ЖР туындаған жағдайлардың жиілігін сипаттау үшін келесі санаттар пайдаланылады: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100 - <1/10 дейін), жиі емес (≥1/1000 - <1/100 дейін), сирек (≥1/10 000 -<1/1000 дейін), өте сирек (<1/10 000) және белгісіз (жиілігін қолда бар деректердің негізінде есептеп шығару мүмкін емес).
Лидокаинсіз/лидокаинмен цефтриаксон
Өте жиі
• өт қабында цефтриаксон-кальций преципитаттарының симптоматикалық түзілуі, балалардағы қайтымды өт-тас ауруы
Жиі
• эозинофилия, лейкопения, тромбоцитопения, протромбин уақытының ұзаруы
• диарея, іш өтуі
• бауыр ферменттері белсенділігінің жоғарылауы (АЛТ, АСТ, сілтілік фосфатаза)
• бөртпе, ісіну
• брадикардия, артериялық гипотензия, артериялық гипертензия
Жиі емес
• жыныс мүшелерінің микоздары
• гранулоцитопения, анемия, коагулопатия, қан сарысуындағы креатинин деңгейінің жоғарылауы
• бас ауыруы, бас айналуы
• жүрек айнуы, құсу
• прурит
• флебит, енгізген жердегі реакциялар (мысалы, енгізген жердегі ауыру, эритема, ашыту, қызару, флебит, ісіну, бөртпе, қышыну, қабыну, қатаю, гематома, инфекция, абсцесс), дене температурасының жоғарылауы
Сирек
• жалған жарғақшалы колит
• энцефалопатия
• бронх түйілуі
• ядролық сарғаю
• есекжем
• олигурия, гематурия, глюкозурия
• ісіну, қалтырау, анафилаксиялық немесе анафилактоидтық реакция
• аритмиялар, жүрек-қантамырлық коллапс, жүректің тоқтап қалуы
Өте сирек
• жалған жарғақшалы энтероколит
Белгісіз
• Кунис синдромы
• панкреатит, стоматит, глоссит
• сезімтал емес қоздырғыштармен суперинфекция
• құрысулар
• терінің ауыр жағымсыз реакциялары (SCAR): Стивенс Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз, жүйелі симптомдармен дәріге байланысты эозинофилия (DRESS-синдром), Яриш-Герксгеймер реакциясы (JНR), мультиформалы эритема және жедел жайылған экзантематозды пустулез (AGEP)
• агранулоцитоз (<500/мм³), көпшілік жағдайлары 20 г және одан көп жиынтық дозаларын тағайындағаннан кейін дамыған.
Протромбин уақытының елеусіз ұзарғаны туралы хабарланды.
Еріткіштің құрамындағы лидокаин
Жиі
• күйгелектік, үрейлену, эйфория, сананың шатасуы
• бас айналуы, парестезия, ұйқышылдық, тактильді сезімталдық, тремор, дизартрия, құрысулар, естен тану
• көрудің нашарлауы, диплопия
• құлақтың шыңылдауы
• брадикардия, артериялық гипотензия, артериялық гипертензия
• тыныстың тарылуы, тыныс алу жеткіліксіздігі
• жүрек айнуы, құсу
• бұлшықеттердің тартылуы
• ісіну, тоңу және/немесе ысыну сезімі
Жиі емес
• гиперакузия
Сирек
• анафилаксиялық реакциялар
• нейропатия
• жүрек аритмиясы, кардиоваскулярлық коллапс, жүректің тоқтап қалуы
Белгісіз
• тері зақымданулары, есекжем.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz