Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Спрей назальный
Дозасы
0.1 %
Саудалық атауы
«КСИНОС®»
Әсер етуші зат
Ксилометазолин
Мақсаты
Әртүрлі этиологиядағы тұмаурату
Өндіруші
Данафа Фармасьютикал Джойнт Сток Компани
Ел
Вьетнам
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
15 мл препараттың құрамында
белсенді зат - ксилометазолин гидрохлориді, 15.0 мг,
қосымша заттар: натрий дигидрофосфаты, натрий гидрофосфаты, натрий хлориді, бензалконий хлориді, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір түссіз сұйықтық.
• әртүрлі этиологиядағы тұмаурату
• мұрынның қосалқы қуыстарының қабынуы (секрецияның шығуын жеңілдету үшін)
• ортаңғы отит (мұрын-жұтқыншақ шырышты қабығының ісінуін азайту үшін)
• науқасты мұрын жолдарында диагностикалық манипуляцияларға дайындау (риноскопия).
Әсер ету механизмі
Альфа - адреностимулятор, шырышты қабықтың ісінуі мен гиперемиясын кетіре отырып, мұрын қуысы шырышты қабығының қантамырларын тарылтады. Ринит кезінде мұрынмен тыныс алуды жеңілдетеді. Әсері бірнеше минуттан соң басталады және бірнеше сағат бойы жалғасады.
Дозалау режимі
Ересектер мен 12 жастан асқан балалар үшін әрбір мұрын жолына 1 бүркуден.
Ұсынылған дозаны, әсіресе балалар мен егде жастағы пациенттерде асырмау керек.
Енгізу әдісі мен жолы
Мұрын ішіне.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Күніне 3 реттен артық қолдануға болмайды.
Емдеу ұзақтығы
Препаратты 7 күннен асырмай қолдану керек.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкеріне кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар
Дәрілік препратты қабылдамас бұрын дәрігерге кеңес алу үшін жүгініңіз.
• әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• артериялық гипертензия, тахикардия
• айқын атеросклероз
• глаукома
• атрофиялық ринит немесе құрғақ ринит
• трансфеноидальды гипофизэктомия немесе қатты ми қабықтарын ашумен хирургиялық араласулар
• тиреотоксикоз
• моноаминоксидаза тежегіштерін және трициклді антидепрессанттарды қолдану.
• жүктілік кезеңі
• 12 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Өте сирек (<1/10 000)
• аса жоғары сезімталдық реакциялары (ангионевроздық ісіну, терінің бөртуі, қышыну)
• көрудің уақытша нашарлауы
• ырғақсыз немесе жиі жүрек қағуы, гипертония, аритмия
Жиі ( ≥1/100 бірақ <1/10)
• бас ауыруы
• мұрынның шырышты қабығы тарапынан құрғау немесе жайсыздық, ашытып күйдіру, дәрі-дәрмектік ринит
• жүрек айнуы
• қолдану жерінде ашытып күйдіруді сезіну
Жиі емес (≥1/1 000 бірақ <1/100)
• мұрыннан қан кету
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық дерекқорға тікелей жүгіну керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Ксилометазолин гидрохлоридін шамадан тыс жергілікті қолдану немесе оны кездейсоқ жұтып алу ОЖЖ бәсеңдеуі (ұйқышылдық, кома), артериялық гипер - немесе гипотензия, сондай-ақ тахикардия және брадикардия сияқты симпатолитикалық әсерлердің пайда болуына әкелуі мүмкін. Сондай-ақ, жүрек айнуы және құсу сияқты асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар туындауы мүмкін. Басқа симптомдарға тері жабынының бозаруы, қатты терлеу, қатты тоңу, миоз, тыныс алудың бәсеңдеуі, атаксия және мазасыздық жатады.
Деректердің болмауына байланысты препаратты дене салмағына 0,5 мг/кг артық дозада қолданған жағдайда аса маңызды симптоматиканың пайда болу мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды. Мұндай жағдайларда тәжірибелі дәрігермен немесе токсикологиялық ақпарат орталығының маманымен кеңескеннен кейін пациентке медициналық бақылау және белсендірілген көмірдің бір реттік дозасын қабылдау көрсетілген. Спецификалық антидоты жоқ. Мұндай жағдайларда симптоматикалық ем жүргізіледі; брадикардияны атропинмен емдеуге болады.
Пациенттердің ерекше топтары туралы қосымша мәліметтер
Қатысты емес
Балалар
Препаратты кездейсоқ жұтқаннан кейінгі ауыр симптомдар тіркелген жоқ; дегенмен, нәрестеде (2 апталық) 1 тамшы 0,1% ерітіндіні әрбір танауға қолдану комаға әкелгені туралы оқиғалар бар.
Балаларда препаратты дене салмағына 0,5 мг/кг дейін дозада қолдану клиникалық тұрғыдан маңызды симптоматиканың пайда болуына әкеп соқпады.
Арнайы ескертулер
Пациенттерге сақтықпен қолдану керек:
• жоғары қан қысымымен
• жүрек-қан тамырлары ауруларымен
• гипертиреозбен
• қант диабетімен
• феохромоцитомасы бар
• қуықасты безінің гипертрофиясымен
• МАО тежегіштерімен емделіп жатқандарға (сондай-ақ емдеу аяқталғаннан кейін 14 күн ішінде)
• симпатомиметиктерге айқын реакциямен (ұйқысыздық, бас айналу және т.б.).
Ксилометазолин алатын QT ұзартылған интервал синдромы бар пациенттерде ауыр қарыншалық аритмиялардың даму қаупі жоғары болуы мүмкін.
Ксилометазолин, жергілікті қолдануға арналған басқа деконгестанттар сияқты, 10 күннен артық қолданбау керек, өйткені бұл мұрын шырышты қабығының ісінуімен бірге жүретін дәрі-дәрмектік риниттің пайда болуына әкелуі мүмкін.
Әсіресе балалар мен егде жастағы адамдарды емдеу кезінде препараттың ұсынылған дозасынан асырмау керек.
Қосымша заттар
Препарат құрамында бензалконий хлориді бар, ол терінің реакциясын тудыруы мүмкін.
Педиатрияда қолдану
Препаратты 12 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат көлікті басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетін төмендетпейді.
Қолдану бойынша ұсыныстар
Жүктілік кезінде препаратты қабылдауға болмайды.
Лактация кезінде препаратты сақтықпен және дәрігердің тағайындауы бойынша ғана қолдану керек.
Артериялық гипертензияны туындатуы мүмкін МАО тежегіштерімен және трициклді антидепрессанттармен бір мезгілде қолдануға болмайды.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 15 ºС-ден 25 ºС-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.