Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: 43 мг долана жемістері қою экстрактісі (құрғақ затқа шаққанда), 87 мг сасықшөп қою экстрактісі (құрғақ затқа шаққанда), 867 мг таурин (100 % құрғақ затқа шаққанда);
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, натрий кроскармеллозасы, магний стеараты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Екі беті дөңес, ашық-сұр немесе ашық-қоңырдан күңгірт-коңыр түске дейінгі, теңбілдері бар сопақша таблеткалар.
Таблетканың ені – (9.1±0.2) мм, таблетканың биіктігі – (6.0±0.3) мм, таблетканың ұзындығы – (21.2±0.2) мм.
Краталдың кардиотонуcтық, антиангиналық, антиоксиданттық, аритмияға қарсы, гипоксияға қарсы, антиагрегациялық жұмсақ әсері бар. Кратал дигиталистік уыттану белгілерін төмендетеді.
Таурин – организмде түзілетін метаболит, ағзалар мен жүйелердің функциялық жағдайын және организмде зат алмасудың алуан түрін реттейтін әсері бар. Таурин қантамырларды кеңейтетін, антиагрегациялық, гипогликемиялық, гипохолестеринемиялық, уыттануға қарсы, гепатопротекторлы әсер береді. Таурин ренин-ангиотензиндік және калликринин-кининдік жүйелеріне тежегіш әсер танытады, антиоксиданттық әсер көрсете отырып, липидтердің асқын тотығу үдерісін бәсеңдетеді, цАМФ өнімдеріне жағымды ықпал етеді. Қанмен жабдықтауды және миокардтың функциялық жағдайын жақсартады, «коронарлық қорды» ұлғайтады, жүрек бұлшықетінің жиырылу және сорғыштық функцияларын жақсартады, артериялық қысымды төмендетеді және жүректің жиырылу жиілігін (α - адренобөгегіш әсері есебінен) қысқартады.
Тауриннің нейропротекторлық әсері мидағы қан айналымын, орталық жүйке жүйесінің когнитивтік функциясын жақсартуда, мидың органикалық зақымданулары бар науқастарда невроздық симптоматиканы және соматовегетативтік бұзылуларды жоюда білінеді.
Долана жемістері экстрактісі, онда тритерпендік қышқылдар (олеан, урсул, кратег) бар болғандықтан, коронарлық және ми қан айналымын күшейтеді, жүрек гликозидтері әсеріне миокардтың сезімталдығын жоғарылатады, миокардтың жиырылғыштығын орташа арттырады және оның қозғыштығын төмендетеді. Долана жемістерінің құрамында флавоноидтер, ацетилхолин, иіткіш заттар, фитостериндер бар, бұл антиоксидантты әсерге, сондай-ақ ұйқыны қалыпқа келтіру қабілеті мен жалпы жағдайға жағымды әсер етуге себепші болады
Сасықшөптің физиологиялық белсенді заттары: алкалоидтар (леонурин, леонуридин), флавоноидтар, иіткіш заттар, дәрумендер (А, Е, С), биометалл тұздары (калий, кальций, натрий, күкірт), гликозидтер, нейрондардағы жарғақша арқылы өтетін натрий ағысына және орталық жүйке жүйесіндегі ГАМҚ деградациясының баяулауы есебінен седативті, құрысуға қарсы және спазмолитиктік әсер береді.
Дозалану режимі
Ересектерге препаратты тамақтанар алдында күніне 3 рет 1-2 таблеткадан, ішке қабылдауға тағайындайды. Емдеу курсы 3 – 4 аптаны құрайды.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кездегі қажетті шаралар
Егер сіз препараттың дозасын қабылдауды ұмытып кетсеңіз, бұл дозаны толығымен өткізіп жіберіп, келесі дозаны қалыпты уақытта қолданыңыз. Өткізіп алған дозаның орнын толтыру үшін қос дозаны қолданбаңыз.
- әсер етуші заттарына немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- нейролептиктер, транквилизаторларды қабылдау
- эрозиялы гастрит (өршу сатысы), асқазан мен 12 елі ішектің ойық жара ауруы
- айқын брадикардия және артериялық гипотензия
- жүктілік және бала емізу кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Өте сирек
- жоғары сезімталдық
- аллергиялық реакциялар (гиперемия, бөртпе, қышыну, терінің ісінуі, есекжем)
- брадикардия
- артериялық гипотензия
Жиілігі белгісіз
- диспепсиялық құбылыстар
- бас айналу
- ұйқышылдық
- жалпы әлсіздік
- қатты шаршау.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: аса жоғары сезімталдық реакциялары, аллергиялық реакциялар, диспепсиялық реакциялар, жалпы әлсіздік, шаршау сезімі, бас айналу, ұйқышылдық, артериялық гипотензия, брадикардия.
Емі: препаратты тоқтату және симптоматикалық ем жүргізу.
Препаратты ұсынылған дозасынан асырмау керек.
Арнайы ескертулер
Кез келген жағымсыз құбылыстар пайда болған жағдайда науқас дәрігерге жүгінуі қажет.
Педиатрияда қолдану
18 жасқа дейінгі балалар жасы осы препаратты қолдану үшін қарсы көрсетілім болып табылады.
Препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Емделу кезеңінде Кратал қабылдап жүрген пациенттердің көлік құралдарын басқарудан және қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс істеуден бас тартқаны жөн.
Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде қолдануға болмайды.
Нитраттардың, β-адреноблокаторлардың, кальций антагонистерінің, антигипоксанттардың, нейропротекторлардың антиангиналық әсерін күшейтеді. Жүрек гликозидтерінің кардиотонустық әсерін күшейтеді. Дигиталистік уыттану белгілерін төмендетеді.
Препаратты үшінші класқа жататын аритмияға қарсы дәрілермен және цизапридпен бірге қолданбаған жөн.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.