4.5 Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі және өзара әрекеттесудің басқа түрлері
Косопт БК-ның басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі бойынша арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ.
Клиникалық зерттеуде бұл дәрілік препарат бір рет қолдануға арналған контейнерде мынадай жүйелі дәрілік препараттармен: АӨФ тежегіштерімен, кальций антагонисттерімен, диуретиктермен, стероидты емес қабынуға қарсы дәрілік заттармен (ацетилсалицил қышқылын қоса) және гормондармен (мысалы, эстроген, инсулин, тироксин) бір мезгілде қандай да бір қолайсыз дәрілік өзара әрекеттесусіз қолданылды.
Гипотензияны және/немесе айқын брадикардияны туындататын аддитивті әсерлердің құрамында бета-адреноблокаторлар бар офтальмологиялық препараттарды ішке қабылдаумен бір мезгілде кальций өзекшелерінің тежегіштерін, бета-адреноблокаторларды, аритмияға қарсы препараттарды (амиодаронды қоса), оймақгүл гликозидтерін, парасимпатомиметиктерді, ксанетидинді, есірткілік дәрілерді және моноаминоксидаза тежегіштерін (МАО) қабылдаған кезде туындау ықтималдылығы бар.
CYP2D6 тежегіштерін (мысалы, хинидин, флуоксетин, пароксетин) және тимололды бір мезгілде қабылдаған кезде бета-адренорецепторлардың (мысалы, брадикардия, депрессия) жүйелік блокадасының күшеюі байқалуы мүмкін екендігі хабарланды.
Косопт БК (консерванты бар) препараты қарашықтың өлшеміне аз әсер етсе де немесе мүлдем әсер етпесе де, құрамында бета-адреноблокаторлар және адреналин (эпинефрин) бар офтальмологиялық препараттарды бір мезгілде қолдану салдарынан туындайтын мидриаз туралы кейде хабарланды.
Бета-адреноблокаторлар диабетке қарсы дәрілердің гипогликемиялық әсерін күшейте алады.
Пероральді қолдануға арналған бета-адреноблокаторлар артериялық гипертензияны күшейтуі мүмкін, бұл клонидинді тоқтатудан туындауы мүмкін.
.
4.6 Фертильділік, жүктілік және лактация.
Жүктілік
Косопт БК жүктілік кезінде қолдануға болмайды.
Дорзоламид
Препаратты жүктілік кезінде қолдану туралы талапқа сай клиникалық деректер жоқ. Үй қояндарында дорзоламид жүкті әйелдерге уытты дозаларда тератогендік әсер етті (5.3 бөлімін қараңыз).
Тимололды айқын қажеттілік жағдайларын қоспағанда, жүктілік кезінде қолдануға болмайды.
Жүйелік сіңірілуін төмендету жөніндегі шаралар 4.2 бөлімінде көрсетілген.
Эпидемиологиялық зерттеулер мальформациялық әсерлерді анықтамады, бірақ бета-адреноблокаторларды пероральді қабылдаған жағдайда ұрықтың құрсақішілік өсуінің тежелу қаупін анықтады. Сонымен қатар, егер босанғанға дейін бета-адреноблокаторлар қолданылса, бета-рецепторлар блокадасының объективті және субъективті симптомдары (мысалы, брадикардия, гипотония, респираторлық дистресс және гипогликемия) жаңа туған нәрестелерде байқалды. Егер бұл препарат босанғанға дейін қолданылса, жаңа туған нәресте өмірдің алғашқы күндерінде мұқият бақылауды қажет етеді.
Бала емізу
Дорзоламидтің ана сүтіне шығарылатыны белгісіз. Лактация кезінде дорзоламид қабылдаған егеуқұйрықтарда ұрпақтарында дене салмағының төмендегені байқалды.
Бета-адреноблокаторлар емшек сүтіне шығады. Алайда, көзге тамызатын дәрі түрінде қолданылатын тимололдың емдік дозасында нәрестеде бета-рецепторлар блокадасының клиникалық симптомдарын туындату үшін емшек сүтінде оның жеткілікті мөлшерінің пайда болуы екіталай.
Жүйелік сіңірілуін төмендету жөніндегі шаралар 4.2 бөлімінде көрсетілген.
Егер Косопт БК препаратын қолдану қажет болса, онда бала емізу ұсынылмайды.
4.7 Көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсері
Препараттың көлік құралдарын жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне әсеріне зерттеу жүргізілген жоқ. Алайда, кейбір пациенттердің көлік құралын басқару және/немесе механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етуі мүмкін көрудің тұмандануы сияқты жағымсыз реакциялар байқалуы мүмкін.
4.8 Жағымсыз реакциялар
(Жағымсыз құбылыстардың жиілігін айқындау мынадай критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥1/100-ден < 1/10-ға дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100-ге дейін), сирек (≥ 1/10000-нан < 1/1000-ға дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
Бір рет қолдануға арналған контейнерде Косопт БК көзге тамызатын дәрісін қолдану жөніндегі клиникалық зерттеулерде байқалған жағымсыз реакциялар Косопт БК (консерванты бар), дорзоламид гидрохлориді және/немесе тимолол малеаты үшін бұрын хабарланғандарға сәйкес келді.
Клиникалық зерттеулерде 1035 пациент Косопт БК (консерванты бар) препаратын қабылдады. Пациенттердің шамамен 2,4% - ы көз тарапынан жергілікті жағымсыз реакциялар салдарынан Косопт БК (консерванты бар) препаратымен емдеуді тоқтатты; пациенттердің шамамен 1,2% - ы аллергиядан немесе аса жоғары сезімталдықтан (мысалы, қабақтың қабынуы және конъюнктивит) туындаған жергілікті жағымсыз реакциялар салдарынан емдеуді тоқтатты.
Қайталама дозамен жүргізілген қос жасырын салыстырмалы зерттеуде Косопт БК препаратының және Косопт БК (консерванты бар) препаратының қауіпсіздік бейіндері ұқсас болып табылатыны көрсетілген.
Басқа жергілікті офтальмологиялық дәрілер сияқты, тимолол жүйелі қанағымға сіңеді. Бұл жүйелі қолдану үшін бета-адреноблокаторларды пайдаланғанда байқалатынға ұқсас жағымсыз әсерлерді туындатуы мүмкін. Офтальмологиялық препаратты жергілікті қолданғаннан кейін жүйелі жағымсыз реакциялардың жиілігі жүйелі қолданғанға қарағанда төмен.
Косопт БК немесе оның компоненттерінің біріне келесі жағымсыз реакциялар туралы клиникалық зерттеулер кезінде немесе пост-маркетингтік қолдану барысында хабарланды:
Жүйе-ағза класы (MedDRA) — Тұжырымдау — Өте жиі — Жиі — Жиі емес — Сирек — Белгісіз
Иммундық жүйенің бұзылуы — Косопт — жүйелі аллергиялық реакциялардың белгілері мен симптомдары, соның ішінде ангионевроздық ісіну, есекжем, қышыну, бөртпе, анафилаксияны қоса алғанда
Тимолол малеаты көзге тамызатын дәрісі — аллергиялық реакциялардың белгілері мен симптомдары, соның ішінде ангионевроздық ісіну, есекжем, жергілікті және жайылған бөртпе, анафилаксияны қоса алғанда — қышу
Метаболизм және тамақтану бұзылыстары — Тимолол малеаты көзге тамызатын дәрісі — гипогликемия
Психикалық бұзылулар — Тимолол малеаты көзге тамызатын дәрісі — депрессия — ұйқысыздық*, қорқынышты түстер көру*, есте сақтау қабілетінің жоғалуы — елестеулер
Жүйке жүйесінің бұзылыстары — Дорзоламид гидрохлориді көзге тамызатын дәрісі — бас ауыру * — бас айналу*, парестезия*
Тимолол малеаты көзге тамызатын дәрісі — бас ауыру * — бас айналу*, естен тану* — парестезия*, миастения белгілері мен симптомдарының күшеюі*, либидоның төмендеуі*, ми қанайналымының жедел бұзылуы*, церебральдық ишемия
Көру мүшесі тарапынан бұзылулар — Косопт — ашыту және шаншу — конъюнктивалық инъекция, бұлыңғыр көру, мөлдір қабықтың эрозиясы, көздің қышуы, жас ағу
Дорзоламид гидрохлориді көзге тамызатын дәрісі — қабақтың қабынуы*, қабақтың тітіркенуі* — иридоциклит* — Көздің тітіркенуі*, оның ішінде қызару*, ауырсыну* қабақтарда қабыршақтың пайда болуы*, өтпелі миопия (емді тоқтатқаннан кейін жазылды) мөлдірқабықтың ісінуі*, КІҚ төмендеуі*, көздің тамырлы қабығының ажырауы (фильтрациялық хирургиядан кейін)* — көзде бөгде зат тұрғандай сезіну
Тимолол малеаты көзге тамызатын дәрісі — блефаритті*, кератитті*, мөлдірқабықтың сезімталдығының төмендеуін және көздің құрғауын қоса алғанда, көз тітіркенуінің белгілері мен симптомдары* — рефракцияның өзгеруін қоса алғанда, көрудің бұзылуы (кейбір жағдайларда миотиктермен емді тоқтату салдарынан)* — птоз, диплопия, фильтрациялық хирургиядан кейін көздің тамырлы қабығының ажырауы* (4.4 бөлімін қараңыз) — қышу, жас ағу, көздің қызаруы, бұлыңғыр көру, мөлдірқабықтың эрозиясы
Есту мүшесінің және лабиринттің бұзылуы — Тимолол малеаты көзге тамызатын дәрісі — құлақтағы шуыл*
Жүрек қызметінің бұзылыстары — Тимолол малеат көзге тамызатын дәрісі — брадикардия* — кеуденің ауыруы*, жүректің жиі соғуы*, ісіну*, аритмия*, жүрек функциясының жеткіліксіздігі*, жүректің тоқтап қалуы*, жүрек блокадасы — атриовентрикулярлық блокада, жүрек функциясының жеткіліксіздігі
Дорзоламид гидрохлориді көзге тамызатын дәрісі — жүректің жиі қағуы, тахикардия
Қан тамырлар тарапынан бұзылулар — Тимолол малеаты көзге тамызатын дәрісі — гипотония*, мезгіл-мезгіл ақсаңдау, Рейно феномені*, қол мен аяқтың мұздауы*
Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы және көкірекортасы тарапынан бұзылулар — Косопт — синусит — ентігу, тыныс алу жеткіліксіздігі, ринит, сирек бронх түйілуі
Дорзоламид гидрохлориді көзге тамызатын дәрісі — мұрыннан қан кету* — ентігу
Тимолол малеаты көзге тамызатын дәрісі — ентігу * — бронх түйілуі (негізінен анамнезінде бронхоспазмдық ауруы бар пациенттерде)*, тыныс алу жеткіліксіздігі, жөтел*
Асқазан-ішек жолдары тарапынан бұзылулар — Косопт — дисгевзия
Дорзоламид гидрохлориді көзге тамызатын дәрісі — жүрек айну* — тамақтың жыбырлауы, ауыздың құрғауы*
Тимолол малеаты көзге тамызатын дәрісі — жүрек айну*, диспепсия* — диарея, ауыздың құрғауы* — дисгевзия, іштің ауыруы, құсу
Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар — Косопт — жанаспалы дерматит, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз
Дорзоламид гидрохлориді көзге тамызатын дәрісі — бөртпе*
Тимолол малеаты көзге тамызатын дәрісі — алопеция*, псориаз тәрізді бөртпе немесе псориаздың өршуі * — тері бөртпесі
Бұлшықет, сүйек және дәнекер тін тарапынан бұзылулар — Тимолол малеаты көзге тамызатын дәрісі — жүйелі қызылжегі — миалгия
Бүйрек және несеп шығару жолдары тарпынан бұзылуы — Косопт — несептас ауруы
Ұрпақ өрбіту жүйесі және сүт бездері тарапынан бұзылулар — Тимолол малеаты көзге тамызатын дәрісі — Пейрони ауруы*, либидоның төмендеуі — сексуалдық дисфункция
Жалпы бұзылулар және инъекция орнындағы реакциялар — Дорзоламид гидрохлориді көзге тамызатын дәрісі — астения/әлсіздік*
Тимолол малеаты көзге тамызатын дәрісі — астения/әлсіздік*
*Бұл жағымсыз реакциялар Косопт препаратын тіркеуден кейінгі қадағалау кезінде де байқалды.
**Офтальмологиялық бета-блокаторларды қолданғанда қосымша жағымсыз реакциялар байқалды және олар Косопт препаратын қолданғанда да туындауы мүмкін.
Күмәнді жағымсыз реакциялар туралы хабарлау
Дәрілік препараттың (ДП) «пайда-қауіп» арақатынасын үздіксіз мониторингтеуді қамтамасыз ету мақсатында дәрілік препаратты тіркеуден кейін күмән тудыратын жағымсыз реакциялар туралы хабарлау маңызды. Медициналық қызметкерлерге ҚР жағымсыз реакциялар туралы ұлттық хабарландыру жүйесі арқылы ДП кез келген күмәнді жағымсыз реакциялары туралы мәлімдеуге кеңес беріледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
4.9 Артық дозалану
Косопт БК препаратын кездейсоқ немесе әдейі жұтқан кезде адамда туындайтыне артық дозалануға қатысты деректер жоқ.
Симптомдары
Бас айналу, бас ауыру, ентігу, брадикардия, бронх түйілуі және жүректің тоқтауы сияқты жүйелі әсер ететін бета-адреноблокаторларды қолдану кезінде байқалатын жүйелі жағымсыз әсерлердің дамуын туындатқан тимолол малеатының көзге тамызатын дәрісімен байқаусызда артық дозалану туралы хабарламалар бар.
Дорзоламидпен артық дозаланғанда күтілетін ең көп кездесетін көріністер мен симптомдар электролиттердің теңгерімсіздігі, ацидоздың дамуы, бәлкім, орталық жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар болып табылады.
Дорзоламид гидрохлоридін кездейсоқ немесе әдейі жұтқан кезде адамда артық дозалану туралы шектеулі ақпарат қана қолжетімді. Ішке қабылдаған кезде ұйқышылдық сияқты симптомдар туралы хабарланды; жергілікті қолданғанда жүрек айну, бас айналу, бас ауыру, әлсіздік, ұйқының бұзылуы және дисфагия сияқты симптомдар туралы хабарланды.
Емі
Емдеу симптоматикалық және демеуші болуы керек. Сарысудағы электролиттер деңгейін (атап айтқанда, калий) және қанның рН деңгейін бақылау қажет. Зерттеулер тимололды диализ көмегімен шығару қиын екенін көрсетті.
5. ФАРМАКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ
5.1. Фармакодинамикалық қасиеттері
Фармакотерапиялық тобы: Офтальмологиялық препараттар. Глаукомаға қарсы препараттар және миотиктер. Бета-блокаторлар. Басқа препараттармен біріктірілген тимолол.
АТХ коды S01ED51
Әсер ету механизмі
Косопт БК дәрілік препаратының құрамында екі әсер етуші зат бар: дорзоламид гидрохлориді және тимолол малеаты. Осы екі компоненттің әрқайсысы сулы ылғал секрециясының төмендеуі есебінен көзішілік қысымның (КІҚ) жоғарылауын әртүрлі әсер ету механизмдері арқылы төмендетеді.
Дорзоламид гидрохлориді адамның карбоангидраза-II (СА-II) күшті селективті тежегіші болып табылады. Көздің цилиарлық өсінділеріндегі карбоангидразаның тежелуі сулы ылғал секрециясын төмендетді, шамамен бикарбонат иондарының түзілуін азайту арқылы, бұл өз кезегінде натрий мен сұйықтық тасымалын баяулатады.
Тимолол малеаты селективті емес бета-блокатор болып табылады. Тимолол малеатының КІҚ-ны төмендетуге нақты әсер ету механизмі қазіргі уақытта нақты анықталған жоқ, дегенмен флуоресцеинмен жүргізілген зерттеулер және тонографиялық зерттеулер әсер негізінен сулы ылғал секрециясының төмендеуімен байланысты болуы мүмкін деп көрсетеді. Алайда, кейбір зерттеулерде сулы ылғал ағуы шамалы активациялануының жоғарылағаны байқалды. Осы екі белсенді заттың біріктірілген әсері жеке қолданылатын әрбір заттың әсерімен салыстырғанда КІҚ қосымша төмендеуін туындатады.
Косопт БК препаратын жергілікті қолданғаннан кейін жоғары КІҚ оның глаукомамен байланысты болуына немесе болмауына қарамастан төмендейді. КІҚ жоғарылауы оптикалық көру жүйкесінің зақымдану және көру аумағының глаукоматозды тарылуының патогенезіндегі негізгі қауіп факторы болып табылады. Косопт БК никталопия, қарашықтардың аккомодациялық түйілу және тарылуы сияқты миотикалық препараттарға ортақ жағымсыз әсерлерінсіз КІҚ төмендетеді.
Фармакодинамикалық әсерлері
Клиникалық әсерлері
Ұзақтығы 15 айға дейінгі клиникалық зерттеулер біріктірілген ем сәйкес келген глаукомасы немесе көзішілік гипертензиясы бар пациенттерде күніне екі рет (таңертең және ұйықтар алдында) 0,5% тимолол мен 2,0% дорзоламидті бір мезгілде және бөлек қолдана отырып қабылдау кезінде Косопт БК (консерванты бар) препаратының КІҚ төмендеуіне тигізетін әсерін салыстыру үшін жүргізілді. Зерттеуге бұрын емделмеген пациенттер де, тимололмен жүргізілген монотерапия тиімді болмаған пациенттер де кірді. Зерттеуге енгізілгенге дейін пациенттердің көпшілігі жергілікті бета-адреноблокаторлармен емделді. Біріктірілген зерттеулерді талдау кезінде Косопт БК (консерванты бар) препаратын күніне екі рет пайдаланған кезде КіҚ-ға әсері 2% дорзоламидпен күніне үш рет немесе 0,5% тимололмен күніне екі рет монотерапияның гипотензиялық әсеріне қарағанда айқын болды. Косопт БК (консервантпеы бар) препаратын күніне екі рет пайдаланған кезде КІҚ төмендеуі күніне екі рет дорзоламидпен және күніне екі рет тимололмен біріктірілген емге баламалы болды. Дәл осындай әсер Косопт БК препаратын күніне екі рет қолданған кезде тәулік бойы уақыттың әртүрлі сәттерінде өлшегенде көрсетілді және бұл әсер ұзақ уақыт қолданғанда сақталды.
Көзішілік қысым ≥ 22 мм сын. бағ. жоғары 261 пациентте белсенді емдеу әдісімен жүргізілген параллель қос жасырын бақыланатын зерттеуде бір немесе екі көзде Косопт БК препаратын қолдану Косопт БК препаратын қолданғаннан кейін тиісті төмендеуге баламалы КІҚ төмендеуін туындатты. Косопт БК препаратының қауіпсіздік бейіні КОСОПТ (консерванты бар) препаратына ұқсас болды.
Балаларда қолдану
Бірінші кезекте 6 жасқа дейінгі балалардағы дорзоламид гидрохлоридінің 2% офтальмологиялық ерітіндісінің қауіпсіздігін құжатқа жазып алу мақсатында үш айлық бақыланатын клиникалық зерттеу жүргізілді. Бұл зерттеуде дорзоламидпен немесе тимололмен жүргізілетін монотерапия көмегімен КІҚ төмендеуіне қол жеткізе алмаған 2 жастан 6 жасқа дейінгі 30 пациент ашық зерттеу кезеңінде Косопт БК (консерванты бар) препаратын қабылдады. Бұл пациенттерде тиімділігі анықталған жоқ. Пациенттердің осы шағын тобында Косопт БК (консерванты бар) препаратын күніне екі рет әдетте жақсы көтерді, 19 пациент емді аяқтады, 11 пациент хирургиялық араласу, емді ауыстыру салдарынан немесе басқа да себептер бойынша емді тоқтатты.