емдеудің жалғыз қолайлы нұсқасы болса, тиімді контрацепцияны және жүктілікті алдын алу бағдарламасының барлық басқа шарттарын қолдану қажеттілігін талқылау керек. Емдеуші дәрігер қыз балаларды жыныстық жетілуге немесе кәмелет жасына толғанға дейін балама емге ауыстыру үшін бар күшін салуы керек. Жүктілікке тест Вальпроатпен ем басталғанға дейін жүктіліктің бар-жоғын анықтау керек. керек. Жүктілік кезінде байқаусызда пайдалануды болдырмау үшін, вальпроатпен емдеу ұрпақ өрбітуге қабілетті әйелдерде денсаулық сақтау қызметкерімен расталған белгіленген сезімталдығы кемінде 25 мМЕ/мл болатын плазманы пайдаланумен жүргізілген жүктілікке тест нәтижесі теріс болмағанға дейін басталмауы тиіс. Бұл жүктілік тестісі емдеу кезінде белгілі бір уақыт аралығында қайталануы керек. Контрацепция Вальпроат тағайындалатын ұрпақ өрбіту әлеуеті бар әйелдер емнің бүкіл кезеңінде тиімді контрацепцияны үздіксіз пайдаланулары тиіс. Осы пациент әйелдерге жүктілікті алдын-алу бойынша түпкілікті ақпарат берілуі және олар әлі де тиімді емес контрацепцияны пайдаланып жүрсе, контрацепция бойынша консультация алуға жіберілуі тиіс. Контрацепцияның кем дегенде бір тиімді әдісін (дұрысы жатырішілік спираль немесе имплантат секілді автономды түрін) немесе бөгеу әдісін қоса, қосымша екі түрін пайдалану керек. Жеке жағдай әр жағдайда контрацепцияның әдісін таңдағанда пациенттің түсінігеніне және таңдалған шараның сақталғанына кепілдік беру үшін пациентпен сөйлесу арқылы бағалануы тиіс. Тіпті аменорея кезінде де пациенттер тиімді контрацепция бойынша барлық кеңесті сақтауы тиіс. Құрамында эстроген бар препараттар Құрамында эстроген бар гормональді контрацептивтерді қоса, құрамында эстроген бар препараттарды бір мезгілде қабылдау вальпроат тиімділігінің төмендеуіне әлеуетті түрде ықпал етуі мүмкін. Препаратты тағайындайтын адам (емдеуші дәрігер) құрамында эстроген бар препараттарды қабылдауды бастау немесе тоқтату кезінде клиникалық реакцияны (ұстамаларды бақылау) мониторингілеуі тиіс. Дегенмен, вальпроат гормональді контрацептивтердің тиімділігін төмендетпейді. Дәрігердің емді жыл сайынғы қайта қарауы Емдеуші дәрігер кемінде жылына бір рет вальпроаттың пациентті емдеу үшін қолайлы препарат болатын-болмайтынын қайта қарауы тиіс. Емдеуші дәрігер жыл сайынғы қауіптермен танысу нысанын пациент әйелмен талқылап, жыл сайынғы қайта қараудың басында және барысында оның мазмұнын түсінгеніне көз жеткізуі тиіс. Қауіптермен танысу нысаны тиісті түрде толтырылып, оған емдеуші дәрігер мен пациенттің (немесе оның заңды өкілінің) қолдары қойылуы тиіс. Жүктілікті жоспарлау Егер әйел жүктілікті жоспарлаған болса эпилепсия емдеуде тәжірибесі бар маман вальпроатпен емдеуді қайта бағалауы және емнің баламалы нұсқасын қарастыруы тиіс. Ұрықтануға дейін және контрацепция пайдалануды тоқтатқанға дейін барлық күшті тиісті баламалы емге ауыстыруға салу керек. Егер ауыстыру мүмкін болмаса, әйел отбасын жоспарлауға қатысты негізделген шешімді қабылдауы үшін вальпроаттың болашақ балаға қатысты қаупі туралы қосымша кеңес алуы тиіс. Жүктілік жағдайында Егер вальпроат пайдаланып жүрген әйелде жүктілік басталса, оны дереу вальпроатпен емді қайта бағалау және баламалы емді қарастыру үшін маманға жіберу керек. Вальпроат қолданған, жүкті болған пациенттер мен олардың серіктестерін вальпроат әсеріне ұшыраған жүктілікке қатысты бағалануы және кеңес алуы үшін тератология бойынша тәжірибесі бар маманға жіберілуі керек. Фармацевт мыналарға көз жеткізуі тиіс: - пациент карточкасының Конвулексті әр берген сайын ұсынылатынына және пациенттердің оның мазмұнын түсінгеніне - пациенттер Конвулексті қолдануды үзуге болмайтынын және жүктілікті жоспарлағанда немесе болжамды жүктілік кезінде дереу маманға жүгінуге тиісті болатындығы туралы хабарлы екендігіне. Оқу материалдары Тіркеу куәлігінің ұстаушысы денсаулық сақтау саласы мамандарына және жүктілік кезінде вальпроат әсеріне ұшырамауға көмектесу үшін пациент әйелдерге алдын алу шараларын күшейту мақсатында вальпроаттың тератогендігі (дамудың туа біткен ақаулары) мен фетоуыттылығы туралы (неврологиялық дамудың бұзылуы) ақпараттық материалдарды береді және вальпроатты ұрпақ өрбітуге қабілетті әйелдерде пайдалануға қатысты нұсқаулар және жүктілікті алдын алу бойынша бағдарлама туралы толық мәліметтерді береді. Пациентке арналған нұсқаулық пен пациент карточкасын ұрпақ өрбітуге қабілетті вальпроат пайдаланатын барлық әйелдерге беру керек. Вальпроатпен ем басталған кезде және онымен емделуді қайта қарау барысында тиісті түрде толтырылған, маман мен пациенттің (немесе оның заңды өкілінің) қолдары қойылған жыл сайынғы қауіптермен танысу нысанын пайдалану қажет.
Ұстамалардың қайталануы
Басқа эпилепсияға қарсы препараттар секілді вальпроатты қабылдау жақсарудың орнына ұстамалар жиілігінің және ауырлығының (эпилепсиялық статусты қоса) қайталануына немесе жаңа ұстама типтерінің пайда болуына әкелуі мүмкін. Ұстамалардың қайталануы жағдайында пациенттер емдеуші дәрігермен дереу кеңесуі керек.
Бұл ұстамаларды фармакокинетикалық әрекеттесулерден, уыттылықтан (бауырдың ауруы немесе энцефалопатия) немесе артық дозаланудан туындауы мүмкін ұстамалардан саралау керек. Осы дәрілік препарат вальпрой қышқылында метаболизденетін болғандықтан, вальпрой қышқылының артық дозалануына жол бермеу мақсатында, оны сол трансформациядан өтетін басқа дәрілік препараттармен (мысалы: вальпроат семинатрия, вальпромид) біріктірмеген жөн.
Жергілікті тіндер некрозының қаупі
Енгізу қатаң түрде вена ішіне жүргізілуі керек. Бұлшықет ішіне енгізуге болмайды.
Бауыр ауруы
Пайда болу жағдайлары
Ерекше жағдайларда кейде өліммен аяқталатын бауыр функциясының ауыр бұзылулары туралы хабарланды. Жоғары қауіп тобын ауыр дәрежелі эпилепсиялық ұстамалары, әсіресе мидың зақымдануымен, ақыл-ой дамуының кідіруімен және/немесе тұқым қуалайтын метаболизмдік немесе дегенеративті аурулармен қатар жүретін эпилепсиясы бар сәбилер және 3 жасқа дейінгі балалар құрайды. 3 жастан асқандарда мұндай асқынулардың саны едәуір азайып, жастың ұлғаюымен біртіндеп төмендейді.
Көптеген жағдайларда бауыр функциясының бұзылуы емдеудің алғашқы 6 айы ішінде, әдетте 2 және 12 апта арасында, көбіне эпилепсияға қарсы біріктірілген терапияде байқалады.
Ескерту белгілері
Клиникалық симптомдардың ауруды ерте анықтау үшін маңызды мәні бар. Атап айтқанда, жоғары қауіп тобындағы пациенттерге қатысты екі жағдайға көңіл бөлу керек («Пайда болу жағдайларын» қараңыз), олар сары ауру алдында болуы мүмкін:
- біріншіден, кейде қайталанатын құсумен және іштің ауыруымен қатар жүретін астения, анорексия, летаргия, ұйқышылдық секілді әдетте кенеттен пайда болатын спецификалық емес симптомдар
- екіншіден, емдеудің тиісті міндеттемесін сақтауға қарамастан эпилепсиялық ұстамалардың қайталануы.
Пациенттерге, егер бұл балалар болса, олардың отбасыларына егер мұндай белгілер пайда болса, дереу дәрігерге жүгіну керектігін хабарлау ұсынылады. Клиникалық тексеруден басқа, бауырдың функционалды сынамаларын дереу орындау керек.
Анықталуы
Емдеудің алғашқы 6 айында бауырдың функционалды сынамаларын мезгіл-мезгілімен бақылау қажет.
Классикалық тесттердің ішінде ақуыз синтезін, атап айтқанда протромбин деңгейін көрсететін тесттер ең орынды болып табылады. Протромбиннің қалыптан тыс төмен деңгейі расталған жағдайда, әсіресе зертханалық талдауларда (фибриноген мен қан ұю факторларының айтарлықтай төмендеуі, билирубин мен бауыр трансаминазалары деңгейінің жоғарылауы) басқа да қалыптан тыс ауытқулар байқалса, Конвулекс® препаратымен емдеуді тоқтата тұру керек (олар метаболизмнің бірдей жолдарын пайдаланатын болғандықтан, сақтық шарасы ретінде біріктірілген түрде тағайындалғанда салицилат туындыларымен емдеуді тоқтату керек).
Гепатоуыттылығымен белгілі қатар жүретін препараттарды өзгерту жағдайында (дозаны жоғарылату немесе жаңа ем) бауырдың биологиялық мониторингін қайта ұйымдастыру қажет (сонымен қатар бауырдың салицилаттармен зақымдану қаупі туралы, каннабидиолды қоса, басқа құрысуға қарсы препараттар).
Панкреатит
Өте сирек жағдайларда кейде өлімге әкелетін панкреатит байқалды. Бұл жағдайлар пациенттің жасына және емдеу ұзақтығына қарамастан байқалды, бұл ретте кіші жастағы балалар қауіп тобына кірді.
Жағымсыз аяқталатын панкреатит әдетте кішкентай балаларда немесе ауыр ұстамалары бар, неврологиялық бұзылулары бар пациенттерде немесе бірнеше эпилепсияға қарсы препараттармен емделетіндерде байқалады.
Егер панкреатит бауыр жеткіліксіздігімен бірге пайда болса, өлім қаупі артады.
Іштің қатты ауыруы немесе асқазан-ішек тарапынан жүректің айнуы, құсу және/немесе анорексия секілді белгілер пайда болған жағдайда панкреатитті диагностикалау жағын қарастырып, ұйқы безі ферменттерінің деңгейі жоғарылаған пациенттердің емін тоқтатып, қажетті баламалы емдік шараларды қолдану керек.
Суицид қаупі
Суицидтік ойлар және мінез-құлықтар бірнеше көрсетілімдер бойынша эпилепсияға қарсы дәрілермен емделген пациенттерде байқалды. Эпилепсияға қарсы дәрілерге жүргізілген рандомизацияланған, плацебо бақыланатын зерттеулерден алынған деректердің мета-талдауы да суицидтік ойлар мен мінез-құлықтың пайда болу қаупінің аздап жоғарылағанын көрсетті. Осы қауіптің себептері белгісіз және қолда бар деректер вальпроатты қолданғанда болатын жоғары қауіпті жоққа шығаруға мүмкіндік бермеді. Демек, пациенттер суицидтік ойлар мен мінез-құлықтың пайда болуына қатысты мұқият бақылауда болуы және оларға тиісті ем қарастырылуы тиіс. Пациенттер (және олардың қамқоршылары) суицидтік ойлар мен мінез-құлық пайда болған жағдайда дәрігерге қаралуы тиіс екендігінен хабардар болуы тиіс.
Белгілі немесе болжамды митохондриялық аурулары бар пациенттер.
Вальпроат митохондриялық ДНҚ мутациясынан туындаған негізгі митохондриялық аурулардың клиникалық белгілерін, сондай-ақ POLG кодталатын ядролық ген туындатуы немесе нашарлатуы мүмкін.
Атап айтқанда, бауырдың жедел жеткіліксіздігі және бауыр ауруларының өлімге әкелген салдары Альперс-Гуттенлохер синдромы секілді POLG генінің мутациясынан туындаған тұқым қуалайтын нейрометаболизимдік синдромдары бар пациенттерде вальпроатпен емдеудің жоғары жылдамдығына байланысты болды.
POLG байланысты бұзылуларды, мысалы: түсініксіз энцефалопатиясы, рефрактерлық эпилепсиясы (фокальді, миоклонустық), бірінші тексеру сәтіндегі эпилепсиялық статусы, даму іркілісі, психомоторлық регрессиясы, аксональді сенсомоторлық нейропатиясы, миопатиясы, мишық атаксиясы, офтальмоплегиясы немесе желкелік ауралы асқынған бас сақинасын қоса, бірақ онымен шектелмей отбасылық анамнезінде POLG бар немесе POLG байланысты бұзылыстардың болжамды симптомдары бар пациенттерде күдіктену керек.
POLG мутациясына тестті жүргізу осындай бұзылуларды диагностикалық бағалауға арналған ағымдағы клиникалық практикаға сәйкес орындалуы тиіс.
Арнайы ескертулер
Емді бастар алдында бауыр функциясының сынамаларын тексерген және мұны, әсіресе қауіпті топқа жататын пациенттерде алғашқы алты ай бойы мезгіл-мезгілімен жүргізген жөн.
Әсіресе ем басында қандай да бір клиникалық белгілерсіз эпилепсияға қарсы көптеген құралдарды қолданғанда орын алатындай трансаминазалар деңгейінің оқшауланған және өтпелі, орташа көтерілуі байқалатынын атап өткен жөн.
Бұндай жағдайда барынша ауқымды биологиялық зертханалық зерттеулерді жүргізу ұсынылады (протромбин уақытын қоса), қажет болған жағдайда дозалауды түзеу қайта қаралып, қажет болғанда, талдауларды қайта жүргізу қажет.
Үш жасқа дейінгі балаларға қатысты вальпроатты осы топтағы пациенттер арасында бауыр ауруы немесе панкреатиттің даму қаупіне қатысты емдік пайда таразыланғаннан кейін монотерапия ретінде қолдану ұсынылады.
Емді бастау алдында, содан кейін 15 күннен кейін және ем соңында, сондай-ақ хирургиялық араласу алдында және өздігінен гематома немесе қан кетулер дамыған жағдайда қан талдауларын (тромбоциттер санын, қан кету уақытын және қан ұю параметрлерін анықтауды қоса, қанның толық талдауын) орындау ұсынылады.
Балаларға қатысты гепатоуыттылық пен қан кетудің даму қаупі артып кетуіне байланысты салицилаттардың туындыларын бір мезгілде тағайындауға болмайды.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге қатысты қандағы вальпрой қышқылының айналымдағы концентрациясының жоғарылауын ескеру керек, осыған байланысты дозаны тиісті түрде төмендету керек.
Осы дәрілік препаратты мочевина түзілу циклінде ферменттер тапшылығы бар пациенттерге қолдануға болмайды. Осындай пациенттер арасында мелшию немесе коматозды жай-күймен гипераммониемия дамуының бірнеше жағдайы болды.
Осы дәрілік затты қолдану кезінде иммундық бұзылулар ерекше жағдайларда ғана байқалғанына қарамастан, жүйелі оның әлеуетті қаупін қызыл жегісі бар пациенттерде ықтималды пайдасына қарсы салыстыру керек.
Емді бастар алдында пациенттер салмақтың арту қаупі туралы ескертілуі тиіс және осындай қауіпті азайту үшін тиісті стартегиялар қабылдануы тиіс.
Вальпроат организмнен негізінен несеппен, ішінара кетондық денелер түрінде шығатын болғандықтан, қант диабеті бар пациенттерде кетондық денелер экскрециясына тест жалған оң нәтижелерді беруі мүмкін.
II типті (КПТ II) пальмитоилтрансфераза карнитині жеткіліксіздігі бар пациенттер вальпроатты қабылдаған кезде рабдомиолиздің даму қаупінің жоғарылауы туралы ескертілуі тиіс.
Конвулекс® препаратымен емдеу барысында алкоголь ішуге болмайды.
Педиатриялық қолдану
Үш жастан кіші жастағы балаларды вальпроатпен емдеу пайда осы жас тобындағы пациенттер арасында бауыр ауруы мен панкреатиттің даму қаупіне қатысты өлшенгеннен кейін тек монотерапия ретінде қолдану ұсынылады.
Балаларға қатысты гепатоуыттылық пен қан кетудің даму қаупі артып кетуіне байланысты салицилаттардың туындыларын бір мезгілде тағайындауға болмайды.
Анамнезінде бауыр мен асқазан-ішек жолдары тарапынан түсініксіз бұзылулар (анорексия, құсу, цитолиздің жедел көріністері), летаргия немесе коматоздық жай-күй көріністері, ақыл-ой кемістігі бар немесе жаңа туған нәрестелер немесе сәбилер арасындағы өліммен аяқталған отбасылық анамнезі бар балаларға қатысты кез келген вальпроатпен емдеу басталғанға дейін метаболизмдік тестілер, әсіресе ашқарынға және тамақ ішкеннен кейін қандағы аммиак деңгейлеріне талдау жүргізу керек.
Фертильділік, жүктілік және лактация.
Вальпроатты қолдануға болмайды: жүктілік кезінде, қолайлы баламалы ем болмаған жағдайды қоспағанда. ұрпақ өрбітуге қабілетті әйелдерде, Жүктіліктің алдын алу бойынша бағдарлама шарттары орындалатын жағдайларды қоспағанда.
Жүктілік
Тератогенділігі және неврологиялық дамуына әсері
Вальпроат монотерапиясы секілді, эпилепсияға қарсы басқа препараттарды қоса вальпроатпен политерапия да жүктіліктің жағымсыз аяқталуымен астасады. Қолда бар деректер бойынша эпилепсияға қарсы вальпроат қосылған біріктірілген терапия вальпроат монотерапиясымен салыстырғанда жүктілік кезінде туа біткен мальформацияның жоғары қаупімен астасады. Вальпроаттың жануарлар мен адамдардағы плацентарлық бөгеттен өтетіні көрсетілген. Жануарлардағы тератогендік әсер тышқандарға, егеуқұйрықтар мен үй қояндарға қатысты байқалды.
Туа біткен даму ақаулары
Мета-талдаулардан алынған деректер (регистрлер мен когортты зерттеулерді қоса) жүктілік кезінде жалпы популяцияға қарағанда қаупі 2-3%-ға жуықты құрап, дамудың негізгі туа біткен ақауының үлкен қаупі бола отырып, вальпроатпен монотерапия түрінде ем қабылдаған эпилепсиямен ауыратын әйелдер балаларының 10,73%-ы дамудың туа біткен ақауынан зардап шегетінін көрсетті (95% СА: 8,16-13,29). Қауіп дозаға тәуелді, бірақ одан төмен қауіп болмайтын шектік доза анықталмаған.
Қолда бар деректер кіші және ауыр даму ақауларының туындау жиілігінің артуын көрсетті. Жиірек бақыланатын даму ақауы жүйке түтікшесінің жабылуы (шамамен 2-ден 3%-ға дейін), бет дисформизмі, таңдай мен еріннің туа біткен жырығы, краниостеноз, жүрек ақауы, бүйрек және несепжыныс жүйесінің даму ақаулары (атап айтқанда, гипоспадия), аяқ-қол дамуының ақаулары (оның ішінде кәрі жіліктің екі жақты аплазиясы), сондай-ақ организмнің әртүрлі жүйелеріне байланысты басқа да ауытқулар болды.
Вальпроаттың құрсақішілік әсері құлақтың және/немесе мұрынның бұзылуына байланысты есту қабілетінің төмендеуіне/жоғалуына (қайталама әсер) және / немесе есту функциясына тікелей уыттылыққа әкелуі мүмкін. Жағдайлар бір жақты және екі жақты саңыраулықты немесе есту қабілетінің нашарлауын сипаттайды. Барлық жағдайлар бойынша нәтижелер туралы хабарланған жоқ. Нәтижесі белгілі көптеген жағдайларда сауығу басталған жоқ.
Вальпроаттың құрсақ ішілік әсері басқа туа біткен ақаулармен бірге хабарланған көз мальформцияларына (колобомалар мен микрофтальмияны қоса) әкелуі мүмкін. Көз дамуының бұл ақаулары көру қабілетіне әсер етуі мүмкін.
Неврологиялық даму бұзылулары
Зерттеулер вальпроаттың құрсақішілік әсер етуі балаларда неврологиялық дамудың бұзылу қаупін арттыратынын көрсетті. Ықтимал қауіп дозаға байланысты, бірақ қауіп жоқ шекті дозаны қолда бар деректер негізінде анықтау мүмкін емес. Қауіп кезеңі бүкіл жүктілік уақытын қамтуы мүмкін. Вальпроаттың әсеріне құрсақ ішінде ұшыраған мектеп жасына дейінгі балаларды зерттеу балалардың 30-40% -да сөйлеу және кеш жүру, интеллектуалдық қабілеттердің төмен деңгейі, тілдік дағдылардың әлсіздігі (сөйлеу және түсіну), есте сақтау проблемалары секілді ерте дамудың кідірістері бар екенін көрсетті.
Анамнезінде вальпроаттың құрсақішілік әсер етуі бар мектеп жасындағы (6 жас) балаларда өлшенген интеллект коэффициенті (IQ) басқа орташа эпилепсияға қарсы дәрілердің әсеріне ұшыраған балалардағыға қарағанда 7-10 тармаққа төменді құрады. Ауыр факторлардың рөлін жоққа шығаруға болмаса да, вальпроаттың әсеріне құрсақта ұшыраған балаларда IQ төмендеуі анасының IQ байланысты болмауы мүмкін деген дәлелдер бар.
Ұзақ мерзімді нәтижелер бойынша деректер шектеулі.
Популяциялық зерттеуден алынған деректер вальпрой қышқылының әсеріне құрсақ ішінде ұшыраған балалардың жалпы популяциямен салыстырғанда аутистік спектрдің бұзылу қаупі жоғары (шамамен үш есе ұлғаю қаупі), сондай-ақ балалар аутизмі (шамамен бес есе ұлғаю қаупі) бар екенін айғақтайды.
Әкелері ұрықтандыруға дейін және ұрықтану кезінде вальпрой қышқылымен ем қабылдаған балаларды қоса алғанда, жүйке-психикалық даму бұзылуларының (ЖПДБ) даму қаупі бар.
Жылына кемінде бір рет вальпрой қышқылы препаратын тағайындайтын дәрігер ұрпақ өрбіту қабілеті сақталған ер пациенттермен емдеудің балама нұсқалары және тиімді контрацепция қажеттілігі туралы талқылап, оларды бағалауы керек.
Басқа популяциялық зерттеулерден алынған мәліметтерге сәйкес, вальпроат әсеріне құрсақ ішінде ұшыраған балаларда жалпы популяциямен салыстырғанда аса жоғары белсенділікпен назар аудару тапшылығы синдромының (АЖНАТС) симптомдары дамуы әбден мүмкін (шамамен 1,5 есе ұлғаю қаупі).
Ұрпақ өрбітуге қабілетті әйелдер
Конвулекс® препаратын емнің басқа әдістері тиімсіз немесе жағымсыз болған жағдайларды қоспағанда, ұрпақ өрбітуге қабілетті әйелдерге қолдануға болмайды. Егер ешбір басқа емді жасау мүмкін болмаса, Конвулекс® препаратымен емді Жүктіліктің алдын алу бойынша бағдарлама шарттарын орындаған жағдайда ғана бастауға болады, атап айтқанда:
-пациент әйел жүкті болмағанда (ем басында және ем кезінде ұдайы белгілі бір уақыт аралығында сезімталдығы 25 мХБ/мл кем емес плазманы пайдаланумен жүктілікке тесті теріс).
-пациент әйел кем дегенде контрацепцияның бір тиімді әдісін қолданғанда.
-пациент әйел жүктілік кезінде вальпроат қолданудың қаупі туралы хабарлы болғанда.
Ұрпақ өрбітуге қабілетті әйелдерде емдеу кезінде пайда-қауіп арақатынасын тұрақты бір уақыт аралығында мұқият қайта бағалау керек (кем дегенде жылына бір рет).
Құрамында эстроген бар препараттар
Құрамында эстроген бар гормональді контрацептивтерді қоса, құрамында эстроген бар препараттар сарысуда вальпроат концентрациясының төмендеуіне және вальпроат тиімділігінің әлеуетті төмендеуіне әкелуі ықтимал вальпроат клиренсін арттыруы мүмкін.
Егер әйел жүктілікті жоспарласа
Егер әйел жүктілікті жоспарласа эпилепсияны емдеу бойынша тәжірибесі бар маман вальпроатпен емді қайта бағалауы және емнің баламалы нұсқасын қарастыруы тиіс. Ұрықтануға дейін және контрацепцияны қолдануды тоқтатқанға дейін тиісті балама емге ауыстыру үшін барлық күш-жігерді жұмсау қажет. Егер оған ауысу мүмкін болмаса, әйел отбасын жоспарлауға қатысты негізделген шешімді қабылдауы үшін вальпроаттың сәбидің болашағына қатысты қаупі туралы қосымша кеңес алуы тиіс.
Жүктілікке дейін және жүктілік басында фолий қышқылын қолдану жүктіліктің барлық жағдайларында дамуы мүмкін жүйке түтікшесінің ақауы қаупін азайтуы мүмкін. Алайда, қолда бар айғақтар бұның туа біткен ақаудың дамуы мен вальпроат әсері нәтижесінде пайда болған мальформацияны болдырмайды дегенді болжамайды.
Жүкті әйелдер
Қолайлы баламалы ем болмаған жағдайларды қоспағанда жүктілік кезінде эпилепсияны емдеу үшін вальпроатты қолдануға болмайды.
Егер вальпроат қолданып жүрген әйел жүкті болып қалса, оны дереу баламалы ем нұсқаларын қарастыру үшін маманға жіберу керек.
Жүктілік кезінде анасында гипоксиямен бірге тонусты-клонустық ұстамалар мен эпилепсиялық статус болған жағдайда бұл анасы үшін де, анасының құрсағындағы сәби үшін де өлім қаупін білдіруі мүмкін.
Жүктілік кезіндегі вальпроат қолданудың белгілі қаупіне қарамастан және баламалы емді мұқият қарастырғаннан кейін ерекше жағдайларда жүкті әйел эпилепсияны емдеу үшін вальпроат қолдануға тиіс болса, онда
- ең төмен тиімді дозаны пайдалану керек;
- оларды күні бойы қабылдау үшін вальпроаттың тәуліктік дозасын бірнеше аз дозаға бөлу керек. Босап шығуы ұзаққа созылатын дәрі түрін қолдану плазмадағы жоғары шектік концентрациясын болдырмау үшін басқа кез келген дәрілік түрден басымды болуы мүмкін.
Жүктілік кезінде вальпроат пайдаланатын барлық пациент-әйелдер мен олардың жұптастары вальпроаттың жүктілікке әсерін бағалау және оған қатысты кеңесу үшін тератологияда тәжірибесі бар маманға жіберілуі керек.
• жүйке түтікшесінің ақаулары немесе басқа мальформациялардың туындау ықтималдығын анықтау мақсатында арнайы пренатальді мониторинг жүргізілуі керек.
Босануға дейін
Босанғанға дейін анадан, тромбоциттер, фибриноген деңгейлерін және қан ұю уақытын (белсендірілген ішінара тромбопластин уақыты: БІТУ) анықтауды қоса, коагуляциялық тестілер жүргізілуі тиіс.
Жаңа туған нәрестелердегі қауіп
Жүкті кезінде вальпроат қабылдаған аналардың жаңа туған нәрестелерінде геморрагиялық синдромның жеке-дара жағдайлары дамығаны туралы хабарланды. Бұл геморрагиялық синдром тромбоцитопениямен, гипофибриногенемиямен байланысты және/немесе басқа қан ұю факторының құрамы төмендеуімен шартталуы мүмкін. Сондай-ақ өліммен аяқталған афибриногенемия дамуы туралы мәлімделген. Бұл геморрагиялық синдромды фенобарбиталмен және бауырдың микросомальді ферменттерінің басқа индукторларымен туындайтын К дәруменінің тапшылығынан ажырата білу керек. Аналарындағы гемостаз тесттерінің қалыпты нәтижелері жаңа туған нәрестелердегі гемостаз бұзылуын жоққа шығармайды. Сондықтан вальпроат қабылдаған аналардың жаңа туған нәрестелерінде қандағы тромбоциттер санын, фибриногеннің плазмалық концентрациясын, қан ұюының факторын және коагуляциялық тесттерді міндетті түрде анықтау керек.
Жүктіліктің үшінші триместрінде вальпроат қабылдаған аналардың жаңа туған нәрестелерінде гипогликемия жағдайлары туралы хабарланған.
Жүктілік кезінде вальпроат қабылдаған аналардың жаңа туған нәрестелерінде гипотиреоз жағдайлары туралы хабарланған.
Жүктіліктің соңғы триместрі кезінде вальпроат қабылдаған аналардың жаңа туған нәрестелерінде тоқтату синдромы (атап айтқанда, ажитация, ашушаңдық, шамадан тыс қозғыштық, күйгелектік, гиперкинезия, тонустың бұзылуы, тремор, құрысулар, тамақ ішу бұзылыстары) туындауы мүмкін.
Постнатальді мониторинг / балалардың мониторингі
Құрсақ ішінде вальпроат әсеріне ұшыраған балалардың неврологиялық мінез-құлқына мұқият мониторингті жүргізіп, қажет болған жағдайда тиісті емді мүмкіндігінше ерте бастау керек.
Бала емізу
Вальпроаттың емшек сүтімен организмнен шығарылуы ана сарысуындағы мөлшердің 1-ден 10%-ына дейін құбылып отырады. Гематологиялық бұзылулар вальпроатпен емделген әйелдер жаңа туған нәрестелерін /сәбилерін емізгенде анықталды.
Бала үшін емізудің пайдасы мен әйел үшін препаратпен емдеудің пайдасын ескере отырып, бала емізуді тоқтату туралы немесе Конвулекс® препаратымен емді тоқтату/ емделуден бас тарту туралы шешім қабылдануы тиіс.
Фертильділік
Вальпроат пайдаланған әйелдерде аменорея, аналық без поликистозы мен тестостерон деңгейінің жоғарылауы тіркелген. Вальпроатты қолдану сперматогенезге (атап айтқанда, сперматозоидтар қозғалғыштығының төмендеуі түрінде) еркектердің де фертильділігіне әсер етуі мүмкін. Бақылау нәтижелері емді тоқтатқаннан кейін фертильділіктің бұзылуының қайтымдылығын көрсетті.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Жоғары зейін қоюды және психомоторлық реакциялардың жоғары жылдамдығын қажет ететін қызмет түрлерімен (автокөлікті жүргізу және механизмдерді басқару) айналыспау керек.
Вальпрой қышқылымен емдеу нәтижесінде туындайтын ұстамаларды бақылау, көптеген жағдайда пациенттерге жол қозғалысына белсенді араласуға мүмкіндік береді.
Алайда көлік құралдарын басқаратын немесе механизмдермен/ жабдықтармен жұмыс істейтін пациенттер, ең алдымен, біріктірілген эпилепсияға қарсы емдеу немесе Бензодиазепиндер қолданумен бір уақытта емдеу кезінде уақытша сананың шатасуы туындауы мүмкін екендігін түсінулері тиіс.