Тұрақты созылмалы жүрек жеткіліксіздігін бисопрололмен емдеуді арнайы титрлеу фазасын жүргізуден бастау қажет.
Бисопрололмен емдеуді, әсіресе жүректің ишемиялық ауруы бар пациенттерде күрт тоқтатпау керек, себебі бұл жүрек қызметінің уақытша нашарлауына әкелуі мүмкін.
Бисопрололмен емдеуді бастау және тоқтату үнемі бақылауды қажет етеді.
Сақтықпен
• бронх түйілуі (бронх демікпесі, тыныс алу жолдарының обструкциялық аурулары)
• қандағы глюкоза деңгейінің едәуір ауытқулары бар қант диабеті; гипогликемия симптомдары бүркемеленуі мүмкін
• қатаң диета
• ұзаққа созылатын десенсибилизациялаушы ем. Басқа да бета-блокаторлар сияқты, бисопролол аллергендерге сезімталдықты жоғарылатуы және анафилаксиялық реакциялар айқындығын күшейтуі мүмкін. Эпинефринмен емдеу әрдайым күтілген емдік әсермен қамтамасыз етпейді.
• AV-блокадасының бірінші дәрежесі
• Принцметал стенокардиясы; қантамырлардың коронарлық түйілу жағдайлары байқалған. Жоғары бета1-селективтілікке қарамастан, стенокардия ұстамаларын Принцметал стенокардиясы бар пациенттерге бисопрололды тағайындау кезінде толығымен жоққа шығаруға болмайды
• артериялардың шеткері окклюзиялық зақымданулары (симптомдардың күшеюі мүмкін, әсіресе ем басталғаннан кейін)
• жалпы анестезия
Пациенттердің ерекше топтары: қазіргі кезде жүрек жеткіліксіздігі және қатарлас I типті инсулинге тәуелді диабеті, бүйрек функциясының ауыр бұзылулары, бауыр функциясының ауыр бұзылулары, рестриктивті кардиомиопатиясы, гемодинамиканы бұзатын туа біткен жүрек аурулары немесе жүрек клапандарының органикалық ақаулары бар пациенттерде Конкор® Кор препаратын қолданудың жеткілікті емдік тәжірибесі жоқ. Сондай-ақ, алғашқы 3 айда жүрек жеткіліксіздігі және миокард инфарктісі бар пациенттерде Конкор® Кор препаратын қолданудың жеткілікті емдік тәжірибесі жоқ.
Жалпы анестезия: жалпы наркоз жасалған пациенттерде, бета-адренергиялық рецепторлардың блокадасы анестезия мен интубация индукциясы кезінде және операциядан кейінгі кезеңде аритмия мен миокард ишемиясының даму жиілігін төмендетеді. Қазіргі уақытта бета-адренергиялық рецепторлардың блокадасын периоперациялық түрде жалғастыру ұсынылады. Анестезиолог-дәрігерді басқа препараттармен өзара әрекеттесу мүмкіндігіне байланысты бета-адренергиялық рецепторлар блокаторларын қабылдау жөнінде міндетті түрде ескерту керек, бұл брадиаритмияның дамуына, рефлекторлы тахикардияның бәсеңдеуіне және қан жоғалтуды рефлекторлы қалпына келтіру қабілетінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Операциялық араласым алдында бета-блокаторлармен емді тоқтату қажеттігі кезінде оны біртіндеп жүзеге асыру және наркозға дейін 48 сағат бұрын аяқтау керек.
Тыныс алу жүйесі: кардиоселективті (β1) бета-блокаторлар селективті емес бета-блокаторлармен салыстырғанда, өкпенің функциясына аз әсер етуі мүмкін болғанмен, басқа да бета-блокаторлар секілді, егер оларды қолдану үшін шұғыл себептері болмаса, оларды тыныс жолдарының обструкциялық ауруларымен пациенттермен қолдануға болмайды. Егер осындай себептер болса, Конкор® Кор препаратын сақтықпен қолдану керек. Тыныс алу жолдарының обструкциялық ауруларымен пациенттерде Конкор® Кор препаратымен емдеуді мүмкіндігінше ең төмен дозамен бастау керек. Одан басқа, пациенттерде жаңа симптомдардың (мысалы, ентігу, дене жүктемесін көтере алмау, жөтел) пайда болуына мұқият мониторинг жүргізілуі керек. Симптомдарды туындатуы мүмкін, бронх демікпесінде немесе басқа да өкпенің созылмалы обструкциялық ауруларында бір мезгілде бронходилатациялайтын препараттарды тағайындау керек. Демікпесі бар пациенттерде тыныс алу жолдарының кедергісі жоғарылауы мүмкін, сондықтан бета2-стимуляторларының дозасын арттыру қажет болуы мүмкін.
Псориаз: псориазға шалдыққан немесе анамнезінде псориаз бар пациенттер пайда және қауіп арақатынасын мұқият салыстырғаннан кейін ғана бета-блокаторларды (мысалы, бисопролол) қабылдауы керек.
Феохромоцитома: феохромоцитомасы бар пациенттерде Конкор® Корды альфа-рецепторлардың алдыңғы блокадасынан кейін ғана тағайындауға болады.
Тиреотоксикоз: Конкор® Кор препаратымен емдегенде қалқанша без гиперфункциясының симптомдары (тиреотоксикоз) бүркемеленуі мүмкін.
Арнайы сақтандырулар
Конкор® Кор препаратын қолдануды титрлеудің міндетті фазасынан бастау қажет.
Пациенттердің ерекше топтары: қазіргі кезде жүрек жеткіліксіздігі және қатарлас I типті инсулинге тәуелді диабеті, бүйрек функциясының ауыр бұзылулары, бауыр функциясының ауыр бұзылулары, рестриктивті кардиомиопатиясы, гемодинамиканы бұзатын туа біткен жүрек аурулары немесе жүрек клапандарының органикалық ақаулары бар пациенттерде Конкор® Кор препаратын қолданудың жеткілікті емдік тәжірибесі жоқ. Сондай-ақ, алғашқы 3 айда жүрек жеткіліксіздігі және миокард инфарктісі бар пациенттерде Конкор® Кор препаратын қолданудың жеткілікті емдік тәжірибесі жоқ.
Жалпы анестезия: жалпы наркоз жасалған пациенттерде, бета-адренергиялық рецепторлардың блокадасы анестезия мен интубация индукциясы кезінде және операциядан кейінгі кезеңде аритмия мен миокард ишемиясының даму жиілігін төмендетеді. Қазіргі уақытта бета-адренергиялық рецепторлардың блокадасын периоперациялық түрде жалғастыру ұсынылады. Анестезиолог-дәрігерді басқа препараттармен өзара әрекеттесу мүмкіндігіне байланысты бета-адренергиялық рецепторлар блокаторларын қабылдау жөнінде міндетті түрде ескерту керек, бұл брадиаритмияның дамуына, рефлекторлы тахикардияның бәсеңдеуіне және қан жоғалтуды рефлекторлы қалпына келтіру қабілетінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Операциялық араласым алдында бета-блокаторлармен емді тоқтату қажеттігі кезінде,оны біртіндеп жүргізу және наркозға дейін 48 сағат бұрын аяқтау керек.
Тыныс алу жүйесі: кардиоселективті (β1) бета-блокаторлар селективті емес бета-блокаторлармен салыстырғанда, өкпенің функциясына аз әсер етуі мүмкін болғанмен, басқа да бета-блокаторлар секілді, егер оларды қолдану үшін шұғыл себептері болмаса, оларды тыныс алу жолдарының обструкциялық ауруларымен пациенттермен қолдануға болмайды.
Егер осындай себептер болса, Конкор® Кор препаратын сақтықпен қолдану керек. Тыныс жолдарының обструкциялық ауруларымен пациенттерде Конкор® Кор препаратымен емдеуді мүмкіндігінше ең төмен дозамен бастау керек.
Одан басқа, пациенттерде жаңа симптомдардың (мысалы, ентігу, дене жүктемесін көтере алмау, жөтел) пайда болуына мұқият мониторинг жүргізілуі керек. Симптомдарды туындатуы мүмкін, бронх демікпесінде немесе басқа да өкпенің созылмалы обструкциялық ауруларында бір мезгілде бронходилатациялайтын препараттарды тағайындау керек.
Демікпесі бар пациенттерде тыныс алу жолдарының кедергісі жоғарылауы мүмкін, сондықтан бета2-стимуляторларының дозасын арттыру қажет болуы мүмкін.
Псориаз: псориазға шалдыққан немесе анамнезінде псориаз бар пациенттер пайда және қауіп арақатынасын мұқият салыстырғаннан кейін ғана бета-блокаторларды (мысалы, бисопролол) қабылдауы керек.
Феохромоцитома: феохромоцитомасы бар пациенттерде Конкор® Корды альфа-рецепторлардың алдыңғы блокадасынан кейін ғана тағайындауға болады.
Тиреотоксикоз: Конкор® Кор препаратымен емдегенде қалқанша без гиперфункциясының симптомдары (тиреотоксикоз) бүркемеленуі мүмкін.