Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Сироп
Дозасы
30 мг/5мл
Саудалық атауы
Лазолван®
Әсер етуші зат
Амброксол
Мақсаты
Секрецияның бұзылуымен және қақырық түсуінің қиындауымен сипатталатын тыныс алу жүйесінің жедел және созылмалы ауруларында (қақырықты тиімді шығару және жөтелді жеңілдету үшін)
Өндіруші
Опелла Хэлскеа Италия С.Р.Л.
Ел
Италия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
5 мл шәрбаттың (30 мг/5 мл) құрамында
белсенді зат - 30 мг амброксол гидрохлориді,
қосымша заттар: сукралоза, бензой қышқылы, гидроксиэтилцеллюлоза, «Strawberry PHL-132200» хош иістендіргіші, «Vanilla PHL-114481» хош иістендіргіші, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір немесе мөлдір дерлік, түссіз немесе түссіз дерлік, аздап тұтқыр сироп.
Секрецияның бұзылуымен және қақырық түсуінің қиындауымен сипатталатын тыныс алу жүйесінің жедел және созылмалы ауруларында (қақырықты тиімді шығару және жөтелді жеңілдету үшін).
Әсер ету механизмі.
Клиникаға дейінгі зерттеулер амброксол гидрохлориді бронхтың серозды құрамының мөлшерін арттыратынын көрсетті. Амброксол гидрохлориді сонымен қатар альвеолалардағы II типті пневмоциттерге және бронхиолалардағы Клар жасушаларына тікелей әсер етіп, өкпе сурфактантының өнуін арттырады, жыпылықтағыш эпителий кірпікшелерінің қозғалу белсенділігін көтермелейді, бұл қақырық тұтқырлығының төмендеуіне және қақырықты тасымалдаудың жақсаруына әкеледі (мукоцилиарлы клиренс). Клиникалық-фармакологиялық зерттеулер мукоцилиарлық клиренстің ұлғаюын растады.
Секрет өндіруінің артуы мен тұтқырлықтың төмендеуі және мукоцилиарлы клиренстің жақсаруы жөтелге ықпал етеді және қақырықты шығаруды жеңілдетеді.
Амброксолдың жергілікті жансыздандыратын әсері клондалған нейрондық натрий өзекшелерінің дозаға тәуелді қайтымды блокадасына негізделген.
Амброксол гидрохлоридінің әсер етуімен қаннан, сондай-ақ мононуклеарлық және полиморфтынуклеарлық тін жасушаларынан цитокиндердің босап шығуы едәуір төмендейді.
Амоксициллин, цефуроксим, эритромицин және доксициклин антибиотиктерінің қақырықтағы және бронх секрецияларындағы концентрациясы амброксол гидрохлоридін қолданғаннан кейін артады. Қазіргі уақытта бұл құбылыстың клиникалық маңызы бар-жоғы белгісіз.
Фармакодинамикалық әсерлері
Амброксол тыныс жолдарында шырыш секрециясын ұлғайтады, осылайша қақырықты сұйылтады, қорғаныш әсер иеленген өкпе сурфактантының өнуін арттырады, қақырықтың мукоцилиарлық тасымалдануын жақсартуға әкеле отырып, жыпылықтағыш эпителий кірпікшелерінің қозғалу белсенділігін көтермелейді.
Клиникалық тиімділік және қауіпсіздік
ӨСОА бар пациенттерде әсері ұзартылған капсула түріндегі амброксол гидрохлоридін ұзақ уақыт (6 ай) қолдану 2 айлық емдеу кезеңінен кейін асқынулардың айтарлықтай төмендеуіне әкелді. Ем қабылдаған пациенттер ауруға байланысты жұмыстан біразы ғана қалды, ал антибиотикпен емдеу ұзақтығы қысқарды. Плацебомен салыстырғанда емдеу қақырық түсірудің қиындауына, жөтел, ентігу және аускультация белгілеріне қатысты симптомдардың статистикалық тұрғыдан едәуір жақсарғанын көрсетті.
Тамақ ауруы бар пациенттер туралы мәліметтер амброксол гидрохлоридін пастилка түрінде қолданған кезде ауыру мен қызарудың айтарлықтай төмендегенін көрсетті.
Бұл фармакологиялық қасиеттер клиникалық тиімділікті зерттеуде жоғарғы тыныс жолдарының аурулары кезінде амброксолмен (ингаляцияға арналған ерітінді түрінде) ингаляциялық емдеу кезінде қол жеткізілген ауырсынуды тезірек жеңілдетуге қосымша бақылауға сәйкес келеді.
Дозалау режимі
Ересектер және 12 жастан асқан жасөспірімдер: алғашқы 2-3 күн 5 мл шәрбаттан (1 өлшегіш стақан) тәулігіне 3 рет (күніне 90 мг амброксол гидрохлоридіне баламалы), әрі қарай 5 мл шәрбаттан тәулігіне 2 рет (күніне 60 мг амброксол гидрохлоридіне баламалы).
Қажет болған жағдайда емдік әсерін күшейту үшін 10 мл шәрбаттан (2 өлшегіш стақан) тәулігіне 2 рет (күніне 120 мг амброксол гидрохлоридіне баламалы) тағайындауға болады.
6-дан 12 жасқа дейінгі балалар: 2,5 мл (½ өлшегіш стақан) тәулігіне 2-3 рет (күніне 30-45 мг амброксол гидрохлоридіне баламалы).
2-ден 5 жасқа дейінгі балалар: 1,25 мл (¼ өлшегіш стақан) тәулігіне 3 рет (күніне 22,5 мг амброксол гидрохлоридіне баламалы).
2 жасқа дейінгі балалар: 1,25 мл (¼ өлшегіш стақан) тәулігіне 2 рет (күніне 15 мг амброксол гидрохлоридіне баламалы).
Препаратты 2 жастан кіші балаларға тек дәрігердің кеңесінен кейін ғана қолдануға болады.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке қабылдау үшін.
Препаратты тамақтануға байланыссыз, қоса берілген өлшегіш стақанның көмегімен қабылдауға болады.
Емдеу ұзақтығы
Лазолван жөтелге қарсы шәрбаты препаратымен емдеудің ұсынылатын ұзақтығы 30 мг/5 мл 4-5 күн. Дәрігердің ұсынысы бойынша пайдалану ұзақтығы шектелмейді.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кездегі қажетті шаралар
Амброксолдың артық дозалану симптомдары туралы арнайы деректер жоқ.
Егер амброксолдың артық дозалануына күдік болса, пациенттің жағдайын бақылау және симптоматикалық ем жүргізу қажет.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар
Осы препаратты қолдану туралы сұрақтар туындаған жағдайда, өзіңіздің емдейтін дәрігеріңізге хабарласыңыз.
• амброксол гидрохлоридіне немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық
• Препаратты 2 жастан кіші балаларға тек дәрігердің кеңесінен кейін ғана қолдануға болады.
• жүктіліктің I триместрі және лактация кезеңі
Жиі:
• дисгевзия (дәм сезінудің бұзылуы)
• жүрек айнуы, ауыз қуысы сезімталдығының төмендеуі (оральді гипестезия)
• жұтқыншақта сезімталдықтың төмендеуі (фарингеальді гипестезия)
Жиі емес:
• құсу, диарея, диспепсия, іштің ауыруы, ауыздың құрғауы
• қызба, шырышты қабықтың жергілікті реакциялары
Сирек:
• аса жоғары сезімталдық реакциялары
• бөртпе, есекжем
• тамақтың құрғауы
Өте сирек:
• сілекей бөлінудің артуы
Жиілігі белгісіз:
• анафилаксиялық шок, ангионевроздық ісіну және қышынуды қоса, анафилаксиялық реакциялар
• терінің ауыр реакциялары (мультиформалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы/уытты эпидермальді некролиз және жедел жайылған экзеантематозды пустулезді қоса)
• ентігу (аса жоғары сезімталдық реакциялары симптомы сияқты)
Жағымсыз дәрілік реакциялар пайда болған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әрекеттер) жөніндегі ақпараттық дерекқорға тікелей жүгінуге болады
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Симптомдары: белгілері мәлім болған жағымсыз әсерлерімен салыстырылады: жүрек айну, құсу, диарея, диспепсия.
Емі: симптоматикалық ем.
Арнайы ескертулер
Амброксол гидрохлоридін қолданған кезде мультиформалы эритема, Стивенс Джонсон синдромы және уытты эпидермальді некролиз және жедел жайылған экзеантематозды пустулез сияқты терінің ауыр зақымдануларының өте сирек жағдайлары тіркелген. Прогрессивті тері бөртпесінің симптомдары немесе белгілері болған кезде (кейде күлдіреуіктермен немесе шырышты қабықтың зақымдалуларымен қатар жүретін) амброксол гидрохлоридін қабылдауды дереу тоқтатып, дәрігермен кеңесу керек.
Бронх өткізгіштігі бұзылған және бронх секретінің жинақталуы бар пациенттерге (мысалы, сирек кездесетін бастапқы цилиарлы дискинезия синдромы бар) секреттің жиналу қаупіне байланысты Лазолван шәрбатын сақтықпен қолдану керек.
Декомпенсацияланған бүйрек жеткіліксіздігі немесе бауырдың ауыр ауруы бар пациенттерге Лазолван препаратын тек дәрігердің кеңесінен кейін қолдану көрсетіледі. Амброксол бауырда метаболизденетін және бүйрекпен шығарылатын кез келген белсенді зат секілді ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде бауырда метаболиттер жинақталуын туындатуы мүмкін. Бензой қышқылы жаңа туған нәрестелерде сарғаю (тері мен көздің сарғаюы) қаупін арттыруы мүмкін (туғаннан 4 аптаға дейін). Жасы 4 аптаға дейінгі балаларда осы дәрілік зат сақтықпен қолданылуы тиіс; әсіресе, егер бала құрамында пропилен гликоль немесе спирт бар басқа дәрілік заттарды қабылдаса.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Зерттеулер жүргізілмеген. Препараттың постмаркетингілік кезеңінде автомобиль немесе механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету жағдайлары туралы мәлімет жоқ.
Қолдану бойынша ұсыныстар
Жүктілік. Амброксол гидрохлориді плацентарлық бөгет арқылы өтеді. Деректер жүктілікке, эмбрионның/шарананың дамуына, босануға және постнатальді дамуына тікелей немесе жанама жағымсыз әсерін көрсетпеген.
Жүктіліктің 28-ші аптасынан кейін препаратты қолданудың ауқымды клиникалық тәжірибесі шаранаға жағымсыз әсер ету белгілерін көрсеткен жоқ. Алайда, жүктілік кезінде кез-келген дәрілік затты қабылдаған кезде әдеттегі сақтық шараларын сақтау керек. Лазолван препаратын жүктіліктің I триместрі кезеңінде қолдану ұсынылмайды.
Емшек емізу
Жануарларға жүргізілген зерттеулерде амброксолдың емшек сүтіне енетіні дәлелденді. Бала емізу кезеңінде қолдану ұсынылмайды.
Фертильділік.
Деректер фертильдікке тікелей немесе жанама жағымсыз әсерін көрсетпеген.
Егер Лазолван шырыш гиперсекрециясы байқалатын, бұрын муковисцидоз немесе бронхоэктаз сияқты респираторлық аурулары бар пациенттерде жөтелге қарсы дәрілермен бірге қолданылса, жөтел рефлексінің төмендеуі бронх секрециясының (күрделі) жиналуына әкелуі мүмкін.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Ашқаннан кейін 6 ай ішінде пайдалану керек.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
15оС-ден 30О С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.