Кувитруды вена ішіне кездейсоқ енгізген кезде пациентте шок дамуы мүмкін.
«Қолдану әдісі мен жолы» бөлімінде көрсетілген инфузияның ұсынылған жылдамдығын қатаң сақтау керек. Инфузия кезінде кез келген симптомдардың дамуы тұрғысынан пациенттерді мұқият бақылауды жүзеге асыру қажет.
Егер препарат силикон шприцтің ішінде 2 сағаттан артық болса, бөгде бөлшектер пайда болуы мүмкін.
Кейбір жағымсыз реакциялар алғаш рет адамның қалыпты иммуноглобулинін қабылдайтын пациенттерде немесе сирек жағдайларда адамның қалыпты иммуноглобулин басқа препаратынан ауысқан кезде немесе алдыңғы инфузия орындалған сәттен бастап ұзақ аралықтан кейін жиі орын алуы мүмкін.
Келесіге көз жеткізе отырып, ықтимал асқынулардың алдын алуға болады:
- препарат бастапқыда баяу енгізіледі;
- инфузия кезінде барлық симптомдарға мұқият мониторинг жүргізіледі. Атап айтқанда, адамның қалыпты иммуноглобулин препараттарын бұрын алмаған, иммуноглобулиннің баламалы препараттарынан ауыстырылған, сондай-ақ алдыңғы инфузияны әжептәуір бұрын жасатқан пациенттер бірінші инфузия кезінде ол аяқталғаннан кейін 1 сағат ішінде ықтимал жағымсыз симптомдар тұрғысынан бақылануы тиіс. Барлық басқа пациенттер препаратты енгізгеннен кейін кем дегенде 20 минут бойы бақылануы тиіс.
Жағымсыз реакция туындаған жағдайда енгізу жылдамдығы азайтылуы немесе инфузия тоқтатылуы тиіс. Ауыр аса жоғары сезімталдыққа немесе анафилаксиялық типтегі реакцияларға күмән туындағанда инъекцияны дереу тоқтату қажет. Қажетті емдеу жағымсыз реакцияның түрі мен ауырлығына байланысты.
Шок жағдайында шок кезінде стандартты медициналық көмекті қолдану керек.
Аса жоғары сезімталдық
Шынайы аса жоғары сезімталдық реакциялары сирек кездеседі. Олар IgA антиденелері бар пациенттерде дамуы мүмкін, сондықтан оларды өте сақтықпен қараған жөн. IgG тері астына өнімдерімен емдеу жалғыз нұсқа болып табылатын IgA антиденелері бар пациенттер Кувитру препаратымен тек тұрақты медициналық бақылауда болып, емделу керек. Кувитру құрамында IgA іздік мөлшері бар (280 мкг/мл артық емес).
Адамның қалыпты иммуноглобулині адамның қалыпты иммуноглобулинімен алдыңғы емдеуге төзімді пациенттерде де анафилаксиялық реакциямен артериялық қысымның төмендеуін сирек туындатуы мүмкін.
Тромбоэмболия
Миокард инфарктісін, инсультті, өкпе артериясының тромбоэмболиясын, терең веналар тромбозын қоса алғанда, артериялық және веналық тромбоэмболия иммуноглобулиндерді енгізумен байланысты. Тромбоздар қаупінің факторлары бар (атап айтқанда, егде жас, гипертензия, қант диабеті, тамыр аурулары немесе анамнезіндегі тромбоз жағдайлары, туа біткен немесе жүре пайда болған тромбофилия, гиперкоагуляциямен қатар жүретін бұзылулар, ұзаққа созылған иммобилизация, ауыр гиповолемия, қанның тұтқырлығын арттыратын аурулар) пациенттерге адамның қалыпты иммуноглобулинін тағайындау және енгізу кезінде сақ болу керек.
Пациенттер тромбоэмболияның алғашқы симптомдары, оның ішінде ентігу, аяқтың ауыруы және ісінуі, ошақтық неврологиялық бұзылулар және кеуденің ауыруы туралы хабардар болуы қажет. Аталған симптомдар туындаған кезде дереу дәрігерге қаралыңыз.
Препаратты қабылдайтын пациенттерге инфузия басталар алдында талапқа сай гидратацияны қамтамасыз ету, тромбоз симптомдарына мониторинг жүргізу және қан тұтқырлығының ұлғаю қаупі бар пациенттерде қан тұтқырлығының деңгейін бағалау қажет.
Бүйрек тарапынан асқынулар
Құрамында сукроза бар иммуноглобулиндермен ем қабылдаған пациенттерде (Кувитру құрамында сукроза жоқ) бүйрек тарапынан ауыр жағымсыз реакциялар, соның ішінде жедел бүйрек жеткіліксіздігі, өзекшелердің жедел некрозы, проксимальді өзекшелердің нефропатиясы және осмостық нефроз жағдайлары байқалған. Көптеген жағдайларда қауіп факторлары анықталды, атап айтқанда, бүйрек жеткіліксіздігі, қант диабеті, гиповолемия, нефроуытты препараттарды қатар қолдану, жасы 65-тен асқан, сепсис, қанның жоғары тұтқырлығы немесе парапротеинемия.
Асептикалық менингит синдромы (АМС)
Кувитруны қоса алғанда, иммуноглобулиндермен ем қабылдаған пациенттерде АМС даму жағдайлары туралы хабарланды. АМС әйелдерде жиі кездеседі.
Венаішілік иммуноглобулиндермен емдеуді тоқтату бірнеше күн ішінде салдарсыз АМС ремиссиясына әкелді.
Симптомдар әдетте иммуноглобулин енгізілгеннен кейін бірнеше сағаттан 2 күнге дейін байқалады. Ми-жұлын сұйықтығын зерттеу кезінде негізінен гранулоциттердің мм3-ге бірнеше мың жасушаға жететін плеоцитоз жиі байқалды, сонымен қатар бірнеше жүздеген мг/дл жететін ақуыз деңгейінің жоғарылауы байқалды.
Пациенттер қатты бас ауыруды, шүйде бұлшықеттерінің сіресуін, ұйқышылдықты, қызбаны, көз қарығуды, жүрек айнуы мен құсуды қамтитын, алғашқы симптомдар туралы хабардар болу керек.
Гемолиз
Кувитру құрамында гемолизиндер ретінде әсер ете алатын және иммуноглобулиндердің эритроциттерімен in vivo байланыстырылуын тудыратын, тікелей антиглобулиндік реакцияны (Кумбс сынамасының оң нәтижесі) және сирек жағдайларда гемолизді тудыратын қан топтарына антиденелері болуы мүмкін. Гемолиздік анемия эритроциттердің секвестрленуінің күшеюі нәтижесінде иммуноглобулиндермен емдеу аясында дамуы мүмкін. Кейіннен тамырішілік гемолиздің дамуымен жедел гемолиздік анемияның даму жағдайлары байқалды.
Серологиялық сынамалардың нәтижелеріне әсері
Иммуноглобулин инфузиясынан кейін қанда пациентке енгізілген әртүрлі антиденелер құрамының транзиторлы жоғарылауы байқалды, бұл А гепатитіне, В гепатитіне, қызылшаға және желшешекке серологиялық зерттеулердің жалған оң нәтижелеріне әкелуі мүмкін.
Эритроциттердің антигендеріне антиденелердің пассивті ауысуы, мысалы, А, В, D, эритроциттерге антиденелердің болуына кейбір серологиялық тесттердің нәтижелеріне, оның ішінде антиглобулиндік тесттің (Кумбс тікелей сынамасының) нәтижелеріне әсер етуі мүмкін.
Кувитруды енгізу талдаулардағы жалған оң көрсеткіштерге әкелуі мүмкін, бұл зеңдік инфекциясын диагностикалау кезінде бета-D-глюкандарды анықтауға байланысты. Бұл препаратты енгізгеннен кейін бірнеше апта бойы сақталуы мүмкін.
Инфекциялық агенттер
Адамның қанынан немесе қан плазмасынан өндірілетін дәрілік препараттарды пайдаланумен байланысты инфекциялардың алдын алу жөніндегі стандартты шаралар донорларды іріктеуді, жекелеген донорларды және біріктірілген қан үлгілерін инфекциялардың спецификалық маркерлерін анықтау тұрғысынан скринингті, сондай-ақ технологиялық процеске вирустардың белсенділігін жоюға және жойып жіберуге бағытталған тиімді іс-шаралардың қосылуын қамтиды. Осыған қарамастан, адамның қаны немесе қан плазмасы негізінде дайындалған дәрілік препараттарды қолдану кезінде инфекциялық агенттердің берілу қаупі толығымен жоққа шығарылмайды. Бұл сонымен қатар белгісіз немесе жаңа вирустарға және басқа қоздырғыштарға да қатысты.
Қабылданатын шаралар АИТВ, В және С гепатиті вирустары, сондай-ақ қабықсыз вирустарға (А гепатиті вирусы және В19 парвовирусы) қатысты тиімді болып саналады. Клиникалық тәжірибеде иммуноглобулин препараттарын енгізу кезінде А гепатиті вирусының және В19 парвовирусының берілу жағдайлары анықталған жоқ. Антиденелердің мөлшері вирусқа қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге маңызды үлес қосады деп болжанады.
Кувитру препаратын әрбір пайдаланған кезде пациент пен препарат сериясының арасындағы байланысты анықтау үшін әрбір нақты пациентке енгізілетін препараттың атауы мен серия нөмірін тіркеуге табанды түрде кеңес беріледі.
Балалар
Барлық осы ескертулер мен айрықша нұсқаулар ересектер мен балаларға бірдей қолданылады.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолданылуы
Жоғарыда аталған дәрілік өзара әрекеттесулер балаларға да, ересектерге де қолданылады.