Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки, покрытые пленочной оболочкой
Дозасы
40 мг
Саудалық атауы
Ксофлюза®
Әсер етуші зат
Балоксавир марбоксилі
Мақсаты
Тұмауды емдеу
Өндіруші
Шионоги Фарма Ко., Лтд.
Ел
Япония
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетка құрамында
белсенді зат - балоксавир марбоксилі 20 мг, 40 мг
қосымша заттар: лактоза моногидраты, натрий кроскармеллозасы, повидон К25, микрокристалды целлюлоза, натрий стеарилфумараты, тальк, Opadry White 03А48081 (гипромеллоза, тальк, титанның қостотығы Е171)
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ұзынша пішінді, ақтан ашық-сары түске дейін үлбірлі қабықпен қапталған таблетканың бір жағында компанияның сауда белгісі мен «772» сәйкестендіру коды, ал екінші жағында «20» дозасы бедерлеме түрінде орындалған таблеткалар (20 мг доза үшін).
Ақтан ашық-сары түске дейін үлбірлі қабықпен қапталған ұзынша пішінді, таблетканың бір жағында «BXM40» таңбасы бар, бедерлеме түрінде жасалған (40 мг доза үшін) таблеткалар.
Тұмауды емдеу
Ксофлюза® препараты 12 жастағы және одан асқан пациенттерде асқынбаған тұмауды емдеу үшін көрсетілген.
Қарым-қатынастан кейінгі тұмау профилактикасы
Ксофлюза® препараты 12 және одан жоғары жастағы пациенттерде қарым-қатынастан кейінгі тұмау профилактикасы үшін қолдануға көрсетілген.
Ксофлюза® препаратын ресми ұсынымдарға сәйкес қолдану керек.
Әсер ету механизмі
Балоксавир марбоксилі - бұл гидролиз процесінде тұмау вирусына қарсы әсері бар белсенді метаболит - балоксавирге айналатын ізашар дәрі болып табылады. Балоксавир кэп-тәуелді эндонуклеазаға (CEN) — вирустық РНҚ полимераза кешенінің полимеразды қышқыл суббірлігіндегі тұмау вирусы үшін спецификалық ферментке әсер етеді. Осылайша, балоксавир тұмау вирусы геномының транскрипциясын тежейді, бұл вирустық репликацияны басуға әкеледі.
In vitro белсенділігі
Ферменттердің тежелуін талдауда балоксавирдің 50% тежегіштік концентрациясы (IC50) А тұмауы вирусы үшін 1.4-тен 3.1 нмоль/л-ге дейін және В тұмауы вирусы үшін 4.5-тен 8.9 нмоль/л-ге дейін болды.
MDCK жасушалар өсіріндісін талдауда балоксавирдің 50% тиімді концентрациясының (EC50) мәндерінің медианасы A/H1N1 қосалқы түрінің штаммдары үшін 0.73 нмоль/л (n=31; ауқымы: 0.20–1.85 нмоль/л), A/H3N2 қосалқы түрінің штаммдары үшін 0.83 нмоль/л (n=33; ауқымы: 0.35-2.63 нмоль/л) және B типті штаммдар үшін 5.97 нмоль/л (n=30; ауқымы: 2.67-14.23 нмоль/л) құрады.
MDCK жасушаларында вирус титрінің төмендеуін талдауда балоксавирдің 90% тиімді концентрациясының мәні (EC90) A/H1N1 және A/H3N2 қосалқы түрінің вирустары үшін 0.46-дан 0.98 ммоль/л-ге дейін, A/H5N1 және A/H7N9 қосалқы түрінің вирустары үшін 0.80-ден 3.16 нмоль/л-ге дейін және В типті вирустар үшін 2.21-ден 6.48 нмоль/л-ге дейін құрайды.
Резистенттілігі
In vitro зерттеулерде немесе клиникалық зерттеулерде іріктелген PA/I38T/M/F/N мутациясы бар вирустар А типті тұмау вирустары үшін EC50 мәндерінің 11-ден 57 есеге дейін және В типті тұмау вирустары үшін 2-ден 8 есеге дейін ауқымында өзгеруімен балоксавирге сезімталдықтың төмендегенін көрсетті.
Асқынбаған тұмауды емдеудің III фазасының екі зерттеуі барысында (төменде қараңыз) бастапқы изоляттардың балоксавирге резистенттілігі анықталған жоқ. Емдеу нәтижесінде пайда болған PA/I38T/M/N мутациялары балоксавир марбоксилімен ем қабылдаған пациенттердің 36/370 (9.7%) және 15/290 (5.2%), бірақ плацебо ем қабылдаған пациенттерде табылған жоқ.
III фазалық зерттеуде балоксавир марбоксилімен ем қабылдаған 374 (2.7%) пациенттің 10-ында емдеу нәтижесінде пайда болған PA/I38T/M мутациялары (төменде қараңыз) байланыстан кейінгі профилактиканы зерттеу бойынша анықталды. Резервтік препарат ретінде балоксавир марбоксилін қабылдаған 2 пациентті қоспағанда, плацебо емін алған пациенттерде PA/I38 алмастырулары анықталған жоқ.
Балоксавир in vitro зерттеулерінде нейраминидаза тежегіштеріне резистентті болып саналатын вирустарға қатысты, мынадай мутациялары бар штаммдарды қоса алғанда белсенді: A/H1N1 қосалқы түрінің вирусына арналған H274Y, A/H3N2 қосалқы түрінің вирусына арналған E119V иR292K, В типті вирусына арналған R152K және D198E, A/H274N1 қосалқы түрінің вирусына арналған H5N1, A/H7N9 қосалқы түрінің вирусына арналған R292K.
Клиникалық зерттеулер
Асқынбаған тұмауды емдеу
Capstone 1 зерттеуі (1601T0831) III фазаның рандомизацияланған салыстырмалы жасырын көп орталықты зерттеуі Жапонияда және АҚШ-та асқынбаған тұмауы бар дені сау ересектер мен жасөспірімдерде (≥12 жастан ≤64 жасқа дейін) плацебо немесе осельтамивирмен салыстырғанда балоксавир марбоксилінің бір реттік пероральді дозасының тиімділігі мен қауіпсіздігін бағалау үшін жүргізілді. Пациенттер балоксавир марбоксилі (дене салмағы 40-тан <80 кг-ға дейінгі пациенттер 40 мг алды, ал дене салмағы ≥80 кг пациенттер 80 мг алды), осельтамивир 75 мг тәулігіне 2 рет 5 күн ішінде (тек ≥20 жаста) немесе плацебо алу үшін рандомизацияланды. Препарат симптомдардың алғашқы көрінісінен кейін 48 сағат ішінде қолданылды.
Зерттеуге барлығы 1436 пациент (оның 118-і ≥12 жастан ≤17 жасқа дейін) 2016-2017 жылдардағы солтүстік жарты шардағы тұмау маусымы кезінде кірді. Бұл зерттеуде тұмау вирусының басым штаммы A/H3 қосалқы түрі (84.8%-дан 88.1%-ға дейін), одан кейін В типті вирус (8.3%-дан 9.0%-ға дейін) және A/H1N1pdm қосалқы түрі (0.5%-дан 3.0%-ға дейін) болды. Тиімділіктің бастапқы нүктесі симптомдарды жеңілдетуге дейінгі уақыт болды (жөтел, тамақтың ауыруы, бас ауыруы, мұрынның бітелуі, қызудың көтерілуі немесе қалтырау, бұлшықет немесе буын ауыруы және шаршау) (ВДОС). Балоксавир марбоксилі плацебомен салыстырғанда ВДОС статистикалық маңызды төмендеуін туындатты (3-кесте).
3-кесте. Capstone 1 зерттеуі: симптомдарды жеңілдетуге дейінгі уақыт (плацебоға қарағанда балоксавир марбоксилі)
Симптомдарды жеңілдетуге дейінгі уақыт (медиана [сағат])
Балоксавир марбоксилі 40/80 мг (95% СА) N=455 — Плацебо (95% СА) N=230 — Балоксавир марбоксилі мен плацебо арасындағы айырмашылық (Айырмашылық үшін 95% СА) — p-мәні
53.7 (49.5; 58.5) — 80.2 (72.6; 87.1) — −26.5 (−35.8; −17.8) — <0.0001
СА-сенімді аралық
Балоксавир марбоксилі тобын осельтамивир тобымен салыстыру кезінде ВДОС-ға қатысты статистикалық маңызды айырмашылық (тиісінше 53.8 сағ. салыстырғанда 53.5 сағ.) анықталған жоқ.
ВДОС медианасы (95% СА) симптомдары >0-ден ≤24 сағатқа дейін байқалған пациенттерде 49.3 (44.0; 53.1) және 82.1 (69.5; 92.9) сағатты құрады және балоксавир марбоксилі мен сәйкесінше плацебо үшін симптомдары >24-тен ≤48 сағатқа дейін байқалған пациенттерде 66.2 (54.4; 74.7) және 79.4 (69.0; 91.1) сағатты құрады.
Балоксавир марбоксилімен ем қабылдаған пациенттерде қызба басылғанға дейінгі уақыт медианасы плацебо қабылдаған пациенттерде 42.0 сағаттан (95% СА: 22.6, 26.6 сағат) салыстырғанда 24.5 сағатты (95% СА: 37.4, 44.6 сағат) құрады. Балоксавир марбоксилі тобындағы қызба ұзақтығында осельтамивир тобымен салыстырғанда айырмашылықтар байқалмады.
Capstone 2 зерттеуі (1602T0832) ересектер мен жасөспірімдерде плацебо немесе осельтамивир қабылдаумен салыстырғанда (≥12 жаста) асқынбаған тұмаумен және асқынулардың даму ықтималдығын арттыратын кемінде бір фактордың болуымен салыстырғанда балоксавир марбоксилінің бір реттік пероральді дозасының тиімділігі мен қауіпсіздігін бағалау үшін III фазаның рандомизацияланған салыстырмалы жасырын көп орталықты зерттеуі болды. Пациенттер балоксавир марбоксилінің бір реттік пероральді дозасын (Capstone 1 зерттеуіне ұқсас дене салмағына сәйкес), осельтамивирді тәулігіне 2 рет 5 күн бойы 75 мг немесе плацебо қабылдау үшін рандомизацияланды. Препарат симптомдардың алғашқы дамуынан кейін 48 сағат ішінде қолданылды.
2184 пациенттің жалпы санының 59-ы ≥12-ден ≤17 жасқа дейін, 446-дан ≥65-тен ≤74 жасқа дейін, 142-≥75-тен ≤84 жасқа дейін және 14-тен ≥85 жасқа дейін болды. Бұл зерттеуде тұмау вирусының басым бөлігі A/H3 (46.9%-дан 48.8%-ға дейін) және В типті (38.3%-дан 43.5%-ға дейін) вирустар болды. Тиімділіктің бастапқы нүктесі тұмау симптомдарын жеңілдетуге дейінгі уақыт болды (жөтел, тамақтың ауыруы, бас ауыруы, мұрынның бітелуі, қызба немесе қалтырау, бұлшықет немесе буын ауыруы және шаршау) (ВДОС). Балоксавир марбоксилі плацебомен салыстырғанда ВДОС статистикалық маңызды төмендеуін туындатты (4-кесте).
4-кесте. Capstone 2 зерттеуі: тұмау симптомдарын жеңілдетуге дейінгі уақыт (плацебоға қарағанда балоксавир марбоксилі)
Тұмау симптомдарын жеңілдетуге дейінгі уақыт (медиана [сағат])
Балоксавир марбоксилі 40/80 мг (95% СА) N=385 — Плацебо (95% СА) N=385 — Балоксавир марбоксилі мен плацебо арасындағы айырмашылық (Айырмашылық үшін 95% СА) — p-мәні
73.2 (67.5; 85.1) — 102.3 (92.7; 113.1) — −29.1 (−42.8; −14.6) — <0.0001
Балоксавир марбоксилі тобын осельтамивир тобымен салыстыру кезінде ВДОС-ға қатысты статистикалық маңызды айырмашылық (тиісінше 81.0 сағ.салыстырғанда 73.2 сағ.) анықталған жоқ.
ВДОС медианасы (95% СА) >0-ден ≤24 сағатқа дейінгі симптомдары бар пациенттерде 68.6 (62.4; 78.8) және 99.1 (79.1; 112.6) сағатты және балоксавир марбоксилі мен сәйкесінше плацебо үшін >24-тен ≤48 сағатқа дейінгі симптомдары бар пациенттерде 79.4 (67.9; 96.3) және 106.7 (92.7; 125.4) сағатты құрайды.
A/H3 типті вирус жұқтырған пациенттерде ВДОС медианасы балоксавир марбоксилі тобында плацебо тобымен салыстырғанда қысқа болды, бірақ осельтамивир тобымен салыстырғанда емес (5-кестені қараңыз). В типті вирус жұқтырған пациенттердің кіші тобында ВДОС медианасы плацебо және осельтамивир топтарымен салыстырғанда балоксавир марбоксилі тобында қысқа болды (5-кестені қараңыз).
5-кесте. Тұмау вирусының қосалқы түріне байланысты симптомдарды жеңілдетуге дейінгі уақыт
Симптомдарды жеңілдетуге дейінгі уақыт (сағат) Медиана (95% СА)
Вирустың қосалқы түрі — Балоксавир марбоксилі — Плацебо — Осельтамивир
A/H3 — 75.4 [62.4; 91.6] N=180 — 100.4 [88.4; 113.4] N=185 — 68.2 [539; 81.0] N=190
B — 74.6 [67.4; 90.2] N=166 — 100.6 [82.8; 115.8] N=167 — 101.6 [90.5; 114.9] N=148
Қызба басылғанға дейінгі уақыт медианасы плацебо тобындағы 50.7 сағатқа (95% СА: 44.6, 58.8 сағат) қарағанда балоксавир марбоксилі тобында 30.8 сағатты (95% СА: 28.2, 35.4 сағат) құрады. Балоксавир марбоксилі мен осельтамивир топтары арасында айқын айырмашылықтар тіркелген жоқ.
Плацебо тобындағы 10.4%-бен (40/386 пациент) салыстырғанда тұмаудың асқынуларының жалпы даму жиілігі (өліммен аяқталуы, ауруханаға жатқызу, синусит, ортаңғы отит, бронхит және/немесе пневмония) балоксавир марбоксилі тобында 2.8%-ды (11/388 пациент) құрады. Плацебо тобымен салыстырғанда балоксавир марбоксилі тобындағы тұмаудың асқынуының анағұрлым төмен жалпы даму жиілігі бронхит дамуының анағұрлым төмен жиілігімен (тиісінше 6.0%-бен салыстырғанда 1.8%) және синуситпен (тиісінше 2.1%-бен салыстырғанда 0.3%) байланысты.
Қарым-қатынастан кейінгі тұмау профилактикасы
III фазаның рандомизацияланған салыстырмалы жасырын көп орталықты зерттеуі (1719T0834) қарым-қатынастан кейінгі тұмау профилактикасы арналған плацебомен салыстырғанда балоксавир марбоксилі бір реттік пероральді дозасының тиімділігі мен қауіпсіздігін бағалау үшін Жапонияда 749 пациенттің қатысуымен жүргізілді. Қатысушылар тұмауды жұқтырған нөлдік пациенттермен бірге тұрды.
12 және одан жоғары жастағы 607 пациент дене салмағына сәйкес дозада балоксавир марбоксилін, сондай-ақ емдеу зерттеулерінде немесе плацебода қабылдады. Қатысушылардың көпшілігі (74%) нөлдік пациенттер тобына симптомдар дамығаннан кейін 24 сағат ішінде зерттеуге қосылды. Нөлдік пациенттерде тұмау вирусының басым штамдары A/H3 қосалқы түрі (49.1%) және A/H1N1pdm қосалқы түрі (46.2%), одан кейін В типті тұмау вирусы (0.9%) болды.
Тиімділіктің бастапқы соңғы нүктесі қызбасы және 1-ші күн мен 10-шы күн аралығында кем дегенде бір респираторлық симптомы болған тұмау вирусын жұқтырған пациенттің отбасы мүшелерінің үлесі болды.
Зертханалық зерттеулермен расталған тұмауы бар пациенттер үлесінің статистикалық маңызды төмендеуі плацебо тобындағы 13.6%-дан балоксавир марбоксилі тобындағы 1.9% -ға дейін байқалды (6-кестені қараңыз).
6-кесте. Тұмау вирусы, қызба және кем дегенде бір респираторлық симптомы бар пациенттердің үлесі (плацебомен салыстырғанда балоксавир)
mITT популяциясындағы тұмау вирусы, қызбасы және кем дегенде бір тыныс симптомдары бар пациенттердің үлесі (%)
Балоксавир марбоксилі (95% СА) — Плацебо (95% СА) — Қауіп қатынасы (Қауіп қатынасы үшін 95% СА) — p-мәні
N=374 1.9 (0.8; 3.8) — N=375 13.6 (10.3; 17.5) — 0.14 (0.06; 0.30) — <0.0001
Тұмау вирусы, қызбасы және кем дегенде бір респираторлық симптомы бар ≥12 жастағы пациенттердің үлесі (%)
N=303 1.3 (0.4; 3.3) — N=304 13.2 (9.6; 17.5) — 0.10 (0.04; 0.28) — <0.0001
Балалар
Еуропалық дәрілік заттар агенттігі тұмауды емдеу және алдын алу үшін балалардың бір немесе одан да көп қосалқы топтарында Ксофлюза препаратын зерттеу нәтижелерін ұсыну жөніндегі міндеттемені кейінге қалдырды (балаларда қолдану жөніндегі ақпаратты 4.2-бөлімнен қараңыз).
Дозалау режимі
Тұмауды емдеу үшін Ксофлюза® препаратын тұмау симптомдары дами бастағаннан кейін 48 сағат ішінде мүмкіндігінше ерте бір реттік доза түрінде қабылдайды.
Тұмаудың алдын алу үшін Ксофлюза® препаратын тұмау расталған немесе тұмауға күдікті науқас адаммен жақын қарым-қатынастан кейін 48 сағат ішінде бір реттік доза түрінде мүмкіндігінше тезірек қабылдайды.
Ксофлюза® препаратының дозасы дене салмағына байланысты.
Дене салмағы — Ксофлюза® препаратының дозасы
80 кг дейін — Бір рет 40 мг 2 таблетка түрінде × 20 мг
80 кг немесе одан көп — Бір рет 80 мг 2 таблетка түрінде × 40 мг
Енгізу әдісі мен жолы
Ксофлюза® препаратын тамақтануға қарамастан қабылдауға болады. Таблеткаларды сумен ішу керек.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңесіне жүгіну жөніндегі ұсынымдар
Препаратты қолдану бойынша сұрақтар болған жағдайда емдеуші дәрігерге қаралу керек.
• әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық)
• тұқым қуалайтын галактоза көтере алмаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
Барлық дәрілік препараттар сияқты, бұл препарат жағымсыз реакцияларды туындатуы мүмкін, бірақ олар барлығында дами бермейді.
Беттің немесе терінің ісінуі, қышитын бөртпе, артериялық қысымның төмендеуі және тыныс алудың қиындауы түрінде көрінетін ауыр аллергиялық реакция (анафилаксия) дамыған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгінген жөн.
Жағымсыз реакциялар тізбесі:
Сирек (100 пациенттің 1-ден азында пайда болуы мүмкін)
• есекжем
Белгісіз (жиілікті қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
• анафилаксия, анафилаксиялық реакциялар, аса жоғары сезімталдық
• ангионевроздық ісіну
Жағымсыз дәрілік реакциялар дамыған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Ксофлюза® препаратының көп мөлшерін кездейсоқ қабылдаған жағдайда емдеуші дәрігерге қаралу қажет.
Ксофлюза® препаратын қолданар алдында емдеуші дәрігермен кеңесу қажет.
Лактоза
Ксофлюза® препаратының құрамында лактоза (қанттың бір түрі) бар. Егер кейбір қанттарға көтере алмаушылық болса, осы дәрілік препаратты қолданар алдында дәрігермен кеңесу керек.
Натрий
Бұл препарат құрамында бір таблеткаға шаққанда 23 мг аз натрий бар, яғни іс жүзінде натрий жоқ.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
Бұл препарат 12 жасқа дейінгі балаларға қолдануға арналмаған. Бұл Ксофлюза® препаратының осы жас тобындағы әсері белгісіз болуына байланысты.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Ксофлюза® препараты көлік құралдары мен механизмдерді басқару қабілетіне елеулі әсер етпейді немесе болмашы әсер етеді.
Сақтық шарасы ретінде жүктілік кезінде Ксофлюза® препаратын қолданудан бас тарту ұсынылады.
Егер осы уақытқа дейін немесе қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан/жүргізілген, сондай-ақ кез келген басқа дәрілік препараттарды қабылдау жоспарланған жағдайда емдеуші дәрігерге хабарлау керек.
Басқа дәрілік препараттардың балоксавир марбоксиліне немесе оның белсенді метаболиті- балоксавирге әсері
Құрамында поливалентті катиондар бар препараттар балоксавирдің плазмалық концентрациясын төмендетуі мүмкін. Ксофлюза® препаратын құрамында поливалентті катиондары бар іш жүргізетін немесе антацидті дәрілермен, сондай-ақ құрамында темір, мырыш, селен, кальций немесе магний бар тағамдық қоспалармен қабылдауға болмайды. Аталған препараттар мен тағамдық қоспалар Ксофлюза® препаратының әсерін төмендетуі мүмкін.
Тұмау вирусына иммундық жауап
Тұмауға қарсы вакциналар мен балоксавир марбоксилі арасындағы өзара әрекеттесуге қатысты зерттеу жүргізілген жоқ. Ксофлюза® препараты тұмау пациенттерін табиғи және эксперименттік жұқтырғаннан кейін зерттеулерде антиденелер шығару түріндегі гуморальді жауапқа әсер еткен жоқ.
Балалар
Өзара әрекеттесуді зерттеу тек ересектердің қатысуымен жүргізілді.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Ылғалдан қорғалған жерде түпнұсқалық қаптамасында 30 °C-ден аспайтын температурада сақтау керек
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Пікірлер
Пікірлер жалпы препаратқа қатысты; автор қабылдаған нұсқа бөлек көрсетіледі.
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.