Әсер ету механизмі
Кобиметиниб – пероральді қабылдауға арналған қайтымды, селективті, аллостериялық тежегіш, жасушадан тыс сигналдармен (MEK) 1 және MEK 2 реттелетін, митогенді белсендірілетін киназаға бағытталып әсер ететін митоген-белсендірілетін протеинкиназаның сигнал жолдарын бөгейді (MAPK), бұл жасушадан тыс сигналдармен (ERK) 1 және ERK 2 реттелетін киназаның фосфорлануын тежеуге әкеледі. Осылайша, кобиметиниб MAPK сигналдық жолдарымен индукцияланған MEK1/2 сигналдық түйінді тежеумен жасушалардың пролиферациясын бөгейді.
Клиникаға дейінгі үлгілерде кобиметиниб пен вемурафенибтің біріктірілімі V600 мутациялы BRAF ақуыздарға және меланома жасушаларындағы MEK ақуызына бірмезгілде бағытталған әсеріне байланысты MEK1/2 арқылы екі препараттың үйлесімі MAPK сигналдық жолының қайта белсенуін тежейді, бұл сигналдардың жасушаішілік берілуінің тым айқын бәсеңдеуіне және ісік жасушаларының пролиферациясы азаюына әкеледі.
Клиникалық тиімділік және қауіпсіздік
ОЖЖ-да метастазалары бар пациенттерде вемурафенибпен біріктірілген Котеллик препаратының қауіпсіздігі жөніндегі деректер шектеулі және тиімділігі туралы деректер жоқ. Теріде орналаспаған қатерлі меланомасы бар пациенттер туралы деректер жоқ.
GO28141 (coBRIM) зерттеуі
GO28141 зерттеуі-III фазаның көп орталықты рандомизацияланған салыстырмалы жасырын плацебо-бақыланатын зерттеуі, вемурафенибпен біріктірілген Котеллик препаратының қауіпсіздігі немесе тиімділігі, операциялауға болмайтын жергілікті таралған (IIIc сатысындағы) немесе метастазды (IV сатысы) мутациялары BRAF V600 бар меланомалы бұрын емделмеген пациенттерде вемурафенибпен біріктірілген плацебомен салыстырыла бағаланған. GO28141 зерттеуіне тек ECOG шкаласы бойынша функционалдық статусы 0 және 1 пациенттер ғана қостырылған. ECOG шкаласы бойынша функционалдық статусы 2 және одан жоғары пациенттер зерттеуден шығарылған.
Сobas® 4800 BRAF V600 тестін пайдалана отырып BRAF V600 мутациясының болуын растағаннан кейін, операциялауға болмайтын жергілікті-таралған немесе метастаздық меланомасы бар бұрын емделмеген 495 пациенттерді мыналарды алу үшін топтарға рандомизациялаған:
•плацебо тәулігіне бір рет емнің 28 күндік циклының әр 1–нен 21 күні және вемурафениб 960 мг дозада тәулігіне екі рет 1–нен 28 күні, немесе
•Котеллик препаратын 60 мг дозада тәулігіне бір рет 28 күндік циклының әр 1–нен 21 күні және вемурафениб 960 мг дозада тәулігіне екі рет 1–нен 28 күні
Бастапқы ақырғы нүкте, зерттеушілер бағалауы бойынша, үдеусіз өміршеңдік (ҮӨ) болды. Екінші ақырғы нүкте тиімділігінде зерттеушілердің және ҮӨ тәуелсіз бақылау комитеті (ТБК) бағалауы бойынша жалпы өміршеңдік (ЖӨ), объективті жауап жиілігі (ОЖЖ), жауаптың ұзақтығы (ЖҰ) қосылды.
Негізгі бастапқы сипаттамалары: 58% пациент ер жынысты болды; жасының медианасы 55 жас құрады (23 жастан бастап 88 жасқа дейінгі диапазон); 60% пациентте M1c сатысындағы метастаздық меланома болды; кобиметиниб вемурафенибпен біріктіріп алған топтағы ЛДГ деңгейі жоғары пациенттердің үлесі 46.3 % және плацебо вемурафенибпен біріктіріліп алынған топта - 43.0% құрады.
GO28141 зерттеуінде 89 пациент (18.1%) 65-74 жаста, 38 пациент (7.7%) - 75-84 жастағы және 5 пациент (1.0%) – 85 жас немесе одан жоғары жастағы болды.
Тиімділік нәтижелері 5-кестеде жинақталған.
Кесте 5. GO28141 (coBRIM) зерттеуінде алынған тиімділік нәтижелері
Котеллик + вемурафениб N=247 — Плацебо + вемурафениб N=248
Алғашқы ақырғы нүктеa, f
Үдеусіз өміршеңдік (ҮӨ)
Медианасы (айлар) (95% СА) — 12.3 (9.5, 13.4) — 7.2 (5.6, 7.5)
Қауіптің арақатынасы (95% СА) b — 0.58 (0.46; 0.72)
Негізгі салдарлы ақырғы нүктелерa, f
Жалпы өміршеңдік (ЖӨ)g
Медианасы (айлар) (95% СА) — 22.3 (20.3, NE) — 17.4 (15.0, 19.8)
Қауіптің арақатынасы (95% СА)b — 0.70 (95% СА: 0.55, 0.90) (p-мәні=0.0050e)
Объективті жауап жиілігі (ОЖЖ) — 172 (69.6%) — 124 (50.0%)
(95% СА) ОЖЖ үшінc — (63.5%, 75.3%) — (43.6%, 56.4%)
ОЖЖ айырмашылығы, % (95% СА)d — 19.6 (11.0, 28.3)
Ең жақсы жалпы жауап (ЕЖЖЖ)
Толық жауап — 39 (15.8%) — 26 (10.5%)
Ішінара жауап — 133 (53.8%) — 98 (39.5%)
Аурудың тұрақтануы — 44 (17.8%) — 92 (37.1%)
Жауаптың ұзақтығы (ЖауҰз)
Медианасы ЖауҰз (айлар) (95% СА) медиана үшін — 13 (11.1, 16.6) — 9.2 (7.5, 12.8)
NE = бағалау мүмкін емес
a RECIST v1.1 критерийлерін пайдаланумен зерттеуші (ИСЛ) бағалаған және растаған
b Географиялық аймақ және классификация метастаздануының жіктемесі (ауру сатысы) бойынша стратифицирленген талдау
c Клоппер-Пирсон әдісін қолданумен
d Хаук-Андерсон әдісін қолданумен
e ЖӨ үшін p- мәні (0.0050) алдын ала берілген шектен асып түсті (p-мәні <0.0499)
f Осы жаңартылған ҮӨ талдауы үшін және салдарлы ақырғы нүктелер (ОЖЖ, НОО және ЖауҰз) үшін деректерді жинау аяқталған күн – 16 қаңтар 2015 жыл. Бақылау медианасы 14.2 ай құрады.
g Соңғы талдау үшін ЖӨ деректерді жинау аяқталған күн – 2015 жылғы 28 тамыз және бақылау медианасы – 18.5 ай.
GO28141 зерттеуін бастапқы талдау үшін деректер жинаудың аяқталу күні 2014 жылғы 9 мамыр болды. Котеллик препаратын вемурафенибпен біріктіріп алған топтағы пациенттерде алғашқы ақырғы нүктенің –зерттеуші бағалауы бойынша ҮӨ елеулі жақсаруы бақыланды, бұл плацебо вемурафенибпен біріктіріп алған топпен салыстырғанда (ОР 0.51 (0.39; 0.68); p-мәні <0.0001). Зерттеуші бағалауы бойынша ҮӨ медианасы Котеллик препаратын вемурафенибпен біріктіріп алған топта 9.9 ай құрады, бұл плацебо вемурафенибпен біріктіріп алған топтағы 6.2 айға қарсы. ТБК бағалауы бойынша ҮӨ медианасы Котеллик препаратын вемурафенибпен біріктіріп алған топта 11.3 айды құрады, бұл плацебо вемурафенибпен біріктіріп алған топтағы 6.0 айға қарсы (ОР 0.60 (0.45; 0.79); p-мәні=0.0003). Котеллик препаратын вемурафенибпен біріктіріп алған топтағы объективті жауап (ОЖЖ) жиілігі плацебо вемурафенибпен біріктіріп алған топтағы 44.8% қарсы 67.6% құрады. ОЖЖ -дағы айырмашылық 22.9% құрады (p-мәні <0.0001).
GO28141 зерттеуіндегі ЖӨ соңғы талдау үшін деректер жинаудың аяқталу күні 2015 жылдың 28 тамызы болды. Котеллик препаратын вемурафенибпен біріктіріп алған топтағы пациенттерде плацебо вемурафенибпен біріктіріп алған топтармен салыстырғанда ЖӨ көрсеткішінің едәуір жақсаруы байқалды» (1-сурет). 1-жылдық (75%) және 2-жылдық (48%) ЖӨ Котеллик препаратын вемурафенибпен біріктіріп алынған топта плацебо вемурафенибпен біріктіріп алынған топқа қарағанда (тиісінше 64% және 38%) жоғары болды.
Сурет 1. ITT-популяциядағы жалпы өміршеңдік Каплан-Мейерінің қисығы (соңғы талдау) (белгілі бір препараттың ең болмағанда бір дозасын қабылдаған зерттеуге енгізілген барлық пациенттер) (деректерді жинау аяқталған күн: 28 тамыз 2015)
Сурет 2. ITT-популяциядағы жалпы өміршеңдік қаупінің арақатынасының мета-талдауы (түпкілікті талдау) (деректерді жинау аяқталған күн: 28 тамыз 2015)
NE = бағалау мүмкіндігі жоқ
Жалпы денсаулық жағдайы/денсаулыққа байланысты өмір сүру сапасын пациенттердің өздері EORTC (QLQ-C30) өмір сүру сапасы бойынша сауалнаманы пайдалана отырып бағалады. Пациенттердің барлық функционалдық қосалқы шкалалары бойынша және көптеген симптомдар бойынша қойған баллдары (тәбеттің жоғалуы, іш қату, жүрек айнуы және құсу, ентігу, ауырсыну, шаршау), көрсеткіштердің орташа өзгерісі, бастапқы мәндермен салыстырғанда, қандай да бір клиникалық елеулі айырмашылықсыз екі емдеу тобында салыстырылғанын көрсетті (барлық баллдар бастапқы деңгеймен салыстырғанда ≤10 тармақ болды).
NO25395 (BRIM7) зерттеуі
Бұл зерттеу БРAFV600 мутациясы бар (cobas® 4800 BRAF V600 тестінің көмегімен расталған) операция жасалмайтын немесе метастаздық меланомасы бар пациенттерді емдеу үшін вемурафенибпен біріктіріп кобиметинибтің қауіпсіздігін, төзімділігін, фармакокинетикасын және тиімділігін бағалау үшін әзірленді. Котеллик препаратының тиімділігі Ib (NO25395) фаза зерттеулерінде бағаланған; бұл зерттеу BRAF V600 мутациясы бар операция жасалмайтын немесе метастаздық меланомасы бар пациенттерді емдеу үшін кобиметинибтің вемурафенибпен біріктірілімінің қауіпсіздігін, жағымдылығын, фармакокинетикасы мен тиімділігін бағалау үшін жасалған (cobas® 4800 BRAF V600 тест көмегімен расталған). Бұл зерттеуде 129 пациент вемурафенибпен Котеллик препаратымен біріктірілген ем алды: бұрын ешқашан BRAF (тBRAF) тежегіштерін алмаған 63 пациент және вемурафенибпен алдыңғы ем барысында ауру үдеуі дамыған 66 пациент. Бұрын тBRAF алмаған 63 пациент, осыған дейін 20 пациент таралған меланома себепті жүйелі ем, көп жағдайларда (80%) – иммунотерапия алған.
NO25395 зерттеуіндегі пациенттерден алынған нәтижелер бұрын тBRAF алмаған пациенттерде негізінен GO28141 зерттеуінің нәтижелеріне сәйкес келді. Бұрын тBRAF (n=63) алмаған пациенттерден объективті жауап жиілігі 87% жетті, ішінде толық жауапты 16% пациент бар. Жауап ұзақтығының медианасы 14.3 ай құрады. Бұрын тBRAF алмаған пациенттерде ҮӨ медианасы 13.8 айды құрады; бақылау ұзақтығының медианасы 20.6 ай құрады.
Бұрын вемурафенибпен алдыңғы ем барысында (n=66) прогрессивті болған пациенттерде объективті жауап жиілігі 15% құрады. Жауап ұзақтығының медианасы 6.8 ай құрады. Бұрын вемурафенибпен емдеу барысында прогрессивті болған пациенттерде ҮӨ медианасы 2.8 айды құрады; бақылау ұзақтығы медианасы 8.1 айды құрады.
Бұған дейін BRAF тежегіштерін қабылдамаған пациенттерде жалпы өміршеңдік медианасы 28.5 айды (95% СА 23.3-34.6) құрады. Алдыңғы BRAF тежегішімен емдеу барысында үдеуі болған пациенттерде жалпы өміршеңдік медианасы 8.4 айды құрады (95% СА 6.7-11.1).
Балалар
Котеллик препаратының қауіпсіздігін, тиімділігін және фармакокинетикасын бағалау мақсатында, балалар жасындағы (< 18 жас, n=55) пациенттерде дозасын арттырумен I/II фазадағы көпорталықтық ашық зерттеу жүргізілді. Зерттеуге балалар жасындағы, RAS/RAF/MEK/ERK жолдарының белсенуі белгісіз немесе ықтимал ауқымды ісіктері бар пациенттер кірістірілді, олар үшін стандартты ем тиімсіз немесе жақпайтын болып шықты, немесе олар үшін стандартты емдеу нұсқалары жоқ болып шықты. Пациенттер Котеллик препаратын әрбір 28 күндік циклдың 1-21 күндері аралығында тәулігіне бір рет 60 мг дейінгі дозада пероральді қабылдады. Жауаптардың жалпы жилігі төмен, бар болғаны 2 ішінара жауап (3,6%) болды.