Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки, покрытые оболочкой с пролонгированным высвобождением
Дозасы
20 мг
Саудалық атауы
Коринфар ретард-Тева
Әсер етуші зат
Нифедипин
Мақсаты
Тұрақты стенокардия (кернеу стенокардиясы)
Өндіруші
Pliva Hrvatska d.o.o
Ел
Хорватия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - нифедипин 20 мг,
қосымша заттар: лактоза моногидраты, картоп крахмалы, микрокристалды целлюлоза, поливидон К 25, магний стеараты,
Қабық құрамы: метилгидроксипропилцеллюлоза, макрогол 6000, макрогол 35000, хинолинді сары бояғыш (Е 104), титанның қостотығы (Е 171), тальк
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, екі беткейі дөңес, сары түсті қабықпен қапталған таблеткалар.
Нифедипин 1,4-дигидропиридин типті кальций антагонисті болып табылады. Кальций антагонистері кальций иондарының жасушаларға «баяу» кальций өзекшелері арқылы түсуін азайтады. Спецификалық және күшті кальций антагонисті ретінде нифедипин әсіресе миокард жасушаларына және коронарлық артериялар мен шеткері кедергі тамырларының тегіс бұлшықет жасушаларына әсер етеді. Нифедипиннің негізгі әсері коронарлық және шеткері қан айналымындағы артериялардың тегіс бұлшықеттерін босаңсыту болып табылады. Стенокардияда нифедипин шеткері және коронарлық тамырлардың кедергісін төмендетеді, бұл коронарлық қан ағымының, жүрек лықсуының және постжүктеменің төмендеуімен соққы көлемінің ұлғаюына әкеледі. Одан өзге, нифедипин таза және атеросклероздық коронарлық артерияларды кеңейтеді, осылайша жүректі коронарлық артериялардың түйілуінен қорғайды және ишемиялық миокардтың перфузиясын жақсартады. Нифедипин коронарлық артериялар түйілуінің немесе атеросклероздың салыстырмалы әсеріне қарамастан, ауырсыну ұстамаларының және ЭКГ ишемиялық өзгерістерінің жиілігін төмендетеді.
Артериялық гипертензия кезінде нифедипиннің негізгі әсері шеткері вазодилатация және шеткері кедергіні төмендету болып табылады. Нифедипинді тәулігіне бір рет қабылдау жоғары артериялық қысымды 24 сағат бақылауды қамтамасыз етеді. Нифедипин бастапқы деңгеймен салыстырғанда артериялық қысымның пропорционалды төмендеуін тудырады. АҚ қалыпты адамдарда нифедипин іс жүзінде артериялық қысымға әсер етпейді.
Дозалау режимі
Препараттың дозаларын дәрігер аурудың ауырлығына және пациенттің емдеуге жауабына сәйкес жекелей таңдайды.
1 .Тұрақты және вазоспастикалық стенокардия
Ұзақ әсер ететін нифедипиннің 1 таблеткасынан тәулігіне 2 рет 20 мг.Жеткіліксіз айқын клиникалық әсер кезінде дозаны тәулігіне 2 рет 40 мг нифедипинге дейін арттыруға болады
2. Эссенциальді гипертензия
Ұзақ әсер ететін нифедипиннің 1 таблеткасынан тәулігіне 2 рет 20 мг.Жеткіліксіз айқын клиникалық әсер кезінде дозаны тәулігіне 2 рет 40 мг нифедипинге дейін арттыруға болады.Жеке клиникалық көрініске байланысты дозаны біртіндеп арттыру керек.Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге тұрақты бақылау қажет, препарат дозасын төмендету қажет болуы мүмкін.Цереброваскулярлық аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын пациенттерге препаратты төмен дозаларда тағайындау керек.Нифедипинді тамақтан кейін шайнамай, жеткілікті мөлшерде сұйықтықпен (мысалы, бір стақан су; грейпфрут шырынын ішуге болмайды) ішкен жөн. Препаратты таңертең және кешке, жақсырақ бір уақытта, тамақтанғаннан кейін қабылдау ұсынылады.Препарат дозасын төмендету немесе қолдануды тоқтату қажет болса нифедипин қабылдауды біртіндеп тоқтату керек.
Белсенді заттың жарық әсеріне сезімталдығын ескере отырып, ұзақ әсер ететін таблеткаларды бөлуге болмайды, өйткені мұндай жағдайда қорғағыш қабықпен кепілдендірілген жарықтан қорғау қамтамасыз етілмейді.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
18 жасқа дейінгі балаларда қолдануға болмайды.
Егде жастағы пациенттер
65 жастан асқан егде жастағы адамдарда дозаны түзету қажет емес
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Ауырлығы жеңіл дәрежедегі бауыр функциясы бұзылған пациенттерде нифедипин дозасы төмендетілуі тиіс. Бауырдың орташа және ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде препаратты қолдануға болмайды.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде дозаны түзету талап етілмейді.
Енгізу жолы және тәсілі
Ішке қабылдау үшін.
Таблетканы тамақтан кейін шайнамай, жеткілікті мөлшерде сұйықтықпен (мысалы, бір стақан су; грейпфрут шырынын ішуге болмайды) ішкен жөн. Препаратты таңертең және кешке, жақсырақ бір уақытта, тамақтанғаннан кейін қабылдау ұсынылады.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар
Егер сізде Коринфар ретард – Тева препаратын қолдану бойынша қандай да бір сұрақтарыңыз болса, оларды емдеуші дәрігермен талқылаңыз.
-әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- нифедипинге жоғары сезімталдық
- дигидропиридиндерге жоғары сезімталдық
- кардиогенді шок
• аорта сағасының айқын стенозы
• тұрақсыз стенокардия
• миокард инфарктісінің жедел кезеңі (алғашқы 4 апта ішінде) миокард инфарктісінің қайталама профилактикасы үшін тағайындалмайды
• рифампицинді бір мезгілде қабылдау
• бауыр жеткіліксіздігі
• анамнезінде асқазан-ішектің бітелуі, өңештің бітелуі немесе асқазан-ішек жолы саңылауының диаметрі кез келген дәрежеде азайған пациенттер.
• Кокк резервуары бар пациенттер (проктоколэктомиядан кейінгі илеостома).
• ішектің қабыну аурулары немесе Крон ауруы бар пациенттер.
• жүктілік және лактация кезеңі
• балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
• сирек тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, лактаза тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы (препарат құрамында лактоза бар)
Өте жиі
- бас ауыруы
- ісіну (шеткері ісінуді қоса), тамырлардың кеңеюі
- мазасыздық
Жиі
- бас айналуы
- вестибулярлық бас айналу
- әлсіздік
- пальпитация
- вазодилатация (мысалы, қан кернеулері)
- іш қату
- жүрек айнуы
-эритромелалгия, әсіресе емдеудің басында
- терлеу
- нашар хал -ахуал
Жиі емес
- аллергиялық реакциялар
- аллергиялық ісіну/ангиоэдема (көмей ісінуін қоса)
-қышыну
- экзантема
- үрейлі бұзылыс
- тремор
- бас сақинасы/дизестезия
- ұйқышылдық
-шаршау
- күйгелектік
- тахикардия
- кеудедегі ауырсыну (стенокардия)
- артериялық гипотензия Синкопе
- мұрыннан қан кету
-мұрын бітелуі
- диспноэ
-асқазан-ішек жолдарының ауыруы және іштің ауыруы
- диспепсия
- метеоризм
- ауыздың кеберсуі
- бауыр ферменттері деңгейінің уақытша жоғарылауы
- эритема
- бұлшықет спазмы
- буындардың ісінуі
- миалгия
- полиурия
-дизурия
- бүйрек жеткіліксіздігі жағдайында бүйрек функциясының уақытша нашарлауы мүмкін
- эректильді дисфункция
- спецификалық емес ауырсыну
- қалтырау
Сирек
- лейкопения
- анемия
- тромбопения
- тромбоцитопения
- пурпура
- есекжем
- гипергликемия
- қызыл иек гиперплазиясы
- толып кету сезімі
- кекіру
-сарғаю
- аллергиялық фотосезімталдық
- пальпацияланатын пурпура
- нифедипинді тоқтатқаннан кейін қайтымды гинекомастия
Өте сирек
-агранулоцитоз
- миокард инфарктісі
- эксфолиативті дерматит
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
-анафилаксиялық/анафилактоидтық реакциялар
- гипестезия
- көздің ауыруы
- өкпе ісінуі
-безоар
-дисфагия
- ішек бітелісі
- ішектің ойық жарасы
-құсу
- эзофагит
- уытты эпидермалды некролиз
- артралгия
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Уыттану симптомдары:
Команың дамуына дейінгі сананың бұзылуы, артериялық гипотензия, тахикардия/ брадикардия, гипергликемия, метаболизмдік ацидоз, гипоксия, өкпе ісінуімен қатар жүретін кардиогенді шок.
Емі
Ішке қабылдағаннан кейін, қажет болса, жіңішке ішекті шаюмен бірге асқазанды шаю ұсынылады. Ұзақ әсер ететін препараттармен туындаған уыттану жағдайында әсер етуші заттың сіңірілуін болдырмау үшін препаратты организмнен, оның ішінде жіңішке ішектен анағұрлым толық шығару үшін күш салу керек. Іш жүргізетін дәрілерді қолданған кезде кальций антагонистері атонияға дейін ішек бұлшықеттерінің тонусының төмендеуіне әкелетінін ескеру қажет. Нифедипинге қан плазмасы ақуыздарымен жоғары байланысу дәрежесі және салыстырмалы түрде аз таралу көлемі тән болғандықтан, гемодиализ тиімсіз, алайда плазмаферез жүргізу ұсынылады. Брадикардияны атропиннің және/немесе бета-симпатомиметиктердің көмегімен симптоматикалық жолмен және өмірге қауіп төндіретін брадиаритмия кезінде уақытша кардиостимуляторды қолдану арқылы жоюға болады. Кардиогенді шок және вазодилатация салдарынан туындаған артериялық гипотензияны кальций (вена ішіне 1-2 г кальций глюконаты), допамин (минутына дене салмағына 25 мкг дейін), добутамин (минутына дене салмағына 15 мкг дейін), адреналин немесе норадреналин препараттарымен жоюға болады. Бұл препараттардың дозалары қол жеткізілген клиникалық әсерді ескере отырып таңдалады. Қан сарысуындағы кальций деңгейі қалыпты немесе сәл жоғарылауы керек.
Сұйықтықты қосымша енгізуге өте мұқият қарау керек, өйткені бұл жүрекке шамадан тыс салмақ түсу қаупін арттырады.
Тоқтату симптомы қаупінің болуына нұсқау
Жоғары артериялық қысымы немесе жүректің ишемиялық ауруы бар пациенттерде препаратты қабылдауды кенеттен тоқтатқаннан кейін артериялық қысымның күрт жоғарылауымен (гипертониялық криз) немесе жүрек бұлшықетіне қанмен қамтамасыз етудің төмендеуімен (миокард ишемиясы) көрінетін тоқтату синдромы дамуы мүмкін, сондықтан препаратты біртіндеп тоқтату керек.
Коринфар ретард-Тева таблеткаларын тұтастай жұту керек, тістеуге, шайнауға немесе сындыруға болмайды.
Артериялық гипотензиясы бар пациенттерде сақтық таныту керек, өйткені артериялық қысымның одан әрі төмендеу қаупі бар, сондай-ақ артериялық қысымы өте төмен пациенттерде (систолалық артериялық қысымы 90 мм с.б. төмен ауыр гипотензия) жүрек жеткіліксіздігі нашарлаған жағдайда сақ болу керек.
Нифедипинді қолданудың клиникалық қажеттілігі жағдайларын қоспағанда, Коринфар ретард-Тева жүктілік кезінде қолдануға болмайды. Коринфар ретард-Тева стандартты емнің әсерінсіз ауыр артериялық гипертензиясы бар әйелдерге қолдануға болады.
Нифедипинді магний сульфатын вена ішіне енгізумен бірге қолданған кезде артериялық қысымды мұқият бақылау керек, өйткені артериялық қысымның шамадан тыс төмендеуі мүмкін, бұл анаға да, шаранаға да зиян тигізуі мүмкін. Препаратты жүктілік кезінде қолдану туралы қосымша ақпаратты «Арнайы ескертулер» бөлімінен қараңыз.
Коринфар ретард -Тева емшек емізу кезінде ұсынылмайды, өйткені нифедипин адам сүтіне бөлінеді және нифедипиннің балаға әсері белгісіз.
Бауыр функциясы бұзылған пациенттерге мұқият бақылау, ал ауыр жағдайларда препарат дозасын төмендету қажет болуы мүмкін.
Коринфар ретард -Тева бета-блокаторлармен және басқа да гипертензияға қарсы дәрілермен біріктіріп қолдануға болады, алайда постуральді гипотензияға әкелетін аддитивті әсер болуы мүмкін. Коринфар-Тева басқа гипертензияға қарсы емді тоқтатқаннан кейін ықтимал жағымсыз әсерлердің алдын алмайды.
Коринфар ретард-Тева жүрек резерві төмендеген пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Нифедипинді қабылдау кезінде сирек жағдайларда жүрек жеткіліксіздігінің нашарлауы байқалды.
Коринфар ретард -Тева алатын қант диабеті бар науқастарға диабетке қарсы емдеуді түзету қажет болуы мүмкін.
Қатерлі гипертензиясы және гиповолемиясы бар диализдегі пациенттерде артериялық қысымның айқын төмендеуі мүмкін.
Нифедипин Р450 3A4 цитохромының изоферменттерінің қатысуымен метаболизденеді. Осы ферментативтік жүйені тежейтін не индукциялайтын препараттар сондықтан нифедипиннің бірінші өтуін немесе клиренсін өзгерте алады.
Дәрілік заттар - Р450 3А4 цитохромы жүйесінің белгілі тежегіштері, қан плазмасындағы нифедипин концентрациясының жоғарылауына әкелуі мүмкін және мысалы:
- макролидті антибиотиктер (мысалы, эритромицин)
- АИТВ-протеаза тежегіштері (мысалы, ритонавир)
- зеңге қарсы азолдар (мысалы, кетоконазол)
- антидепрессанттар, нефазодон және флуоксетин
- квинупристин / дальфопристин
- вальпрой қышқылы
- циметидин
Осы препараттармен бірге қолданған кезде артериялық қысымды бақылау және қажет болғанда нифедипин дозасын төмендету туралы мәселені қарау керек.
Галактозаны көтере алмау, лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза сіңірілуінің бұзылуы сияқты сирек тұқым қуалайтын аурулары бар пациенттерге 20 мг Коринфар ретард – Тева препаратын босап шығуы ұзаққа созылатын таблеткаларды тағайындауға болмайды.
Арнайы ескертулер
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге тұрақты бақылау қажет, препарат дозасын төмендету қажет болуы мүмкін. Гипертрофиялық обструктивті кардиомиопатиямен, айқын брадикардиямен немесе тахикардиямен, синус түйінінің әлсіздік синдромымен, жүрек жеткіліксіздігімен, жеңіл немесе орташа артериялық гипертензиямен, ми қан айналымының ауыр бұзылуымен, асқазан-ішек жолының өтімсіздігімен ауыратын науқастарға сақтықпен қолдану керек.
