Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Капли для приема внутрь
Саудалық атауы
Лаксигал-Тева
Әсер етуші зат
Натрий пикосульфаты
Мақсаты
Іш қату және ішектің босауына жәрдемдесуді талап ететін жағдайлар (атониялық іш қату, нәжісті реттеу (геморрой, проктит, анус сызаттары))
Өндіруші
Тева Чешские Предприятия с.р.о.
Ел
Чешская Республика
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
10 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат: 0,075 г натрий пикосульфаты
қосымша заттар: 70% кристалданбайтын сорбитол, натрий этилпарабен, 35% хлорсутекті қышқылы, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір, түссіз немесе сәл сарғыштау түсті сұйықтық.
Препарат ересектерде, жасөспірімдерде, 4 жастан бастап және одан үлкен балаларда қолдануға арналған:
- іш қату және ішектің босауына жәрдемдесуді талап ететін жағдайлар (атониялық іш қату, нәжісті реттеу (геморрой, проктит, анус сызаттары))
хирургиялық операцияларға, аспаптық және рентгенологиялық зерттеулерге дайындықта
Іш жүргізетін препарат. Жуан ішек деңгейінде әсер етеді: натрий пикосульфаты ішек микрофлорасының әсерімен белсенді түрі – бос дифенолды түзе отырып, гидролизденеді. Дифенол жуан ішек шырышты қабығының рецепторларын көтермелейді және оның жиырылуын күшейтеді.
Дозалау режимі
4-10 жастағы балалар: ұйықтар алдында 6-12 тамшы.
Ересектер және 10 жастан асқан балалар: ұйықтар алдында 12-24 тамшы.
Лаксигал-Тева препаратының әсері 6-12 сағаттан соң басталады.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішуге арналған тамшылар. Лаксигал-Тева препаратын кешке ұйықтар алдында қабылдау керек. Дәрілік затты қабылдауды ең төменгі жеткілікті дозадан бастау ұсынылады. Қажетті нәтижеге жету үшін доза ең жоғары ұсынылатын дозаға дейін арттырылуы мүмкін. Ұсынылатын ең жоғары тәуліктік дозадан асырмау керек.
Нәжістің қажет консистенциясына қол жеткізу үшін ұсынылатын дозаны арттыру немесе төмендету арқылы ұтымды дозасын таңдап алуға болады.
Ұсынылатын ең жоғары тәуліктік доза көрсетілген дозадан аспауы тиіс.
Емдеу ұзақтығы
Дәрігердің бақылауынсыз 10 күннен артық пайдалануға болмайды.
Препаратты ұзақ қабылдау қажет болған жағдайда дәрігермен кеңесу қажет.
- препараттың белсенді заттарына, басқа триарилметандарға немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық
- илеус немесе ішектің бітелуі
- болуы мүмкін жүрек айнуы және құсумен байланысты ауыр ауырсыну және/немесе абдоминальді ауырумен бірге (мысалы, аппендицит)жедел қызба жай-күйлері
- ішектің жедел қабыну аурулары
- ауыр сусыздану
- препарат компоненттерінің біріне тұқым қуалайтын жақпаушылық
- 4 жасқа дейінгі балалар
Өте жиі
- диарея
Жиі
- іштің ауыруы
- іштің түйілуі
- іштегі жайсыздық
Жиі емес
- жүректің айнуы, құсу
- бас айналуы
Белгісіз
- аса жоғары сезімталдық реакциялары (Квинке ісінуі, дәрілік дерматит, бөртпе, қышыну, ангионевроздық ісіну сияқты тері реакциялары)
- естен тану (парасимпатикалық тамыр реакциясымен байланысты болуы мүмкін (абдоминальді түйілулерде және дефекацияларда))
- су-электролит (K, Na) теңгерімсіздігі.
Ұзақ қолданғанда лаксативті синдром (іш жүргізетін дәрілерді асыра қолдану) дамуы мүмкін: диарея, іштің ауыруы, жүрек айну, құсу, салмақ жоғалту, астения, етеккір бұзылыстары, анорексия, депрессия; ішектің бұлшықеттік жақтауларындағы өзгерістер, ойық жаралы колит пен мегаколонға ұқсас ішек дилатациясы.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
ДП «пайда-қауіп» арақатынасына үздіксіз мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында ДП тіркегеннен кейін күдікті жағымсыз реакциялар туралы хабарлау маңызды. Медициналық қызметкерлерге ДП кез келген күмәнді жағымсыз реакциялары туралы ҚР жағымсыз реакциялар туралы жариялаудың ұлттық жүйесі арқылы хабарлау ұсынылады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: іш маңындағы ұстама тәрізді ауыру, сұйық нәжістің жиілеуі, калий және басқа электролиттердің клиникалық мәнді деңгейде азаюы.
Жалпы, Лаксигал-Тева тамшылары, басқа іш жүргізетін дәрілер сияқты, созылмалы диареяға, іштің ауыруына, гипокалиемияға, салдарлы гиперальдостеронизмге және созылмалы артық дозалануда бүйрек тастарына әкелетіні белгілі. Сондай-ақ, іш жүргізетін дәрілерді созылмалы шамадан тыс пайдалануға байланысты бүйрек түтікшелерінің зақымдануы, метаболизмдік алкалоз және гипокалиемиялық бұлшықет әлсіздігі туралы хабарланды.
Жедел артық дозаланғанда емдеу: препаратты қабылдағаннан кейін қысқа уақыт болған жағдайда мәжбүрлеп құстыру немесе асқазанды шаю. Инфузиялық терапия және су-электролитті теңгерімді бұзылуын түзету, түйілуге қарсы дәрілерді қолдану қарастырылуы мүмкін.
Арнайы ескертулер
Құрсақ қуысына хирургиялық операциядан кейін Лаксигал-Тева препаратын пайдаланбаған жөн.
Басқа іш жүргізетін дәрілер сияқты, іш қатудың себебін анықтап алмай, Лаксигал-Тева препаратын күнделікті немесе ұзақ уақыт қабылдауға болмайды. Бұл сулы-электролитті теңгерімнің бұзылуына әкелуі, сондай-ақ гипокалиемияны туындатуы мүмкін.
Бас айналу және / немесе естен тану пикосульфат негізіндегі препараттар қабылдаған пациенттерде тіркелген. Осы жағдайлар туралы алынған деректер дефекацияда естен тану (немесе дефекация кезінде күшенгенде естен тану), немесе натрий пикосульфатын қабылдаумен байланысты болмауы мүмкін іш қату салдарынан іштің ауыруына вазовагальді реакция ықтималдығын болжамдауға мүмкіндік береді.
Балаларда дәрігердің алдын ала кеңесінсіз қолдану ұсынылмайды.
Сирек тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылық проблемасы бар пациенттер, құрамында сорбит болғандықтан, бұл препаратты қолданбағандары жөн.
Лаксигал-Тева құрамында этилпарагидроксибензоат бар. Баяу типтегі аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін.
Педиатрияда қолдану
Препаратты 4 жасқа дейінгі балаларға қолдануға арналмаған.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралдарын жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне әсері туралы зерттеулер жүргізілмеген.
Дегенмен, пациенттерде вазовагальді жауап салдарынан (мысалы, іштегі түйілуге байланысты) бас айналу және/немесе естен тану болуы мүмкін. Егер пациенттер құрсақ қуысының түйілуін сезінетін болса, онда оларға көлік құралдарын жүргізу және механизмдерді басқару сияқты ықтималдығы зор қауіпті міндеттерден аулақ болу керек
Лаксигал-Тева препаратының жүкті әйелдердің ағзасына әсері тиісті бақыланатын клиникалық зерттеулерде зерттелмеген. Қауіпсіздік мақсатында мүмкіндігінше жүктілік кезінде Лаксигал-Тева тамшыларын қолданудан аулақ болу керек. Препаратты қолдану қажет болғанда емнің анасы үшін әлеуетті пайдасы мен шарана үшін ықтималды қаупіне баға берген жөн.
Бала емізу
Клиникалық деректерге сәйкес натрий пикосульфаты да, оның глюкоронидтері де бала емізетін әйелдердің емшек сүтіне енбейді, демек Лактигал-Тева бала емізу кезінде қолданылуы мүмкін.
Әсер ету ауқымы кең бактерияға қарсы препараттармен бір мезгілде қолданған кезде Лаксигал-Тева препаратының тиімділігі азаяды. Диуретиктермен және кортикостероидтармен бір мезгілде қолдану сулы-электролитті теңгерімнің бұзылуына және жүрек гликозидтеріне сезімталдықтың жоғарылауына ықпал етуі мүмкін.
Сақтау мерзімі
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 10 0 С-ден 25 0 С-ге дейінгі температурада жарықтан қорғалған жерде сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.