Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Сироп
Дозасы
15 мг/5 мл
Саудалық атауы
Лазолван® Юниор
Әсер етуші зат
Амброксол
Мақсаты
Секрецияның бұзылуымен және қақырық түсуінің қиындауымен сипатталатын тыныс алу жүйесінің жедел және созылмалы ауруларында (қақырықты тиімді шығару және жөтелді жеңілдету үшін)
Өндіруші
Опелла Хэлскеа Италия С.Р.Л.
Ел
Италия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
5 мл шәрбаттың (15 мг/5 мл) құрамында
белсенді зат - 15 мг амброксол гидрохлориді,
қосымша заттар: сукралоза, бензой қышқылы, гидроксиэтилцеллюлоза, «Woodberry PHL-132195» хош иістендіргіші, «Vanilla PHL-114481» хош иістендіргіші, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір немесе мөлдір дерлік, түссіз немесе түссіз дерлік, аздап тұтқыр шәрбат.
Секрецияның бұзылуымен және қақырық түсуінің қиындауымен сипатталатын тыныс алу жүйесінің жедел және созылмалы ауруларында (қақырықты тиімді шығару және жөтелді жеңілдету үшін).
Әсер ету механизмі.
Клиникаға дейінгі зерттеулер амброксол гидрохлориді бронхтың серозды құрамының мөлшерін арттыратынын көрсетті. Амброксол гидрохлориді сонымен қатар альвеолалардағы II типті пневмоциттерге және бронхиолалардағы Клара жасушаларына тікелей әсер етіп, өкпе сурфактантының өнуін арттырады, жыпылықтайтын эпителий кірпікшелерінің қозғалу белсенділігін көтермелейді, бұл қақырық тұтқырлығының төмендеуіне және қақырықты тасымалдаудың жақсарғанына әкеледі (мукоцилиарлы клиренс). Клиникалық-фармакологиялық зерттеулер мукоцилиарлық клиренстің ұлғаюын растады.
Секреция өндіргіштігінің артуы мен тұтқырлықтың төмендеуі және мукоцилиарлы клиренстің жақсаруы жөтелге ықпал етеді және қақырықты шығаруды жеңілдетеді.
Амброксолдың жергілікті жансыздандыратын әсері клондалған нейрондық натрий өзектерінің дозаға тәуелді қайтымды блокадасына негізделген.
Амброксол гидрохлоридінің әсер етуімен қаннан, сондай-ақ мононуклеарлық және полиморфтынуклеарлық тін жасушаларынан цитокиндердің босап шығуы едәуір төмендейді.
Амоксициллин, цефуроксим, эритромицин және доксициклин антибиотиктерінің қақырықтағы және бронх секрецияларындағы концентрациясы амброксол гидрохлоридін қолданғаннан кейін артады. Қазіргі уақытта бұл құбылыстың клиникалық маңызы бар-жоғы белгісіз.
Фармакодинамикалық әсерлері
Амброксол тыныс жолдарында шырыш секрециясын ұлғайтады, осылайша қақырықты сұйылтады, қорғаныш әсер иеленген өкпе сурфактантының өнуін арттырады, қақырықтың мукоцилиарлық тасымалдануын жақсартуға әкеле отырып, жыпылықтағыш эпителий кірпікшелерінің қозғалу белсенділігін көтермелейді.
Клиникалық тиімділік және қауіпсіздік
ӨСОА бар пациенттерде әсері ұзартылған капсула түріндегі Лазолванды ұзақ уақыт (6 ай) қолдану 2 айлық емдеу кезеңінен кейін асқынулардың айтарлықтай төмендеуіне әкелді. Ем қабылдаған пациенттер ауруға байланысты жұмыстан біразы ғана қалды, ал антибиотикпен емдеу ұзақтығы қысқарды. Плацебомен салыстырғанда емдеу қақырық түсірудің қиындауына, жөтел, ентігу және аускультация белгілеріне қатысты симптомдардың статистикалық тұрғыдан едәуір жақсарғанын көрсетті.
Тамақ ауруы бар пациенттер туралы мәліметтер Лазолванды пастилка түрінде қолданған кезде ауыру мен қызарудың айтарлықтай төмендегенін көрсетті.
Бұл фармакологиялық қасиеттер клиникалық тиімділікті зерттеуде жоғарғы тыныс жолдарының аурулары кезінде амброксолмен (ингаляцияға арналған ерітінді түрінде) ингаляциялық емдеу кезінде қол жеткізілген ауырсынуды тезірек жеңілдетуге қосымша бақылауға сәйкес келеді.
Дозалау режимі
Ересектер және 12 жастан асқан жасөспірімдер: алғашқы 2-3 күн 10 мл шәрбаттан (2 өлшегіш стақан) тәулігіне 3 рет (күніне 90 мг амброксол гидрохлоридіне баламалы), әрі қарай 10 мл шәрбаттан тәулігіне 2 рет (күніне 60 мг амброксол гидрохлоридіне баламалы).
Қажет болған жағдайда емдік әсерін күшейту үшін 20 мл шәрбаттан (4 өлшегіш стақан) тәулігіне 2 рет (күніне 120 мг амброксол гидрохлоридіне баламалы) тағайындауға болады.
Ересектер және 12 жастан асқан жасөспірімдер үшін Лазолван 30 мг/5 мл-ге тең жоғары дозалы жөтел шәрбатын қабылдау ұсынылады. Тиісті медициналық ұсыным болған кезде қабылдау ұзақтығы шектелмеуі мүмкін. Қолдану жөніндегі нұсқаулықта пациенттерге дәрігердің кеңесінсіз 15 мг/5 мл Лазолван ® Юниор балаларға арналған шәрбатты 4-5 күннен артық қабылдау ұсынылмайды.
6-дан 12 жасқа дейінгі балалар: 5 мл (1 өлшегіш стақан) тәулігіне 2-3 рет (күніне 30-45 мг амброксол гидрохлоридіне баламалы).
2-ден 5 жасқа дейінгі балалар: 2,5 мл (½ өлшегіш стақан) тәулігіне 3 рет (күніне 22,5 мг амброксол гидрохлоридіне баламалы).
2 жасқа дейінгі балалар: 2,5 мл (½ өлшегіш стақан) тәулігіне 2 рет (күніне 15 мг амброксол гидрохлоридіне баламалы).
Препаратты 2 жастан кіші балаларға тек дәрігердің кеңесінен кейін ғана қолдануға болады.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке қабылдау үшін.
Препаратты тамақтануға байланыссыз, қоса берілген өлшегіш стақанның көмегімен қабылдауға болады.
Емдеу ұзақтығы
Қабылдау ұзақтығы шектеусіз, бірақ дәрігердің кеңесінсіз препаратты 4-5 күннен артық қабылдамаған жөн.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кездегі қажетті шаралар
Амброксолдың артық дозалану белгілері туралы арнайы деректер жоқ.
Егер амброксолдың артық дозалануына күдік болса, пациенттің жағдайын бақылау және симптоматикалық ем жүргізу қажет.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар
Осы препаратты қолдану туралы сұрақтар туындаған жағдайда, өзіңіздің емдейтін дәрігеріңізге хабарласыңыз.
• амброксол гидрохлоридіне немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық
• 2 жасқа дейінгі балаларға, егер емдеуші дәрігер жүктіліктің I триместрін және лактация кезеңін ұсынбаса
Жиі:
• дисгевзия (дәм сезінудің бұзылуы)
• жүрек айнуы, ауыз қуысы сезімталдығының төмендеуі (оральді гипестезия)
• жұтқыншақта сезімталдықтың төмендеуі (фарингеальді гипестезия)
Жиі емес:
• құсу, диарея, диспепсия, іштің ауыруы, ауыздың құрғауы
• қызба, шырышты қабықтың жергілікті реакциялары
Сирек:
• аса жоғары сезімталдық реакциялары
• бөртпе, есекжем
• тамақтың құрғауы
Өте сирек:
• сілекей бөлінудің артуы
Жиілігі белгісіз:
• анафилаксиялық шок, ангионевроздық ісіну және қышынуды қоса, анафилаксиялық реакциялар
• терінің ауыр реакциялары (мультиформалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы/уытты эпидермалық некролиз және жедел жайылған экзантематозды пустулезді қоса)
• ентігу (аса жоғары сезімталдық реакциялары симптомы сияқты)
Жағымсыз дәрілік реакциялар пайда болған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әрекеттер) жөніндегі ақпараттық дерекқорға тікелей жүгінуге болады
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Симптомдары: белгілері мәлім болған жағымсыз әсерлерімен салыстырылады: жүрек айну, құсу, диарея, диспепсия.
