Кез келген басқа препараттармен болатындай, бұл дәрілік зат жағымсыз әсерлерді тудыруы мүмкін, алайда олар барлығында болмаса да дамиды.
Ксефокам Рапид сияқты дәрілік заттарды қабылдау жүрек ұстамалары немесе инсульт қаупін аздап арттырумен астасқан болуы мүмкін.
Егер сізде ерекше абдоминальді симптомдар, мысалы, құрсақ қуысында қан кету, тері бөртпелері, мұрынның ішкі төсемдерінің, ауыз қуысының, қабақтың, құлақ жарғағының, гениталийдің немесе анустың зақымдануы, немесе басқа да аса жоғары сезімталдық белгілері сияқты тері реакциялары туындаса, сіз Ксефокам Рапид препаратын қабылдауды тоқтатуыңыз және дереу емдеуші дәрігерге қаралуыңыз керек.
Егер сізде келесі жағымсыз әсерлердің кез келгені туындаса, осы дәрілік затты қабылдауды тоқтатыңыз және олар туралы дереу емдеуші дәрігерге хабарлаңыз немесе жақын жердегі аурухананың шұғыл көмек көрсету бөлімшесіне хабарласыңыз:
• ентігу, кеуденің ауыруы немесе айқын болатын немесе сіздің ойыңызша солай болатын тобық ісінуі;
• қатты немесе тоқтамайтын іш ауыруы немесе нәжістің қараюы;
• тері жабындары мен көз ақуыздарының сарғаюы (сарғаю) - бауырдағы проблемалардың белгісі;
• тері проблемаларымен, мысалы, ойық жаралар немесе күлдіреуік, немесе бет, ерін, тіл немесе тамақ ісінуімен көрініс табуы мүмкін аллергиялық реакция, осының нәтижесінде сіздің тыныс алу қиын болуы мүмкін;
• қызу, сулы бөртпе немесе, әсіресе алақандағы және табандағы немесе ауыз маңындағы қабыну (Стивенс-Джонсон синдромы);
• ерекше жағдайларда желшешек аясында (желшешек) терінің күрделі инфекциялары дамуы мүмкін.
Ксефокам Рапид препаратын қолданумен астасқан жағымсыз әсерлер төменде сипатталған.
Жиі жағымсыз әсерлер (10 адамға 1 жағдайға дейін)
• жеңіл және қысқа мерзімді бас ауыруы және айналуы;
• көзден шығатын бөліністер (конъюнктивит);
• жүрек айнуы, іш ауыруы, асқазандағы бұзылыс, диарея және құсу.
Жиі емес жағымсыз әсерлер (10 адамға 1 жағдайға дейін)
• салмақ жоғалту (анорексия), ұйықтай алмау (ұйқысыздық), депрессия;
• бас айналуын сезіну, құлақтың шулауы (тиннитус);
• жүрек жеткіліксіздігі, жүрек соғуының жиілеуі, тахикардия, бетке қан құйылу сезімі;
• аллергия нәтижесінде мұрынның бітелуі (ринит);
• іш қату, шамадан тыс газ түзілуі (метеоризм), жарық, ауыздың құрғауы, гастрит, пептидтік жара, іштің жоғарғы бөлігіндегі ауырсыну, он екі елі ішектің ойықжарасы, ауыз қуысындағы ойықжара;
• бауыр ферменттерінің белсенділігін арттыру (қан талдауы бойынша анықталатын);
• бөртпе, қышыну, қатты терлеу, терінің қызаруы (эритема), ангионевроздық ісіну (терінің терең қабаттарының, әдетте беттің тез ісінуі), аллергиялық бөртпе (есекжем), шаштың түсуі (алопеция);
• буын ауыруы (артралгия);
• өзін-өзі нашар сезіну (дімкәстік), беттің ісінуі.
Сирек жағымсыз әсерлер (1000 адамға 1 жағдайға дейін)
• тамақ ауыруы (фарингит);
• анемия, қандағы жасушалар мөлшерінің азаюы (тромбоцитопения және лейкопения);
• анафилактоидты реакцияларды және анафилаксияны қоса аса жоғары сезімталдық (организмнің реакциясы, әдетте беттің ісінуімен, бетке қан құйылуымен, тыныс алудың қиындауымен және естен тану алдындағы жағдаймен сипатталады);
• сананың шатасуы, ашулану, қозу, ұйқышылдық (ұйқыға тартқан кезде), парестезия (шаншу сезімі), дәмдік қасиеттерінің өзгеруі, тремор, бас сақинасы, көру қабілетінің бұзылуы;
• жоғары артериялық қысым, ысыну;
• қан кету, гематомалар (көгерулер), қан ұю уақытының ұзаруы;
• тыныс алудың қиындауы (ентігу), жөтел, бронх түйілуі;
• ойықжараның тесілуі, қан құсу, асқазан-ішек жолынан қан кету, қара нәжіс;
• ауыз қуысының қабынуы, эзофагит (өңештің қабынуы), гастроэзофагеальді рефлюкс, жұтудың қиындауы, афтоздық стоматит (ойықжаралы), тілдің қабынуы;
• бауыр функциясын бағалау нәтижесінде нормадан ауытқу;
• тері проблемалары, мысалы, экзема, бөртпе;
• сүйек ауыруы, бұлшықет түйілуі, бұлшықет ауыруы;
• түнде ояну және несеп шығару қажеттілігі (никтурия), немесе қандағы несеп шығару және креатинин деңгейінің жоғарылауы сияқты несеп шығару проблемалары;
• әлсіздік, қажу.
Өте сирек жағымсыз әсерлер (10000 адамға 1 жағдайға дейін)
• ҚҚСД барлық класына тән әсерлер: нейтропения, агранулоцитоз, апластикалық анемия, гемолитикалық анемия, бүйрекке нефроуытты әсер;
• асептикалық менингит;
• бауырдың зақымдануы, гепатит (бауырдың қабынуы), сарғаю, холестаз (бауырдан өттің түсуінің тоқтауы);
• көгеру, ісінулер, ауыр тері бұзылыстары (Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз).
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz