Дозалау режимі
Ұсынылатын доза кемінде 48 сағат аралықпен аптасына үш рет тері астына инъекция түрінде енгізілетін 40 мг глатирамер ацетатын (1 алдын ала толтырылған шприц) құрайды.
Бүгінгі күні препаратты қолдану ұзақтығы туралы деректер жоқ.
Енгізу әдісі және жолы
Копаксон®-Тева тек тері астына енгізіледі. Копаксон®-Теваны вена ішіне немесе бұлшықет ішіне енгізуге болмайды.Препараты бар әрбір шприц тек бір рет қолдануға арналған.
Шприцтегі Копаксон®-Тева препаратын қолдану жөнінде пациенттерге арналған нұсқаулар:
• Препаратты енгізер алдында Сізде инъекция үшін қажет нәрсенің бәрі бар екеніне көз жеткізіңіз:
• препарат ерітіндісі толтырылған шприц;
• пайдаланылған шприцтер мен инелерді тастайтын контейнер;
• спиртке шыланған мақта тампон.
• Тоңазытқышта сақталуы тиіс жалпы қаптамадан толтырылған шприц бар пішінді ұяшықты қаптаманың бірін алыңыз, әрі оны бөлме температурасында кем дегенде 20 минут ұстаңыз.
• Препаратты енгізер алдында қолды сабынды сумен мұқият жуып-шайыңыз.
• Пайдаланар алдында шприцтегі ерітіндіні қарап тексеру керек. Ерітіндінің жүзінді бөлшектері немесе түсінің өзгерісі болса, оны қолдануға болмайды.
• Инъекция салу үшін дене аумағын таңдап алыңыз. 1 суретті қараңыз (инъекция салуға болатын сегіз нүктенің бірі: қол, сан, бөксе, іш – асқазан аумағы және т.б.). Инъекция үшін терінің ауырсынатын нүктелерін, түссізденген, қызарған бөліктерін немесе қатайған жерлері және түйіндері бар аумағын пайдалануға болмайды.
Әр жолы инъекция үшін жаңа жер таңдаңыз, осылай сіз жағымсыз түйсіктерді және инъекция жасалған жердегі тері бөлігінің ауыруын азайта аласыз. Әрбір инъекциялық аумақ ішінде егуге арналған көп нүкте бар. Нақты аумақ ішіндегі инъекция нүктелерін тұрақты ауыстырыңыз.
Инъекция орындарын ауыстыру сызбасын жасауға және оны өзімен бірге алып жүруге кеңес беріледі. Денеде өздігінен инъекция жасау қиын болатын бірқатар аумақтар (арқа, қол) бар, ол үшін сізге басқа адамның жәрдемі қажет болуы мүмкін. Өз бетінше инъекция жасалатын жерлерге іш, қолдар және санның алдыңғы-сыртқы бөліктері жатады.
1 сурет. Инъекция салатын жерлердің орналасу сызбасы
• Қағаз таңбасын (жолағын) алып тастап, шприцті жеке пішінді ұяшықты қаптамадан шығарып алыңыз.
• Шприцті жазу жазатын қолға алыңыз. Иненің қорғағыш қалпақшасын шешіңіз.
• Инъекция салатын жерді спирт ерітіндісі бар мақта сүрткімен алдын ала өңдеп, теріні бас бармақ және сұқ саусақпен сәл жиырып жинаңыз (2 сурет).
• Инъекция салатын жерге шприцті перпендикуляр қойып, инені теріге 90º бұрыштап енгізіңіз (3 сурет); шприц поршенін түбіне дейін төмен біркелкі басып тұрып (ол түгел босағанша), препаратты енгізіңіз.
• Шприцті инесімен бұрынғы еңкіш бұрышын сақтаумен жоғары қарай тігінен қозғап, шығарып алыңыз.
• Шприцті тастауға арналған контейнерге салыңыз.
Копаксон®-Тева препаратын қолдануды дәрігермен кеңесусіз тоқтатпаңыз.
2-сурет 3-сурет
Қабылдау уақытының көрсетілуімен қолдану жиілігі
Препаратпен алдын ала толтырылған бір шприцтің ішіндегісі кемінде 48 сағат аралықпен аптасына үш рет, дұрысы, күннің белгілі бір уақытында тері астылық инъекция түрінде енгізіледі.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу ұзақтығы жөніндегі шешімді дәрігер әр жағдай үшін жеке қабылдайды. Копаксон®-Тева препаратын қолдануды дәрігермен кеңесусіз тоқтатуға болмайды.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезінде қажетті шаралар
Бір дозаны өткізіп алсаңыз, ол жөнінде еске түсірген бойда дереу инъекция жасаңыз. Препараттың қосарлы дозасын енгізуге жол берілмейді. Келесі дайын шприцті тек 48 сағат өткен соң пайдаланыңыз.