Емі: симптоматикалық ем.
Арнайы ескертулер
Амброксол гидрохлоридін қолданған кезде мультиформалы эритема, Стивенс Джонсон синдромы және уытты эпидермалдық некролиз және жедел жайылған экзантематозды пустулез сияқты терінің ауыр зақымдануларының жағдайлары тіркелген. Үдемелі тері бөртпесінің симптомдары немесе белгілері болған кезде (кейде күлдіреуіктермен немесе шырышты қабықтың зақымдалуларымен қатар жүретін) амброксол гидрохлоридін қабылдауды дереу тоқтатып, дәрігермен кеңесу керек. Бронх өткізгіштігінің бұзылуы және мол бронхоскрециясы бар пациенттерге (мысалы, бастапқы цилиарлы дискинезияның сирек кездесетін синдромы кезіндегідей) Лазолван® Юниор шәрбатын секрецияның жинақталу қаупіне байланысты сақтықпен қолдану керек.
Бүйрек функциясы бұзылған немесе бауырдың ауыр аурулары бар пациенттерге Лазолван® Юниор препаратын қолдану дәрігермен кеңескеннен кейін ғана көрсетіледі. Амброксол бауырда метаболизденетін және бүйрекпен шығарылатын кез келген белсенді зат секілді ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде бауырда метаболиттер жинақталуын туындатуы мүмкін.
Бензой қышқылы жаңа туған нәрестелерде сарғаю (тері мен көздің сарғаюы) қаупін арттыруы мүмкін (туғаннан 4 аптаға дейін).
4 аптаға дейінгі жаңа туған нәрестелерде осы дәрілік зат сақтықпен қолданылуы тиіс; әсіресе, егер бала құрамында пропилен гликоль немесе спирт бар басқа дәрілік заттарды қабылдаса.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Зерттеулер жүргізілмеген. Маркетингтен кейінгі кезеңде препараттың автомобильді немесе механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету жағдайлары туралы хабарламалар жоқ.
Қолдану бойынша ұсыныстар
Жүктілік. Амброксол гидрохлориді плацентарлық бөгет арқылы өтеді. Деректер жүктілікке, эмбрион/ шарананың, ұрықтың дамуына, босануға және постнатальді дамуына тікелей немесе жанама жағымсыз әсерін көрсетпеген.
Жүктіліктің 28-ші аптасынан кейін препаратты қолданудың ауқымды клиникалық тәжірибесі шаранаға жағымсыз әсер ету белгілерін көрсеткен жоқ. Алайда, жүктілік кезінде кез-келген дәрілік затты қабылдаған кезде әдеттегі сақтық шараларын сақтау керек. Атап айтқанда, Лазолван® Юниор препаратын жүктіліктің I триместрі кезеңінде қолдану ұсынылмайды.
Бала емізу
Бала емізу кезеңінде қолдану ұсынылмайды.
Фертильділік.
Деректер фертильдікке тікелей немесе жанама жағымсыз әсерін көрсетпеген.
Амброксолды жөтелді басатын заттармен (жөтелге қарсы) бірге қолданған кезде, жөтелді басу аясында қақырықты шығарудың қиындығына әкеледі.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Ашқаннан кейін 6 ай ішінде пайдалану керек.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
30о С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Мұздатып қатыруға болмайды!
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.