Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Капсулы
Саудалық атауы
Лактон
Әсер етуші зат
Комбинация микроорганизмов, продуцирующих молочную кислоту с другими препаратами
Мақсаты
Антибиотиктермен, сульфаниламидтермен емдеу, сәулемен емдеу кезінде және емдеуден кейін ішектің физиологиялық флорасы бұзылғанда
Өндіруші
Protech Biopharma Pvt. Ltd.
Ел
Индия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір капсуланың құрамында
белсенді заттар: Lactobacillus sporogenes бактериялары кемінде 180 х 10 6 фолий қышқылы 0,15 мг
цианокобаламин 0,015 мг
қосымша заттар: лактоза, крахмал, магний стеараты.
капсула құрамы: желатин, титанның қостотығы (E171).
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақ немесе ақ дерлік түсті қатты желатинді капсулалар. Капсуланың ішіндегісі – ақ немесе ақ дерлік түсті ұнтақ.
Дәрілік препарат ересектерде қолдануға арналған:
- антибиотиктермен, сульфаниламидтермен емдеу, сәулемен емдеу кезінде және емдеуден кейін ішектің физиологиялық флорасы бұзылғанда
- саяхатшылардағы диареяда
- ас қорытудың жеткіліксіздігі синдромында, ферментопатияларда, диспепсияда
- диареяда, метеоризмде, іш қатуларда
- этиологиясы әртүрлі (бактериялық және вирустық) жедел және созылмалы энтероколиттерде біріктірілген ем құрамында
Лактобактериялар- сапрофиттер-пробиотиктер. Олар ішектің қалыпты микрофлорасының құрамдас бөлігі болып табылады және патогенді (E. coli. Salmonella, Shigella, Proteus, Staphylococci, Clostridia) және т.б., сүт қышқылын өндіруге байланысты шартты патогендік микроорганизмдер мен зеңдерге қатысты антагонистік әсерге ие және осылайша қалыпты ішек микрофлорасының дамуына қолайлы жағдай жасайды.
Лактобактериялар ішек қорытуында, В 3, В 5, В 6, В 12 дәрумендерінің, фолий қышқылының, биотиннің, К дәруменінің, бактерицидтердің және амилаза, протеаза және липаза сияқты ас қорыту ферменттерінің синтезінде маңызды рөл атқарады. Спора түріндегі лактобактериялар антибиотиктер мен ас қорыту қышқылдары сияқты сыртқы қолайсыз факторларға өте төзімді.
Спора түзетін лактобактериялар холестерин алмасуында маңызды рөл атқарады. Олар холестериннің нашар сіңетін түрге (копростанол) айналуына ықпал етеді, бұл оның ішекте сіңуіне жол бермейді.
Цианокоболамин (В 12 дәрумені) көмірсулар, ақуыз және липидтер алмасуына қатысады. Қан түзілуін, тіндердің қалпына келуін, бауыр мен орталық жүйке жүйесінің жұмысын қалыпқа келтіреді.
Организмде цианокобаламин (негізінен бауырда) көптеген қалпына келтіретін ферменттердің құрамына кіретін кофактор – кобамамидке айналады. Әсіресе фолий қышқылын тетрагидрофолий қышқылына қалпына келтіретін редуктазаның құрамына енуі өте маңызды Бұл В 12 дәрумені гемопоэз процестерін, тіндердің регенерациясын белсендіреді. Сонымен қатар, кобамамид десоксирибоза мен ДНҚ синтезін қалыптастыру үшін, сондай-ақ эритроциттердің жетілуін аяқтау үшін қажет. Кобамамид әртүрлі ақуыздар мен ферменттердегі сульфгидрил топтарының белсенділігін қолдайтын қалпына келтіретін ферменттердің бөлігі. Бұл эритроциттердің белсенділігін сақтауды, оларды гемолизден қорғауды түсіндіреді. Зиянды анемия лимфоциттердің субпопуляцияларындағы теңгерімсіздікке байланысты дамиды. В 12 дәруменінің тағайындалуы лимфоцит-супрессорлардың қалыпты деңгейін қалпына келтіреді және анемияның аталған формасын жояды.
Кобамамид метилмалон қышқылын пропион қышқылын жою үшін миелиннің құрамына кіретін янтарьн қышқылына айналдыру үшін қажет. Организмде цианокобаламин жетіспеген жағдайда несеппен метилмалон және пропион қышқылдарының көп мөлшері шығарылады. Кобамамид холин – липотропты факторының синтезі үшін пайдаланатын метил топтарының метионин – донаторын қалыптастыру үшін қажет. Кобамамид қайта метилдену процесіне қатысады.
Фолий қышқылы асқазан-ішек жолында (АІЖ) жақсы сіңеді. Бауырдағы фолий қышқылы тетрагидрофол қышқылына дейін азаяды, ол формил тобы қосылғаннан кейін фолиний қышқылына айналады.
Фолиний қышқылы – нуклеин қышқылдарының (РНҚ және ДНҚ) негізгі компоненттері пурин және пиримидин негіздерін синтездеу процесінде қолданылатын метил тобының, формилдің, оксиметилдің, метиленнің бір көміртекті қалдықтарын тасымалдауға қатысатын бірқатар ферменттердің кофакторы. Бұл жасушалардың бөліну процестерінің белсенділенуіне әкеледі. Фолиний қышқылымен тасымалданатын бір көміртекті қалдықтар ақуыз синтезін белсендіретін кейбір аминқышқылдарының синтезіне өтеді. Фолиний қышқылы гемопротеиндердің ақуыз және простетикалық топтарының, атап айтқанда гемоглобиннің қосылуына ықпал етеді. Ол ксантин оксидазасын тежейді және бұл пурин негіздерін сақтауға және оларды денеде қайта қолдануға көмектеседі. Фолиний қышқылы ақуыздардың жасушаішілік синтезі процесінде глутамин қышқылын кәдеге жаратуды белсендіреді.
Нәтижесінде фолиний қышқылы эритро-, лейко - және тромбоцитопоэзді, барлық мүшелер мен тіндердегі пластикалық және регенераторлық процестерді ынталандырады.
Дозалану режимі
Ересектерге: тамақтан 1 сағат бұрын 1 капсуладан күніне 1 рет.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке қабылдау үшін.
Емдеу ұзақтығын дәрігер жеке анықтайды. Емдеу курсы 7-10 күн
Қайталанатын аурулар кезінде емдеу курстарын қайталау ұсынылады. Спораларды түзетін лактобактериялардың антибиотикке төзімділігіне байланысты лактонды қолдану антибиотикпен емдеуге кедергі болмайды. Лактонмен емдеуді бактериофагтармен емдеу курсынан кейін тағайындауға болады.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кезде қажетті шаралар
Деректер жоқ.
Тоқтату симптомы қаупінің болуын көрсету
Деректер жоқ.
Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну жөніндегі ұсынымдар
Осы препаратты қолдануға қатысты қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда емдеуші дәрігермен немесе фармацевтпен хабарласыңыз.
Дәрілік препаратты стандартты қолданған кезде байқалатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдауға тиісті шаралар
Сирек
- аллергиялық реакциялар, тері бөртпесі, терінің қышуы, бронх түйілуі, эритема
- психикалық қозу, бас ауыруы, бас айналуы
- кардиалгия, тахикардия
Жиілігі белгісіз
- гипертермия
- диспепсиялық құбылыстар, іштің ауыруы
- ұйқысыздық, құрысу дайындығын арттыру
- гиперкоагуляция, жоғары дозаларды қолданғанда пурин алмасуының бұзылуы
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
• препараттың белсенді затына немесе компоненттеріне жоғары сезімталдық
• тромбоз, эритремия, эритроцитоз
• сүт өнімдерін көтере алмаушылық
• В12 дәрумені – анемия тапшылығы
• пернициозды анемия
• қатерлі жаңа түзілімдер
• кобаламин тапшылығы
• жүктілік және лактация кезеңі
• 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Осы уақытқа дейін артық дозаланудың клиникалық көріністері туралы хабарланған жоқ.
Лактон препаратын қабылдамас бұрын дәрігермен кеңесіңіз.
Арнайы ескертулер
Онкологиялық аурумен ауыратын науқастарға, тромбоз және целиакиймен ауыратын науқастарға қабылдау кезінде сақтық шараларын сақтау қажет. Үлкен дозаларды қабылдаған кезде резистенттіліктің пайда болуы мүмкін.
Құрамында фолий қышқылы бар препараттар В12-анемия тапшылығын (пернициозды), нормацитарлы және апластикалық анемияны емдеу үшін пайдаланылмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың жағымсыз әсерлерін ескере отырып, зейін қоюды талап ететін көлік құралын немесе ықтимал қауіпті механизмді басқару кезінде сақ болу керек.
Қолдану бойынша ұсыныстар
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Антацидтермен (кальций, алюминий және магний препараттары), колестираминмен, этил спиртімен, вальпрой қышқылымен, сульфонамидтермен және цитостатиктермен бір мезгілде қабылдау лактонның емдік әсерін төмендетеді.
Құрысуға қарсы препараттар (фенитоин және карбамазепин), стероид емес анальгетиктер, эстрогендер, пероральді контрацептивтер фолий қышқылына қажеттілікті арттырады.
Фолий қышқылы фенитоиннің тиімділігін төмендетеді.
Метотрексат, пириметамин, триамтерен, триметоприм дигидрофолатредуктазды тежейді және фолий қышқылының әсерін төмендетеді (осы препараттарды қабылдайтын пациенттерге кальций фолинатын тағайындау керек).
Аминогликозидтер, салицилаттар, эпилепсияға қарсы препараттар, колхицин, калий препараттары В12 дәруменінің сіңірілуін төмендетеді.
Хлорамфеникол В12 дәруменінің гемопоэтикалық әсерін төмендетеді. Қанның ұюын арттыратын препараттармен біріктіруге болмайды.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада. Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.