Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Раствор для подкожного введения
Дозасы
200 мг/мл
Саудалық атауы
Кофеин-натрий бензоаты
Әсер етуші зат
кофеин
Мақсаты
ОЖЖ, тыныс алу және жүрек-қантамыр жүйесі функцияларының бәсеңдеуімен байланысты жағдайлар: есірткілік заттармен улану, ауыр инфекциялық аурулар, жалпы анестетиктерді (наркозды)…
Өндіруші
Открытое акционерное общество "Борисовский завод медицинских препаратов" (ОАО "БЗМП")
Ел
Беларусь
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
бір ампуланың (1 мл) ішінде
белсенді зат – кофеин-натрий бензоаты – 200 мг
қосымша заттар: натрий гидроксидінің 0.1 М ерітіндісі, инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір, түссіз немесе сәл сарғыш түсті сұйықтық
– ОЖЖ, тыныс алу және жүрек-қантамыр жүйесі функцияларының бәсеңдеуімен байланысты жағдайлар: есірткілік заттармен улану, ауыр инфекциялық аурулар, жалпы анестетиктерді (наркозды) қолданғаннан кейінгі жағдайлар
– ми тамырларының түйілуі
– ауыр жалпы соматикалық және инфекциялық ауруларды бастан өткергеннен кейін реконвалесценция кезеңінде ақыл-ой және физикалық жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі
– нарколепсия.
Жүйке жүйесі. Психоаналептиктер. Зейін тапшылығы және аса жоғары белсенділік кезінде қолданылатын психостимуляторлар. Ксантин туындылары. Кофеин.
АТХ коды N06B С01
Психостимуляциялаушы және аналепсиялық қасиеттері бар.
Әсер ету механизмі кофеиннің пуриндік А1 және A2A-рецепторлардың бәсекелес антагонисті ретінде әрекет ету қабілетімен байланысты.
Кофеин ОЖЖ тікелей қоздырушы әсер етеді: психикалық қызметті стимуляциялайды, ақыл-ой және физикалық жұмыс қабілетін арттырады, реакция уақытын қысқартады, оң шартты рефлекстерді белсендіреді. Кофеин қабылдағаннан кейін сергектік пайда болады, шаршау мен ұйқышылдық уақытша азаяды немесе жойылады. Егде жастағы адамдарда әсер анағұрлым айқын.
Жүрек-қантамыр жүйесіне әсер етеді: жүректің жиырылу жиілігін және күшін жоғарылатады, гипотензия кезінде АҚ жоғарылатады (АҚ қалыпты деңгейіне әсер етпейді). Шала туылған нәрестелерде кезеңдік тыныс алуды жояды, жүрек-қантамыр жүйесінің функциясына айтарлықтай әсер етпестен желдету көлемін ұлғайтады.
Бронхтардың, өт жолдарының тегіс бұлшықеттерін босаңсытады, қаңқа бұлшықеттерінің, жүрек пен бүйрек тамырларының дилатациясын тудырады. Бүйрек тамырларының кеңеюі және бүйрек өзекшлеріндегі электролиттер реабсорбциясының тежелуі есебінен баяу диурездік әсер етеді.
Тромбоциттер агрегациясын төмендетеді. Асқазан бездерінің секрециясын көтермелейді. Негізгі алмасуды жоғарылатады, гипергликемия тудыра отырып, гликогенолизді күшейтеді.
Дозалау режимі
Жоғары бір реттік доза – 0,4 г, жоғары тәуліктік доза – 1 г.
Енгізу әдісі мен жолы
Ересектерге тері астына 200 мг (1 мл 20% ерітінді) енгізіледі.
Инъекция орнында бұлшықеттің ауыртатын спазмдық жиырылуының даму мүмкіндігіне байланысты кофеин- натрий бензоаты ерітіндісін бұлшықет ішіне енгізу ұсынылмайды
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алу үшін жүгіну ұсынылады
Егер препаратты қолдану туралы сұрақтар туындаса, емдеуші дәрігерге хабарласыңыз.
- ксантин туындыларына аса жоғары сезімталдық
- қатты қозғыштық, ұйқысыздық
– атеросклероз
– жүрек-қантамыр жүйесінің органикалық аурулары, оның ішінде жедел миокард инфарктісі, пароксизмальді тахикардия, артериялық гипертензия
– жүктілік, бала емізу кезеңі
– 60 жастан асқан егде адамдар
– глаукома
- 12 жасқа дейінгі балалар (инъекцияға арналған 20% ерітінді).
- 6.1-бөлімде тізбеленген кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық
Жағымсыз реакциялардың жиілігі белгісіз (қолда бар мәліметтерден бағалау мүмкін емес).
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылыстар: қозу, үрей, тремор, мазасыздық, бас ауыруы, бас айналуы, эпилепсиялық ұстамалар, рефлекстердің күшеюі, тахипноэ, ұйқысыздық.
Жүрек тарапынан бұзылулар: жүрек қағысын сезіну, тахикардия, аритмия.
Тамырлар тарапынан бұзылыстар: артериялық қысымның жоғарылауы.
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар: жүрек айнуы, құсу, ойық жара ауруының өршуі
Психика бұзылыстары: ұзақ уақыт қолданғанда - дағдылану, дәріге тәуелділік.
Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы және көкірек ортасы ағзалары
тарапынан бұзылулар: мұрынның бітелуі
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: гастралгия, ажитация, үрей, қозу, қимыл-қозғалыс мазасыздығы, сананың шатасуы, делирий, сусыздану, тахикардия, аритмия, гипертермия, жиі несеп шығару, бас ауыруы, жоғары тактильді немесе ауыруға сезімталдылық, тремор немесе бұлшықеттің жыбырлауы; жүрек айнуы және құсу, кейде қан құсу; құлақ шыңылдауы, эпилепсиялық ұстамалар (жедел артық дозалануда – тонусты-клонустық).
Тәулігіне 300 мг астам дозадағы кофеин (оның ішінде кофені шамадан тыс пайдалану аясында – 150 мл-ден 4 кесе табиғи кофе) үрей, тремор, бас ауыруы, сананың шатасуы, экстрасистолия тудыруы мүмкін.
Емі: егер кофеин 15 мг/кг дозада соңғы 4 сағатта қолданылса және кофеин тудырған құсу болмаса асқазанды шаю керек; белсендірілген көмір, іш жүргізетін ДЗ қабылдау; геморрагиялық гастрит кезінде – антацидтік ДЗ енгізу және NaCl 0,9% мұзды ерітіндісімен асқазанды шаю; өкпе вентиляциясын және оксигенацияны демеу; эпилепсиялық ұстамалар кезінде – в/і диазепам, фенобарбитал немесе фенитоин; сұйықтық және тұз теңгерімін демеу.
Сақтықпен: бауыр мен ОЖЖ функциясының аурулары.
Арнайы ескертулер
Орталық жүйке жүйесіне әсер ету жүйке жүйесінің типіне байланысты және жоғары жүйке қызметінің қозуымен де, тежелуімен де көрініс табуы мүмкін.
Кофеиннің артериялық қысымға әсері тамырлы және кардиальді компоненттерден тұратындығына байланысты жүрек стимуляциясының әсері де, оның қызметінің аздап бәсеңдеуі де дамуы мүмкін.
Анамнезінде асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы бар адамдарда қолдану
Пациенттердің осы топтарына оларда ойық жара ауруының асқыну қаупінің жоғарылауына байланысты кофеин тағайындау кезінде сақ болу қажет.
Педиатрияда қолданылуы
12 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
Кофеиннің шарана организмінен баяу шығарылатынын ескеріп, оны жүктілік кезінде ана мен шарананың пайда/қаупі арақатынасын бағалағаннан кейін ғана қолдануға болады. Жүктілік кезінде кофеинді шамадан тыс тұтыну спонтанды абортқа, шарананың құрсақ ішінде дамуының баяулауына, шарана аритмиясына әкелуі мүмкін; үлкен дозаларды қолданған кезде қаңқа дамуының бұзылуы және аз дозалар аясында қаңқа дамуының баяулауы мүмкін.
Кофеин және оның метаболиттері ана сүтіне аз мөлшерде енеді, бірақ емшектегі балаларда жинақталады және гиперактивтілік пен ұйқысыздықты тудыруы мүмкін. Егер оны лактация кезінде қолдану қажет болса, ана мен бала үшін пайда/қауіп арақатынасын бағалау керек.
Дәрілік заттың автокөлікті және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Жүйке-бұлшықет реакциясының уақытын қысқартады, автокөлік жүргізушілеріне және қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс істейтін адамдарға қарсы көрсетілмеген.
Бір мезгілде қолданған кезде кофеин антиагрегантты дәрілердің әсерін күшейтеді.
ОЖЖ бәсеңдететін ұйықтататын, есірткілік және басқа да дәрілердің әсерін төмендетеді.
Бір мезгілде қолданған кезде ацетилсалицил қышқылының, парацетамолдың және эрготаминнің биожетімділігін арттырады, осылайша олардың әсерін ұлғайтады.
2-адреномиметиктермен бір мезгілде жоғары дозаларда (салметерол, сальбутамол, фенотерол) қолданғанда гипокалиемияның даму қаупін арттырады.
Метилксантин препараттарымен (теофиллин, аминофиллин) бір мезгілде қолданғанда қан плазмасында теофиллин концентрациясының жоғарылауы және оның уытты әсер ету қаупінің артуы байқалады.
Құрысуға қарсы дәрілер (карбамазепин, дифенин), барбитурлық препараттар кофеин метаболизмін жеделдетеді және оның плазмадағы концентрациясын төмендетеді.
Біріктірілген оральді контрацептивтер, макролидтік антибиотиктер (кларитромицин, эритромицин), интерферон препараттары және зеңге қарсы дәрілер (кетоконазол, флуконазол) кофеин метаболизмін баяулатады және оның плазмадағы концентрациясын арттырады.
Темекі шегетін адамдарда Кофеин-натрий бензоатын пайдаланғанда оның қан плазмасындағы концентрациясы темекі шекпейтін пациенттерге қарағанда төмен болады.
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.