Дозалау режимі
Ұсынылатын доза кемінде 48 сағат аралықпен аптасына үш рет тері астына инъекция түрінде енгізілетін 40 мг глатирамер ацетатын (1 алдын ала толтырылған шприц) құрайды.
Бүгінгі күні препаратты қолдану ұзақтығы туралы деректер жоқ.
Енгізу әдісі және жолы
Копаксон®-Тева тек тері астына енгізіледі. Копаксон®-Теваны вена ішіне немесе бұлшықет ішіне енгізуге болмайды. Препараты бар әрбір шприц тек бір реттік қолдануға арналған.
Шприцтегі Копаксон®-Тева препаратын қолдану жөнінде пациенттерге арналған нұсқаулар:
• Препаратты енгізер алдында Сізде инъекцияға арналған қажеттілердің барлығы бар екендігіне көз жеткізіңіз:
• препарат ерітіндісімен толтырылған шприц;
• пайдаланылған шприцтер мен инелерге арналған утилизациялық контейнер;
• спиртке малынған мақта тампон.
• Тоңазытқышта сақталуы тиіс жалпы қаптамадан іші толтырылған шприці бар пішінді ұяшықты қаптаманың біреуін алыңыз, және оны бөлме температурасында кем дегенде 20 минут ұстаңыз.
• Препаратты енгізер алдында қолды сабындап сумен мұқият жуып-шайыңыз.
• Пайдаланар алдында шприцтегі ерітіндіні қарап шыққан жөн. Жүзінді бөлшектер бар болса немесе ерітіндінің түсі өзгерсе, оны қолданбау керек.
• Дененің инъекцияға арналған аймағын таңдап алыңыз. 1 суретті қараңыз (инъекцияға арналған ықтимал сегіз нүктенің біреуін: қол, сан, бөксе, іш – асқазан аймағы және т.б.). Инъекция үшін терінің ауыратын нүктелерін, түссізденген, қызарған жерлерін немесе қатайған және түйіндері бар аймағын пайдаланбаған жөн.
Әр кезде егу үшін жаңа жерді таңдаңыз, бұнымен сіз жағымсыз сезінуді және инъекция жасалған жердегі тері аймағының ауыруын азайта аласыз. Әрбір инъекциялық аймақтың ішінде егуге арналған көп нүктелер бар.
Нақты аймақтардың ішіндегі инъекция нүктелерін ұдайы алмастырып отырыңыз.
Инъекция жасалған жерді алмастыру сызбасын жасау және оны өзінде ұстау ұсынылады. Денеде өздігінен инъекция жасау қиын болатын бірқатар аймақтар (арқа, қол) бар, ол үшін сізге басқа адамның жәрдемі қажет болуы мүмкін.
1 сурет. Инъекция жасалатын жердің орналасу сызбасы
• Қағаз таңбасын (жолағын) алып тастап, жеке пішінді ұяшықты қаптамадан шприцті шығарып алыңыз.
• Шприцті жазу жазатын қолыңызға алыңыз. Иненің қорғаныш қалпақшасын алып қойыңыз.
• Инъекция жасалатын жерді спирт ерітіндісі бар мақта салфеткамен алдын ала өңдеңіз, теріні басбармақ және сұқ саусақпен сәл қатпарлап жинаңыз (2 сурет).
• Инъекция жасалатын жерге шприцті перпендикуляр етіп орналастырып, инені теріге 90º бұрыш жасай отырып енгізіңіз (3 сурет); препаратты шприцтің поршенін түбіне дейін біркелкі қыса отырып, (ол түгел босағанша) енгізіңіз.
• Шприцті инесімен бірге бұрынғы еңкіш бұрышын сақтай отырып, жоғары қарай тігінен қозғап шығарып алыңыз.
• Шприцті утилизациялық контейнерге салыңыз.
Копаксон®-Тева препаратын қолдануды дәрігермен кеңесіп алмай, тоқтатпаңыз.
2-сурет 3-сурет
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Препаратпен алдын ала толтырылған бір шприцтің ішіндегісі кем дегенде 48 сағат аралықпен аптасына үш рет, дұрысы күннің белгілі бір уақытында тері астына инъекция түрінде енгізіледі.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу ұзақтығы жөніндегі шешімді дәрігер әрбір жағдай үшін жекелей қабылдайды. Копаксон®-Тева препаратын қолдануды дәрігердің кеңесінсіз тоқтатуға болмайды.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын жіберіп алғанда қажетті шаралар
Бір дозаны жіберіп алсаңыз, ол есіңізге түскенде дереу инъекция жасаңыз. Препараттың қосарлы дозасын енгізуге жол берілмейді. Келесі дайын шприцті тек 48 сағаттан соң пайдаланыңыз.
Тоқтату симптомдары қаупінің болуын көрсету
Дәрілік препаратты қабылдаудан бұрын дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.
Жағымсыз реакциялардың сипаттамасы
Өте жиі
- тұмау, инфекциялық аурулар
- үрей, депрессия
- бас ауыруы
- қан тамырларының кеңеюі
- ентігу
- жүрек айнуы
- бөртпе
- артралгия, арқаның ауыруы
- астения, кеуденің ауыруы, енгізу орнындағы реакциялар, ауыру
Жиі
- бронхит, гастроэнтерит, қарапайым герпес, ортаңғы құлақ отиті, ринит, тіс абсцессі, қынаптық кандидоз
- терінің қатерсіз жаңа түзілімдері, басқа жаңа түзілімдер
- лимфа түйіндерінің ұлғаюы
- жоғары сезімталдық
- анорексия, дене салмағының артуы
- күйгелектік
- дисгевзия, гипертония, бас сақинасы, сөйлеудің бұзылуы, естен тану, тремор
- диплопия, көрудің бұзылуы
- естудің бұзылуы
- жиі жүрек соғуы, тахикардия
- жөтел, маусымдық ринит
- аноректальді аймақтың зақымдануы, іш қатуы, тіс кариесі, диспепсия, дисфагия, нәжісті ұстай алмау, құсу
- бауырдың функционалдық сынамаларының қалыптан ауытқуы
- экхимоз, гипергидроз, қышыну, терінің қабынуы, есекжем
- мойын аумағының ауыруы
- несепті ұстай алмау, поллакиурия, несептің кідіруі
- тоңу, беттің ісінуі, инъекция аумағында сезімталдықтың жоғалуы, жергілікті реакциялар, шеткері ісіну, ісіну, қызба
Сирек
- анафилаксиялық реакция
- абсцесс, флегмона, фурункулез, герпес, пиелонефрит
- тері обыры
- лейкоцитоз, лейкопения, спленомегалия, тромбоцитопения, лимфоциттердің аномалиялық морфологиясы
- зоб, гипертиреоз
- алкогольдің жақпауы, подагра, гиперлипидемия, қандағы натрийдің жоғарылауы, сарысудағы ферритиннің төмендеуі
- әдеттен тыс түс көру, сананың шатасуы, эйфория, елестеулер, өшпенділік, алжасу, тұлғалық бұзылыстары, өз-өзіне қол жұмсау әрекеті
- білезік өзегінің синдромы, когнитивті бұзылыс, конвульсия, дисгевзия, дислексия, дистония, қимыл қозғалыс үйлесімінің бұзылуы, миоклонустық құрысулар, неврит, жүйке-бұлшықет бұзылуы, нистагм, салдану, перонеальді жүйкенің салдануы, мелшию, көру өрісінің тарылуы
- катаракта, көздің мөлдір қабығының зақымдануы, көздің құрғақтығы, көзге қан құйылуы, қабақ птозы, мидриаз, көру жүйкесінің атрофиясы
- экстрасистолия, синустық брадикардия, пароксизмальді тахикардия
- вена варикозы
- апноэ, мұрыннан қан кетуі, гипервентиляция, дыбыс саңылауының түйілуі, өкпе жұмысының бұзылуы, тұншығу сезімі
- колит, жуан ішек полипі, энтероколит, кекіру, өңеш ойық жарасы, периодонтит, тік ішектен қан кету, сілекей безінің ұлғаюы
- холелитиаз, гепатомегалия
- Квинке ісінуі, анафилаксиялық реакция, жанаспалы дерматит, нодозды эритема, түйінді эритема
- артрит, бурсит, бүйірдің ауыруы, бұлшықет атрофиясы, остеоартрит
- гематурия, нефролитиаз, несеп жолының аурулары, несеп талдау көрсеткіштерінің ауытқуы
- сүт бездерінің қатаюы, эректильді дисфункция, жамбас ағзаларының түсіп кетуі, приапизм, қуық асты безі функциясының бұзылуы, жатыр мойны жағындысының аномалиялық нәтижелері, аналық бездің зақымдануы, қынаптан қан кетуі, вульвовагинальді бұзылыстар
- гипотермия, инъекциядан кейінгі жедел реакция, қабыну, киста, «масаңдықтың салдары синдромы» күйі, шырышты қабық аурулары, инъекция орнындағы некроз
- уытты гепатит, бауыр зақымдануы
- екпеден кейінгі синдром
Копаксонды қолданудың маркетингтен кейінгі тәжірибесінде бауыр функциясының айқын бұзылуының сирек жағдайлары (бауыр жеткіліксіздігінің және сарғаюмен гепатиттің көріністерін қоса) хабарланды. Көптеген жағдайларда бауыр функциясының айқын бұзылулары емдеуді тоқтатқаннан кейін өтті. Бауыр функциясы бұзылуының көріністері Копаксонмен емдеу басталғаннан бастап алғашқы күндері де, бірнеше жылдан кейін де орын алды.
Анафилаксиялық реакциялар глатирамер ацетатын енгізгеннен кейін көп ұзамай, тіпті емдеу басталғаннан кейін бірнеше айдан бірнеше жылға дейін пайда болуы мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz