Тері бөртпесі
Ламотриджинмен ем басталған соң, әдетте, алғашқы сегіз апта ішінде дамыған жағымсыз тері реакциялары туралы хабарланды. Бөртулердің көпшілігі жеңіл сипатта болды және өз бетінше басылды, алайда ауруханаға жатқызуды және ламотриджин қабылдауды тоқтатуды талап еткен күрделі бөртулер туралы да хабарланды. Осы реакциялар Стивенс-Джонсон синдромы (СДС), уытты эпидермалық некролиз (УЭН) және аса жоғары сезімталдық синдромы (АЖСС) ретінде белгілі эозинофилиямен әрі жүйелі симптомдармен дәрілік реакция (DRESS-синдром) сияқты өмірге қауіптілігі зор бөртулерді қамтыды.
Ламотриджинді қолдану жөніндегі ағымдағы нұсқауларды қадағалаумен клиникалық зерттеулерге қатысатын ересек пациенттерде күрделі тері бөртулерінің кездесу жиілігі эпилепсиясы бар 500 пациентке 1-ге жуықты құрайды. Жағдайлардың шамамен жартысында Стивенс-Джонсон синдромы туралы хабарланды (1000-ға 1). Клиникалық зерттеулерде биполярлық бұзылыс бар пациенттерде күрделі тері бөртпелерінің кездесу жиілігі 1000-ға 1 жуықты құрайды.
Балаларда күрделі тері бөртулерінің даму қаупі ересектердегіден жоғары. Бірқатар зерттеулерден алынған қолда бар деректер негізінде ауруханаға жатқызуды талап ететін тері бөртулерінің кездесу жиілігі эпилепсиясы бар 300 балаға 1-ден бастап 100 балаға 1-ге дейін құрайды деп жорамалдауға болады.
Балаларда бөртпенің бастапқы көріністері инфекция симптомдары болып қате қабылдануы мүмкін, сондықтан дәрігерлер бөртпе мен қызба симптомдары емнің алғашқы сегіз аптасының ішінде білінген балаларда ламотриджинмен емдеуге реакцияның дамуы мүмкін екенін ескеруі керек.
Бұдан бөлек, бөртпенің жалпы туындау қаупі мыналармен тығыз байланысты:
• ламотриджиннің бастапқы жоғары дозаларымен және ламотриджинмен ем кезінде ұсынылған дозаны арттыру сызбасынан асып кетумен.
• вальпроатты бір мезгілде қабылдау .
Анамнезінде аллергия немесе бөртпе бар пациенттерді емдеу кезінде басқа ЭҚП қолданғанда да сақ болу қажет, өйткені осындай пациенттерде ламотриджинмен емдеуден кейінгі болымсыз бөртпенің кездесу жиілігі, анамнезі ұқсас емес пациенттермен салыстырғанда, шамамен үш есе жиірек байқалды. Шығу тегі азиялық (бірінші кезекте, хань және тай тектес) тұлғаларда HLA-B*1502 аллелі ламотриджинмен емдеу кезінде SJS/TEN дамуы қаупімен астасатындығы көрсетілді. Егер бұл пациенттерде HLA-B*1502 нәтижесі оң екендігі белгілі болса, ламотриджинді қолдану мүмкіндігін мұқият қарастыру керек.
Бөртпе дамыған пациенттердің бәрін (ересектер мен балаларды) шұғыл тексеру қажет, ал бөртпе дамуына ламотриджинмен емдеу түрткі болмағаны нақты анықталғанша ЛАМОТРИДЖИН-САНТО® препаратын қабылдауды дереу тоқтату керек. Ламотриджинмен алдыңғы емдеуде дамыған бөртпе салдарынан оны қолдануды тоқтатқан пациенттерде, әлеуетті пайдасы қаупінен анық асатын жағдайларды қоспағанда, ЛАМОТРИДЖИН-САНТО® препаратымен емді жаңғырту ұсынылмайды. Пациентте ламотриджин қолдану кезінде СДС, УЭН немесе DRESS-синдром дамыған жағдайда ондай пациенттерді ламотриджинмен емдеуді ешқашан жаңғыртуға болмайды.
Сонымен қатар, қызба, лимфаденопатия, бет ісінуі және гематологиялық бұзылулар, бауыр тарапынан бұзылулар, асептикалық менингитті қоса әртүрлі жүйелі симптомдар көрінісімен байланысты аса жоғары сезімталдық синдромының бір бөлігі ретінде бөртпенің дамуы хабарланды. Синдром клиникалық ауырлықтың кең ауқымымен сипатталады және сирек жағдайларда диссеминацияланған тамырішілік ұю және көп ағзалық жеткіліксіздіктің дамуына әкелуі мүмкін. Аса жоғары сезімталдықтың ерте көріністері (мысалы, қызба, лимфаденопатия), тіпті бөртпе көріністері жоқ кезде де болуы мүмкін екенін атап өту маңызды. Егер баламалы этиологияны анықтау мүмкін болмаса, осындай белгілер мен симптомдар болғанда пациентті дереу тексеруден өткізіп, ЛАМОТРИДЖИН-САНТО® препаратын қолдануды тоқтату керек.
Көптеген жағдайларда асептикалық менингит препаратты тоқтатқанда қайтымды болды және бірқатар жағдайларда оны қайталап қолданғанда қайта жаңғырды. Қайта қолдану симптомдардың тез оралуына әкелді, олар көбінесе ауырлау болды. Ламотриджинмен алдыңғы емдеуде асептикалық
менингит салдарынан оны қабылдауды тоқтатқан пациенттерге ламотриджин қайта тағайындалмайды.
Сондай-ақ, ламотриджинді қолданумен байланысты жарыққа сезімталдық реакциялары туралы хабарламалар болды. Бірнеше жағдайда реакция жоғары дозада (400 мг немесе одан жоғары), дозаны арттыру кезінде немесе титрлеу тез жоғарылағанда жүрді. Ламотриджинмен байланысты фотосезімталдыққа күдік туындаған кезде фотосезімталдық белгілері бар пациентте (күнге күйіп қалудың шамадан асуы сияқты) емдеуді тоқтату туралы мәселені қарау керек. Егер ламотриджинмен емдеуді жалғастыру клиникалық тұрғыдан ақталады деп саналса, пациентке күн сәулесінің және жасанды ультракүлгін сәулеленудің әсерінен аулақ болуды және қорғау шараларын қабылдауды (мысалы, қорғаныс киімін және күннен қорғайтын кремдерді пайдалану) ұсынған жөн.
Гемофагоциттік лимфогистиоцитоз (ГЛГ)
Ламотриджин қабылдайтын пациенттерде ГЛГ даму жағдайлары хабарланды. ГЛГ қызба, бөртпе, неврологиялық симптомдар, гепатоспленомегалия, лимфаденопатия, цитопения, ферритиннің сарысулық концентрациясының жоғарылауы, гипертриглицеридемия және бауыр функциясының бұзылуы және қанның ұюы сияқты клиникалық белгілермен және симптомдармен сипатталады. Симптомдар емдеу басталған соң 4 апта ішінде пайда болады, ГЛГ өмірге қауіпті болуы мүмкін.
Пациенттерге ГЛГ симптомдарының көріністері туралы хабарлау қажет, егер ламотриджинмен ем кезінде осындай симптомдар сезілсе, олар дереу дәрігерге қаралуы тиіс.
Аталған белгілер мен симптомдар дамитын пациенттерді шұғыл тексеру және ГЛГ диагнозын қарау қажет. Егер баламалы этиологияны анықтау мүмкін болмаса, ламотриджинмен емді тоқтату керек.
Клиникалық көріністердің күшеюі және суицид қаупі
Бірнеше көрсетілім бойынша ЭҚП емін алған пациенттерде суицидтік ойлар мен мінез-құлық туралы хабарланды. ЭҚП плацебо-бақыланатын зерттеулерге жасалған мета-талдау суицидтік ойлар мен мінез-құлықтың даму қаупінің артуын көрсетті. Осы қауіптің механизмі белгісіз, ал қолда бар деректер ламотриджинге тән жоғары қауіп мүмкіндігін жоққа шығармайды.
Сондықтан пациенттер суицидтік ойлар мен мінез-құлық белгілерін анықтау үшін қадағалауда болуы тиіс, тиісінше емдеу көзделуі тиіс. Пациенттер (және пациенттерге күтім жасаушы тұлғалар) суицидтік ойлар мен суицидтік мінез-құлық туындағанда медициналық кеңес алу қажет екенінен хабардар болуы тиіс.
Биполярлық бұзылыс кезіндегі клиникалық нашарлау
Биполярлық бұзылысы бар пациенттерде ЛАМОТРИДЖИН-САНТО® қоса алғанда, биполярлық бұзылуды емдеуге арналған дәрілік препараттарды
қолдануға қарамастан, депрессия симптомдары өршуі және/немесе суицидтік белгілер көрініс беруі мүмкін. Сондықтан биполярлық бұзылысты емдеу үшін ЛАМОТРИДЖИН-САНТО® қабылдайтын пациенттер, әсіресе емдеу курсының басында немесе дозаны өзгерту кезінде клиникалық көріністердің (жаңа симптомдар дамуын қоса) және суицидке бейімділіктің күшеюі тұрғысынан мұқият қадағалауда болуы тиіс. Кейбір пациенттерде, мысалы, анамнезінде суицидтік мінез-құлық немесе ойлар болған жас ересек пациенттерде және емдеуді бастар алдында суицидтік ойға берілуі айқын пациенттерде суицидтік ойлар немесе суицид әрекеттерінің пайда болу қаупі жоғары болуы мүмкін, және оларды емдеу кезінде мұқият қадағалап отыру керек.
Клиникалық көріністер күшейген (жаңа симптомдар дамуын қоса) және/немесе суицидтік ойлар/мінез-құлық пайда болған пациенттерде, әсіресе егер осы симптомдар ауыр сипатта болса, кенеттен білінсе немесе бұрын пациентте болған симптомдардың бір бөлігі болмаса, препарат қабылдауды тоқтату мүмкіндігін қоса, емдеу сызбасын өзгерту мүмкіндігін қарастыру керек.
Гормондық контрацептивтер
Гормондық контрацептивтердің ламотриджин тиімділігіне әсері
Этинилэстрадиол/левоноргестрелмен (30 мкг/150 мкг) біріктіріп қолданылғанда ламотриджин клиренсі шамамен екі есе артады, бұл ламотриджин концентрациясының төмендеуіне әкеледі Ламотриджин деңгейлерінің төмендеуі ұстамалардың бақылануын жоғалтуға әкеледі. Титрлеуден кейін ең жоғары емдік әсерге жету үшін көп жағдайларда ламотриджиннің неғұрлым жоғары демеуші дозалары (екі есе) қажет болады. Гормондық контрацептивтер қабылдауды тоқтатқанда ламотриджин клиренсі екі есе азаюы мүмкін. Ламотриджин концентрациясының жоғарылауы дозаға тәуелді жағымсыз құбылыстар дамуымен қатар жүруі мүмкін. Пациенттер осындай жағымсыз реакцияларды анықтау үшін бақылауда болуы тиіс.
Ламотриджиннің глюкурондану индукторын әлі қолданбаған және белсенді емес бір апта (мысалы, «контрацептивтік препараттар қолданусыз») емдеу көзделетін гормондық контрацептивтер пайдаланатын әйелдерде контрацептивтер қабылдаудағы бір апталық үзіліс кезінде ламотриджин концентрациясының біртіндеп өткінші жоғарылауы болады. Жоғарылау дәрежесі белсенді емес емдеу аптасына дейін немесе сол апта ішінде ламотриджин дозасын арттырғанда көбірек болады. Осындай тәртіпте ламотриджин деңгейлерінің өзгеруі жағымсыз реакциялар туындауымен байланысты болуы мүмкін. Сондықтан, бірінші желідегі ем ретінде контрацептив қабылданбайтын апта көзделмегендердің ұрықтануға қарсы құралдарды (мысалы, үздіксіз гормондық контрацептивтер немесе гормондық емес әдістер) пайдалану мүмкіндігін қарастыру керек. Дәрігерлер ламотриджинмен ем кезінде гормондық контрацептивтер қабылдауды бастайтын немесе тоқтататын әйелдерді тиісті клиникалық қадағалауы керек, ал көп жағдайларда ламотриджин дозасын түзету қажет болады.
Басқа пероральді контрацептивтермен және орын басатын гормондық ем (ОБГЕ) және ламотриджинмен өзара әрекеттесу зерттелмеді, дегенмен осы препараттар ламотриджиннің фармакокинетикалық параметрлеріне ұқсас әсер етуі мүмкін.
Ламотриджиннің гормондық контрацептивтер тиімділігіне әсері
Дені сау 16 еріктінің қатысуымен өзара әрекеттесу зерттеуінде ламотриджинді гормондық контрацептивпен (этинилэстрадиол/
левоноргестрел біріктірілімі) бір мезгілде қолданудың левоноргестрел клиренсінің орташа жоғарылауын және қан сарысуында ФСГ және ЛГ деңгейлерінің өзгеруін туындатуы көрсетілді
Бұл өзгерістердің аналық бездердің овуляциялық белсенділігіне әсер етуі белгісіз. Алайда, бұл өзгерістердің ламотриджинмен бір мезгілде гормондық препараттар қолданатын кейбір пациенттерде контрацептивтер тиімділігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін екенін жоққа шығаруға болмайды. Сондықтан пациенттерді етеккір оралымының өзгерістері туралы, яғни етеккір аралық қан кету туралы дереу мәлімдеу қажеттілігінен хабардар ету керек.
Дигидрофолатредуктаза
Ламотриджин дигидрофолатредуктазаның әлсіз тежегіші болып табылады, сондықтан, ұзаққа созылатын емде фолаттар метаболизміне әсер ету ықтималдығы бар. Алайда, адамда ұзақ уақыт қолданғанда ламотриджин гемоглобин концентрациясының, эритроциттің орташа көлемінің немесе қан сарысуында фолаттар концентрациясының немесе 1 жыл ішінде қабылдау кезіндегі эритроциттердің немесе 5 жыл бойы қабылдағанда эритроциттердегі фолаттар концентрациясының елеулі өзгерістерін тудырмады.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Препарат бүйрек жеткіліксіздігінің соңғы сатысы бар пациенттерде бір рет қолданылған зерттеулерде, қан плазмасындағы ламотриджин концентрациялары айтарлықтай өзгермеді. Алайда, глюкуронидтік метаболитінің жинақталуы күтіледі; бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерді емдегенде сақтық таныту керек.
Құрамында ламотриджин бар басқа препараттарды қабылдап жүрген пациенттер
Құрамында ламотриджин бар басқа препараттарды қабылдап жүрген пациенттерге ЛАМОТРИДЖИН-САНТО® дәрігердің кеңесінсіз қолдануға болмайды.
Бругада синдромына және жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің басқа бұзылуларына тән ЭКГ
Ламотриджинді қабылдап жүрген пациенттерде ST-T сегменттерінің ауытқуы туралы хабарланды, бұл аритмияның және Бругада синдромына тән ЭКГ көрінісінің дамуы мүмкіндігін көрсетеді.
Осы in vitro нәтижелер бойынша, жүрек тарапынан клиникалық тұрғыдан маңызды құрылымдық немесе функциялық бұзылулары бар пациенттерде ламотриджин қарыншаның өткізгіштігін (QRS кешенінің ұзаруын) баяулатуы және проаритмия тудыруы ықтимал болды. Ламотриджин емдік тәжірибеде қолданылған концентрацияларында аритмияға қарсы IB класты белсенділікке ие. Демек, ондай пациенттерде жүрек тарапынан күрделі немесе өлімге соқтыратын құбылыстардың дамуының ықтимал қауіптерімен салыстырғанда, ламотриджинді қолданудың кез келген күтілетін немесе байқалатын пайдасы мұқият бағалауды қажет етеді. Натрий өзегінің басқа блокаторларымен бір мезгілде қолдану проаритмия қаупін қосымша арттыруы мүмкін. Бругада синдромы немесе жүректің басқа каналопатиялары, жүрек жеткіліксіздігі, жүректің ишемиялық ауруы, жүрек блокадасы немесе қарынша аритмиялары сияқты жүректің клиникалық тұрғыдан маңызды құрылымдық немесе функционалдық аурулары бар пациенттерде ламотриджиннің қолданылуын мұқият қайта қарау керек. Егер аталған пациенттерде ламотриджинді қолдану клиникалық тұрғыдан талапқа сай келетін болса, ламотриджинді қабылдауды бастар алдында кардиологпен кеңесу керек.
Ламотриджиннің органикалық субстраттар 2 катиондық тасымалдаушыларына әсері
Ламотриджин органикалық субстраттар 2 катиондық тасымалдаушы ақуыздары арқылы бүйрек түтікшелері секрециясының тежегіші болып табылады. Бұл организмнен осы жолмен елеулі дәрежеде шығарылатындар қатарындағы кейбір дәрілік препараттардың плазмадағы деңгейінің жоғарылауына алып келуі мүмкін. Ламотриджинді және емдік индексі тар органикалық субстраттар 2 катиондық тасымалдаушы препараттарын, мысалы, дофетилидті бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.
Балалардың дамуы
Ламотриджиннің балалардың өсуіне, жыныстық жетілуіне, когнитивті, эмоциялық және мінез-құлық дамуына әсері туралы деректер жоқ.
Эпилепсия кезіндегі айрықша нұсқаулар
Басқа ЭҚП қолдану кезіндегі сияқты, ЛАМОТРИДЖИН-САНТО® препаратын күрт тоқтату ұстамалардың жаңғыруына түрткі болуы мүмкін. ЛАМОТРИДЖИН-САНТО® препаратының дозасын, препаратты күрт тоқтату қауіпсіздік талабынан туындаған жағдайларды (мысалы, бөртпе) қоспағанда, екі апта бойы біртіндеп төмендету керек.
Әдебиетте эпилепсия статусын қоса, ауыр құрысу ұстамалары кейде өліммен аяқталатын рабдомиолизге, көп ағзалық жеткіліксіздікке және диссеминацияланған тамырішілік ұюға әкелуі мүмкін жағдайлар сипатталды. Осыған ұқсас жағдайлар ламотриджин қолдану кезінде байқалды.
Ұстамалардың даму жиілігінің азаю орнына, клиникалық мәнді артуын байқауға болады. Ұстамалардың біреуден артық типінен зардап шегетін пациенттерде ұстамалардың бір типін бақылау түрінде байқалатын пайданы басқа типті ұстамаларда білінген нашарлауының кез келгенімен салыстыру керек.
Ламотриджинді қолданған кезде миоклонустық ұстамалар күшеюі мүмкін.
Қолда бар деректер ферменттік индукторлармен біріктірілімде емдеуге берілетін жауаптың эпилепсияға қарсы препараттардың ферменттік емес индукторларымен біріктірілімінен айқын емес деп болжауға мүмкіндік береді. Себебі түсініксіз болып отыр.
Типтік абсанстарды емдеу үшін ламотриджин қабылдайтын балаларда препараттың тиімділігі пациенттердің бәрінде бірдей сақталмауы мүмкін.
Биполярлық бұзылыс кезіндегі айрықша нұсқаулар
Балалар мен 18 жасқа толмаған жасөспірімдер
Антидепрессанттармен емдеу күшті депрессиялық бұзылыс және басқа психикалық бұзылулары бар балалар мен жасөспірімдерде суицидтік ойлар мен мінез-құлықтың жоғары даму қаупімен байланысты.
Арнайы сақтандырулар
Қосымша заттар туралы ақпарат
ЛАМОТРИДЖИН-САНТО® құрамында қосымша зат ретінде аспартам бар, ол фенилаланиннің көзі болып табылады, сондықтан фенилкетонуриясы бар адамдар үшін зиянды болуы мүмкін.
ЛАМОТРИДЖИН-САНТО® құрамында 1 таблеткасында 1 ммольден аз (23 мг) натрий бар, яғни, іс жүзінде натрий жоқ.
ЛАМОТРИДЖИН-САНТО® құрамында қосымша зат ретінде лактоза моногидраты бар, сондықтан сирек кездесетін, тұқым қуалаған галактоза жақпаушылығы, лопар лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттер бұл препаратты қабылдамауы керек.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
ЭҚП еміне жауаптың жекеше өзгергіштігі бар болғандықтан, эпилепсияны емдеу үшін ЛАМОТРИДЖИН-САНТО® препаратын қабылдап жүрген пациенттер көлік құралдарын басқарумен және эпилепсиямен байланысты нақты мәселелер бойынша өз дәрігерімен кеңесуі керек.
Препараттың көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсерін зерттеулер жүргізілмеді. Еріктілердің қатысуымен екі зерттеуде ламотриджиннің нәзік көру-қозғалу қабілетінің үйлесіміне, көз қозғалысына, дене тепе-теңдігіне және субъективті тыныштандыру әсерлеріне ықпалы плацебо қолдану кезіндегісінен ерекшеленбегені көрсетілді. Ламотриджин қолданылған клиникалық зерттеулерде бас айналу және диплопия сияқты неврологиялық сипаттағы жағымсыз реакциялар туралы хабарланды. Демек, пациенттер көлік құралдарын басқаруға немесе механизмдермен жұмыс істеуге кірісер алдында ЛАМОТРИДЖИН-САНТО® препаратымен емнің әсерін бағалауы тиіс.