Дозалау режимі
Инфекциялық ауруларды емдеуде жеткілікті тәжірибесі бар дәрігермен кеңескеннен кейін ғана терапия нұсқалары шектеулі ересектер мен туғаннан бастап балаларда Ксавитаз препаратын аэробты грамтеріс микроорганизмдерден туындаған инфекцияларды емдеу үшін қолдану ұсынылады.
• Креатинин клиренсі (КК) > 50 мл/мин болатын ересектерде дозалануы
• 1-кестеде есептелген креатинин клиренсі (КК) > 50 мл/мин болатын ересек пациенттер үшін ұсынылған венаішілік доза көрсетілген.
• 1-кесте. Есептелген КК ≥ 50 мл/мин1 болатын ересек пациенттер үшін ұсынылған доза
Инфекция типі — Цефтазидимнің/авибактамның дозасы — Енгізу жиілігі — Инфузияның ұзақтығы — Емнің ұзақтығы
аИАИ2,3 — 2 г/0,5 г — Әр 8 сағат сайын — 2 сағат — 5–14 күн
НЖаИ, оның ішінде пиелонефрит3 — 2 г/0,5 г — Әр 8 сағат сайын — 2 сағат — 5–10 күн4
АІП, соның ішінде ӨЖЖ астасқан пневмония3 — 2 г/0,5 г — Әр 8 сағат сайын — 2 сағат — 7–14 күн
Жоғарыда аталған инфекциялардың кез келгенімен байланысты немесе болжамды түрде байланысты бактериемия — 2 г/0,5 г — Әр 8 сағат сайын — 2 сағат — Емнің ұзақтығы инфекцияның шоғырланған орнына байланысты анықталуы тиіс.
Емдеу нұсқалары шектеулі пациенттерде аэробтық грамтеріс микроорганизмдерден туындаған инфекциялар2,3 — 2 г/0,5 г — Әр 8 сағат сайын — 2 сағат — Инфекцияның ауырлық дәрежесіне, патоген (-дер) ге, сондай-ақ пациенттің клиникалық және бактериологиялық үдеуіне байланысты5
1 КК, Кокрофт — Голт формуласы бойынша есептелген.
2 Инфекция анаэробтық патогендерден туындағаны белгілі болса немесе жорамалданса, метронидазолмен біріктіріп қолдану керек.
3 Инфекциялық процесске осылардың ықпалы болғаны белгілі болса немесе жорамалданса, грамоң патогендерге қатысты белсенді, бактерияға қарсы дәрімен біріктіріп қолдану керек.
4 Жалпы көрсетілген ұзақтығы вена ішіне Ксавитаза енгізуді және одан кейін тиісінше пероральді терапияны қамтуы мүмкін.
• 5 Цефтазидим/авибактам біріктірілімін 14 күннен астам уақыт бойы қолдану тәжірибесі өте шектеулі.
• Креатинин клиренсі (КК) > 50 мл/мин/1,73 м2 болатын балалар жасындағы пациенттердегі дозалануы
• 2-кестеде есептелген креатинин клиренсі (КК) > 50 мл/мин/1,73 м2 болатын балалар жасындағы пациенттер үшін ұсынылған венаішілік доза көрсетілген.
• 2-кесте. Есептелген КК1 мәні > 50 мл/мин/1,73 м2 болатын 3 айлықтан бастап бала жастағы пациенттер үшін ұсынылатын доза.
Инфекция типі — Жас тобы8 — Цефтазидимнің/авибактамның дозасы7 — Жиілігі — Инфузияның уақыты — Емнің ұзақтығы
аИАИ2,3 НЕМЕСЕ НЖаИ, пиелонефритті қоса3 НЕМЕСЕ АІП, ӨЖЖ-мен астасқан пневмонияны қоса алғанда3 НЕМЕСЕ Емдеу нұсқалары шектеулі (ЕНШ) пациенттерде аэробтық грамтеріс микроорганизмдерден туындаған инфекциялар2,3 — 6 айдан< 18 жасқа дейін — 50 мг/кг/12,5 мг/кг, бірақ 2 г/0,5 г асырмай. — Әр 8 сағат сайын — 2 сағат — аИАИ2,3: 5 – 14 күн НЖаИ 4: 5 – 14 күн ауруханалық пневмония/желдету-астасқан пневмония: 7 - 14 күн ЕНШ: инфекцияның ауырлығымен, қоздырғышымен (тарымен), сондай-ақ пациенттің клиникалық және бактериологиялық прогресімен анықталады
Әр 8 сағат сайын — 2 сағат
3 айдан < 6 айға дейін6 — 40 мг/кг/10 мг/кг — Әр 8 сағат сайын — 2 сағат
1 Креатинин клиренсі (КК) Шварцтың жеңілдетілген формуласын қолданумен есептеледі.
2 Егер анаэробты қоздырғыштардың инфекциялық процеске қатысуы белгілі болса немесе болжанса, метронидазолмен біріктірілімде қолдану керек.
3 Егер олардың инфекциялық процеске қатысуы белгілі болса немесе болжанса, грам-оң қоздырғыштарға қатысты белсенді бактерияға қарсы препаратпен біріктірілімде қолдану керек.
4 Емнің жоғарыда көрсетілген жалпы ұзақтығы вена ішіне Ксавитаз енгізуді және одан кейін тиісінше пероральді терапияға өтуді қамтуы мүмкін.
5Цефтазидим/авибактамды 14 күннен астам уақыт бойы қолдану тәжірибесі өте шектеулі.
6 Цефтазидим/авибактамды 3 айлықтан бастап < 6 айлыққа дейінгі нәрестелерде қолдану тәжірибесі шектеулі
7 Цефтазидим/авибактам бекітілген арақатынасы 4:1 біріктірілген препарат болады, ал дозалау бойынша ұсыныстар тек цефтазидим компонентіне негізделген
8 Зерттеуге қатыстырылған 3 айлықтан 12 айға дейінгі балалар күні жетіп туған балалар болды (≥37 апта гестация).
3 кесте: Жасы 3 айлықтан кіші балалар үшін ұсынылатын доза9
Инфекция типі — Жас тобы — Цефтазидимнің/авибактамның дозасы5 — Жиілігі — Инфузияның уақыты — Емнің ұзақтығы
Асқынған құрсақішілік инфекциялар (аИАИ)¹,² НЕМЕСЕ Несеп шығару жолдарының асқынған инфекциясы (НЖаИ), пиелонефритті қоса² НЕМЕСЕ Ауруханаішілік пневмония / желдетумен - астасқан пневмония (HAP/VAP)² НЕМЕСЕ Емдеу нұсқалары шектеулі (ЕНШ) пациенттерде аэробтық грамтеріс микроорганизмдерден туындаған инфекциялар1,2 — Күні жетіп жаңа туған нәрестелер және сәбилер — > 28 күннен < 3 айға дейін — 30 мг/кг/ 7,5 мг/кг — Әр 8 сағат сайын — 2 сағат — аИАИ: 5 – 14 күн НЖаИ 3: 5 – 14 күн ауруханаішілік пневмония / желдетумен - астасқан пневмония: 7 - 14 күн ЕНШ: инфекцияның ауырлығымен, қоздырғышымен (тарымен), сондай-ақ пациенттің клиникалық және бактериологиялық прогресімен анықталады.
Туғанан бастап ≤ 28 күнге дейін — 20 мг/кг/5 мг/кг
Шала туған жаңа туған нәрестелер және сәбилер6 — > 44 аптадан бастап < 53 аптасына дейін ЕКЖ (Соңғы етеккір тоқтағаннан кейінгі жастың)7 — 30 мг/кг/ 7,5 мг/кгп — Әр 8 сағат сайын — 2 сағат
31 бастап ≤ 44 аптасына дейін, ЕКЖ (Соңғы етеккір тоқтағаннан кейінгі жастың) (ЕКЖ)⁷ — 20 мг/кг/5 мг/кг
26 бастап < 31 аптасына дейін, ЕКЖ7,8 — 20 мг/кг/5 мг/кг — Әр 12 сағат сайын — 2 сағат
1 Егер анаэробты қоздырғыштардың инфекциялық процеске қатысуы белгілі болса немесе болжанса, метронидазолмен біріктірілімде қолдану керек.
2 Егер олардың инфекциялық процеске қатысуы белгілі болса немесе болжанса, грам-оң қоздырғыштарға қатысты белсенді бактерияға қарсы препаратпен біріктірілімде қолдану керек.
3 Емнің жоғарыда көрсетілген жалпы ұзақтығы вена ішіне цефтазидим/авибактам енгізуді және одан кейін тиісінше пероральді терапияға өтуді қамтуы мүмкін.
4 Цефтазидим/авибактамды 14 күннен астам уақыт бойы қолдану тәжірибесі өте шектеулі.
5 Цефтазидим/авибактам бекітілген арақатынасы 4:1 біріктірілген препарат болады, ал дозалау бойынша ұсыныстар тек цефтазидим компонентіне негізделген
6 Шала туған балалар гестациясы < 37 апта ретінде анықталады.
7 Соңғы етеккір тоқтағаннан кейінгі жас (ЕКЖ).
8 26-дан бастап < 31 аптаға дейінгі ЕКЖ пациенттер үшін дозалау бойынша ұсыныстар тек фармакокинетикалық модельдеуге негізделген
9 Сарысудағы креатинин деңгейі осы жас үшін қалыптың жоғарғы шегінде немесе төмен деңгейдегі пациенттер.
• Пациенттердің ерекше топтары
• Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттерге препараттың дозасын түзету қажет емес.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
4 кестеде есептелген КК мәні ≤ 50 мл/мин болатын ересектер үшін дозаның ұсынылған түзетуі көрсетілген.
• КК ≤ 50 мл/мин ересектердегі дозалануы
4-кесте. Есептелген КК1 мәні ≤ 50 мл/мин ересектер үшін ұсынылатын доза
Жас тобы — Есептелген КК мәні (мл/мин) — Цефтазидимнің/авибактамның дозасы2,4 — Енгізу жиілігі — Инфузияның ұзақтығы
Ересек пациенттер — 31–50 — 1 г/0,25 г — Әр 8 сағат сайын — 2 сағат
16–30 — 0,75 г/0,1875 г — Әр 12 сағат сайын
6–15 — Әр 24 сағат сайын
Гемодиализдегі пациенттерді қоса алғанда, бүйрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігінің соңғы сатысы3 — Әр 48 сағат сайын
1 КК, Кокрофт — Голт формуласы бойынша есептелген.
2 Препараттың фармакокинетикалық қасиеттерін модельдеуге негізделген дозалар ұсынылады.
3 Цефтазидим және авибактам организмнен гемодиализде шығарылады. Гемодиализ күндері Ксавитаз препаратын гемодиализ аяқталғаннан кейін енгізу керек.
4 Цефтазидим/авибактам әсер етуші заттарының бекітілген арақатынасы 4:1 біріктірілген препарат болады, және оны дозалау бойынша ұсыныстар тек цефтазидимге ғана негізделген.
5 және 6-кестелерде әр түрлі жас топтарына сәйкес есептелген КК≤ 50 мл/мин/1,73 м2 балалар жасындағы пациенттер үшін ұсынылатын дозаны түзету келтірілген.
• КК≤ 50 мл/мин/1,73 м2 болатын ≥ 2 жастағы балалар жасындағы пациенттердегі дозалануы
5 кесте: Есептелген КК¹ ≤ 50 мл/мин/1,73 м² болатын 2 жастан бастап < 18 жасқа дейінгі бала пациенттер үшін ұсынылатын дозалар
Жас тобы — Есептелген КК мәні (мл/мин/1,73 м2) — Цефтазидимнің/авибактамның дозасы2,4 — Енгізу жиілігі — Инфузияның ұзақтығы
2 жастан бастап < 18 жасқа дейінгі балалар жасындағы пациенттер — 31–50 — 25 мг/кг/6,25 мг/кг-ден ең жоғарысы 1 г/0,25 г дейін — Әр 8 сағат сайын — 2 сағат
16–30 — 18,75 мг/кг/4,7 мг/кг-ден ең жоғарысы 0,75 г/0,1875 г дейін — Әр 12 сағат сайын
6–15 — Әр 24 сағат сайын
Гемодиализдегі пациенттерді қоса алғанда, бүйрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігінің соңғы сатысы3 — Әр 48 сағат сайын
1 Креатинин клиренсі (КК) Шварцтың жеңілдетілген формуласын қолданумен есептеледі.
2 Дозасы фармакокинетикалық модельдеу негізінде ұсынылған.
3 Цефтазидим және авибактам организмнен гемодиализ кезінде шығарылады. Гемодиализ күндерінде Ксавитаз препаратын гемодиализ аяқталғаннан кейін енгізу керек.
4 Цефтазидим/авибактам әсер етуші заттарының бекітілген арақатынасы 4:1 біріктірілген препарат болады, және оны дозалау бойынша ұсыныстар тек цефтазидимге ғана негізделген.
• КК≤ 50 мл/мин/1,73 м2 болатын 3 айлықтан бастап < 2 жасқа дейінгі балалар жасындағы пациенттердегі дозалануы
• 6 кесте: Есептелген КК¹ ≤ 50 мл/мин/1,73 м² болатын 3 айлықтан бастап < 2 жасқа дейінгі жастағы педиатриялық пациенттер үшін ұсынылатын дозалар
Жас тобы 4 — Есептелген КК мәні (мл/мин/1,73 м2) — Цефтазидимнің/авибактамның дозасы2,3 — Енгізу жиілігі — Инфузияның ұзақтығы
6 айлықтан бастап< 2 жасқа дейін — 31-ден 50 дейін — 25 мг/кг/6,25 мг/кг — Әр 8 сағат сайын — 2 сағат
3 айлықтан бастап < 6 айлыққа дейін — 20 мг/кг/5 мг/кг — Әр 8 сағат сайын
6 айлықтан бастап < 2 жасқа дейін — 16-дан 30 дейін — 18.75 мг/кг/4,7 мг/кг — Әр 12 сағат сайын
3 айлықтан бастап < 6 айлыққа дейін — 15 мг/кг/3,75 мг/кг — Әр 12 сағат сайын
1 Шварцтың жеңілдетілген формуласын қолданумен есептеледі.
2 Дозасы фармакокинетикалық модельдеу негізінде ұсынылған.
3 Цефтазидим/авибактам әсер етуші заттарының бекітілген арақатынасы 4:1 біріктірілген препарат болады, және оны дозалау бойынша ұсыныстар тек цефтазидимге ғана негізделген.
4 Зерттеуге қатыстырылған 3 айлықтан 12 айлыққа дейінгі балалар күні жетіп туған болды (≥ 37 апталық гестацияда).
КК < 16 мл/мин/1,73 м² болатын 3 айлықтан < 2 жасқа дейінгі жастағы балаларға дозалау режимін ұсыну үшін деректер жеткіліксіз.
Бүйрек функциясының бұзылу белгілері бар туғаннан 3 айға дейінгі балаларға арналған дозалау режимін ұсыну үшін деректер жеткіліксіз.
• Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бауыр функциясы бұзылған пациенттерге препараттың дозасын түзету қажет емес.
Енгізу әдісі мен жолы
Вена ішіне инфузия алдында Ксавитаз ұнтағын инъекцияға арналған сумен қалпына келтіру керек, нәтижесінде алынған концентратты қолданар алдында бірден сұйылтылу керек. Қалпына келтірілген ерітінді - бұл түссізден сары түске дейінгі мөлдір, көрінетін бөлшектерсіз ерітінді.
Ксавитаз (цефтазидим/авибактам) препараты біріктірілген препарат болып табылады; әрбір құтыда 4:1 бекітілген қатынасында 2 г цефтазидим және 0,5 г авибактам бар. Дозалау бойынша ұсыныстар тек цефтазидим компонентіне негізделген.
Ерітіндіні дайындау және енгізу стандартты асептикалық әдістерге сәйкес жүргізіледі. Дозаларды тиісті мөлшердегі инфузиялық пакетте немесе инфузиялық шприцте дайындауға болады.
Парентералды дәрілік препараттарды енгізер алдында механикалық қосылыстардың бар-жоғын көзбен қарап тексеру керек.
Әрбір құты тек бір рет пайдалануға арналған.
Пайдаланылмаған препарат немесе пайдаланылған материалдар жергілікті талаптарға сәйкес жойылуы керек.
Қалпына келтірудің басталуы мен вена ішіне инфузия үшін ерітінді дайындаудың аяқталуы арасындағы жалпы уақыт аралығы 30 минуттан аспауы тиіс.
Ересектер мен балаларға арналған дозаны ИНФУЗИЯЛЫҚ ПАКЕТТЕ немесе ИНФУЗИЯЛЫҚ ШПРИЦТЕ дайындау жөніндегі нұсқаулар
ЕСКЕРТПЕ. Келесі емшара цефтазидимнің соңғы концентрациясы 8-40 мг/мл болатын инфузияға арналған ерітіндіні дайындау кезеңдерін сипаттайды. Барлық есептеулер осы кезеңдер басталғанға дейін жүргізілуі керек.
- 3 айдан 12 айлыққа дейінгі бала жасындағы пациенттер үшін де 20 мг/мл концентрациясы бар ерітіндіні дайындау кезеңдері егжей-тегжейлі көрсетілген (көптеген жағдайларда жеткілікті болатын).
- Туғаннан бастап (шала туғандарды қоса) < 3 айлыққа дейінгі балалар үшін 10 мг/мл концентрациясы бар ерітіндіні дайындау кезеңдері егжей-тегжейлі көрсетілген (көптеген жағдайларда жеткілікті болатын).
• Қалпына келтірілген ерітіндіні дайындау (167,3 мг/мл цефтазидим)
• Шприц инесін құтының қақпағына тығып және инъекцияға арналған 10 мл стерильді суды енгізу.
б) Инені шығарып және құтыны мөлдір ерітінді алғанға дейін сілку керек.
в) Ішкі артық қысымды төмендету үшін препаратты еріткеннен кейін құтының тығыны арқылы қысымды түсіру үшін инені қойыңыз (бұл препараттың стерильділігін сақтау үшін маңызды).
• Инфузияға арналған соңғы ерітіндіні дайындау (цефтазидимнің соңғы концентрациясы 8–40 мг/мл болуы тиіс)
• Инфузиялық пакет: қалпына келтірілген ерітіндінің тиісті түрде есептелген көлемін келесі компоненттердің кез-келгені бар инфузиялық пакетке ауыстыру арқылы қалпына келтірілген ерітіндіні қосымша сұйылтыңыз: 9 мг/мл (0,9 %) концентрациядағы инъекцияға арналған натрий хлориді ерітіндісі, 50 мг/мл (5 %) концентрациядағы инъекцияға арналған декстроза ерітіндісі немесе лактатты Рингер ерітіндісі.
б) Инфузиялық шприц: қалпына келтірілген ерітіндінің дұрыс есептелген көлемін сұйылтқыштың жеткілікті көлемімен бірге (9 мг/мл концентрациядағы инъекцияға арналған натрий хлориді ерітіндісі (0,9 %) немесе 50 мг/мл концентрациядағы инъекцияға арналған декстроза ерітіндісі (5 %)) инфузиялық шприцке ауыстыру арқылы қалпына келтірілген ерітіндіні одан әрі сұйылтыңыз.
Төмендегі 7 кестені қараңыз.
7 кесте. Ересектер мен балалар үшін Ксавитаз препаратының дозасын
ИНФУЗИЯЛЫҚ ПАКЕТТЕ немесе ИНФУЗИЯЛЫҚ ШПРИЦТЕ дайындау.
Ксавитаз препаратының дозасы (цефтазидим)1 — Қалпына келтірілген препараттың құтыдан алынатын көлемі — Инфузиялық пакетте сұйылтқаннан кейінгі ақырғы көлемі2 — Инфузияға арналған шприцтегі соңғы көлем3
2 г — Барлық ішіндегісі (шамамен 12 мл) — 50–250 мл — 50 мл
1 г — 6 мл — 25–125 мл — 25–50 мл
0,75 г — 4,5 мл — 19–93 мл — 19–50 мл
Барлық қалған дозалары — Талап етілген доза негізінде есептелген көлем (мл): доза (мг, цефтазидим) ÷ 167,3 мг/мл цефтазидим — Көлемі (мл) инфузиялық пакеттің мөлшеріне және қажетті соңғы концентрацияға байланысты өзгереді (цефтазидим концентрациясы 8-40 мг / мл болуы тиіс) — Көлемі (мл) инфузиялық шприцтің мөлшеріне және қажетті соңғы концентрацияға байланысты өзгереді (цефтазидим концентрациясы 8–40 мг/мл болуы тиіс)
1 Тек цефтазидим компоненті негізінде.
2 Қолдану процесінде препараттың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін цефтазидим 8 мг/мл ең соңғы концентрациясына дейін 2-ден 8 °C-ге дейінгі температурада 12 сағатқа дейін сақтау кезінде, содан кейін 25 °C-ден аспайтын температурада 4 сағатқа дейін сақтау үшін сұйылтылады (яғни 2 г цефтазидим дозасын 250 мл-де, дозу 1 г цефтазидим дозасын 125 мл-де, 0,75 г цефтазидим дозасын 93 мл-де сұйылтады және т.с.с.). Цефтазидимнің барлық басқа концентрацияларында (> 8 мг/мл және 40 мг/мл дейінгі) препарат 25 °C-ден аспайтын температурада 4 сағатқа дейін пайдалану процесінде тұрақты болып қалады.
ИНФУЗИЯЛЫҚ ШПРИЦТЕРДЕ 3 айдан 12 айға дейінгі балалар жасындағы пациенттерге қолдану үшін Ксавитаз препаратын дайындау
ЕСКЕРТПЕ. Келесі тәртіп цефтазидимнің соңғы концентрациясы 20 мг/мл (көптеген жағдайларда жеткілікті) болатын инфузия ерітіндісін дайындау сатысын сипаттайды. Ерітінділерді 8-40 мг/мл цефтазидимнің соңғы концентрациясының диапазонына сәйкес басқа концентрацияларда дайындауға болады.
• Қалпына келтірілген ерітіндіні дайындау (167,3 мг/мл цефтазидим):
• Шприц инесін құтының қақпағына тығып және инъекцияға арналған 10 мл стерильді суды енгізу.
б) Инені шығарып және құтыны мөлдір ерітінді алғанға дейін сілку керек.
в)Ішкі қысымды төмендету үшін препаратты еріткеннен кейін құтының қақпағы арқылы қысымды төмендету үшін инені қойыңыз (бұл препараттың стерильділігін сақтау үшін маңызды).
• Цефтазидимнің 20 мг/мл соңғы концентрациясына дейін инфузияға арналған соңғы ерітіндіні дайындау:
а) қалпына келтірілген ерітіндінің дұрыс есептелген көлемін сұйылтқыштың жеткілікті көлемімен бірге (9 мг/мл (0,9 %) концентрациядағы инъекцияға арналған натрий хлориді ерітіндісі немесе 50 мг/мл (5 %) концентрациядағы инъекцияға арналған декстроза ерітіндісі) инфузиялық шприцке ауыстыру арқылы қалпына келтірілген ерітіндіні одан әрі сұйылтыңыз.
б) есептеулерді растау үшін төмендегі 8, 9 немесе 10 кестелерді қараңыз. Келтірілген мәндер шамамен алынған, өйткені мәндерді тиісті өлшемдегі шприц шкаласының ең жақын бөлінуіне дейін дөңгелектеу қажет болуы мүмкін. Кестелерде барлық болуы мүмкін есептік дозалар ҚАМТЫЛМАҒАН, оған назар аударыңыз, бірақ есептеулерді тексеру мақсатында шамамен көлемді бағалау үшін пайдаланылуы мүмкін.
8 кесте. Креатинин клиренсі (КК) > 50 мл/мин/1,73 м2 болатын 3 айлықтан 12 айлыққа дейінгі балалар үшін Ксавитаз препаратын дайындау (цефтазидимнің ақырғы концентрациясы 20 мг/мл)
Жасы және Ксавитаз препаратының дозасы (мг/кг)1 — Салмағы (кг) — Дозасы (мг, цефтазидим) — Құтыдан алынған қалпына келтірілген ерітіндінің көлемі (мл) — Араластыруға арналған сұйылтқыштың көлемі (мл)
6 айлықтан бастап 12 айлыққа дейін. 50 мг/кг цефтазидим — 5 — 250 — 1,5 — 11
6 — 300 — 1,8 — 13
7 — 350 — 2,1 — 15
8 — 400 — 2,4 — 18
9 — 450 — 2,7 — 20
10 — 500 — 3 — 22
11 — 550 — 3,3 — 24
12 — 600 — 3,6 — 27
3 айлықтан бастап < 6 айлыққа дейін. 40 мг/кг цефтазидим — 4 — 160 — 1 — 7,4
5 — 200 — 1,2 — 8,8
6 — 240 — 1,4 — 10
7 — 280 — 1,7 — 13
8 — 320 — 1,9 — 14
9 — 360 — 2,2 — 16
10 — 400 — 2,4 — 18
1 Тек цефтазидим компоненті негізінде.
9 кесте. КК 31 бастап 50 мл/мин/1,73 м2 дейін болатын 3 айлықтан 12 айлыққа дейінгі балалар үшін Ксавитаз препаратын дайындау (цефтазидимнің ақырғы концентрациясы 20 мг/мл)
Жасы және Ксавитаз препаратының дозасы (мг/кг)1 — Салмағы (кг) — Дозасы (мг, цефтазидим) — Құтыдан алынған қалпына келтірілген ерітіндінің көлемі (мл) — Араластыруға арналған сұйылтқыштың көлемі (мл)
6 айлықтан бастап 12 айлыққа дейін 25 мг/кг цефтазидим — 5 — 125 — 0,75 — 5,5
6 — 150 — 0,9 — 6,6
7 — 175 — 1 — 7,4
8 — 200 — 1,2 — 8,8
9 — 225 — 1,3 — 9,6
10 — 250 — 1,5 — 11
11 — 275 — 1,6 — 12
12 — 300 — 1,8 — 13
3 айлықтан бастап < 6 айлыққа дейін 20 мг/кг цефтазидим — 4 — 80 — 0,48 — 3,5
5 — 100 — 0,6 — 4,4
6 — 120 — 0,72 — 5,3
7 — 140 — 0,84 — 6,2
8 — 160 — 1 — 7,4
9 — 180 — 1,1 — 8,1
10 — 200 — 1,2 — 8,8
1 Тек цефтазидим компоненті негізінде.
10 кесте. КК 16 бастап 30 мл/мин/1,73 м2 дейін болатын 3 айлықтан 12 айлыққа дейінгі балалар үшін Ксавитаз препаратын дайындау (цефтазидимнің ақырғы концентрациясы 20 мг/мл)
Жасы және Ксавитаз препаратының дозасы (мг/кг)1 — Салмағы (кг) — Дозасы (мг, цефтазидим) — Құтыдан алынған қалпына келтірілген ерітіндінің көлемі (мл) — Араластыруға арналған сұйылтқыштың көлемі (мл)
6 айлықтан бастап 12 айлыққа дейін 18,75 мг/кг цефтазидим — 5 — 93,75 — 0,56 — 4,1
6 — 112,5 — 0,67 — 4,9
7 — 131,25 — 0,78 — 5,7
8 — 150 — 0,9 — 6,6
9 — 168,75 — 1 — 7,4
10 — 187,5 — 1,1 — 8,1
11 — 206,25 — 1,2 — 8,8
12 — 225 — 1,3 — 9,6
3 айлықтан бастап < 6 айлыққа дейін. 15 мг/кг цефтазидим — 4 — 60 — 0,36 — 2,7
5 — 75 — 0,45 — 3,3
6 — 90 — 0,54 — 4
7 — 105 — 0,63 — 4,6
8 — 120 — 0,72 — 5,3
9 — 135 — 0,81 — 6
10 — 150 — 0,9 — 6,6
1 Тек цефтазидим компоненті негізінде.
Туғаннан бастап (шала туғандарды қоса) < 3 айлыққа дейінгі балалар:
ЕСКЕРТПЕ: Бұл емшара туғаннан бастап (шала туғандарды қоса) < 3 айлыққа дейінгі балаларға 250 мг-дан аз дозаларды енгізуге жарамды 10 мг/мл цефтазидимнің соңғы концентрациясы бар стандартты инфузиялық ерітіндіні дайындау сатыларын сипаттайды. Балама концентрацияларды дайындауға болады, бірақ олардың соңғы концентрациясы 8-40 мг/мл цефтазидим диапазонында болуы керек.
1. Қалпына келтірілген ерітіндіні дайындау (167,3 мг/мл цефтазидим):
a) Шприц инесін құтының тығынына енгізу және инъекцияға арналған 10 мл стерильді суды қосу.
b) Инені шығарып және құтыны мөлдір ерітінді алғанға дейін сілку керек.c) Ішкі артық қысымды жою үшін препаратты толық еріткеннен кейін құтының тығыны арқылы қысымды түсіру үшін инені қойыңыз (бұл препараттың стерильділігін сақтау үшін маңызды).
2. Цефтазидимнің соңғы концентрациясы 10 мг/мл болатын инфузиялық ерітінді концентратын дайындау:
a) 3 мл ерітіндіні 47 мл сұйылтқыш (инъекцияға арналған 0,9% натрий хлориді ерітіндісі) бар құтыға немесе шприцке ауыстырып, қалпына келтірілген ерітіндіні қосымша сұйылтыңыз немесе 50 мл-ге дейін 5% инъекциялық ерітіндісімен (50 мг/мл) сұйылтыңыз.
b) Мұқият араластырыңыз, мысалы, инфузиялық қапты мұқият бұрыңыз немесе ерітіндіні екі шприцтің арасына кем дегенде 5 рет коннектордың көмегімен ақырын араластырыңыз.
c) Цефтазидим концентрацияланған ерітіндісінің қажетті көлемін 10 мг/мл инфузиялық шприцке ауыстырыңыз. Ерітіндінің көлемін дәл есептеу үшін 11-кестені қараңыз. Мәндер шамамен алынған, өйткені ерітіндіні алу үшін қолайлы шприцтің ең жақын градуирленген белгісіне дейін дөңгелектеу қажет болуы мүмкін.
Ескертпе: Кестелер есептелген дозалардың барлық түрлерін қамтымайды, бірақ көлемді жобамаен анықтау және есептеулерді тексеру үшін пайдаланылуы мүмкін.
11 кесте: Туғаннан бастап (шала туғандарды қоса) < 3 айлыққа дейінгі балаларда цефтазидим/авибактам дозалау
Құтыдан таңдалған 3 мл қалпына келтірілген ерітіндіні 47 мл сұйылтқышқа қосу арқылы дайындалған 50 мл цефтазидим/авибактам концентрацияланған ерітіндісі (соңғы концентрациясы 10 мг/мл цефтазидим) қолданылады.
Жасы және цефтазидим/авибактам дозасы (мг/кг)¹ — Салмағы (кг) — Дозасы (мг, цефтазидим) — Енгізуге арналған цефтазидимнің концентрацияланған ерітіндісінің (мл) көлемі 10 мг/мл
Күні жетіп туған нәрестелер (гестациялық жасы ≥ 37 апта) > 28 күннен бастап < 3 айға дейін НЕМЕСЕ Шала туған нәрестелер > 44 аптадан бастап ПКМ < 53 аптасына дейін 30 мг/кг цефтазидим — 3 — 90 — 9
3.5 — 105 — 10.5
4 — 120 — 12
4.5 — 135 — 13.5
5 — 150 — 15
5.5 — 165 — 16.5
6 — 180 — 18
6.5 — 195 — 19.5
7 — 210 — 21
7.5 — 225 — 22.5
8 — 240 — 24
Күні жетіп жаңа туған нәрестелер (гестациялық жасы ≥ 37 апта) туғаннан бастап ≤ 28 күнге дейін НЕМЕСЕ Шала туған нәрестелер және сәбилер 26 бастап ПКМ ≤ 44 аптасына дейінгі 20 мг/кг цефтазидим — 0.8 — 16 — 1.6
1 — 20 — 2
1.2 — 24 — 2.4
1.4 — 28 — 2.8
1.6 — 32 — 3.2
1.8 — 36 — 3.6
2 — 40 — 4
2.2 — 44 — 4.4
2.4 — 48 — 4.8
2.6 — 52 — 5.2
2.8 — 56 — 5.6
3 — 60 — 6
3.5 — 70 — 7
4 — 80 — 8
4.5 — 90 — 9
5 — 100 — 10
5.5 — 110 — 11
6 — 120 — 12
1 Тек цефтазидим компоненті негізінде.