Артериялық гипотензиясы бар пациенттерде сақтық таныту керек, өйткені артериялық қысымның одан әрі төмендеу қаупі бар, сондай-ақ артериялық қысымы өте төмен пациенттерде (систолалық артериялық қысымы 90 мм с.б. төмен ауыр гипотензия) жүрек жеткіліксіздігі нашарлаған жағдайда сақ болу керек.
Коринфар-Тева бета-блокаторлармен және басқа да гипертензияға қарсы дәрілермен біріктіріп қолдануға болады, алайда постуральді гипотензияға әкелетін аддитивті әсер болуы мүмкін. Коринфар-Тева басқа гипертензияға қарсы емді тоқтатқаннан кейін ықтимал жағымсыз әсерлердің алдын алмайды.
Коринфарт ретард-Тева жүрек резерві төмендеген пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Нифедипинді қабылдау кезінде сирек жағдайларда жүрек жеткіліксіздігінің нашарлауы байқалды.
Коринфар-Тева алатын қант диабеті бар науқастарға диабетке қарсы емдеуді түзету қажет болуы мүмкін.
Қатерлі гипертензиясы және гиповолемиясы бар диализдегі пациенттерде артериялық қысымның айқын төмендеуі мүмкін.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Артериялық қысымның төмендеуімен байланысты психомоторлық реакциялардың баяулау мүмкіндігін ескеру қажет.
Нифедипинді клиникалық қажеттілік жағдайларын қоспағанда, жүктілік кезінде қолдануға болмайды.
Коринфар ретард-Тева стандартты емнің әсерінсіз ауыр артериялық гипертензиясы бар әйелдерге қолдануға болады.
Нифедипинді магний сульфатын вена ішіне енгізумен бірге қолданған кезде артериялық қысымды мұқият бақылау керек, өйткені артериялық қысымның шамадан тыс төмендеуі мүмкін, бұл анаға да, шаранаға да зиян тигізуі мүмкін.
Коринфар ретард -Тева емшек емізу кезінде ұсынылмайды, өйткені нифедипин адам сүтіне бөлінеді және нифедипиннің балаға әсері белгісіз.
Нифедипинге әсер ететін препараттар
Нифедипин цитохромы P450 жүйесінің CYP3A4 изоферментінің көмегімен метаболизденеді, нифедипинді тағайындау кезінде келесі препараттармен бірге өзара әрекеттесудің дәрежесі мен ұзақтығын ескеру керек.
Рифампицин: Рифампицин Р450 3А4 цитохромы жүйесін күшті индукциялайды. Рифампицинмен бірге қолданғанда нифедипиннің биожетімділігі күрт төмендейді және тиімділігі баяулайды. Рифампицинді нифедипинмен бірге қолдануға болмайды.
Р450 3А4 цитохромы жүйесінің белгілі тежегіштерін бірге қолданған кезде артериялық қысымды бақылау және қажет болса нифедипин дозасын төмендету туралы мәселені қарау керек.
Көптеген жағдайларда осы уақытқа дейін нифедипин мен аталған препараттар арасындағы дәрілік өзара әрекеттесу әлеуетін бағалау үшін ресми зерттеулер жүргізілген жоқ.
Нифедипиннің әсерін күшейтетін препараттар:
- макролидті антибиотиктер (мысалы, эритромицин)
- АИТВ-протеаза тежегіштері (мысалы, ритонавир)
- микробқа қарсы азолды дәрілер (мысалы, кетоконазол)
- флуоксетин
- нефазодон
- квинупристин / дальфопристин
- цизаприд
- вальпрой қышқылы
- циметидин
- дилтиазем
Р450 3А4 цитохромы жүйесінің индукторларымен бірге қолданған кезде нифедипинге клиникалық жауапты бақылау және қажет болса нифедипин дозасын арттыру керек. Егер екі препаратты бір мезгілде қолданғанда нифедипин дозасы жоғарыласа, онда емдеуді тоқтатқан кезде оны төмендету керек.
Нифедипиннің әсерін бәсеңдететін препараттар:
- рифампицин (жоғары қараңыз)
- фенитоин
- карбамазепин
- фенобарбитал
Нифедипиннің басқа дәрілік препараттарға әсері
Нифедипин гипертензияға қарсы дәрілермен бір мезгілде қолданғанда артериялық қысымды төмендету әсерін күшейтуі мүмкін.
Нифедипинді β-рецепторлардың блокаторларымен бір мезгілде қолданған кезде пациент бақылауда болуы тиіс, өйткені жүрек жеткіліксіздігінің нашарлау жағдайлары туралы белгілі.
Дигоксин: нифедипин мен дигоксинді бір мезгілде қабылдау дигоксин клиренсінің төмендеуіне, демек, қан плазмасындағы дигоксин деңгейінің жоғарылауына әкелуі мүмкін. Сондықтан пациенттер дигоксиннің артық дозалану симптомдарын анықтау үшін мұқият бақылауды талап етеді және қажет болса оның дозасын төмендету керек.
Хинидин: нифедипин қан плазмасындағы хинидин концентрациясын төмендетеді, алайда оны тоқтатқан кезде хинидин мөлшері едәуір артуы мүмкін, бұл оның дозасын түзетуді талап етеді. Нифедипинді біріктіріп қолдану немесе қабылдауды тоқтату кезінде қан плазмасындағы хинидин концентрациясын бақылау және қажет болса хинидин дозасын түзету ұсынылады. Артериялық қысымды мұқият бақылап, қажет болғанда нифедипин дозасын азайту керек.
Такролимус: Такролимус Р450 3А4 цитохромы жүйесі арқылы метаболизденеді. Жарияланған деректер нифедипинмен бірге қолданғанда такролимус дозасын төмендету қажеттілігін көрсетеді. Екі препаратты бірге қолданған кезде қан плазмасындағы такролимус концентрациясын бақылау және қажет болса такролимус дозасын төмендету керек.
Тамақпен өзара әрекеттесу
Грейпфрут шырыны Р450 3А4 цитохромы жүйесін тежейді. Нәтижесінде грейпфрут шырынын бір мезгілде қабылдау нифедипиннің метаболизмін тежейді, бұл оның қан плазмасындағы концентрациясының ұлғаюына және клиренстің бірінші өту әсерінің төмендеуі немесе азаюы салдарынан нифедипин әсерінің күшеюіне әкеледі. Нәтижесінде нифедипиннің артериялық қысымды төмендету әсерін арттыруға болады. Грейпфрут шырынын үнемі қолданған кезде, бұл әсер грейпфрут шырынын соңғы қабылдағаннан кейін кем дегенде үш күн сақталуы мүмкін. Нифедипинді қолданған кезде грейпфрут/грейпфрут шырынын қабылдаудан аулақ болу керек.
Өзара әрекеттесудің басқа түрлері
Нифедипинді қолдану несептегі ванилил-бадам қышқылының концентрациясын спектрофотометриялық анықтау кезінде жалған оң нәтижелерге әкелуі мүмкін. Жоғары тиімді сұйықтықпен хроматографиялау әдісін қолданған кезде мұндай әсер байқалмайды.
In vitro экстракорпоральді ұрықтандырудың кейбір жағдайларында кальций антагонистері, мысалы нифедипин, сперматозоидтың бас аймағындағы қайтымды биохимиялық өзгерістермен байланысты, бұл сперматозоидтардың жұмысына зақым келтіруі мүмкін. Қайталанған in-vitro ұрықтандыру сәтсіз болған жағдайларда, басқа түсіндірулер болмаса, нифедипин сияқты кальций антагонистерін ықтимал себеп ретінде назарға алу керек.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25° С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.