ҚҚСД қолданған кезде асқазан-ішек жолы тарапынан жағымсыз құбылыстар жиі байқалады. Пептидтік ойықжаралар, АІЖ тесілуі немесе қан кету, кейде өліммен аяқталатыны, әсіресе егде жастағы адамдарда болуы мүмкін. ҚҚСД қабылдағаннан кейін жүрек айну, құсу, диарея, метеоризм, іш қату, диспепсия, іштің ауруы, мелена, қан құсу, ойықжаралы стоматит, колит өршуі және Крон ауруы жағдайлары туралы хабарланған. Гастрит жиі байқалмады.
Лорноксикаммен емделетін пациенттердің шамамен 20 %-да жағымсыз реакциялардың дамитынын күтуге болады. Лорноксикамның ең жиі жағымсыз әсерлерінің қатарына жүректің айнуы, диспепсия, қорытпау, іштің ауруы, құсу және диарея жатады. Жүргізілген зерттеулерде бұл симптомдар, әдетте, пациенттердің 10 %-дан азында пайда болды.
ҚҚСД емнің аясында ісінулер, артериялық гипертензия және жүрек жеткіліксіздігі байқалды.
Клиникалық зерттеулер барысында алынған ақпарат және эпидемиологиялық деректер кейбір ҚҚСД (әсіресе жоғары дозаларда ұзақ уақыт бойы емдегенде) қолдану артериялық тромбоздық асқынулардың (мысалы, миокард инфарктісі немесе инсульт) қаупінің артуымен астасқан болуы мүмкін деп болжауға мүмкіндік береді.
Ерекше жағдайларда желшешек кезінде тері мен жұмсақ тіндер тарапынан күрделі инфекциялық асқынулар туындауы мүмкін.
Ксефокам препаратын қолданумен астасқан жағымсыз әсерлер төменде сипатталған.
Жиі (10 адамға шаққанда 1 жағдайға дейін)
• бастың жеңіл және қысқа мерзімді ауыруы, бас айналу;
• көзден бөлінділердің ағуы (конъюнктивит);
• жүрек айну, іштің ауыруы, асқазанның бұзылуы, диарея және құсу.
Жиі емес (100 адамға шаққанда 1 жағдайға дейін)
• салмақ тастау (анорексия), ұйықтай алмау (ұйқысыздық), депрессия;
• бас айналу сезімі, құлақтың шыңылдауы (тиннитус);
• жүрек жеткіліксіздігі, жүректің жиі соғуы, тахикардия, бетке қан кернеу сезімі;
• аллергия нәтижесінде мұрынның бітелуі (ринит);
• іш қату, газдың шектен тыс түзілуі (метеоризм), кекіру, ауыздың құрғауы, гастрит, пептидтік ойықжара, іштің жоғарғы бөлігінің ауыруы, он екі елі ішектің ойықжарасы, ауыз қуысындағы ойықжаралар;
• бауыр ферменттері белсенділігінің жоғарылауы (қан талдауы бойынша анықталған);
• бөртпе, қышыну, аса тершеңдік, терінің қызаруы (эритема), ангионевроздық ісіну (терінің, әдетте беттің терең қабаттарының жылдам ісінуі), аллергиялық бөртпе (есекжем), шаштың түсуі (алопеция);
• буындардың ауыруы (артралгия);
• өзін-өзі нашар сезіну (дімкәстік) беттің ісінуі.
Сирек (1000 адамға шаққанда 1 жағдайға дейін)
• тамақтың ауыруы (фарингит);
• анемия, қан жасушалары санының азаюы (тромбоцитопения және лейкопения);
• анафилактоидты реакцияларды және анафилаксияны қоса, аса жоғары сезімталдық (әдетте беттің ісінуімен, бетке қан кернеуімен, тыныс алудың қиындауымен және естен тану алдындағы жағдаймен сипатталатын организмнің реакциясы);
• сананың шатасуы, күйгелектік, қозу, ұйқышылдық (ұйқы қысқанда), парестезия (шаншу сезімі), дәм сезу қасиеттерінің өзгеруі, тремор, бас сақинасы, көрудің бұзылуы;
• жоғары артериялық қысым, ысыну;
• қан кету, гематомалар (көгеру), қан ұю уақытының ұзаруы;
• тыныс алудың қиындауы (ентігу), жөтел, бронх түйілуі;
• ойықжараның тесілуі, қан құсу, асқазан-ішек жолынан қан кету, қара май тәрізді нәжіс;
• ауыз қуысының қабынуы, эзофагит (өңештің қабынуы), гастроэзофагеальді рефлюкс, жұтынудың қиындауы, афтозды стоматит (ойықжаралы), тілдің қабынуы;
• бауыр функциясын бағалау нәтижелерінде қалыптан ауытқулар;
• тері проблемалары, мысалы, экзема, бөртпе;
• сүйектердің ауыруы, бұлшықет түйілуі, бұлшықет ауыруы;
• түнде ояну және кіші дәретке бару (никтурия) сияқты несеп шығару проблемалары немесе қанда мочевина және креатинин деңгейінің жоғарылауы;
• әлсіздік, шаршау.
Өте ирек (10000 адамға шаққанда 1 жағдайға дейін)
• ҚҚСД бүкіл классына тән әсерлер: нейтропения, агранулоцитоз, аплазиялық анемия, гемолитиздік анемия, бүйрекке нефроуытты әсер;
• асептикалық менингит;
• бауырдың зақымдануы, гепатит (бауырдың қабынуы), сарғаю, холестаз (бауырдан өттің ағып келуінің тоқтауы);
• көгеру, ісіну, терінің ауыр бұзылулары (Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз).
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz