Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Капсулы
Саудалық атауы
Лактон-Д
Әсер етуші зат
Микроорганизмы, продуцирующие молочную кислоту
Мақсаты
Антибиотиктермен, сульфаниламидтермен, сәулелік терапиямен емдеу кезінде және одан кейін ішектің физиологиялық флорасының бұзылуында
Өндіруші
Protech Biopharma Pvt. Ltd.
Ел
Индия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір капсуланың құрамында
белсенді заттар: 180 х 106 кем емес лактобактерия споралары,
қосымша заттар: крахмал, лактоза, екі негізді кальций гидрофосфаты, тальк, магний стеараты, поливинилпирролидон (PVP K30), 2-пропанол.
капсула құрамы: желатин, титанның қостотығы (E171).
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақ немесе ақ дерлік түсті №2 қатты желатинді капсулалар. Капсуланың ішіндегісі – ақ немесе ақ дерлік түсті ұнтақ.
- антибиотиктермен, сульфаниламидтермен, сәулелік терапиямен емдеу кезінде және одан кейін ішектің физиологиялық флорасының бұзылуында
- саяхатшылардың диареясында
- ас қорыту жеткіліксіздігі синдромында, ферментопатияда, диспепсияда
- диареяда, метеоризмде, іш қатуларда
- кешенді терапия құрамында этиологиясы әртүрлі (бактериялық және вирустық) жедел және созылмалы энтероколиттерде
Bacillus coagulans - бұл бактериялардың бір түрі. Олар лактобациллалар мен басқа пробиотиктерге ұқсас «пайдалы» бактериялар ретінде қолданылады. Bacillus coagulans диареяда, соның ішінде балалардағы ротавирустық диареяда; саяхатшылардың диареясында; және антибиотикпен байланысты диареяда қолданылады. Bacillus coagulans сонымен қатар ас қорыту, ТІС, ішектің қабыну аурулары (ІҚА, Крон ауруы, ойық жаралы колит), ішектің бұзылуы, Clostridium difficile туындаған колит, қысқа ішек синдромындағы бактериялардың шамадан тыс өсуі және Helicobacter pylori бактериясынан туындаған инфекцияларда қолданылады. Кейбір жағдайларда Bacillus coagulans тыныс жолдарының инфекциясын болдырмау және иммундық жүйені жақсарту үшін қолданылады. Сондай-ақ, қатерлі ісік ауруының немесе канцерогендердің пайда болуының алдын алу үшін қолданылады. Сондай-ақ, олардың тиімділігін арттыру үшін вакциналарға қосымша ретінде қолданылады.
Өтпелі сипатқа қарамастан, осы микроорганизмдер асқазан-ішек жолының күрделі флорасын қолдау үшін ортаны өзгертеді. Әсер ету механизмі қажетті міндетті микроорганизмдердің санын толықтыру және патогендік микробтарға қарсы тұру арқылы асқазан-ішек жолдарының флорасын жақсартудың нәтижесі деп болжанады. Сүт қышқылын өндіретін бактериялар сүт қышқылының екі изомерлі түрін өндіре алады - оңға айналдырушы( D (-)) сүт қышқылын және солға айналдырушы (L (+)) сүт қышқылын шығара алады. L ( + ) сүт қышқылы организмде толығымен метаболизденеді; алайда D ( - ) сүт қышқылы толығымен метаболизденбейді, бұл метаболикалық ацидозға әкелуі мүмкін. L. sporogenes тек L (+) сүт қышқылын шығарады. L. sporogenes бактериоциндер мен қысқа тізбекті май қышқылдарын шығарады, сонымен қатар холестеринді сіңіреді (жасуша құрылымына кіреді).
Дозалау режимі
Ересектер:
Бактерияға қарсы емнен немесе колиттен кейін тітіркенген ішек синдромымен (ТІС) немесе ішек инфекциясымен және т.б. ауыратын ересектерде ішек флорасының бұзылуына әкеліп соқтырған келесі доза ұсынылады: тамақтанудан 1 сағат бұрын 2 капсуладан күніне 2 немесе 3 рет.
Балалар:
1-ден 18 жасқа дейінгі балалар және 1 жасқа дейінгі балалар, бірақ 1 айдан үлкен балалар әртүрлі вирустық диареяға бейім. Сондықтан олардың этиологиясына байланысты келесі дозаларды ұстануға кеңес беріледі. Жалпы колик және жұмсақ диареямен 1 жасқа дейінгі балаларды емізу кезеңінде ұсынылатын доза күніне бір немесе екі рет капсуланың 1/3-тен 1/2-ге дейін, әдетте, емізер алдында. Капсуланы жұтқан кезінде қиындықтар туындаған жағдайда, капсуланың ішіндегісін жартылай қатты немесе сұйық тағамның аздаған мөлшерімен араластыруға болады. Осылайша дайындалған сұйықтықты кейіннен пайдалану үшін сақтауға болмайды.
1 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға күніне бір немесе екі рет 1-2 капсула тағайындалады.
Егде жастағы пациенттер
Әдетте ішек бұзылыстарының деңгейі жоғары егде жастағы адамдар үшін доза ересектер сияқты бірдей.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Дозаны түзету қажет емес.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Дозаны түзету қажет емес.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке қабылдау үшін.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу ұзақтығы жедел ішек инфекцияларынан сауығу кезінде және әртүрлі этиологиядағы ішек дисфункциясы кезінде 4-6 аптаны құрайды. Ойық жаралы колит, созылмалы колит және ТІС кезінде 1,5-2 айға дейін; әртүрлі этиологиядағы дисбактериоздарда 4-6 апта бойы. Ішек флорасын қалыпқа келтіруге бағытталған емдеу жағдайында емді 10-14 күн ішінде, кейіннен 1-1, 5 ай бойы күніне 2 рет 1 капсуладан демеуші дозамен пайдалану ұсынылады.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кезде қажетті шаралар
Деректер жоқ.
Тоқтату симптомдары қаупінің болуын көрсету
Қатысты емес.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға бару жөнінде нұсқаулар
Осы препаратты қолдануға қатысты қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда емдеуші дәрігермен немесе фармацевтпен хабарласыңыз.
Дәрілік препаратты стандартты қолданған кезде байқалатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдауға тиісті шаралар
- аллергиялық реакциялар
- тері бөртпесі
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
• әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• қатерлі ісіктер
• галактозаның тұқым қуалайтын жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдар
• 1 айға дейінгі балалар жасы
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Осы уақытқа дейін артық дозаланудың клиникалық көріністері туралы хабарланған жоқ.
Лактон-Д препаратын қабылдамас бұрын дәрігермен кеңесіңіз.
Арнайы ескертулер
Препарат иммуносупрессиялық ем қабылдайтын пациенттерге тағайындалмауы тиіс, өйткені Lactobacillus sporogenes иммунитетті көтереді.
Лактоза көтере алмаушылығы
Тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттер осы препаратты қабылдамауы тиіс.
Педиатрияда қолдану
Жасы 1 айға дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Лактон-Д препаратын жүктілік немесе лактация кезінде қолдану қауіпсіздігіне қатысты қандай да бір қорытынды жасау мүмкін емес.
Антиоксиданттарды және ісікке қарсы препараттарды бір мезгілде қабылдау емдік әсерін төмендетеді, өйткені Лактон-Д қан плазмасында осы препараттар мөлшерінің деңгейін төмендетуі мүмкін.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, құрғақ жерде, 25°С-ден аспайтын температурада.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.