Аритмияға қарсы дәрілер
Аритмияға қарсы көптеген дәрілер жүректің автоматизмін, өткізгіштігін және жиырылу қабілетін төмендетеді.
Аритмияға қарсы дәрілердің әртүрлі кластарын біріктіріп тағайындаудың оң емдік әсері болуы мүмкін, бірақ кінәраттары бәрінен жиірек туындайды және жіті клиникалық қадағалау мен ЭКГ мониторингін талап етеді. «Пируэт» типті полиморфты қарыншалық тахикардияны туғызуы мүмкін аритмияға қарсы дәрілермен (амиодарон, дизопирамид, хинидин қосылыстары, соталол және т.б.) біріктірілген ем қарсы көрсетілімді.
Қолайсыз кардиологиялық әсерлер қаупінің артуымен байланысты, айрықша жағдайлардан басқа, аритмияға қарсы бір класс дәрілерін біріктіріп қолдану ұсынылмайды. Амиодаронды брадикардияны туындататын теріс инотропты қасиеттері бар және/немесе жүрекше-қарыншалық өткізгіштікті баяулататын дәрілік препараттармен біріктіріп қолдану күрделі сипатта болады және клиникалық әрі ЭКГ мониторинг қажет болады.
«Пируэт» типті полиморфты қарыншалық тахикардияны тудыруы мүмкін дәрілік препараттар
Аритмияның осындай ауыр түрін аритмияға қарсы және аритмияға қарсы емес бірқатар дәрілік препараттар туындатуы мүмкін.
Гипокалиемия брадикардия немесе туа біткен әлде жүре пайда болған QT аралығының бұрыннан бар ұзаруы сияқты бейімдеу факторы болып табылады.
«Пируэт» типті полиморфты қарыншалық тахикардияны тудыруы мүмкін дәрілік препараттар, аритмияға қарсы Ia және III класс дәрілері және кейбір нейролептиктер болып табылады.
Долазертон, эритромицин, спирамицин және винкаминге қатысты осындай өзара әрекеттесу инъекциялық түрлермен ғана болады.
«Пируэт» типті полиморфты қарыншалық тахикардияны тудыруы мүмкін дәрілік препараттармен біріктірілген ем қарсы көрсетілімді.
Алайда, бұл абсолютті қажеттілік болып табылатын кейбір препараттарға қатысты емес, сондықтан олар қарсы көрсетілімді емес және «пируэт» типті полиморфты қарыншалық тахикардияны тудыруы мүмкін басқа препараттармен бірге қолдануға ұсынылмайды. Оларға мыналар жатады:
• метадон,
• кейбір паразитке қарсы препараттар (галофантрин, люмефантрин, пентамидин) ,
• кейбір нейролептиктер.
Брадикардияны тудыратын дәрілер
Бірқатар дәрілік препараттар, атап айтқанда, аритмияға қарсы Ia класс дәрілері, бета-блокаторлар, аритмияға қарсы кейбір III класс дәрілері, кейбір кальций антагонистері, оймақгүл препараттары, пилокарпин және антихолинэстеразалық дәрілер брадикардияны тудыруы мүмкін.
Амиодаронның басқа дәрілік препараттарға әсері
Амиодарон және/немесе оның метаболиті - дезетиламиодарон CYP1A1, CYP1A2, CYP3A4, CYP2C9, CYP2D6 және P-гликопротеинді тежейді және субстраттармен олардың әсерін күшейтуі мүмкін.
Амиодаронның ұзаққа созылатын жартылай шығарылуын ескере отырып, амиодаронмен емдеуді тоқтатудан кейін бірнеше ай бойы өзара әрекеттесулерін байқауға болады.
Амиодаронға басқа дәрілік препараттардың әсері
CYP3A4 тежегіштері және CYP2C8 тежегіштері амиодарон метаболизмін ықтималды тежеуі, әрі осылайша оның әсерін арттыруы мүмкін.
Амиодаронмен емделу кезінде CYP3A4 тежегіштерін (мысалы, грейпфрут шырыны және белгілі бір дәрілік препараттар) қолданбауға кеңес беріледі.
Қарсы көрсетілімді біріктірілімдер («Қолдануға болмайтын жағдайлар» қараңыз)
• «пируэт» типті полиморфты қарыншалық тахикардияны тудыруы мүмкін дәрілік препараттармен (паразитке қарсы дәрілерден, нейролептиктерден және метадоннан басқа, «пируэт» типті полиморфты қарыншалық тахикардияны тудыруы мүмкін дәрілік препараттар» бөлімін қараңыз);
• аритмияға қарсы Iа класс дәрілерімен (хинидин, гидрохинидин, дизопирамид);
• аритмияға қарсы III класс дәрілерімен (дофетилид, ибутилид, соталол);
• басқа дәрілік препараттармен: мышьяк триоксиді, бепридил, цизаприд, циталопрам, эсциталопрам, дифеманил, в/і долазетрон, домперидон, дронедарон, в/і эритромицин, левофлоксацин, меквитазин, мизоластин, моксифлоксацин, прукалоприд, в/і спирамицин, торемифен, в/і винкамин.
Қарыншалық аритмияның, әсіресе, «пируэт» типті полиморфты қарыншалық тахикардияның жоғары даму қаупі.
• телапревирмен
Айқын брадикардия қаупімен жүрек өткізгіштігінің және автоматизмінің бұзылуы.
• кобицистатпен
Метаболизмі төмендеуі салдарынан амиодарон тудырған жағымсыз реакциялар қаупінің артуы.
Ұсынылмайтын біріктірілімдер
Софосбувир
Амиодаронды құрамында софосбувир бар препараттармен бірге қабылдау ауыр симптоматикалық брадикардияға әкелуі мүмкін. Біріктірілген ем балама емдеу болмаған жағдайда ғана мүмкін болады. Осы дәрілік препараттармен біріктірілген емді тағайындаған кезде мұқият мониторинг жүргізу ұсынылады.
СУР3А4 субстраттары
Амиодарон, CYP3A4 тежегіші, плазмадағы CYP3A4 субстраттарының концентрациясын жоғарылатады, бұл олардың уыттылығының жоғарылауына әкелуі мүмкін.
Циклоспорин
Нефроуытты әсерлерінің туындау қаупімен бауыр метаболизмінің төмендеуіне орай қанда циклоспорин концентрациясының жоғарылауы.
Амиодаронмен емделу кезінде қандағы циклоспорин концентрациясын талдау, бүйрек функциясына мониторинг өткізу және циклоспорин дозасын түзету қажет.
Инъекциялық дилтиазем
Брадикардияның және жүректің жүрекше-қарыншалық блокадасының туындау қаупі.
Егер осы біріктірілімді қолданбау мүмкін болмаса, мұқият клиникалық қадағалау және тұрақты ЭКГ мониторинг өткізу қажет.
Финголимод
Өліммен аяқталу мүмкіндігімен брадикардияны тудыратын әсерлерінің күшеюі. Бұл, әсіресе, адренергиялық компенсаторлық механизмдерді тежейтін бета-блокаторларға қатысты.
Бірінші дозаны қабылдаудан кейін 24 сағат ішінде клиникалық қадағалау және үздіксіз ЭКГ бақылауын орнату қажет.
Инъекциялық верапамил
Брадикардияның және жүректің жүрекше-қарыншалық блокадасының туындау қаупі.
Егер осы біріктірілімді қолданбау мүмкін болмаса, мұқият клиникалық қадағалау және тұрақты ЭКГ мониторинг қажет.
«Пируэт» типті полиморфты қарыншалық тахикардияны тудыруы мүмкін паразитке қарсы дәрілер (галофантрин, лумефантрин, пентамидин)
Қарыншалық аритмияның, әсіресе, «пируэт» типті полиморфты қарыншалық тахикардияның жоғары туындау қаупі.
Егер мүмкін болса, екі препараттың бірімен емдеуді тоқтату керек. Егер осы біріктірілімді қолданбау мүмкін болмаса, алдын ала QТ аралығын бақылау және ЭКГ мониторинг жүргізу қажет.
«Пируэт» типті полиморфты қарыншалық тахикардияны тудыруға қабілетті нейролептиктер (амисульприд, хлорпромазин, циамемазин, дроперидол, флупентиксол, флуфеназин, галоперидол, левомепромазин, пимозид, пипамперон, пипотиазин, сертиндол, сульпирид,сультоприд, тиаприд, зуклопентиксол)
Қарыншалық аритмияның, әсіресе, «пируэт» типті полиморфты қарыншалық тахикардияның жоғары туындау қаупі.
Метадон
Қарыншалық аритмияның, әсіресе, «пируэт» типті полиморфты қарыншалық тахикардияның жоғары туындау қаупі.
Фторхинолондар, левофлоксацин мен моксифлоксациннен басқа (қарсы көрсетілімді біріктірілімдер)
Қарыншалық аритмияның, әсіресе, «пируэт» типті полиморфты қарыншалық тахикардияның жоғары қаупі.
Көтермелеуші іш жүргізетін дәрілер
Қарыншалық аритмияның, әсіресе, «пируэт» типті полиморфты қарыншалық тахикардияның жоғары қаупі (гипокалиемия бейімдеуші фактор болып табылады).
Дәрілік препаратты қабылдау алдында бұрыннан бар кез келген гипокалиемияны түзету, клиникалық әрі электролиттік мониторинг және ЭКГ өткізу қажет.
Фидаксомицин
Қан плазмасында фидоксомицин концентрациясының жоғарылауы.
Қолдану кезінде сақтануды талап ететін біріктірілімдер
P-гликопротеин субстраттары
Амиодарон P-гликопротеин (P-гп) тежегіші болып табылады. P-гп субстраттарымен бірге тағайындау олардың жоғары әсеріне әкелуі мүмкін.
Дәрілік оймақгүл препараттары
Автоматизмнің (айқын брадикардия) және жүрекше-қарыншалық өткізгіштіктің бұзылуы. Дигоксинді қолдану кезінде оның клиренсінің төмендеуімен байланысты қандағы концентрациясы жоғарылауы мүмкін.
ЭКГ және қандағы дигоксин концентрациясын бақылау, сондай-ақ пациенттерде дигиталистік уыттанудың клиникалық белгілерінің бар-жоғын қадағалау қажет. Дигоксин дозасын түзету қажет болуы мүмкін.
Дабигатран
Қан кету қаупінің жоғарылауымен қан сарысуында дабигатран концентрациясының жоғарылауы. Егер дабигатран операциядан кейінгі кезеңде қолданылса, клиникалық мониторинг өткізілуі және дабигатран дозасы, қажет болса, 150 мг/тәуліктен асырылмай түзетілуі тиіс.
CYP2C9 субстраттары
Амиодарон қан плазмасында K дәруменінің антагонистері және фенитоин сияқты CYP2C9 субстраттарының концентрациясын жоғарылатады.
К дәруменінің антагонистері
K дәрумені антагонистері әсерінің артуы және қан кету қаупінің жоғарылауы.
Халықаралық қалыптасқан қатынасты (ХҚҚ) жиірек тексеру керек. Амиодаронмен емделу кезеңі барысында және емдеуді тоқтатудан кейін 8 күн ішінде K дәрумені антагонисінің дозасы түзетілуі тиіс.
Фенитоин (және фосфенитоинге экстраполяциямен)
Амиодаронмен фенитоин біріктірілімі неврологиялық симптомдардың пайда болуымен (бауырда фенитоин метаболизмінің төмендеуі) фенитоинмен артық дозалануға әкелуі мүмкін. Артық дозалану симптомдары білінген жағдайда клиникалық мониторинг және фенитоин дозасын азайту; қан плазмасында фенитоин концентрациясын анықтау қажет.
CYP2D6 субстраттары
Флекаинид
Амиодарон CYP2D6 цитохромын тежеу арқылы плазмада флекаинид концентрациясын арттырады. Флекаинидті дозалауды түзету керек.
CYP3A4 субстраттары
Амиодарон, CYP3A4 тежегіші, плазмадағы CYP3A4 субстраттарының концентрациясын жоғарылатады, бұл олардың уыттылығының жоғарылауына әкелуі мүмкін.
Статиндер (симвастатин, аторвастатин, ловастатин)
Амиодарон CYP3A4 цитохромымен метаболизденетін статиндермен бірге тағайындалғанда бұлшықет уыттылығының қаупі (мысалы, рабдомиолиз) артады. Амиодарон қабылдау кезінде CYP3A4 әсеріне ұшырамайтын басқа статинді қолдану ұсынылады.
Такролимус
Амиодарон метаболизмінің тежелуіне байланысты қандағы такролимус концентрациясының жоғарылауы. Қандағы такролимус концентрациясын өлшеу, бүйрек функциясын бақылау және амиодаронмен біріктіріп тағайындау кезінде және амиодарон қолдануды тоқтатқаннан кейін такролимус дозасын түзету қажет.
Лидокаин
Амиодарон туғызған бауырдағы метаболизм төмендеуімен байланысты неврологиялық және кардиологиялық жағымсыз реакцияларының пайда болу мүмкіндігімен плазмадағы лидокаин концентрациясының жоғарылау қаупі.
Клиникалық және ЭКГ мониторинг өткізу, әрі қажет болса, плазмадағы лидокаин концентрациясын бақылау керек. Амиодаронмен емделу кезінде және оны қолдануды тоқтатудан кейін, қажет болса, лидокаин дозасын түзету керек.
CYP3A4 әсерінен метаболизденетін басқа препараттар (сиролимус, силденафил, мидазолам, дигидроерготамин, эрготамин, колхицин, триазолам)
Амиодарон CYP3A4 тежегіші болып табылады және осы дәрілік заттармен бірге қолданғанда олардың плазмадағы концентрациясының жоғарылауы мүмкін, бұл олардың уыттылық қаупін арттырады.
Соталолдан (қарсы комбинация) және эсмололдан (қабылдау кезінде сақтық шараларын қажет ететін комбинация) басқа бета-блокаторлар
Өткізгіштік пен автоматизм бұзылулары болуы мүмкін (компенсаторлық симпатикалық механизмдердің бәсеңдеуі). ЭКГ және клиникалық мониторинг талап етіледі.
Жүрек жеткіліксіздігі кезіндегі бета-блокаторлар (бисопролол, карведилол, метопролол, небиволол)
Айқын брадикардияның туындау қаупімен автоматизм мен жүрек өткізгіштігінің бұзылулары.
Қарыншалық аритмияның, әсіресе, «пируэт» типті полиморфты қарыншалық тахикардияның жоғары туындау қаупі. Жүйелі клиникалық және ЭКГ мониторинг өткізу қажет.
Эсмолол
Жиырылу функциясының, автоматизмнің және өткізгіштіктің бұзылулары (компенсаторлық симпатикалық механизмдердің бәсеңдеуі). ЭКГ және клиникалық мониторинг талап етіледі.
Пероральды дилтиазем
Брадикардияның немесе жүректің жүрекше-қарыншалық блокадасының, атап айтқанда, егде жастағы пациенттерде туындау қаупі. ЭКГ және клиникалық мониторинг талап етіледі.
Пероральды верапамил
Брадикардияның немесе жүректің жүрекше-қарыншалық блокадасының, атап айтқанда, егде жастағы пациенттерде туындау қаупі. ЭКГ және клиникалық мониторинг талап етіледі.
Кейбір макролидтер (азитромицин, кларитромицин, рокситромицин)
Қарыншалық аритмияның, әсіресе, «пируэт» типті полиморфты қарыншалық тахикардияның жоғары қаупі. Амиодаронмен бірге қолдану кезіндегі ЭКГ және клиникалық мониторинг талап етіледі.
Гипокалиемияны туғызуы мүмкін дәрілер: гипокалиемияны туғызуы мүмкін диуретиктер (монотерапияда және біріктірілімде), амфотерицин В (в/і енгізу тәсілі), глюкокортикоидтар (жүйелі), тетракозактид
Қарыншалық аритмияның, әсіресе, «пируэт» типті полиморфты қарыншалық тахикардияның жоғары пайда болу қаупі (гипокалиемия бейімдеуші фактор болып табылады).
Дәрілік препаратты тағайындау алдында кез келген гипокалиемияны түзету, сондай-ақ ЭКГ, қан электролиттеріне мониторинг және клиникалық мониторинг өткізу қажет.
Брадикардияны тудыратын дәрілер
Қарыншалық аритмияның, әсіресе, «пируэт» типті полиморфты қарыншалық тахикардияның жоғары қаупі. Клиникалық және ЭКГ мониторинг талап етіледі.
Орлистат
Амиодарон мен оның белсенді метаболитінің плазмадағы концентрациясының төмендеу қаупі.
Клиникалық және, қажет болса, ЭКГ мониторинг талап етіледі.
Тамсулозин
Бауырда метаболизмнің тежелуі себепті тамсулозин тудырған жағымсыз реакциялар қаупі артады.
Клиникалық қадағалау жүргізу және фермент тежегішін қолданумен емделу кезеңінің ішінде және, қажет болса, қолдану аяқталған соң тамсулозин дозасын түзету керек.
Вориконазол
Қарыншалық аритмияның, әсіресе, «пируэт» типті полиморфты қарыншалық тахикардияның жоғары қаупі, өйткені амиодарон метаболизмі төмендеуі мүмкін.
Клиникалық қадағалау және ЭКГ түсіру және, қажет болса, амиодарон дозасын түзету керек.
Назарға алу керек біріктірілімдер
Пилокарпин
Айқын брадикардияның туындау қаупі (брадикардияны тудыратын дәрілердің жиынтық әсері).