Дәрілік препаратты қабылдамас бұрын дәрігер немесе фармацевт кеңесіне жүгініңіз
Жағымсыз реакциялар сипаттамасы
Өте жиі
- тұмау, инфекциялық аурулар
- үрейлену, депрессия
- бас ауыру
- қан тамырларының кеңеюі
- ентігу
- жүрек айну
- бөртпе
- артралгия, арқаның ауыруы
- астения, кеуденің ауыруы, енгізген жердегі реакциялар, ауырсыну
Жиі
- бронхит, гастроэнтерит, қарапайым герпес, ортаңғы құлақ отиті, ринит, тіс іріңдеуі, қынаптық кандидоз
- терінің қатерсіз ісіктері, басқа ісіктер
- лимфа түйіндерінің ұлғаюы
- жоғары сезімталдық
- анорексия, дене салмағының артуы
- күйгелектік
- дисгевзия, гипертония, бас сақинасы, сөйлеу бұзылулары, естен тану, тремор
- диплопия, көрудің бұзылуы
- естудің нашарлауы
- жүректің жиі соғуы, тахикардия
- жөтел, маусымдық ринит
- аноректальді бұзылулар, іш қату, тіс жегі, диспепсия, дисфагия, нәжісті ұстай алмау, құсу
- бауырдың функционалдық сынамаларының қалып шегінен ауытқуы
- экхимоз, гипергидроз, қышыну, терінің қабынуы, есекжем
- мойын аумағының ауыруы
- несепті ұстай алмау, поллакиурия, несеп іркілуі
- тоңу, бет ісінуі, инъекция аумағында сезімталдықтың болмауы, жергілікті реакциялар, шеткері ісіну, ісіну, гипертермия
Жиі емес
- анафилаксиялық реакция
- абсцесс, флегмона, фурункулез, герпес, пиелонефрит
- тері обыры
- лейкоцитоз, лейкопения, спленомегалия, тромбоцитопения, лимфа түйіндерінің атипиялық құрылымы
- зоб, гипертиреоз
- алкоголь жақпаушылығы, подагра, гиперлипидемия, қанда натрий артуы, сарысуда ферритин төмендеуі
- әдеттен тыс түстер көру, сананың шатасуы, эйфория, елестеулер, өшпенділік, алжасу, тұлғалық бұзылыс, өзін-өзі өлтіру әрекеті
- білезік өзегінің синдромы, танымдық қабілеттің бұзылыстары, конвульсия, дисграфия, дислексия, дистония, моторлық дифункциясы, миоклонустық құрысулар, неврит, жүйке-бұлшықет бұзылулары, нистагм, салдану, перонеальді жүйкенің салдануы, мелшию, көру өрісінің тарылуы
- катаракта, көз мөлдір қабығының зақымдануы, көздің құрғауы, көзге қан құйылу, жоғарғы қабықтың түсіп кетуі, мидриаз, көру жүйкесінің атрофиясы
- экстрасистолия, синустық брадикардия, пароксизмалық тахикардия
- веналар варикозы
- апноэ, мұрыннан қан кету, асқын желдетілу, дауыс саңылауының түйілуі, өкпе жұмысының бұзылуы, тұншығу сезімі
- колит, жуан ішек полипі, энтероколит, кекіру, өңеш ойық жарасы, периодонтит, тік ішектен қан кету, сілекей безінің ұлғаюы
- холелитиаз, гепатомегалия
- Квинке ісінуі, жанаспалы дерматит, нодозды эритема, түйінді эритема
- артрит, бурсит, бүйірдің ауыруы, бұлшықет атрофиясы, остеоартрит
- гематурия, нефролитиаз, несеп жолдарының кінәраттары, несепті талдау көрсеткіштерінің қалыптан ауытқуы
- сүт бездерінің қатаюы, эректильді дисфункция, жамбас ағзаларының түсіп кетуі, приапизм, қуық асты безі функциясының бұзылуы, жатыр мойны талдауының қалыптан ауытқуы, аталық без зақымдануы, қынаптан қан кету, вульва-қынаптық бұзылулар
- гипотермия, инъекциядан кейінгі жедел реакция, қабыну, киста, «масаңдықтың салдары синдромы» күйі, шырышты қабық аурулары, инъекция орнындағы некроз
- уытты гепатит, бауыр зақымдануы
- екпеден кейінгі синдром
Копаксонды қолданудың маркетингтен кейінгі тәжірибесінде бауыр функциясының айқын бұзылуының сирек жағдайлары (бауыр жеткіліксіздігінің және сарғаюмен гепатиттің көріністерін қоса) хабарланды. Көптеген жағдайларда бауыр функциясының айқын бұзылулары емдеуді тоқтатқаннан кейін өтті. Бауыр функциясы бұзылуының көріністері Копаксонмен емдеу басталғаннан бастап алғашқы күндері де, бірнеше жылдан кейін де орын алды.
Анафилаксиялық реакциялар глатирамер ацетатын енгізгеннен кейін көп ұзамай, тіпті емдеу басталғаннан кейін бірнеше айдан бірнеше жылға дейін пайда болуы мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz