Барлық дәрілік препараттар сияқты, бұл препарат әрбір пациентте болмаса да, жағымсыз әсерлерді туғызуы мүмкін.
Өте жиі (10 адамның 1-нен көбінде кездесуі мүмкін):
• Көздің нұрлы қабық деген атпен белгілі, боялған бөлігіндегі қоңыр пигмент мөлшерінің артуы есебінен көздің түсінің бірте-бірте өзгеруі. Егер Сіздің көзіңіздің түсі аралас (қоңыр-көкшіл, сұрғылт-қоңыр, сары-қоңыр немесе жасыл-қоңыр) болса, көз бір түсті (көгілдір, сұр, жасыл емесе қоңыр) болған жағдайдан гөрі бұл өзерісті тезірек байқайды. Көздің түсінің өзгеруі жылдар бойы созылуы мүмкін, алайда ол әдетте ем басталғаннан кейін 8 айдың ішінде байқалады. Түсінің өзгеруі қайтымсыз болуы мүмкін, және ол Ксалатан® препаратын бір көзге ғана тамызған жағдайда айқынырақ білінуі мүмкін. Көздің түсінің өзгеруі денсаулық үшін қандай да бір проблемалармен қатар жүрмейді деп болжанады. Ксалатан® препаратымен емдеуді тоқтатқаннан кейін көздің түсінің өзгеруі басылады.
• Көздің қызаруы.
• Көздің тітіркенуі (көздің ашығанын, түйілгенін сезіну, қышыну, қызару және көздегі бөгде затты сезіну). Егер пациент көздің қатты тітіркенуін бастан кешсе, соның нәтижесінде көзден жас ағуы ұлғайса, немесе бұл дәрілік препаратты қолдануды тоқтату нұсқасын қарастырса, тез арада (бір апта ішінде) емдеуші дәрігерге немесе медбикеге жүгіну керек. Сіздің жай-күйіңіз үшін талапқа сай болатын емді әрі қарай алу үшін емдеуді қайта қарастыруыңыз қажет болуы мүмкін.
• Ем қолданылған көздің кірпіктерінің және сол көздің айналасындағы нәзік түктердің біртіндеп өзгеруі, бұл жапон текті пациенттерде жиірек байқалады. Бұл өзгерістер түс қарқындылығының жоғарылауын (күңгірттену), кірпіктердің ұзындығының, қалыңдығының және санының артуын қамтиды.
Жиі (10 адамның 1-інде кездесуі мүмкін):
• Көз беткейінің тітіркенуі немесе зақымдануы, қабақтардың қабынуы (блефарит), көздің ауыруы, жарыққа сезімталдық (фотофобия), конъюнктивит.
Жиі емес (100 адамның 1-інде кездесуі мүмкін):
• Қабақтардың ісінуі, көздің құрғақтығы, көз беткейінің қабынуы немесе тітіркенуі (кератит), анық көрмеу, көздің боялған бөлігінің қабынуы (увеит), торқабықтың ісінуі (макулалық ісіну).
• Тері бөртпесі.
• Кеуде қуысының ауыруы (стенокардия), жүректің жиырылуын сезіну (жүрек қағысын сезіну).
• Демікпе, ентігу (диспноэ).
• Кеуде қуысының ауыруы.
• Бас ауыруы, бас айналуы.
• Бұлшықеттердің ауыруы (миалгия), буындардың ауыруы (артралгия).
• Жүрек айнуы, құсу.
Сирек (1000 адамның 1-інде кездесуі мүмкін)
• Нұрлы қабықтың қабынуы (ирит), көз беткейінің ісінуі немесе сырылуы/зақымдануы симптомдары, көз айналасының ісінуі (көзұя маңының ісінуі), кірпіктердің өсу бағытының өзгеруі немесе кірпіктердің қосымша қатары, көз беткейінің тыртықтануы, көздің боялған бөлігіндегі сұйықтық толған аймақ (нұрлы қабықтың кистасы).
• Қабақтардағы тері реакциялары, қабақ терісінің қараюы.
• Демікпе ағымының нашарлауы.
• Терінің қатты қышынуы.
• ҚГВ-дан туындаған көз инфекциясының дамуы.
Өте сирек (0,001%-дан көп, бірақ 0,01%-дан аз пациентте кездеседі)
• Қатарлас жүрек-қантамыр аурулары бар пациенттерде стенокардияның нашарлауы, көздің шүңіреюі (қабақ ойықтарының тереңдеуі).
Ересектерге қарағанда балаларда жиірек байқалған жағымсыз әсерлер: мұрыннан бөліністер және мұрын ішінің қышынуы, температураның жоғарылауы.
Көздің алдыңғы бөлігіндегі мөлдір қабаттың (мөлдір қабықтың) ауыр зақымдануы бар кейбір пациенттерде өте сирек жағдайларда емдеу барысында кальцийдің жинақталуы салдарынан мөлдір қабықта күңгірт дақтар түзілді.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz