Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Спрей назальный
Дозасы
1 мг/50 мг/мл
Саудалық атауы
Ксилазол
Әсер етуші зат
Ксилометазолин
Мақсаты
Суық тию аурулары кезінде мұрын бітелуін жою үшін және тұмау кезінде туындайтын шырышты қабықтың зақымдануын емдеу кезінде демеуші ем ретінде (вазамоторлы ринит)
Өндіруші
УОРЛД МЕДИЦИН ИЛАЧ САН. ВЕ ТИДЖ. А.Ш.
Ел
Турция
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 мл препараттың құрамында
белсенді заттар: 0.5 мг немесе 1.0 мг ксилометазолин гидрохлориді,
50 мг декспантенол
қосымша заттар: динатрий гидрофосфаты гептагидраты, натрий дигидрофосфаты моногидраты, бензалконий хлориді, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір түссіз ерітінді.
- суық тию аурулары кезінде мұрын бітелуін жою үшін және тұмау кезінде туындайтын шырышты қабықтың зақымдануын емдеу кезінде демеуші ем ретінде (вазамоторлы ринит)
- мұрын қуысына хирургиялық араласымнан кейін мұрынмен тыныс алуды қалпына келтіру үшін
- мұрынның қосалқы қуысының қабынудың белгілері бар өткір респираторлық ауруларда мұрын қуысының шырышты қабығының ісінуін азайту үшін (риносинусит).
Мұрынға арналған препараттар. Жергілікті қолдануға арналған деконгестанттар және мұрынға арналған басқа препараттар. Біріктірілген симпатомиметиктер, кортикостероидтарды қоспағанда. Ксилометазолин
АТХ коды R01АВ06
Ксилазол – құрамына мұрынның шырышты қабығына жергілікті қолдануға арналған альфа-симпатомиметик (ксилометазолин гидрохлориді) және В 5 ізашар дәрумен (декспантенол) кіретін біріктірілген дәрілік зат.
Ксилометазолин гидрохлориді тамыр тарылтатын әсерге ие, нәтижесінде шырышты қабықтың ісінуін жояды. Декспантенол пантотен қышқылының туындысы (В5дәрумені), шырышты қабақтар үшін жараны емдейтін және қорғайтын қасиеттерге ие.
Ксилометазолин гидрохлориді
Имидазол туындысы ксилометазолин гидрохлориді альфа-адренергиялық симпатомиметик болып табылады. Ол тамыр тарылтатын әсер көрсетеді, нәтижесінде шырышты қабықтың ісінуін жояды. Әсердің басталуы әдетте 5-10 минуттан кейін байқалады және ісінуді жою нәтижесінде мұрынмен тыныс алудың жеңілдеуі және мұрын қуысынан шырыш шығуының жақсартуы нәтижесінде көрініс табады.
Декспантенол
Декспантенол (D-(+)-пантотенил спирті) пантотен қышқылының спирттік аналогы болып табылады және аралық конверсияның (трансформацияның) арқасында пантотен қышқылы сияқты биологиялық белсенділікке ие. Тек оң жаққа айналатын D-конфигурация биологиялық белсенді болып табылады. Пантотен қышқылы және оның тұздары суда еритін дәрумендер болып табылады, олар А коэнзимінің құрамында көптеген метаболизмдік үдерістерге қатысады, мысалы: ақуыздар мен кортикостероидтардың синтезі, антиденелер өндірісін стимуляциялау. А коэнзим сондай-ақ маңызды қорғағыш функциясы бар май бездерінің секретінен тұратын липидтердің түзілуіне қатысады. Сонымен қатар, А коэнзим түрлі мукополисахаридтер үшін негізгі құрылыс материалы болып табылатын амин қанттарының ацетилденуінде қатысады.
Декспантенол эпителий қабаттарын қорғайды және жараны жазатын әсер көрсетеді.
Декспантенол тапшылығы бар егеуқұйрықтарда декспантенолды қолданған кезде теріге трофикалық әсер байқалады.
Сыртқа қолданған кезде декспантенол/пантенол тері немесе шырышты қабық зақымданған кезде өскен пантотен қышқылына қажеттіліктің орнын толтыра алады.
