Ішуге арналған контрацептивтер мен басқа да дәрілік препараттар арасындағы өзара әрекеттесулер ациклдік қан кетуді және/немесе контрацепция тиімділігінің болмауын туындатуы мүмкін. Мамандандырылған оқулықта төменде көрсетілген өзара әрекеттесулер (негізінен, біріктірілген контрацептивтермен, бірақ тек құрамында прогестаген бар контрацептивтермен ғана) сипатталған.
Бауырлық метаболизм:
Бауырдың микросомальді ферменттерін индукциялайтын дәрілік препараттармен өзара әрекеттесулер болуы мүмкін, бұл жыныс гормондарының (гидатоин туындылары (мысалы, фенитоин), барбитураттар (мысалы, фенобарбитал), примидон, карбамазепин және рифампицин клиренстерінің жоғарылауына әкелуі мүмкін; бұл сондай-ақ окскарбамазепинге, топираматқа, рифабутинге, фелбаматқа, ритонавирге, нелфинавирге, гризеофульвинге және құрамында әдеттегі шайқурай (Hypericum perforatum) бар дәрілік препараттарға да қатысты).
Ең жоғары ферментативтік индукция әдетте 23 апта ішінде көрініс бермейді, бірақ одан кейін дәрілік препаратты қабылдауды тоқтатқаннан кейін ең жоқ дегенде 4 апта бойы сақталуы мүмкін.
Осы препараттардың қандай да болсын біреуін қабылдап жүрген әйелдерге Лакрис препаратын қолданудан басқа, контрацепцияның бөгеттік әдістерін уақытша пайдалану қажет. Микросомальді ферменттерді және контрацептивтерді индукциялайтын препараттарды бір мезгілде қолданған жағдайда емдеудің барлық курсының ішінде және емдеуді аяқтағаннан кейін 28 күн бойы контрацепцияның бөгеттік әдісін пайдаланған жөн. Микросомальді ферменттерді индукциялайтын препараттармен ұзақ уақыт емделіп жүрген әйелдерде контрацепцияның гормональді емес әдістерін пайдалануды қарастырған жөн.
Белсендірілген көмірмен емдеген кезде таблеткалардан стероидтардың сіңуі азаяды, соған сәйкес контрацепциялық тиімділігі де төмендейді. Мұндай жағдайда таблеткаларды қабылдауды өткізіп алған жағдайдағы сияқты әрекет жасау керек.
Контрацептивтік гормональді препараттардың клиренсіне құбылмалы әсер көрсететін субстанциялар:
Контрацептивтік гормональді препараттармен АИТВ протеаза тежегіштерінің (мысалы, ритонавир, нелфинавир) және кері транскриптаза нуклеозиді емес тежегіштерінің (мысалы, невирапин) көптеген біріктірілімдерін және/немесе С вирустық гепатитін (HCV) емдеу үшін қолданылатын біріктірілімдерін (мысалы, боцепревир, телапревир) бір мезгілде қолданғанда қан плазмасындағы прогестин концентрациясын ұлғайтуы немесе азайтуы мүмкін. Бұл өзгерістердің әсері кейбір жағдайларда клиникалық маңызды болуы мүмкін.
Сондықтан, ықтималды дәрілік өзара әрекеттесулерді және осыған байланысты ұсынымдарды анықтау үшін АИТВ-инфекцияларын/С гепатитін емдеуге арналған қатар жүретін препараттардың нұсқамалық ақпаратында ұсынылған ақпаратқа талдау жүргізген жөн. Протеаза тежегіштерін немесе кері транскриптазаның ңуклеозидті емес тежегіштерін қабылдайтын әйелдерге кез келген күмән туындаған жағдайда контрацепцияның қосымша бөгеттік әдісін қолданған жөн.
Контрацептивтік гормональді препараттар клиренсінің төмендеуіне әкелетін субстанциялар (бауырдың микросомалық ферменттерінің тежегіштері), мысалы:
Күшті (мысалы, кетоконазол, итраконазол, кларитромицин) немесе орташа (мысалы, флуконазол, дилтиазем, эритромицин) CYP3A4 ферменттік жүйесінің тежегіштерімен бірге қолдану этоногестрелді, дезогестрелдің белсенді метаболитін қоса, қан сарысуындағы прогестиндердің концентрациясын арттыруы мүмкін.
Лакрис препаратының басқа дәрілік препараттарға әсері
Гормональді контрацептивтер басқа дәрілік препараттардың метаболизміне әсер етуі мүмкін. Тиісінше, қан плазмасындағы және тіндердегі басқа да әсер етуші заттардың концентрациясы артуы (мысалы, циклоспорин), сондай-ақ төмендеуі (мысалы, ламотриджин) мүмкін.
Ескертпе: ықтимал өзара іс-қимылды қарастыру үшін осы препаратпен бір мезгілде қолданылатын дәрілік препараттарға қатысты ақпаратпен танысу қажет.
Зертханалық зерттеулер
Біріктірілген оральді контрацептивтерді (COCs – combined oral contraceptives) қолдану кезеңінде бауыр, қалқанша без, бүйрекүсті безі және бүйрек функциясының биохимиялық көрсеткіштерін қоса есептегенде, кейбір зертханалық көрсеткіштердің нәтижелеріне қан сарысуындағы (тасымалдаушы) ақуыздардың концентрацияларына (мысалы, глобулин байланыстыратын кортикостероидтар), липидтер/липопротеиндердің фракцияларына, көмірсу алмасудың көрсеткіштері, сондай-ақ қанның ұюының және фибринолиз көрсеткіштеріне әсер етуі мүмкін екендігін көрсетті. Әдетте, бұл көрсеткіштер қалыпты мәндер шегінде қалады. Бұл, сондай-ақ құрамында тек прогестаген бар контрацептивтерге қандай дәрежеде қолданылатыны белгісіз.