Тері бөртпесі
Ламотриджинмен ем басталған соң, әдетте, алғашқы сегіз апта ішінде дамыған жағымсыз тері реакциялары хабарланды. Бөртудің көпшілігі жеңіл сипатта болды және өз бетінше басылды, алайда ауруханаға жатқызуды және ламотриджин қабылдауды тоқтатуды талап еткен күрделі бөрту де хабарланды. Осы реакциялар Стивенс-Джонсон синдромы (СДС), уытты эпидермалық некролиз (УЭН) және эозинофилиямен әрі аса жоғары сезімталдық синдромы ретінде белгілі жүйелік симптомдармен (DRESS-синдром) болатын дәрілік реакция сияқты өмірге аса қауіпті бөртуді қамтыды.
Ламотриджинді қолдану жөніндегі ағымдағы нұсқауларды қадағалаумен клиникалық зерттеулерге қатысатын ересек пациенттерде күрделі тері бөртуінің кездесу жиілігі эпилепсиясы бар 500 пациенттің 1-ге жуығын құрайды. Жағдайлардың жартысына жуығы Стивенс-Джонсон синдромы туралы хабарланды (1000-ға 1). Клиникалық зерттеулерде биполярлық бұзылыс бар пациенттерде күрделі тері бөртуінің кездесу жиілігі 1000-ға 1 шамасын құрайды.
Балаларда күрделі тері бөртуінің даму қаупі ересектердегіден жоғары. Бірқатар зерттеулерден алынған қолда бар деректер негізінде ауруханаға жатқызуды талап ететін тері бөртуінің кездесу жиілігі эпилепсия бар 300 балаға 1-ден бастап 100 балаға 1 дейін құрайды деп жорамалдауға болады. Балаларда бөртпенің бастапқы көріністері инфекция симптомдары ретінде қатеқабылдануы мүмкін, сондықтан дәрігерлер бөртпе мен қызба симптомдары емнің алғашқы сегіз аптасы ішінде білінген балаларда ламотриджинмен емдеуге реакцияның дамуы мүмкін екенін ескеру керек. Бұдан бөлек, бөртпенің жалпы туындау қаупі мыналармен тығыз байланысты:
• ламотриджиннің бастапқы жоғары дозаларымен және ламотриджинмен ем кезінде ұсынылған дозаны арттыру сызбасынан асыру
• вальпроатты бір мезгілде қабылдау.
Анамнезінде аллергия немесе бөртпе бар пациенттерді емдеу кезінде басқа ЭҚП қолданғанда да сақ болу қажет, өйткені осындай пациенттерде ламотриджинмен емдеуден кейінгі күрделі емес бөртпенің кездесу жиілігі, анамнезі ұқсас емес пациенттермен салыстырғанда, шамамен үш есе жиірек байқалды. Шығу тегі азиялық (бірінші кезекте тегі хань және тайлықтар) адамдарда HLA-B*1502 аллелі ламотриджинмен емдеу кезінде СДС/УЭН даму қаупімен байланысты екені көрсетілді. Егер бұл пациенттерде HLA-B*1502 оң нәтиже беретіні белгілі болса, ламотриджинді қолданудағы қаупін мұқият бағалаған жөн.
Бөртпе дамыған пациенттердің бәрін (ересектер мен балаларды) шұғыл тексеру қажет, ал бөртпе дамуына ламотриджинмен емдеу түрткі болмағаны нақты анықталғанша Ламиктал® препаратын қабылдауды дереу тоқтату керек. Ламиктал® препаратымен емді жаңғырту, ықтималды пайдасы қаупінен анық асатын жағдайларды қоспағанда, ламотриджинмен алдыңғы емдеуде дамыған бөртпе салдарынан оны қолдануды тоқтатқан пациенттерде ұсынылмайды. Пациентте ламотриджин қолдану кезінде СДС, УЭН немесе DRESS-синдром дамыған жағдайда ондай пациенттерді ламотриджинмен емдеуді ешқашан жаңғыртуға болмайды.
Сонымен қатар, қызбаны, лимфаденопатияны, бет ісінуін, гематологиялық бұзылыстарды, бауыр тарапынан бұзылулар және асептикалық менингитті қоса, әртүрлі жүйелі симптомдардың көрініс табуымен байланысты аса жоғары сезімталдық синдромы ретінде белгілі DRESS синдромының (эозинофилия және жүйелік симптомдармен бірге дәріге реакция) бір бөлігі болып табылатыны хабарланды. Синдром клиникалық ауырлықтың кең ауқымымен сипатталады және сирек жағдайларда диссеминацияланған тамырішілік ұю және көп ағзалық жеткіліксіздіктің дамуына әкелуі мүмкін. Аса жоғары сезімталдықтың ерте білінетін көріністері (мысалы, қызба, лимфаденопатия), тіпті бөртпе көріністері болмаса да, болуы мүмкін екенін атап өту маңызды. Егер баламалы этиологияны анықтау мүмкін болмаса, осындай белгілер мен симптомдар болғанда пациентті дереу тексеруден өткізіп, Ламиктал® препаратын қолдануды тоқтату керек.
Көптеген жағдайларда асептикалық менингит препаратты тоқтатқанда қайтымды болды және бірқатар жағдайларда оны қайталап қолданғанда қайта жаңғырды. Қайта қолдану жиі ауырырақ болған симптомдардың тез оралуына әкелді. Ламотриджинді ламотриджинмен алдыңғы емдеуде асептикалық менингит салдарынан оны қабылдауды тоқтатқан пациенттерге қайта тағайындалмайды.
Сондай-ақ ламотриджинді қолданумен байланысты жарыққа сезімталдық реакциялары туралы хабарламалар келіп түсті. Бірнеше жағдайда реакция жоғары дозада (400 мг немесе одан көп), дозаны жоғарылатуда немесе титрлеудің тез жоғарылауында болды. Ламотриджинмен байланысты фотосезімталдыққа күдік туындаған кезде, фотосезімталдық белгілері (мысалы, күн әсерінен өте күйіп кету сияқты) бар пациентте емдеуді тоқтату туралы мәселені қарау керек. Егер ламотриджинмен емдеуді жалғастыру клиникалық тұрғыдан ақталған болып саналса, пациентке күн сәулесінің және жасанды ультракүлгін сәулеленудің әсерінен аулақ болуды және қорғау шараларын (мысалы, қорғаныс киімін және күннен қорғайтын кремдерді пайдалану) қабылдауды ұсынған жөн.
Гемофагоциттік лимфогистиоцитоз (ГЛГ)
Ламотриджин қабылдайтын пациенттерде ГЛГ даму жағдайлары хабарланды. ГЛГ қызба, бөртпе, неврологиялық симптомдар, гепатоспленомегалия, лимфаденопатия, цитопения, ферритиннің сарысулық концентрациясының жоғарылауы, гипертриглицеридемия және бауыр функциясының бұзылуы мен қанның ұюы сияқты клиникалық белгілер және симптомдармен сипатталады. Симптомдар емдеу басталған соң 4 апта ішінде пайда болады, ГЛГ өмірге қауіпті болуы мүмкін.
Пациенттерге ГЛГ симптомдарының көріністері туралы хабарлау қажет, егер ламотриджинмен ем кезінде осындай симптомдар сезілсе, олар дереу дәрігерге қаралуы тиіс.
Аталған белгілер мен симптомдар дамитын пациенттерді шұғыл тексеру және ГЛГ диагнозын қарау қажет. Егер баламалы этиологияны анықтау мүмкін болмаса, ламотриджинмен емді тоқтату керек.
Клиникалық көріністердің күшеюі және суицид қаупі
Бірнеше көрсетілім бойынша ЭҚП емін алған пациенттерде суицидтік ойлар мен мінез-құлық туралы хабарланды. ЭҚП плацебо-бақыланатын зерттеулеріне жасалған мета-талдау суицидтік ойлар мен мінез-құлықтың даму қаупінің артуын көрсетті. Осы қауіп механизмі белгісіз, ал қолда бар деректер ламотриджинге тән жоғары қауіп мүмкіндігін жоққа шығармайды.
Сондықтан пациенттер суицидтік ойлар мен мінез-құлық белгілерін анықтау үшін қадағалауда болуы тиіс, тиісінше емдеу көзделуі тиіс. Пациенттер (әрі пациенттерге күтім жасаушы тұлғалар) суицидтік ойлар мен суицидтік мінез-құлық туындағанда медициналық кеңес алу қажеттігінен хабардар болуы тиіс.
Биполярлық бұзылыстың клиникалық нашарлауы
Биполярлық бұзылыс бар пациенттерде, Ламиктал® қамтылатын биполярлық бұзылысты емдеуге арналған дәрілік препараттарды қолдануға қарамастан, депрессия симптомдарының өршуі және/немесе суицидке бейімділік белгілері көрініс беруі мүмкін. Сондықтан биполярлық бұзылысты емдеу үшін Ламиктал® қабылдайтын пациенттер, әсіресе, емдеу курсының басында немесе дозаны өзгерту кезінде клиникалық көріністердің (жаңа симптомдар дамуын қоса) және суицидке бейімділіктің күшеюі тұрғысынан мұқият қадағалауда болуы тиіс. Кейбір пациенттерде, мысалы, анамнезінде суицидтік мінез-құлық немесе ойлар болған жас ересек пациенттерде және емдеуді бастар алдында суицидтік ойға берілуі айқын пациенттерде суицидтік ойлар немесе суицид әрекеттерінің пайда болу қаупі жоғары болуы мүмкін, әрі оларды емдеу кезінде мұқият қадағалап отыру қажет.
Клиникалық көріністер күшейген (жаңа симптомдар дамуын қоса) және/немесе суицидтік ойлар/мінез-құлық пайда болған пациенттерде, әсіресе, егер осы симптомдар ауыр сипатта болса, кенеттен білінсе немесе бұрын пациентте болған симптомдардың бір бөлігі болмаса, препарат қабылдауды тоқтату мүмкіндігін қоса, емдеу сызбасын өзгерту мүмкіндігін қарастыру керек.
Гормональді контрацептивтер
Гормональді контрацептивтердің ламотриджин тиімділігіне әсері Этинилэстрадиол/левоноргестрелмен (30 мкг/150 мкг) біріктірілім қолданылғанда ламотриджин клиренсі шамамен екі есе артады, бұл ламотриджин концентрациясының төмендеуіне әкеледі. Ламотриджин деңгейінің төмендеуі ұстамалардың бақылануын жоғалтуға әкеледі. Титрлеуден кейін ең жоғары емдік әсерге жету үшін көп жағдайларда ламотриджиннің өте жоғары демеуші дозалары (екі есе) қажет болады. Гормональді контрацептивтер қабылдауды тоқтатқанда ламотриджин клиренсі екі есе азаюы мүмкін. Ламотриджин концентрациясының жоғарылауы дозаға тәуелді жағымсыз құбылыстар дамуымен қатар жүруі мүмкін. Пациенттер осындай жағымсыз реакцияларды анықтау үшін бақылауда болуы тиіс.
Ламотриджиннің глюкурондану индукторын әлі қолданбаған және белсенді емес бір апта (мысалы, «контрацептивтік препараттар қолданусыз») емдеу көзделетін гормональді контрацептивтер пайдаланатын әйелдерде контрацептивтер қабылдаудағы бір апталық үзіліс кезінде ламотриджин концентрациясының біртіндеп өткінші жоғарылауы болады. Жоғарылау дәрежесі белсенді емес емдеу аптасына дейін бірнеше күн бұрын немесе сол апта бойына ламотриджин дозасын арттырғанда көбірек болады. Осындай тәртіпте ламотриджин деңгейінің өзгеруі жағымсыз құбылыстар туындауымен байланысты болуы мүмкін. Сондықтан, бірінші желідегі ем ретінде контрацептив қабылданбайтын апта қарастырылмаған ұрықтануға қарсы дәрілерді (мысалы, үздіксіз гормональді контрацептивтер немесе гормональді емес әдістер) пайдалану мүмкіндігін қарастыру керек. Дәрігерлер ламотриджинмен ем кезінде гормональді контрацептивтер қабылдауды бастайтын немесе тоқтататын әйелдерді тиісті клиникалық жүргізу керек, ал көп жағдайларда ламотриджин дозасын түзету қажет болады.
Басқа пероральді контрацептивтермен және гормональді орын басу емімен
(ГОЕ) және ламотриджинмен өзара әрекеттесу зерттелмеді, дегенмен осы препараттар ламотриджиннің фармакокинетикалық параметрлеріне ұқсас әсер етуі мүмкін.
Ламотриджиннің гормональді контрацептивтер тиімділігіне әсері
Дені сау 16 еріктінің қатысуымен өзара әрекеттесу зерттеуінде ламотриджинді гормональді контрацептивпен (этинилэстрадиол/левоноргестрел біріктірілімі) бір мезгілде қолданудың левоноргестрел клиренсінің орташа жоғарылауын және қан сарысуында ФСГ және ЛГ деңгейлерінің өзгеруін туындатуы көрсетілді. Бұл өзгерістердің аналық бездердің овуляциялық белсенділігіне әсер етуі белгісіз. Алайда, бұл өзгерістердің ламотриджинмен бір мезгілде гормональді препараттар қолданатын кейбір пациенттерде контрацептивтер тиімділігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін екенін жоққа шығаруға болмайды. Сондықтан пациенттерді етеккір оралымының өзгерістері туралы, яғни етеккір аралық қан кету туралы дереу мәлімдеу қажеттілігін хабардар ету керек.
Дигидрофолатредуктаза
Ламотриджин дигидрофолатредуктазаның әлсіз тежегіші болып табылады, сондықтан ұзаққа созылатын емде фолаттар метаболизміне әсер ету ықтималдығы бар. Алайда, адамда ұзақ уақыт қолданғанда ламотриджин гемоглобин концентрациясының, эритроциттің орташа көлемінің немесе қан сарысуында фолаттар концентрациясының 1 жыл ішінде қабылдау кезіндегі эритроциттердің немесе 5 жыл бойы қабылдағанда эритроциттердегі фолаттар концентрациясының елеулі өзгерістерін тудырмады.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйрек жеткіліксіздігінің терминалдық сатысындағы пациенттерде препарат бір рет қолданылған зерттеулерде қан плазмасында ламотриджин концентрациялары айтарлықтай өзгермеді. Алайда, глюкуронидтік метаболит жиналуы күтіледі; бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерді емдеуде сақ болу керек.
Құрамында ламотриджин бар басқа препараттар қабылдайтын пациенттер Ламиктал® препаратын дәрігердің кеңесінсіз құрамында ламотриджин бар басқа препараттарды қабылдап жүрген пациенттерге қолдануға болмайды.
Бругада синдромына және жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің басқа бұзылыстарына тән ЭКГ
Ламотриджин алған пациенттерде ST-Т сегменттерінің ауытқулары хабарланды, бұл аритмияның даму мүмкіндігін және Бругада синдромына тән ЭКГ көрінісін көрсетеді.
Осы in vitro нәтижелеріне сүйене отырып, ламотриджин қарыншалық өткізгіштікті (QRS кешенінің ұзаруы) баяулатуы және жүрек тарапынан клиникалық маңызды құрылымдық немесе функционалдық бұзылулары бар пациенттерде проаритмияны тудыруы мүмкін. Терапиялық практикада қолданылатын концентрацияларда ламотриджин IB класының аритмияға қарсы белсенділігіне ие. Демек, мұндай пациенттерде ламотриджинді қолданудан күтілетін немесе байқалатын кез келген пайда жүрек тарапынан ауыр немесе өлім құбылыстарының дамуының ықтимал тәуекелдерімен салыстырғанда мұқият бағалауды талап етеді. Натрий өзектерін басқа блокаторлармен бір мезгілде қолдану проаритмия қаупін одан әрі арттыруы мүмкін. Бругада синдромы немесе басқа жүрек каналопатиялары, жүрек жеткіліксіздігі, жүректің ишемиялық ауруы, жүрек блокадасы немесе қарыншалық аритмия сияқты клиникалық маңызды құрылымдық немесе функционалдық жүрек аурулары бар пациенттерде ламотриджинді қолдануды мұқият қарастырған жөн. Егер бұл пациенттерде ламотриджинді қолдану клиникалық негізделген болса, ламотриджинді қабылдауды бастар алдында кардиологпен кеңесу керек.
Ламотриджиннің 2 органикалық субстраттар катионды тасымалдаушыларына әсері
Ламотриджин 2 органикалық субстраттар катионды тасымалдаушыларының ақуыздары арқылы бүйрек өзекшелері секрециясының тежегіші болып табылады. Бұл плазмадағы кейбір дәрілік препараттар деңгейінің жоғарылауына әкелуі мүмкін, оның ішінде осы жолмен организмнен едәуір дәрежеде шығарылады. Ламотриджинді және емдік индексі тар 2 органикалық субстраттардың катионды тасымалдаушылары препараттарын, мысалы, дофетилидті бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.
Қосымша заттар
Ламиктал®, ұсақталатын/шайнайтын таблеткалар препаратының құрамында таблеткасына 1 ммоль мөлшерден (23 мг) аз натрий бар, яғни шын мәнінде «натрийсіз».
Балалардың дамуы
Ламотриджиннің балалардың өсуіне, жыныстық жетілуіне, когнитивті, эмоциялық және мінез-құлық дамуына әсері туралы деректер жоқ.
Эпилепсия кезіндегі айрықша нұсқаулар
Басқа ЭҚП қолдану кезіндегі сияқты, Ламиктал® препаратын күрт тоқтату ұстамалардың жаңғыруына түрткі болуы мүмкін. Ламиктал® препаратының дозасын, препаратты күрт тоқтату қауіпсіздік талабынан туындаған жағдайларды (мысалы, бөртпе) қоспағанда, екі апта бойы біртіндеп төмендету керек.
Әдебиетте эпилепсия статусын қоса, ауыр құрысу ұстамалары кейде өліммен аяқталатын рабдомиолизге, көп ағзалық жеткіліксіздікке және диссеминацияланған тамырішілік ұюға әкелуі мүмкін жағдайлар сипатталды. Осыған ұқсас жағдайлар ламотриджин қолдану кезінде байқалды.
Ұстамалардың даму жиілігінің, олардың азаю орнына, клиникалық мәнді артуын байқауға болады. Ұстамалардың бір типінен де артық зардап шегетін пациенттерде ұстамалардың бір типін бақылау түрінде байқалатын пайданы басқа типті ұстамаларда білінген нашарлауының кез келгенімен салыстыру керек.
Ламотриджин қолданғанда миоклонустық ұстамалар күшеюі мүмкін.
Қолданыстағы деректер ферменттік индукторлармен біріктірілімде емдеуге берілетін жауаптың эпилепсияға қарсы препараттардың ферменттік емес индукторларымен біріктірілімінен айқын емес деп болжауға мүмкіндік береді. Себебі түсініксіз күйде қалды.
Типтік абсанстарды емдеу үшін ламотриджин қабылдайтын балаларда препараттың тиімділігі пациенттердің бәрінде бірдей сақталмауы мүмкін.
Биполярлық бұзылыс кезіндегі айрықша нұсқаулар
Балалар мен 18 жасқа толмаған жасөспірімдер
Антидепрессанттармен емдеу қатты депрессиялық бұзылыс және басқа психикалық бұзылулар бар балалар мен жасөспірімдерде суицидтік ойлар мен мінез-құлықтың жоғары даму қаупімен байланысты.
Арнайы сақтандырулар
Жалпы эпилепсияға қарсы препараттармен байланысты қауіп
Бала туатын жастағы әйелдер маман кеңесінен өтуі қажет. Жүктілікті жоспарлау кезінде эпилепсияға қарсы емді қайта қарау керек. Эпилепсия емін қабылдап жүрген әйелдерге ЭҚП емін кенеттен тоқтатудан аулақ болу керек, өйткені бұл әйел мен келешек сәби үшін күрделі зардаптары болуы мүмкін оқыс ұстамаларға әкелуі мүмкін. Монотерапиямен салыстырғанда, бірнеше ЭҚП қолданылатын ем туа біткен даму ақауларының жоғары туындау қаупімен байланысты, сондықтан, мүмкіндігінше монотерапия өткізу керек.
Ламотриджин қабылдаумен байланысты қауіп
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Эпилепсияны емдеу үшін Ламиктал® препаратын қабылдап жүрген пациенттерге ЭҚП еміне жауаптың жекеше өзгергіштігі бар болғандықтан, көлік құралдарын басқарумен және эпилепсиямен байланысты нақты мәселелер бойынша өз дәрігерімен кеңесу керек.
Препараттың көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсерін зерттеулер жүргізілмеді. Бас айналу және диплопия сияқты неврологиялық сипаттағы жағымсыз реакциялар туралы хабарланды. Демек, пациенттер көлік құралдарын басқаруға немесе механизмдермен жұмыс істеуге кірісер алдында Ламиктал® препаратымен ем әсерін бағалауы тиіс.