Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки
Саудалық атауы
Лактофильтрум AVVA
Әсер етуші зат
Комбинированные препараты
Мақсаты
Ішек микрофлорасының бұзылыстары (ішек дисбактериозы), сонымен бірге антибиотиктермен емделудің нәтижесінде
Өндіруші
АО "АВВА РУС"
Ел
Россия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: гидролизді лигнин (құрғақ затқа шаққанда), 355.0 мг, лактулоза (100% затқа шаққанда), 120.0 мг.
қосымша заттар: натрий кроскармеллозасы, магний стеараты, микрокристалды целлюлоза.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақ-сұр түсті теңбілдері бар, қою қоңыр түсті, сызығы бар екі жақ беті дөңес капсула пішінді таблеткалар.
Лактофильтрум AVVA дәрілік препараты ересектерде, жасөспірімдерде және 1 жастағы балаларда қолдануға арналған.
- ішек микрофлорасының бұзылыстары (ішек дисбактериозы), сонымен бірге антибиотиктермен емделудің нәтижесінде
Кешенді ем құрамында:
- тітіркенген ішек синдромында
- гепатит және бауыр циррозында
- аллергиялық ауруларда (атопиялық дерматитте, есекжемде)
- бактериялық вагинозда (қынаптық дисбиозда)
Әсер ету механизмі
Гидролизді лигнин - ағаш компоненттерінің гидролизденген өнімдерінен тұратын табиғи энтеросорбент, жоғары сіңіру белсенділігіне және спецификалық емес уытсыздандыру әсеріне ие. Ішекте патогенді бактериялар мен бактериялық токсиндерді, дәрілік препараттарды, ауыр металдардың тұздарын, алкогольді, аллергендерді, сондай-ақ зат алмасудың кейбір өнімдерінің, соның ішінде билирубиннің, холестериннің, гистаминнің, серотониннің, мочевинаның, эндогендік токсикоздың дамуына жауап беретін басқа метаболиттердің артық мөлшерін байланыстырады және организмнен шығарады. Уытты емес, сіңірілмейді, 24 сағат ішінде ішектен толығымен шығарылады. Лактулоза - молекуласы галактоза мен фруктоза қалдықтарынан тұратын синтетикалық дисахарид болып табылады. Асқазандағы және ішектің жоғарғы бөліктеріндегі лактулоза сіңірілмейді және гидролизденбейді. Таблеткалардан босап шығатын лактулоза жуан ішекте субстрат ретінде бифидобактериялар мен лактобациллалардың өсуін стимуляциялай отырып, ішектің қалыпты микрофлорасымен ферменттеледі. Лактулозаның гидролизденуі нәтижесінде жуан ішекте органикалық қышқылдар - сүт, сірке және құмырсқа қышқылы түзіледі, олар патогенді микроорганизмдердің өсуін тежейді және нәтижесінде құрамында азот бар уытты заттардың өндірілуін азайтады. Сипатталған процесс жуан ішектің ішек саңылауындағы осмостық қысымның жоғарылауына және перистальтиканың стимуляциялануына әкеледі.
Фармакодинамикалық әсерлері
Препараттың фармакологиялық әсері белсенді компоненттердің - лигнин мен лактулозаның қасиеттеріне байланысты.
Гидролизді лигнин - табиғи энтеросорбент, жоғары сіңіретін белсенділікке және спецификалық емес уытсыздандыратын әсерге ие.
Лактулоза - синтетикалық дисахарид, жуан ішекте субстрат ретінде бифидобактериялар мен лактобациллалардың өсуін стимуляциялай отырып, ішектің қалыпты микрофлорасымен ферменттеледі. Нәтижесінде патогенді микроорганизмдердің өсуі басылады және осының салдарынан құрамында азот бар уытты заттардың өндірілуі азаяды.
Клиникалық тиімділік және қауіпсіздік
«Лактофильтрум AVVA, таблеткалар» дәрілік препараты референтті дәрілік препарат болып табылады. Клиникалық зерттеулерде медициналық қолдану үшін мәлімделген көрсетілімдер шеңберінде препараттың жоғары тиімділігі мен қауіпсіздігі дәлелденді.
Препараттың кешенді әсері жуан ішектің микробиоценозын қалыпқа келтіруді және эндогенді уытты жағдайлардың қарқындылығын төмендетуді қамтамасыз етеді. Препаратты бактериялық вагинозды (ұынаптық дисбиозды) кешенді емдеу кезінде қолдану емнің тиімділігін арттыруға, соның ішінде қынаптағы лактобациллалар санының көбеюіне, сондай-ақ шартты-патогенді флораның өсуін тиімді басуға әкеледі.
Балалар
Лактофильтрум AVVA дәрілік препаратын жасөспірімдер мен 1 жастағы балаларда қолдануға рұқсат етілген. Клиникалық зерттеулерде ересек пациенттер үшін деректермен салыстырылатын балалар мен жасөспірімдердегі препараттың жоғары тиімділігі мен қауіпсіздігі дәлелденді.
Аллергиялық аурулардың, оның ішінде балалар арасында бронх демікпесінің таралуын ескере отырып, осы патологиялық жағдайлар кезінде Лактофильтрум AVVA дәрілік препаратының тиімділігі мен қауіпсіздігі деректері ерекше құндылыққа ие. Осылайша, клиникалық зерттеулер барысында кешенді ем құрамында Лактофильтрум AVVA атопиялық дерматит ағымының анағұрлым жылдам оң динамикасына ықпал ететіні, бронх демікпесіне шалдыққан пациенттерде бронх обструктивті синдромын басу мерзімін төмендететіні анықталды.
Клиникалық зерттеулерде Лактофильтрум AVVA препаратын қолданған кезде балаларда, ересектердегідей жағымсыз әсерлер байқалған жоқ, пациенттер тарапынан препараттардың жағымдылығын субъективті бағалау жақсы ретінде бағаланды.
Дозалау режимі
Ішек дисбактериозы кезінде:
- ересектер мен 12 жастан асқан балаларға − 2-3 таблеткадан күніне 3 рет
− 8 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға - 1-2 таблеткадан күніне 3 рет
− 3 жастан 7 жасқа дейінгі балаларға - 1 таблеткадан күніне 3 рет
− 1 жастан 3 жасқа дейінгі балаларға - 1/2 таблеткадан күніне 3 рет
Бактериялық вагиноз кезінде (қынаптық дисбиозда):
2 таблеткадан күніне 3 рет.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке. Қажет болған жағдайда, тамақ ішкенге және басқа дәрілік заттарды қабылданға дейін бір сағат бұрын, алдын ала ұнтақтап, су іше отырып, жұтады.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Ересектер мен бір жастағы балаларға − тамақ ішкенге дейін және басқа дәрілік заттарды қабылдағанға дейін бір сағат бұрын, Лактофильтрум AVVA дәрілік препаратын қабылдау жиілігі – күніне 3 рет.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсының орташа ұзақтығы-2-3 апта.
Препаратты ұзақ уақыт бойы қолдану және қайталанатын емдеу курстары дәрігердің ұсынысы бойынша ғана жүргізілуі тиіс.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кездегі қажетті шаралар
Лактофильтрум AVVA дәрілік препаратының бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кезде өткізіп алған дозаны компенсациялау үшін препараттың қосарлы дозасын қабылдауға болмайды.
Препаратты қолдану туралы қосымша сұрақтар туындаған кезде пациент емдеуші дәрігермен кеңесу керек.
Тоқтату симптомдары қаупінің бар-жоғына нұсқау
Лактофильтрум AVVA дәрілік препаратын қолдануды тоқтатқаннан кейін препаратты қандай да бір тоқтату симптомдары байқалмайды.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну жөніндегі ұсынымдар
Лактофильтрум AVVA дәрілік препаратын қолдану тәсілі бойынша ұсынымдар қосымша парақтың «Қолдану жөніндегі ұсынымдар» бөлімінде егжей-тегжейлі сипатталған.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілі бойынша қосымша сұрақтар болған жағдайда емдеуші дәрігердің көмегіне жүгіну қажет.
- препарат компоненттеріне жеке көтере алмаушылық
- ішектің бітелуі
- асқазан-ішектен қан кету
- галактоземия
-асқазанның және 12-елі ішектің ойық жара ауруының өршуі
- ішек атониясы
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар
Сирек
- метеоризм, диарея
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар
Жиілігі белгісіз
− аса жоғары сезімталдық реакциялары
Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар
Жиілігі белгісіз
- тері бөртпесі, қышыну, есекжем
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Лактофильтрум AVVA дәрілік препаратын қолдану кезінде ерекше сақтық шаралары талап етілмейді.
Арнайы ескертулер
Препарат бөлек қабылдау ережесі сақталған кезде басқа дәрілік препараттармен бірігіп кешенді ем құрамында пайдаланылуы мүмкін.
Егде жастағы пациенттер
Лактофильтрум AVVA дәрілік препараты жүйелі әсер етпейді, өйткені пероральді қолданғаннан кейін асқазан-ішек жолында сіңірілмейді, сондықтан егде жастағы пациенттер үшін ерекше қауіп төндіруі мүмкін жағымсыз реакциялардың (мысалы, бас айналу немесе орталық жүйке жүйесіне әсер ету) пайда болу қаупінің ықтималдылығы аз. Дәрілік препараттың қауіпсіздік бейінін модификациялай алатын бір мезгілде әсер ететін көптеген қатар жүретін патологияның және көп компонентті дәрілік емнің болуы да аз ықтималдықпен жүйелік әсердің болмауын ескере отырып, жағымсыз реакциялардың туындау қаупіне әсер етуі мүмкін.
Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер
Лактофильтрум AVVA дәрілік препараты жүйелі әсер етпейді, өйткені пероральді қолданғаннан кейін асқазан-ішек жолында сіңірілмейді, сондықтан бауыр функциясы бұзылған пациенттер үшін ерекше қауіп төндіруі мүмкін жағымсыз реакциялардың туындау қаупінің ықтималдылығы аз.
Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер
Лактофильтрум AVVA дәрілік препараты жүйелі әсер етпейді, өйткені пероральді қолданғаннан кейін асқазан-ішек жолында сіңірілмейді, сондықтан бүйрек функциясы бұзылған пациенттер үшін ерекше қауіп төндіруі мүмкін жағымсыз реакциялардың туындау қаупінің ықтималдылығы аз.
Педиатрияда қолдану
Лактофильтрум AVVA дәрілік препаратын 1 жастағы балаларда және жасөспірімдерде қолдануға рұқсат етілген.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат көлік құралдарын және/немесе басқа механизмдерді басқару қабілетіне теріс әсер етпейді.
Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде қолдануға қатысты деректер жоқ.
Бір мезгілде қабылданатын кейбір препараттардың емдік әсері төмендеуі мүмкін.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Ылғалдан және жарықтан қорғалған жерде 30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.