Барлық дәрілік препараттар сияқты, бұл дәрілік препарат жағымсыз реакцияларды туындатуы мүмкін, бірақ олар барлық пациенттерде дамымайды.
• Мынадай жағдайда дереу дәрігерге хабарлаңыз:
• кеуденің ауыруын және тыныс алуды қиындатып, қантамырлар арқылы өкпеге ауысуы мүмкін, веналарда, әсіресе аяқ веналарында тромбтар пайда болғанда (симптомдары ісіну, ауырсыну және аяқтың қызаруын қамтиды). Егер осы симптомдардың кез келгені пайда болса, дереу дәрігерге қаралыңыз.
• бұрыннан бар деменцияның аясында ментальді статустың кенеттен өзгеруі байқалғанда, кенеттен әлсіздік немесе беттің, қолдың немесе аяқтың, әсіресе бір жақты ұйып қалуы, түсініксіз сөйлеу, тіпті қысқа уақыт кезеңі ішінде. Бұл инсульттің белгілері болуы мүмкін.
• қызба, бұлшықеттердің сіресуі, терлеу немесе сана деңгейінің төмендеуі («қатерлі нейролептикалық синдром» деп аталатын бұзылыс) пайда болғанда. Шұғыл медициналық көмек қажет болуы мүмкін.
• ер жынысты пациенттерде ұзаққа созылған немесе жалғасатын эрекцияның пайда болуы. Бұл жағдай приапизм деп аталады. Шұғыл медициналық көмек қажет болуы мүмкін.
• тілдің, ауыздың және беттің еріксіз, ырғақты қозғалыстарының пайда болуы. Палиперидонды тоқтату қажет болуы мүмкін.
• қызбамен, ауыздың, беттің, еріннің немесе тілдің ісінуімен, ентігумен, қышынумен, тері бөртпесімен және кейде артериялық қысымның төмендеуімен сипатталатын ауыр аллергиялық реакцияның дамуы («анафилаксиялық реакция» деп аталады). Пероральді палиперидон немесе рисперидон мұның алдында жағымды болса да, палиперидон инъекциясынан кейін сирек жағдайларда аллергиялық реакциялар болуы мүмкін.
• көзге операцияны жоспарлау кезінде офтальмологқа осы дәрілік препаратты қабылдау туралы хабарлау қажет. Көз бұршағының бұлдырауына (катаракта) байланысты көзге жасалатын операция кезінде нұрлы қабық операция барысында босаң болып қалуы мүмкін («босаң нұрлы қабық синдромы» ретінде де белгілі бұзылыс), бұл көздің зақымдануына әкеліп соғуы мүмкін.
• инфекциямен күресу үшін қажетті белгілі бір типтегі лейкоциттердің өте төмен саны.
Келесі жағымсыз реакциялар пайда болуы мүмкін:
Өте жиі
• ұйықтап кетудегі немесе ұйықтаудағы қиындық
Жиі
• әдеттегі суық тию симптомдары, несеп шығару жолдарының инфекциясы, тұмауға ұқсас жағдай
• Ксеплион® препараты қан талдауы бойынша анықталатын пролактин гормонының деңгейін жоғарылатуы мүмкін (бұл тиісті симптомдарды туындатуы немесе туындатпауы мүмкін). Пролактиннің жоғары деңгейінің симптомдары (ерлерде) сүт бездерінің ісінуін, эрекцияға қол жеткізу немесе ұстап тұру қиындықтарын немесе басқа жыныстық дисфункцияны қамтуы мүмкін; (әйелдерде) сүт бездеріндегі жайсыздық, сүт бездерінен сүттің бөлінуі, етеккір оралымының болмауы немесе етеккір оралымының басқа кінараттары
• қандағы жоғары қант деңгейі, дене салмағының артуы, дене салмағының жоғалуы, тәбеттің төмендеуі
• ашушаңдық, депрессия, мазасыздық
• паркинсонизм: баяу немесе бұзылған қозғалыс, қозғалыс шектелуін немесе бұлшықеттердің түйілуін сезіну (қимыл-қозғалыс үзік-үзік болады), кейбір жағдайларда қимылдың «тұрып қалуын» сезіну, кейіннен оның жалғасуы болуы мүмкін. Паркинсонизмнің басқа белгілеріне баяу тырпылдатып жүру, тыныштық кезіндегі тремор, сілекейдің көп бөлінуі және/немесе сілекей ағу мен бет әлпетіндегі эмоцияның жоғалуы жатады.
• мазасыздық, ұйқышылдық немесе зейін қоюдың төмендеуі
• дистония: бұлшықеттің баяу немесе тұрақты еріксіз жиырылуы. Дистония дененің кез келген бөлігіне әсер етуі мүмкін (және аномальді қалыпқа әкелуі мүмкін) болса да, ол көбінесе бет бұлшықеттерін зақымдайды, соның ішінде көздің, ауыздың, тілдің немесе жақтың аномальді қозғалыстарын қамтиды
• бас айналу
• дискинезия: бұлшықеттің еріксіз қозғалысы, қайталанатын, спастикалық немесе иірілген қозғалыстар немесе тартылулар болуы мүмкін
• тремор (діріл)
• бас ауыруы
• жүректің жиі соғуы
• жоғары артериялық қысым
• жөтел, мұрынның бітелуі
• іштің ауыруы, құсу, жүрек айну, іш қату, диарея, асқазанның қорытпауы, тіс ауыруы
• қандағы бауыр трансаминазалары деңгейінің жоғарылауы
• сүйектің немесе бұлшықеттің ауыруы, арқаның, буындардың ауыруы
• етеккір оралымының болмауы
• қызба, әлсіздік, қажу (шаршау)
• қышынуды, ауырсынуды немесе ісінуді қоса, инъекция орнындағы реакциялар
Жиі емес
• пневмония, бронхит, тыныс алу жолдарының инфекциясы, синусит, қуық инфекциясы, құлақ инфекциясы, тырнақтың зеңдік инфекциясы, тонзиллит, тері инфекциясы
• лейкоциттер санының төмендеуі, организмді инфекциядан қорғауға көмектесетін белгілі бір типті лейкоциттердің төмендеуі, анемия
• аллергиялық реакция
• қант диабеті немесе қант диабетінің нашарлауы, қандағы инсулин деңгейінің жоғарылауы (қандағы қантты бақылайтын гормон)
• тәбеттің жоғарылауы
• тамақтанудың бұзылуына және дене салмағының аздығына әкелетін тәбеттің жоғалуы
• қан триглицеридтерінің (майлар) жоғары деңгейі, қандағы холестериннің жоғарылауы
• ұйқының бұзылуы, көтеріңкі көңіл-күй (мания), сексуалдық құштарлықтың төмендеуі, күйгелектік, қорқынышты түстер
• кешеуілдеген дискинезия (беттің, тілдің немесе дененің басқа бөліктерінің бақыланбайтын құрысуы немесе тартқылаған қозғалыстары). Тілдің, ауыздың және беттің еріксіз ырғақты қозғалысы пайда болған кезде дереу дәрігерге хабарлаңыз. Осы дәрілік препаратты тоқтату қажет болуы мүмкін
• естен тану, психомоторлық аса жоғары белсенділік (дененің бөліктерін үнемі қозғалту қажеттілігі), тұрған кезінде бас айналу, зейін қоюдың бұзылуы, сөйлеу кінараттары, дәм сезудің бұзылуы немесе жоғалуы, ауырсыну шегі мен тері сезімталдығының төмендеуі, терінің шаншуы немесе ұйып қалу сезімі
• көрудің бұзылуы, көз инфекциясы немесе жедел эпидемиялық конъюнктивит, көздің құрғауы
• айналуды сезіну (бас айналу), құлақтың шыңылдауы, құлақтың ауыруы
• жүректің жоғарғы және төменгі бөліктері арасындағы өткізгіштіктің бұзылуы, жүректің электр өткізгіштігінің бұзылуы, жүректің QT аралығының ұзаруы, тұрған кезде жүректің жиі соғуы, баяу жүрек ырғағы, жүректің аномальді электр өткізгіштігі (электрокардиограмма немесе ЭКГ), кеудедегі діріл немесе соғу сезімі (жүректің қағуын сезіну)
• төмен артериялық қысым, тұру кезінде төмен артериялық қысым (бұл препаратты қабылдағанда кейбір адамдар әлсіздікті, бас айналуын сезінуі немесе кенеттен тұрғанда немесе отырғанда есінен тануы мүмкін)
• ентігу, тамақтың ауыруы, мұрыннан қан кету
• іштегі жайсыздық, асқазан немесе ішек инфекциясы, жұтынудың қиындауы, ауыздың құрғауы
• шамадан тыс газ түзілуі немесе метеоризм
• қандағы ГГТ (гаммаглютамилтрансфераза деп аталатын бауыр ферменті) деңгейінің жоғарылауы, қандағы бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы
• есекжем, қышыну, бөртпе, шаштың түсуі, экзема, терінің құрғауы, терінің қызаруы, безеу, тері астындағы абсцесс
• қандағы КФК (креатинфосфокиназа), кейде бұлшықет бұзылысы кезінде босап шығарылатын ферменттің деңгейінің жоғарылауы
• бұлшықеттің түйілуі, буындардың қимыл-қозғалысының тежелуі, бұлшықет әлсіздігі
• несепті ұстай алмау, жиі несеп шығару, несеп шығару кезіндегі ауырсыну
• эректильді дисфункция, эякуляцияның бұзылуы, етеккір оралымының болмауы немесе оралымның басқа проблемалары (әйелдерде), ерлердегі сүт бездерінің дамуы, жыныстық дисфункция, сүт бездерінің ауыруы, сүт бездерінен сүттің бөлінуі
• беттің, ауыздың, көздің немесе еріннің ісінуі, дененің, қолдың немесе аяқтың ісінуі
• дене температурасының жоғарылауы
• жүрістің өзгеруі
• кеуденің ауыруы, кеудедегі жайсыздық, дімкәстік
• терінің мүйізденуі
• құлау
Сирек
• көз инфекциясы
• кене шаққаннан туындаған терінің қабынуы, бастың немесе дененің қабыршақтанған терісінің қышуы
• қандағы эозинофилдер деңгейінің жоғарылауы (лейкоциттер түрі)
• тромбоциттер санының төмендеуі (қан кетуді тоқтатуға ықпал ететін қан жасушалары)
• бастың еріксіз шайқалуы
• несеп көлемін бақылайтын гормонның талапқа сай емес секрециясы
• несепте қанттың болуы
• бақыланбайтын қант диабетінің өмірге қауіп төндіретін асқынулары
• қандағы қант деңгейінің төмендігі
• суды шамадан тыс тұтыну
• ояу кездегі қозғалыстар мен реакциялардың болмауы (кататония)
• сананың шатасуы
• түсінде жүру
• эмоцияның болмауы
• оргазмға жетуге қабілетсіздік
• қатерлі нейролептикалық синдром (сананың шатасуы, ақыл-естің кемуі немесе естен айырылу, жоғары температура және бұлшықеттің айқын сіресуі), мидың қан тамырларындағы кінараттар, соның ішінде мидың қанмен қамтамасыз етілуінің кенеттен жоғалуы (инсульт немесе «мини» инсульт), тітіркендіргіштерді сезіне алмау, естен тану, сананың төмен деңгейі, құрысулар (ұстамалар), тепе-теңдіктің бұзылуы
• қимыл үйлесімінің бұзылуы
• глаукома (көз алмасындағы қысымның жоғарылауы)
• көздің қозғалысындағы кінараттар, көздің айналуы, көздің жарыққа сезімталдығының жоғарылауы, көзден жастың көп ағуы, көздің қызаруы
• жүрекшелердің фибрилляциясы (жүректің аномальді ырғағы), жүректің тұрақты емес соғуы
• кеуденің ауыруын және тыныс алудың қиындауын туғызатын өкпедегі тромб. Осы симптомдардың кез-келгені пайда болған кезде дереу дәрігерге қаралыңыз
• веналардағы, әсіресе аяқтағы тромбтар (симптомдарға аяқтың ісінуі, ауыруы және қызаруы жатады). Осы симптомдардың кез-келгені пайда болған кезде дереу дәрігерге қаралыңыз
• ысыну
• ұйықтап жатқанда тыныс алудың қиындауы (ұйқыдағы апноэ)
• өкпедегі іркіліс, тыныс алу жолдарының бітелуі
• өкпедегі сырылдар
• ұйқы безінің қабынуы, тілдің ісінуі, нәжістің тоқтамауы, өте қатты нәжіс
• ішектің бітелуі
• еріннің жарылуы
• дәрілік затқа байланысты терідегі бөртпе, терінің қалыңдауы, қайызғақ
• бұлшықет талшықтарының жыртылуы және бұлшықеттің ауыруы (рабдомиолиз)
• буындардың ісінуі
• несеп шығарудың қиындауы
• сүт бездеріндегі жайсыздық, сүт бездерінің ұлғаюы, омыраудың ұлғаюы
• қынаптық бөлінділер
• приапизм (хирургиялық емдеуді қажет етуі мүмкін ұзаққа созылған эрекция)
• өте төмен дене температурасы, қалтырау, шөлдеу сезімі
• препаратты тоқтату симптомдары
• инъекция орнындағы инфекциядан туындаған іріңнің жиналуы, терінің терең инфекциясы, инъекция орнындағы киста, инъекция орнының қанталауы
Белгісіз
• қандағы инфекциямен күресу үшін қажет болатын белгілі бір типтегі лейкоциттердің өте төмен саны
• қызбамен, ауыз қуысының, беттің, еріннің немесе тілдің ісінуімен, ентігумен, қышынумен, терінің бөртпесімен және кейде артериялық қысымның төмендеуімен сипатталатын ауыр аллергиялық реакция
• суды шамадан тыс тұтыну
• ұйқының бұзылуымен байланысты тамақтану бұзылысы
• бақыланбайтын қант диабетіне байланысты кома
• организмнің кейбір бөліктеріндегі оттегі мөлшерінің азаюы (қан ағымының төмендеуіне байланысты)
• тез, үстірт демалу, тамақтың тыныс жолына өтіп кетуінен туындаған пневмония, дауыс бұзылысы
• ішек бұлшықеттерінің қозғалмауы, бұл бітелуге әкеледі
• тері мен көздің сарғаюы (сарғаю)
• ауыз қуысының, мұрынның, көздің және жыныс мүшелерінің ішінде және айналасында басталып, дененің басқа бөліктеріне таралуы мүмкін, терінің күлдіреуімен және қабыршақтануымен бірге жүретін ауыр немесе өмірге қауіп төндіретін бөртпе (Стивенс-Джонсон синдромы немесе уытты эпидермалық некролиз)
• тыныс алудың қиындауына әкелетін тамақтың ісінуін қоса, ісінумен күрделі аллергиялық реакциялар
• тері түсінің өзгеруі
• дұрыс емес мүсін
• Ксеплион® препаратын жүктілік кезінде қабылдаған аналардан жаңа туған нәрестелерде препараттың жағымсыз реакциялары және/немесе ашушаңдық, бұлшықеттің баяу немесе ұзаққа созылған жиырылуы, тремор, ұйқышылдық, тыныс алу немесе тамақтану кінәраттары сияқты тоқтату симптомдары болуы мүмкін
• дене температурасының төмендеуі
• инъекция орнында тері жасушаларының жансыздануы және инъекция орнында ойық жара
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz.