Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Капсулы
Саудалық атауы
Лакто-G Форте
Әсер етуші зат
Микроорганизмы, продуцирующие молочную кислоту
Мақсаты
Қатар жүретін патологиялық жай-күйлердің профилактикасы және емдеу: дисбактериоз, оның ішінде антибиотиктермен және басқа химиотерапиялық дәрілермен емдеу кезінде балалар мен…
Өндіруші
ДЖИ ЭМ Фармасютикалс
Ел
Грузия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір капсуланың құрамында
белсенді заттар: Lactobacillus acidophilus
Bifidobacterium longum
Bifidobacterium bifidum
Bifidobacterium lactis
Бактериялардың жалпы саны 5х109КҚБ кем емес,
қосымша заттар: фруктоолигосахаридтер, күріш мальтодекстрині, магний стеараты.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Өлшемі №0 қатты капсулалар. Капсуланың түсі: қақпақшасы мен корпусы - түссіз.
Капсулалардың ішіндегісі – сарғыш теңбілдері бар ақ ұнтақ.
Қатар жүретін патологиялық жай-күйлердің профилактикасы және емдеу:
• дисбактериоз, оның ішінде антибиотиктермен және басқа химиотерапиялық дәрілермен емдеу кезінде балалар мен ересектерде туындайтын
Препараттың құрамына кіретін сүт қышқылының бактериялары ішек микрофлорасының физиологиялық тепе-теңдігін қолдайды және қалпына келтіреді. Сүт және сірке қышқылын өндіретін бифидобактериялар мен лактобациллалар патогенді микроорганизмдердің көбеюі мен тіршілік етуіне қолайсыз жағдайлар жасайды; асқорыту процесіне және дәрумендердің (В1, В2, В3, В6, В12, Н, РР, фолий қышқылы, К және Е) синтезіне қатысады, электролит теңгерімін, ақуыздардың, фосфолипидтердің, өт және май қышқылдарының, билирубиннің, холестериннің алмасуын реттейді.
Табиғи полисахаридтер – фруктоолигосахаридтер ішек бактериялары – эубиотиктердің көбеюі, шоғырлануы және тіршілік етуі үшін қолайлы жағдай жасайды. Фруктоолигосахаридтер асқорыту қышқылдарының әсерінен ыдырамайды және өзгермеген түрде ішектің төменгі бөлігіне түседі.
Дозалау режимі
2 жасқа дейінгі балаларға тамақтануға дейін тәулігіне 1 капсуладан тағайындалады. Капсуланың ішіндегісін аз мөлшердегі сұйықтықпен (шырын, қант қосылған су) сұйылтыңыз.
2-12 жастағы балаларға аз мөлшердегі сұйықтықпен ішуге, тамақтануға дейін тәулігіне 1-2 капсуладан тағайындалады. Егер бала капсуланы жұта алмайтын жағдайда болса, 2 жасқа дейінгі балалардағы сияқты жасайды.
Ересектер мен 12 жастан үлкен балаларға аз мөлшердегі сұйықтықпен ішуге, тамақтануға дейін тәулігіне 2-3 капсуладан тағайындалады.
Енгізу әдісі мен жолы
Препарат тамақтануға дейін ішке қабылданады.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу ұзақтығы дисбактериоздың даму себебіне және организмнің жекелеген ерекшеліктеріне байланысты. Емдеу курсы әдетте 2-4 аптаға созылады.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар
Егер сізде препаратты қабылдау бойынша қосымша сұрақтар туындаса, өзіңіздің дәрігеріңізге жүгініңіз.
• әсер етуші заттарға немесе 6.1-бөлімде аталған қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау мына критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100-ден < 1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100 дейін), сирек (≥ 1/10000 < 1/1000 дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
Иммундық жүйенің бұзылуы
Өте сирек
• аллергиялық реакциялар
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әрекеттер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Лакто-G Форте препаратын қолданар алдында дәрігермен кеңесу қажет, егер:
• дене температурасы 380С-ден жоғары;
• нәжісте қан мен шырыштың іздері;
• екі күннен астам диарея және іштің қатты ауыруымен, сусыздану және салмақ жоғалтумен қатар жүретін;
• созылмалы аурулар (қант диабеті, жүрек – қантамырлары аурулары) немесе иммунитеттің төмендеуімен сипатталатын жағдайлар (мысалы, АИТВ-инфекциясы) байқалса.
Капсуланың ішіндегісін ыстық суда (400С-ден жоғары) еріту ұсынылмайды, алынған ерітінді сақтауға жатпайды.
Препаратты қолдану кезеңінде алкоголь қабылдау ұсынылмайды.
Арнайы ескертулер
Бауыр және бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде препаратты қолдану бойынша айрықша нұсқаулар жоқ.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Арнайы кеңестер жоқ.
Жүктілік және лактация кезінде дәрілік затты пайдалануға тыйым салынбайды. Алайда препаратты тағайындау туралы шешімді емдеуші дәрігер қабылдайды.
ФертильділікФертильділікке әсері туралы деректер жоқ.
Лакто-G Форте препаратының басқа препараттармен жағымсыз өзара әрекеттесуі байқалмады.
Антибиотиктермен және химиотерапиялық препараттармен бір мезгілде қолданған кезде үш сағаттық аралықты сақтау ұсынылады.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.