Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки
Саудалық атауы
Корвалол®
Әсер етуші зат
Барбитураты в комбинации с другими препаратами
Мақсаты
Қатты ашушаңдықпен невроздарда, ұйқысыздықты
Өндіруші
АО Фармак
Ел
Украина
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 таблетканың құрамында
белсенді заттар: 100% затқа шаққанда α-бромизовалериан қышқылының этилді эфирі 12,42 мг, 100% құрғақ затқа шаққанда фенобарбитал 11,34 мг, жалбыз майы 0,88 мг;
қосымша заттар: лактоза моногидраты, магний стеараты, β-циклодекстрин, калий ацесульфамы.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Екі беті дөңес, ақ түсті таблеткалар.
• қатты ашушаңдықпен невроздарда
• ұйқысыздықты
• артериялық гипертензияны және вегетативтік қантамырлық дистонияны кешенді емдеуде
• коронарлық тамырлардың айқын емес түйілуі, тахикардияда
• нейровегетативті бұзылыстармен байланысты ішек түйілулері (спазмолитикалық препарат ретінде)
Әсер ету механизмі
Корвалол - тыныштандыратын және спазмолитикалық препарат, әсері оның құрамына кіретін компоненттермен анықталады.
Α-бромизовалериан қышқылының этилді эфирі рефлекторлы тыныштандыратын және спазмолитикалық әсер береді, оған негізінен ауыз қуысы мен мұрын жұтқыншағы рецепторларын тітіркендіруге, жүйке жүйесі орталық бөліктері рефлекторлық қозғыштығының төмендеуіне және ми қыртысы мен қыртыс астылық құрылымдар нейрондарындағы тежелу құбылыстарының күшеюіне, сондай-ақ орталықтық тамыр қозғалтқыш орталықтар белсенділігі төмендеуі мен тамырлардың тегіс бұлшықеттеріне жергілікті түйілуді басатын тікелей әсеріне байланысты болады.
Фармакодинамикалық әсерлері
Фенобарбитал ортаңғы және сопақша ми ретикулярлы формациясы орталықтарының үлкен жартышарлар қыртысына белсенділендіруші әсерін басады, сол арқылы ми қыртысы мен қыртыс асты құрылымдарына қоздырғыш әсер беру легін азайтады. Белсендіруші әсерлердің азаюы дозасына байланысты тыныштандырғыш, транквилизациялаушы немесе ұйықтататын әсер береді. Корвалол жалпы артериялық қысымды төмендетіп, қан тамырлары, әсіресе жүрек қан тамырларының түйілуін басып және алдын ала отырып, тамыр қозғалтқыш орталықтарына, коронарлық және шеткері қан тамырларына қоздырғыш әсерін азайтады.
Жалбыз майы құрамында эфир майларының мөлшері көп, оның ішінде 50 % жуық ментол және 4-9 % ментол эфирлері бар. Олар ауыз қуысының «суыту» рецепторларын тітіркендіруге және тегіс бұлшықеттер түйілулерін басып, тыныштандырғыш және жеңіл өт айдайтын әсер туғыза отырып, негізінен рефлекторлы түрде жүрек пен мидың қан тамырларын кеңейтуге қабілетті. Бұрыш жалбыз майы антисептикалық және спазмолитикалық әсер етеді, метеоризм құбылыстарын жою қабілетіне ие.
Дозалану режимі
Корвалол® сублингвальді (тіл астына) немесе ішке ересектерге 1 таблеткадан тәулігіне 2-3 рет тағайындалады.
Қажет болғанда (айқын тахикардия және коронарлық қантамырлар түйілуі) бір реттік дозаны 3 таблеткаға дейін арттыруға болады.
Енгізу әдісі мен жолы
Корвалол® сублингвальді (тіл астына) немесе ішке тағайындалады.
Емдеудің ұзақтығы
Препаратты қабылдау ұзақтығын дәрігер клиникалық әсерге немесе препараттың жағымдылығына байланысты анықтайды.
• әсер етуші заттарға, бромға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• бауыр және/немесе бүйрек функциясының айқын бұзылулары
• бауырдың жедел порфириясы
• жүректің ауыр жеткіліксіздігі
• айқын артериялық гипотензия
• жедел миокард инфарктісі
• қант диабеті
• депрессия
• миастения
• алкоголизм
• есірткілік және дәрілік тәуелділік
• демікпе, обструктивтік синдроммен респираторлық аурулар
• жүктілік және лактация кезеңі
• 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер
Корвалол®, әдетте, жақсы көтерімді.
Жекелеген жағдайларда төмендегі жағымсыз әсерлер байқалуы мүмкін:
Белгісіз:
• іштің қатуы, эпигастральді аймақта ауырлық сезімі, ұзақ қолданғанда – бауыр функциясының бұзылуы, жүрек айнуы, асқазан мен ішек аймағындағы жайсыздық;
• әлсіздік, атаксия, қозғалыс үйлесімінің бұзылуы, нистагм, елестеулер, парадоксальді қозу, зейін қоюдың төмендеуі, шаршау, реакциялардың бәсеңдеуі, бас ауыруы, когнитивтік бұзылулар, сананың шатасуы, ұйқышылдық, жеңіл бас айналу;
• анемия, тромбоцитопения, агранулоцитоз;
• аса жоғары сезімталдық реакциялары, ангионевроздық ісінуді қоса;
• артериялық гипотензия, брадикардия; жүрек ырғағының баяулауы;
• аллергиялық реакциялар, оның ішінде тері бөртпесі, қышыну, есекжем, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролизі;
• тыныс алудың қиындауы.
Ұзақ уақыт қолданғанда броммен улану көріністері пайда болуы мүмкін.
Симптомдары: орталық жүйке жүйесінің бәсеңдеуі, депрессиялық көңіл-күй, депрессия, сананың шатасуы, атаксия, апатия, конъюнктивит, ринит, көзден жас ағуы, акне немесе пурпура.
Бұл құбылыстар дозаның төмендеуімен немесе препаратты қабылдауды тоқтатумен өтеді.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық дерекқорға тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Препаратты жиі немесе ұзақ қолданған кезде артық дозалануы мүмкін, бұл оның құрамдастарының жинақталуымен байланысты. Ұзақ және тұрақты қолдану тәуелділікті, абстиненттік синдромды, психомоторлық қозуды туындатуы мүмкін Препарат қабылдауды күрт тоқтату, тоқтату синдромын туындатуы мүмкін.
Артық дозалану симптомдары: тыныс алудың бәсеңдеуі, тіпті ол тоқтағанға дейін; орталық жүйке жүйесінің бәсеңдеуі, сананың шатасуы, бас айналу, атаксия, тіпті комаға дейін болатын ұйқышылдық; ырғақтың бұзылуын, тахикардияны, тіпті коллапстық жағдайға дейінгі артериялық қысымның төмендеуін қоса жүрек-қантамыр қызметінің бәсеңдеуі; жүрек айну, әлсіздік, дене температурасының төмендеуі, диурездің азаюы.
Емі: симптоматикалық.
Стивенс-Джонсон және Лайелл синдромының даму қаупі емдеудің бірінші аптасында жоғары болады. Дәрілік тәуелділіктің даму қаупіне, организмде бромның жиналу мүмкіндігіне және бромнан уланудың дамуына байланысты ұзақ қолдану ұсынылмайды. Жүрек аймағындағы ауыру препарат қабылдаудан кейін басылмаған жағдайда жедел коронарлық синдромды жоққа шығару үшін дәрігерге қаралу қажет. Гиперкинез, гипертиреоз, бүйрек безінің гипофункциясы, декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі, жедел және тұрақты ауыру, дәрілік заттармен жедел уланған кезде сақтықпен тағайындайды.
Спиртті сусындарды бір мезгілде қолданудан аулақ болған жөн.
Препаратты артериялық гипотензия кезінде абайлап тағайындаған дұрыс.
Арнайы ескертулер
Корвалол® препараты, таблеткалар, құрамында лактоза моногидраты бар, тұқым қуалайтын галактозаға жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактозаның мальабсорбциясы бар адамдарға қолдануға болмайды. Сондықтан, егер сізде кейбір қанттарға жақпаушылық болса, осы дәрілік затты қолданар алдында дәрігермен кеңесіңіз.
Педиатрияда қолдану
Балаларды емдеу үшін қолдану тәжірибесі жоқ, сондықтан препаратты педиатриялық тәжірибеде қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерешеліктері
Препаратты механизмдермен жұмыс істейтін адамдар, автокөлік жүргізушілерінің және т.б. қолданбағаны жөн.
Жүктілік немесе бала емізу кезеңінде қолдануға болмайды.
Корвалол® препаратының әсерін орталықтан бәсеңдететін типтегі препараттар күшейтеді.
Препараттың құрамында фенобарбитал болуы бауыр ферменттерін индукциялауы мүмкін, және тиісінше, осы ферменттермен метаболизденетін кейбір дәрілердің метаболизмін жылдамдатуы мүмкін (тікелей емес антикоагулянттарды, жүрек гликозидтерін, микробқа қарсы, вирусқа қарсы, зеңге қарсы, эпилепсияға қарсы, құрысуға қарсы, психотропты, пероральді қантты түсіретін, гормоналды, иммуносупрессиялық, цитостатикалық, аритмияға қарсы, гипертензияға қарсы дәрілік заттарды, гризеофульвинді, глюкокортикоидтарды, пероральді ұрықтануға қарсы дәрілерді қоса), өйткені олардың тиімділігі анағұрлым жоғары деңгейлі метаболизмнің нәтижесінде төмендейді.
Корвалол® анальгетиктердің, жергіліктік анестетиктердің және орталық жүйке жүйесін бәсеңдететін дәрілік заттардың әсерін күшейтеді.
МАО тежегіштері фенобарбиталдың әсерін ұзартады. Рифампицин фенобарбиталдың әсерін төмендетуі мүмкін.
Фенобарбиталды алтын препараттарымен бір мезгілде қолданған кезде бүйректің зақымдану қаупі артады.
Фенобарбиталды қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен бір мезгілде ұзақ уақыт қолдану кезінде асқазанның ойық жарасы пайда болуы және қан кету қаупі бар.
Фенобарбиталды зиновудинмен бір мезгілде қолдану екі препараттың да уыттылығын күшейтуі мүмкін.
Вальпрой қышқылымен бір мезгілде қолданғанда оның әсері күшейеді.
Метотрексатпен бір мезгілде қолданғанда соңғысының уыттылық әсері күшейеді.
Алкоголь препараттың әсерін, сондай-ақ оның уыттылығын күшейтеді. Препаратты қабылдаған кезде спиртті сусындарды қабылдауға болмайды.
Жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.