Дозалау режимі
Ксилазол, мұрынға арналған спрей, 0.5 мг/50 мг
Препаратты 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларда күніне 3 реттен асырмай, әр мұрын жолына бір бүркуден қолданады. Доза жеке сезімталдыққа және клиникалық әсерге байланысты.
Ксилазол, мұрынға арналған спрей, 1 мг/50 мг
Препаратты ересектерде және 6 жастан асқан балаларда күніне 3 реттен асырмай, әр мұрын жолына бір бүркуден қолданады. Доза жеке сезімталдыққа және клиникалық әсерге байланысты.
Енгізу әдісі мен жолы
Интраназальді қолдануға арналған.
Бүрку кезінде құтыны тігінен ұстау керек.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Әр мұрын жолына бір бүркуден күніне 3 реттен артық емес.
Емдеу ұзақтығы
Дәрігер ұсынған жағдайларды қоспағанда, препаратты 7 күннен артық қолдануға болмайды. Балаларда қолдану ұзақтығына қатысты дәрігермен кеңесу қажет. Қайталап қолдануды бірнеше күн үзілістен кейін ғана бастау керек.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар
Қатысты емес.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар
Дәрілік препаратты қабылдау туралы қосымша сұрақтар туындаса, дәрігерге немесе фармацевтке кеңес алу үшін жүгіну керек.
- белсенді заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- мұрын шырышты қабығының құрғақ қабынуы (құрғақ ринит)
- көзішілік қысымның жоғарылауы, әсіресе жабық бұрышты глаукома кезінде (тек Ксилазол, мұрын спрейі, 1 мг/50 мг)
- трансфеноидальді гипофизэктомиядан немесе анамнезінде ми қабығын ашумен басқа хирургиялық араласымдардан кейінгі жай-күй
- 2 жасқа дейінгі балалар (Ксилазол, мұрынға арналған спрей, 0.5 мг/50 мг)
- 6 жасқа дейінгі балалар (Ксилазол, мұрынға арналған спрей, 1 мг/50 мг)
Құрамында консервант ретінде бензалконий хлориді болуына байланысты препаратты осы затқа белгілі жоғары сезімталдығы бар пациенттерге тағайындауға болмайды.
Жиі емес
- мұрыннан қан кету
- аса жоғары сезімталдық реакциялары (ангионевроздық ісіну, бөртпе, қышыну)
Сирек
- жүрек соғысы, тахикардия, артериялық гипертензия
Өте сирек
- аритмия
- препараттың әсері жоғалған кезде мұрын қуысы шырышты қабығының ісінуінің күшеюі
- шаршау (ұйқышылдық, седация), бас ауруы, құрысулар (әсіресе балаларда)
- мазасыздық, ұйқысыздық, елестетулер (көбінесе балаларда)
Белгісіз
- мұрын қуысы шырышты қабығының күйдіру сезімі және құрғауы, түшкіру
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әрекеттер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Ксилометазолин гидрохлориді
Имидазол туындыларымен уыттанудың клиникалық көрінісі түсініксіз болуы мүмкін, өйткені стимуляциялау кезеңдері ОЖЖ мен жүрек-қантамыр жүйесінің басылу кезеңдерімен ауысуы мүмкін.
Артық дозалану, әсіресе балаларда, құрысулар, кома, брадикардия, апноэ және артериялық гипотензияға айналуы мүмкін артериялық гипертензияны қоса ОЖЖ айтарлықтай әсер етуі мүмкін.
ОЖЖ стимуляциялау симптомдарына: мазасыздық, қозу, елестету және құрысулар жатады.
ОЖЖ басылу симптомдары дене температурасының төмендеуі, сылбырлық, ұйқышылдық және кома түрінде көрінеді.
Басқа симптомдар болуы мүмкін: миоз, мидриаз, тершеңдік, қызба, тері жабындысының бозаруы, жүрек айну, тахикардия, брадикардия, аритмия, жүрек тоқтап қалуы, артериялық гипертензия, шок тәрізді гипотензия, өкпе ісінуі, тыныс алудың басылуы және апноэ.
Емі
Ауыр артық дозалану жағдайында емдеуді стационар жағдайында жүргізу керек. Ксилометазолин гидрохлориді тез сіңетін болғандықтан, белсендірілген көмірді (абсорбент), натрий сульфатын (іш жүргізетін) дереу қабылдау керек немесе асқазанды шаюға жүгіну керек (жоғары дозаларда). Артериялық қысымды төмендету үшін селективті емес альфа-адреноблокаторлар тағайындалуы мүмкін. Тамыр тарылтатын препараттарды қолдануға болмайды. Қажет болғанда қызуды түсіретін және құрысуға қарсы препараттар, сондай-ақ жасанды тыныс алу қолданылады.
Декспантенол
Пантотен қышқылы және оның декспантенол сияқты туындылары өте төмен уыттылыққа ие. Артық дозалану жағдайда ешқандай емдеу шаралары қажет емес.
Бұл дәрілік затты пациенттерде пайда/қауіп арақатынасын мұқият бағалағаннан кейін ғана қолдану керек:
- артериялық қысымды көтеру қабілеті бар моноаминоксидаза тежегіштері мен басқа дәрілік заттарды қабылдайтын дәрілер
- жоғары көзішілік қысыммен, әсіресе жабық бұрышты глаукома кезінде
- жүрек-қантамыр жүйесінің ауыр бұзылулары бар (жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертензия)
- феохромоцитома
- зат алмасу бұзылулары кезінде (гипертиреоз, қант диабеті)
- порфирия
- қуық асты безінің гиперплазиясы
Ксилометазолинді пайдаланатын ұзартылған QT аралығы синдромы бар пациенттерде күрделі қарыншалық аритмия қаупі жоғары болуы мүмкін.
Арнайы ескертулер
Созылмалы ринит кезеңінде мұрын шырышты қабығының атрофиясы қаупіне байланысты дәрігердің бақылауымен ғана қолдануға болады.
Шырышты қабықтың ісінуін азайтатын симпатомиметиктерді қолдану кезінде, әсіресе ұзақ пайдаланған кезде немесе артық дозалану жағдайында мұрын қуысының шырышты қабығының реактивті гиперемиясы туындауы мүмкін. Бұл кері әсер мұрын жолдарының тарылуымен бірге жүреді, нәтижесінде пациент препаратты тұрақты қолдануға көшумен бірнеше рет қолданады. Кейіннен мұрын қуысының шырышты қабығының созылмалы ісінуі (дәрі-дәрмектік ринит), оның ішінде мұрын қуысының шырышты қабығының атрофиясы (сасық иісті атрофиялық ринит) дамиды.
Жеңіл жағдайларда симпатомиметиканы қолдануды алдымен бір мұрын жолы үшін тоқтату жеткілікті болуы мүмкін, содан кейін симптомдар жойылғаннан кейін – екіншісінде, кем дегенде, ішінара мұрын тынысын қолдау үшін.
Қосымша заттар
Препарат құрамында 1 мл-де 0,2 мг бензалконий хлориді бар, ол мұрын қуысының шырышты қабығының тітіркенуі мен ісінуін тудыруы мүмкін, әсіресе ұзақ уақыт қолданғанда.
Препарат құрамында бір дозада 1 ммоль аз натрий (23 мг) бар, яғни іс жүзінде құрамында натрий жоқ.
Дәрілік препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Ксилазолды дұрыс қолданған кезде автомобильді басқару немесе басқа механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.
Ксилазолды жүкті әйелдерде ксилометазолин гидрохлоридін қолдану жөніндегі деректердің болмауына байланысты жүктілік кезеңінде қолдануға болмайды.
Ксилазолды емшек сүтіне ксилометазолин гидрохлоридінің енуіне қатысты деректердің болмауына байланысты бала емізу кезеңінде қолдануғаболмайды.
Ксилометазолин гидрохлориді
Моноаминоксидаза тежегіштерін (транилципромин) немесе трициклді антидепрессанттармен, сондай-ақ артериялық қысымды жоғарылататын препараттарды бір мезгілде қолданғанда, осы препараттардың жүрек-қантамыр жүйесіне әсер етуі салдарынан артериялық қысым жоғарылауы мүмкін.
Декспантенол
Декспантенолдың басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі туралы деректер жоқ.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Құтыны ашқаннан кейінгі қолдану кезеңі – 12 апта.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25ºC-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.