Дозалау режимі
Эпилепсия
Ересектер мен 13 жастан асқан жасөспірімдер монотерапиясы
ЛАНИСТОР® препаратының монотерапия кезіндегі бастапқы ең жоғары тәуліктік дозасы 2 апта бойы тәулігіне бір рет 25 мг құрайды, одан әрі дозаны оңтайлы емдік әсерге және оңтайлы демеуші дозаға жеткенге дейін әрбір 1-2 апта сайын 50-100 мг-ға ұлғайту керек. Стандартты демеуші доза тәулігіне 100-200 мг құрайды, бір немесе екі қабылдаумен қабылданады. Кейбір пациенттерге емдік әсерге қол жеткізу үшін ЛАНИСТОР® препаратының талап етілетін дозасы тәулігіне 500 мг құрайды.
Ересектер мен 13 жастан асқан жасөспірімдердегі біріктірілген терапия
ЛАНИСТОР® препаратымен және вальпроатпен эпилепсияға қарсы басқа препараттармен (ЭҚП) үйлесімде немесе онсыз емдеу
Басқа ЭҚП-мен үйлесімде немесе оларсыз вальпроат алатын пациенттер үшін ЛАНИСТОР® препаратының бастапқы дозасы 2 апта ішінде күнара 25 мг, одан әрі - 2 апта ішінде тәулігіне бір рет 25 мг құрайды. Содан кейін дозаны оңтайлы емдік әсерге қол жеткізгенге дейін әрбір 1-2 апта сайын тәулігіне барынша 25-50 мг арттыру керек. Стандартты демеуші доза тәулігіне 100-200 мг құрайды, бір немесе екі қабылдаумен қабылданады.
ЛАНИСТОР® препаратымен басқа эпилепсияға қарсы препараттармен (вальпроатты қоспағанда) және бауыр ферменттерін индукциялайтын препараттармен (мысалы, фенитоин, карбамазепин, фенобарбитал, примидон, рифампицин, лопинавир/ритонавир) үйлесімде емдеу
ЛАНИСТОР® препаратының бастапқы дозасы 2 апта ішінде тәулігіне бір рет 50 мг, одан әрі – 2 апта ішінде екі қабылдауға бөлінген тәулігіне 100 мг құрайды. Содан кейін доза оңтайлы емдік әсерге қол жеткізгенге дейін әр 1-2 апта сайын 100 мг-ға барынша артады. Стандартты демеуші доза тәулігіне 200-400 мг құрайды, екі қабылдаумен қабылданады. Кейбір пациенттерге емдік әсерге қол жеткізу үшін тәулігіне 700 мг доза қажет болуы мүмкін.
ЛАНИСТОР® препаратымен бауыр ферменттеріне елеулі тежейтін әсері жоқ басқа медициналық препараттармен үйлесімде емдеу
ЛАНИСТОР® препаратының бастапқы дозасы 2 апта ішінде тәулігіне бір рет 25 мг, одан әрі – 2 апта ішінде тәулігіне 50 мг құрайды. Содан кейін дозаны оңтайлы емдік әсерге қол жеткізгенге дейін әр 1-2 апта сайын 50-100 мг-ға барынша арттыру керек. Препараттың дозасы оңтайлы демеуші дозаға жеткенге дейін әрбір 1-2 апта сайын 50-100 мг-ға барынша арттыру керек. Стандартты демеуші доза тәулігіне 100-200 мг құрайды, бір немесе екі қабылдаумен қабылданады.
1-кесте. Ересектер мен 13 жастан асқан жасөспірімдердегі эпилепсияны емдеуде ЛАНИСТОР® препаратын дозалау режимі
Терапиялық сызба — 1 + 2-апта — 3 + 4-апта — Стандартты демеуші доза
Монотерапия — Тәулігіне 25 мг (күніне бір рет) — Тәулігіне 50 мг (күніне бір рет) — Тәулігіне 100 – 200 мг (күніне бір немесе екі рет) Доза оңтайлы демеуші дозаға жеткенге дейін әрбір 1-2 апта сайын 50-100 мг ұлғайтылады.
Вальпроатпен біріктірілген терапия
Бұл дозалау режимі басқа дәрілік заттарды қабылдауға қарамастан, вальпроатпен үйлесімде қолданылады — Тәулігіне 12,5 мг (немесе күнара 25 мг) — Тәулігіне 25 мг (күніне бір рет) — Тәулігіне 100 – 200 мг (күніне бір немесе екі рет) Доза оңтайлы демеуші дозаға жеткенге дейін әрбір 1-2 апта сайын 25-50 мг ұлғайтылады.
Эпилепсияға қарсы басқа препараттармен (вальпроатты қоспағанда) және бауыр ферменттерін индукциялайтын препараттармен біріктірілген ем
Біріктірілген ем (фенитоин, карбамазепин, фенобарбитал, примидон, рифампицин, лопинавир/ритонавир) — Тәулігіне 50 мг (күніне бір рет) — Тәулігіне 100 мг (күніне екі рет) — Тәулігіне 200 – 400 мг. (күніне екі рет) Доза оңтайлы демеуші дозаға жеткенге дейін әрбір 1-2 апта сайын 100 мг ұлғайтылады.
Бауыр ферменттеріне әсер етпейтін басқа препараттармен біріктірілген ем
Бұл дозалау режимі бауыр ферменттеріне айтарлықтай тежейтін әсері жоқ басқа медициналық препараттарды қабылдау кезінде қолданылады — Тәулігіне 25 мг (күніне бір рет) — Тәулігіне 50 мг (күніне бір рет) — Тәулігіне 100 – 200 мг (күніне бір немесе екі рет) Доза оңтайлы демеуші дозаға жеткенге дейін әрбір 1-2 апта сайын 50-100 мг ұлғайтылады.
Басқа препараттар ЛАНИСТОР® препаратымен өзара әрекеттесуі белгісіз құрысуға қарсы препараттарды қабылдайтын пациенттерде натрий вальпроатымен ЛАНИСТОР® препаратын қабылдайтын пациенттер үшін дозаны ұлғайтудың осындай сызбасын қолдану ұсынылады.
Бөртпелердің пайда болуын болдырмау үшін бастапқы доза және кейінгі дозалар ұсынылғаннан аспауы тиіс.
2 жастан 12 жасқа дейінгі балалар
ЛАНИСТОР® препаратының дозасы баланың салмағына байланысты.
ЛАНИСТОР® препаратымен типтік абсанстардың монотерапиясы
ЛАНИСТОР® препаратының бастапқы дозасы 2 апта ішінде бір немесе екі қабылдаумен қабылданатын күніне 0,3 мг/кг құрайды; одан әрі - күніне 0,6 мг/кг, сондай-ақ келесі 2 апта ішінде бір немесе екі қабылдаумен. Препараттың дозасы оңтайлы демеуші дозаға жеткенге дейін әрбір 1-2 апта сайын күніне 0,6 мг/кг-ға ұлғайтылуы мүмкін. Стандартты демеуші доза тәулігіне 1-10 мг/кг құрайды, бір немесе екі рет қабылданады.
Бөртпелердің пайда болуын болдырмау үшін бастапқы доза және кейінгі дозалар ұсынылғаннан аспауы тиіс.
2 жастан 12 жасқа дейінгі балалардағы эпилепсияның біріктірілген терапиясы
ЛАНИСТОР® препаратымен және вальпроатпен эпилепсияға қарсы басқа препараттармен бірге немесе оларсыз емдеу
ЛАНИСТОР® препаратының бастапқы дозасы 2 апта ішінде тәулігіне бір рет 0,15 мг/кг, одан әрі - 2 апта ішінде бір қабылдауға тәулігіне 0,3 мг/кг құрайды. Содан кейін доза оңтайлы емдік әсерге қол жеткізгенге дейін әрбір 1-2 апта сайын барынша 0,3 мг/кг арттырылуы тиіс, бұл ретте стандартты демеуші доза тәулігіне бір немесе екі рет 1-5 мг/кг құрайды. Ең жоғары тәуліктік доза - тәулігіне 200 мг.
ЛАНИСТОР® препаратымен эпилепсияға қарсы басқа препараттармен (вальпроатты қоспағанда) және бауыр ферменттерін индукциялайтын дәрілік препараттармен емдеу
ЛАНИСТОР® препаратының бастапқы дозасы 2 апта ішінде екі қабылдаумен тәулігіне 0,6 мг/кг құрайды; бұдан әрі – 2 апта ішінде екі қабылдаумен тәулігіне 1,2 мг/кг дене салмағына. Содан кейін дозаны оңтайлы емдік әсерге қол жеткізгенге дейін әр 1-2 апта сайын 1,2 мг/кг арттыру керек. Стандартты демеуші доза тәулігіне екі рет қабылдауға 5-15 мг/кг құрайды. Ең жоғары тәуліктік доза - тәулігіне 400 мг.
ЛАНИСТОР® препаратымен бауыр ферменттеріне елеулі тежейтін әсері жоқ басқа медициналық препараттармен үйлесімде емдеу
ЛАНИСТОР® препаратының бастапқы дозасы 2 апта ішінде бір немесе екі қабылдаумен қабылданатын күніне 0,3 мг/кг құрайды; одан әрі - күніне 0,6 мг/кг, сондай-ақ келесі 2 апта ішінде бір немесе екі қабылдаумен. Препараттың дозасы оңтайлы демеуші дозаға жеткенге дейін әрбір 1-2 апта сайын күніне 0,6 мг/кг-ға ұлғайтылуы мүмкін. Стандартты демеуші доза тәулігіне 1-10 мг/кг құрайды, бір немесе екі рет қабылданады. Ең жоғары тәуліктік доза - тәулігіне 200 мг.
2 жастан 6 жасқа дейінгі балалар үшін демеуші дозаны тағайындағанда ұсынылған дозалау шегінде ең жоғары дозаларды қолдану ұсынылады.
2-кесте. ЛАНИСТОР® препаратын 2 жастан 12 жасқа дейінгі балаларда эпилепсияны емдегенде дозалау режимі
Терапиялық сызба — 1 + 2-апта — 3 + 4-апта — Стандартты демеуші доза
Типтік абсанстардың монотерапиясы — Тәулігіне 0,3 мг/кг (күніне бір немесе екі рет) — Тәулігіне 0,6 мг/кг (күніне бір немесе екі рет) — Тәулігіне 1-10 мг/кг (күніне бір немесе екі рет) Препараттың дозасы оңтайлы демеуші дозаға жеткенге дейін әрбір 1-2 апта сайын күніне 0,6 мг/кг-ға ұлғайтылуы мүмкін. Ең жоғары тәуліктік доза – тәулігіне 200 мг
Вальпроатпен біріктірілген терапия
Бұл дозалау режимі басқа дәрілік заттарды қабылдауға қарамастан, вальпроатпен үйлесімде қолданылады — Тәулігіне 0,15 мг/кг* (күніне бір рет) — Тәулігіне 0,3 мг/кг (күніне бір рет) — Тәулігіне 1-5 мг/кг (күніне бір немесе екі рет) Препараттың дозасы оңтайлы демеуші дозаға жеткенге дейін әрбір 1-2 апта сайын күніне барынша 0,3 мг/кг-ға ұлғайтылуы мүмкін. Ең жоғары тәуліктік доза – тәулігіне 200 мг
Эпилепсияға қарсы басқа препараттармен (вальпроатты қоспағанда) және бауыр ферменттерін индукциялайтын препараттармен біріктірілген ем
Бұл дозалау режимі біріктірілімде қолданылады, мысалы, фенитоин, карбамазепин, фенобарбитал, примидон, рифампицин, лопинавир/ритонавир препараттарымен — Тәулігіне 0,6 мг/кг (күніне екі рет) — Тәулігіне 1,2 мг/кг (күніне екі рет) — Тәулігіне 5-15 мг/кг (күніне бір немесе екі рет) Препараттың дозасы оңтайлы демеуші дозаға жеткенге дейін әрбір 1-2 апта сайын күніне барынша 1,2 мг/кг-ға ұлғайтылуы мүмкін. Ең жоғары тәуліктік доза – тәулігіне 400 мг
Бауыр ферменттеріне әсер етпейтін басқа препараттармен біріктірілген ем
Бұл дозалау режимі бауыр ферменттеріне айтарлықтай тежейтін әсері жоқ басқа медициналық препараттарды қабылдау кезінде қолданылады — Тәулігіне 0,3 мг/кг (күніне бір немесе екі рет) — Тәулігіне 0,6 мг/кг (күніне бір немесе екі рет) — Тәулігіне 1-10 мг/кг (күніне бір немесе екі рет). Препараттың дозасы оңтайлы демеуші дозаға жеткенге дейін әрбір 1-2 апта сайын күніне 0,6 мг/кг-ға ұлғайтылуы мүмкін. Ең жоғары тәуліктік доза – тәулігіне 200 мг
Басқа препараттар ЛАНИСТОР® препаратымен өзара әрекеттесуі белгісіз құрысуға қарсы препараттарды қабылдайтын пациенттерде натрий вальпроатымен ЛАНИСТОР® препаратын қабылдайтын пациенттер үшін дозаны ұлғайтудың осындай сызбасын қолдану ұсынылады.
* егер вальпроат қабылдайтын пациенттерде есептік тәуліктік доза тәулігіне 1-2 мг болса, онда ЛАНИСТОР® препаратын алғашқы екі апта бойы күнара тәулігіне 2 мг қабылдауға жол беріледі. Егер есепті тәуліктік доза вальпроатпен біріктірілімде тәулігіне 1 мг-дан аз болса, онда ЛАНИСТОР® препаратын тағайындау ұсынылмайды.
Бөртпелердің пайда болуын болдырмау үшін бастапқы доза және кейінгі дозалар ұсынылғаннан аспауы тиіс.
Демеуші емдік дозаны қамтамасыз ету үшін баланың салмағын бақылау және салмақ өзгерген кезде дозаны түзету қажет.
Егер эпилепсиялық бақылауға қосымша ем қолдану арқылы қол жеткізілсе, ілеспе ЭҚП тоқтатылуы мүмкін және пациенттер ЛАНИСТОР® препаратын қолданып, монотерапия көмегімен емді жалғастыра алады.
2 жасқа толмаған балалар
ЛАНИСТОР® препаратын осы жас тобында препаратты дозалау жөніндегі ұсынымдардың болмауына байланысты 2 жастан кіші балаларға пайдалануға ұсынылмайды.
1 айдан 2 жасқа дейінгі балаларда парциальдық ұстамалар кезінде қосымша терапия ретінде ламотриджиннің тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректердің шектеулі саны бар. 1 айға дейінгі балаларға қатысты ешқандай деректер ұсынылмаған.
Биполярлық бұзылулар
ЛАНИСТОР® 18 жасқа толмаған адамдарда биполярлық бұзылуларды емдеу үшін қолданылмайды.
Бөртпелердің пайда болуын болдырмау үшін бастапқы доза және кейінгі дозалар ұсынылғаннан аспауы тиіс.
3-кесте. 18 жастан асқан адамдарда биполярлық бұзылыстар кезінде дозалау режимі
Терапиялық сызба — 1- 2-апта — 3-4-апта — 5-апта — Тұрақтандырушы доза (6-аптадан бастап)*
ЛАНИСТОР® препаратымен немесе бауыр ферменттерінің метаболизміне әсер етпейтін препараттармен біріктірілімде монотерапия — Тәулігіне 25 мг (күніне бір рет) — Тәулігіне 50 мг (күніне бір немесе екі рет) — Тәулігіне 100 мг (күніне бір немесе екі рет) — Тәулігіне 200 мг (Күніне 1 немесе 2 рет) Клиникалық зерттеулерде тәулігіне 100-400 мг қолданылды
Вальпроатпен біріктірілген терапия — Тәулігіне 12,5 мг (күнара 25 мг тағайындау) — Тәулігіне 25 мг (күніне бір рет) — Тәулігіне 50 мг (күніне бір немесе екі рет) — Тәулігіне 100 мг (күніне 1 немесе 2 рет). Ең жоғары тәуліктік доза - 200 мг
Бауыр ферменттерін индукциялайтын эпилепсияға қарсы препараттармен біріктірілген ем** (вальпроатты қоспағанда) — Тәулігіне 50 мг (күніне бір рет) — Тәулігіне 100 мг (күніне екі рет) — Тәулігіне 200 мг (күніне екі рет) — Терапияның 6-аптасында 300 мг (екі қабылдауға). Қажет болған жағдайда - терапияның 7-аптасында екі қабылдауда қабылданатын дозаны 400 мг дейін арттыру
* Тұрақтандырушы доза клиникалық әсерге байланысты өзгереді ** мысалы: фенитоин, карбамазепин, фенобарбитал, примидон және басқалар ЛАНИСТОР® препаратымен өзара әрекеттесуі белгісіз құрысуға қарсы препараттарды қабылдайтын пациенттерде натрий вальпроатымен ЛАНИСТОР® препаратын қабылдайтын пациенттер үшін дозаны ұлғайтудың осындай сызбасын қолдану ұсынылады.
Тәуліктік демеуші тұрақтандырғыш дозаға қол жеткізілгеннен кейін, басқа психотроптық препараттар тоқтатылуы мүмкін (4-кестені қараңыз).
4-кесте. Ілеспе психотроптық немесе эпилепсияға қарсы препараттарды тоқтатқаннан кейін биполярлық бұзылулар кезінде ЛАНИСТОР® препаратының тұрақтандырушы тәуліктік дозасы
Терапиялық сызбалар — Қазіргі сәтте қабылданатын тұрақтандырушы доза — 1-апта — 2-апта — 3-апта және одан әрі*
Вальпроатты тоқтатқаннан кейін: тұрақтандырушы дозаны аптасына 100 мг асырмай екі еселеу — Тәулігіне 100 мг — Тәулігіне 200 мг — Тәулігіне екі рет қабылданатын 200 мг дозаны сақтау керек.*
Тәулігіне 200 мг — Тәулі гіне 300 мг — Тәулігі не 400 мг — Тәулігіне 400 мг дозаны ұстану
Бастапқы дозаға байланысты бауыр ферменттерін индукциялайтын ЭҚП тоқтатқаннан кейін (мысалы, карбамазепин, фенобарбитал, примидон, рифампицин, лопинавир/ритонавир) — Тәулігіне 400 мг — Тәулігіне 400 мг — Тәулігіне 300 мг — Тәулігіне 200 мг
Тәулігіне 300 мг — Тәулігіне 300 мг — Тәулігіне 225 мг — Тәулігіне 150 мг
Тәулігіне 200 мг — Тәулігіне 200 мг — Тәулігіне 150 мг — Тәулігіне 100 мг
Ламотриджинмен (мысалы, литий, бупропион) өзара әрекеттесу сипаты белгісіз басқа психотроптық препараттарды немесе ЭҚП тоқтатқаннан кейін — Демеуші доза - тәулігіне 200 мг (екі рет қабылдауға) (100 мг-ден 400 мг-ға дейін)
* қажет болған жағдайда доза тәулігіне 400 мг дейін ұлғайтылуы мүмкін
Ламотриджинмен өзара әрекеттесу сипаты белгісіз эпилепсияға қарсы препараттарды қабылдайтын пациенттерге ЛАНИСТОР® препаратын вальпроатпен қабылдаған кездегідей дозаны арттыру сызбасы ұсынылады.
ЛАНИСТОР® препаратымен қатарлас препараттарды тоқтатқан кезде бұрынғы демеуші доза сақталуы тиіс.
5-кестеде ЛАНИСТОР® препаратымен монотерапияға басқа препараттар қосылған жағдайда биполярлық бұзылулар кезіндегі дозалау жөніндегі ұсынымдар берілген.
5-кесте. ЛАНИСТОР® препаратына басқа препараттарды қосқаннан кейін биполярлық бұзылыстар кезінде дозалау сызбасы
Терапиялық сызбалар — Қазіргі сәтте қабылданатын тұрақтандырушы доза — 1-апта — 2-апта — 3-апта және одан әрі
ЛАНИСТОР® препаратының бастапқы дозасына байланысты вальпроатты қосу — Тәулігіне 200 мг — Тәулігіне 100 мг — Дозаны сақтау (тәулігіне 100 мг)
Тәулігіне 300 мг — Тәулігіне 150 мг — Дозаны сақтау (тәулігіне 150 мг)
Тәулігіне 400 мг — Тәулігіне 200 мг — Дозаны сақтау (тәулігіне 200 мг)
ЛАНИСТОР® препаратының бастапқы дозасына байланысты ЭҚП (вальпроатты қоспағанда) және бауыр ферменттерін индукциялайтын препараттарды (мысалы, фенитоин, карбамазепин, фенобарбитон, примидон және басқалар) қосу — Тәулігіне 200 мг — Тәулігіне 200 мг — Тәулігіне 300 мг — Тәулігіне 400 мг
Тәулігіне 150 мг — Тәулігіне 150 мг — Тәулігіне 225 мг — Тәулігіне 300 мг
Тәулігіне 100 мг — Тәулігіне 100 мг — Тәулігіне 150 мг — Тәулігіне 200 мг
Бауыр ферменттеріне елеулі тежейтін әсері жоқ басқа медициналық препараттарды қосу — Тәулігіне екі рет қабылдауға 200 мг демеуші дозаны (100 мг-дан 400 мг-ға дейін) сақтау
Ламотриджинмен өзара әрекеттесу сипаты белгісіз эпилепсияға қарсы препараттарды қабылдайтын пациенттерге ЛАНИСТОР® препаратын вальпроатпен қабылдаған кездегідей дозаны арттыру сызбасы ұсынылады.
ЛАНИСТОР® препаратын биполярлық бұзылулар кезінде тоқтату
ЛАНИСТОР® препаратын күрт тоқтату плацебомен салыстырғанда кездесу жиілігінің немесе жағымсыз реакциялардың ауырлығының ұлғаюына әкелмейді. Пациенттер ЛАНИСТОР® препаратын бірден, оның дозасын біртіндеп төмендетпей тоқтата алады.
Пациенттердің ерекше топтарында ЛАНИСТОР® препаратын дозалау бойынша жалпы ұсынымдар
Гормондық контрацептивтерді қабылдайтын әйелдер
Этинилэстрадиол/левоноргестрел (30 мг/150 мкг) біріктірілімін қолдану ламотриджин клиренсін екі есеге жуық арттырады, бұл ламотриджин деңгейінің төмендеуіне әкеледі. Титрлеуден кейін ламотриджиннің неғұрлым жоғары дозаларын (екі есе жоғары) ұстап тұру ең жоғары емдік әсерге қол жеткізу үшін қажет болуы мүмкін. Бір апта ішінде контрацептивтік таблеткаларды тоқтатқанда ламотриджин деңгейінің екі есе артуы байқалды. Дозалауға байланысты қолайсыз құбылыстарды жоққа шығаруға болмайды. Осылайша, емнің бірінші желісі ретінде (мысалы, үздіксіз гормондық контрацептивтер немесе гормондық емес әдістер) препаратты қабылдауда бір апта үзіліссіз контрацепция әдісін пайдалануға көңіл бөлінуі тиіс.
ЛАНИСТОР® препаратының демеуші дозаларымен ем алатын және бауыр ферменттерін индукциялайтын препараттарды қабылдамайтын пациенттерде гормондық контрацепцияны қабылдаудың басталуы
ЛАНИСТОР® препаратының демеуші дозасы көп жағдайда екі есе ұлғайтылуы тиіс. Контрацептивтерді қабылдау басталған сәттен бастап жеке клиникалық жауапқа сәйкес әр апта сайын ламотриджин дозасын тәулігіне 50-100 мг арттыру ұсынылады. Жүргізілетін емге барабар клиникалық жауап болған жағдайда дозалар ұсынылған шектерден аспауы тиіс.
Гормондық контрацептивтерді қолдануды бастағанға дейін және одан кейін сарысудағы ламотриджин концентрациясын өлшеу қазіргі уақытта ламотриджиннің базалық концентрациясы сақталатынының дәлелі деп санауға болады. Қажет болса, дозаны бейімдеу керек. Белсенді емес емнің бір аптасын («таблеткаларды қабылдамайтын апта») қамтитын гормондық контрацептивтерді қабылдайтын әйелдерде сарысудағы ламотриджин деңгейін бақылау белсенді емнің 3-аптасы ішінде, яғни таблеткаларды қабылдау циклінің 15-тен 21-күндері жүргізілуі тиіс. Осылайша, таблеткаларды қабылдамайтын аптасыз, терапияның бірінші желісі ретінде контрацептивтік дәрілерді қолдануға назар аудару керек (мысалы, үздіксіз гормондық контрацептивтер немесе гормондық емес әдістер)
ЛАНИСТОР® препаратының демеуші дозаларымен ем алатын және бауыр ферменттерін индукциялайтын препараттарды қабылдамайтын пациенттерде гормондық контрацептивтерді қабылдауды тоқтату
ЛАНИСТОР® препаратының демеуші дозасы көп жағдайда жеке клиникалық жауапқа сәйкес 50%-ға төмендетілуі тиіс. Оңтайлы клиникалық жауапқа қол жеткізгенге дейін препарат дозасын 3 апта бойы апта сайын 50-100 мг төмендету ұсынылады.
Гормондық контрацептивтерді қолдануды тоқтатқанға дейін және одан кейін сарысудағы ламотриджин концентрациясын өлшеу қазіргі уақытта ламотриджиннің базалық концентрациясы сақталатынының дәлелі деп санауға болады. Белсенді емес емнің бір аптасын («Таблеткасыз апта») қамтитын гормондық контрацептивтерді қабылдауды тоқтатқысы келетін әйелдерде сарысудағы ламотриджин деңгейін бақылау белсенді емнің 3-аптасы ішінде, яғни таблетка қабылдау циклінің 15-тен 21-күндері жүргізілуі тиіс. Таблеткаларды қабылдау тоқтатылғаннан кейінгі бірінші апта ішінде контрацептивтік таблеткаларды тұрақты тоқтатқаннан кейін ламотриджин деңгейін бағалау үшін үлгілерді жинаудың қажеті жоқ.
Емдеуді бастағанға дейін гормондық контрацептивтерді қабылдайтын әйелдерді ЛАНИСТОР® препаратымен емдеуді бастау
Дозаны жоғарылатуды жоғарыда берілген кестелерде сипатталған қалыпты ұсынылған дозаға сәйкес ұстап тұру керек.
ЛАНИСТОР® препаратының демеуші дозаларын қабылдап жүрген, сондай-ақ Ламотриджин глюкуронидациясының индукторларын қабылдап жүрген пациенттердің гормондық контрацептивтерді қабылдауын бастау және тоқтату
Ламотриджиннің ұсынылатын демеуші дозасын түзету талап етілмейді.
Атазанавирмен/ритонавирмен бірге қолдану
Атазанавир/ритонавир ламотриджиннің плазмалық концентрациясын төмендеткеніне қарамастан, ЛАНИСТОР® препаратының ұсынылған дозасын түзетудің және монотерапия немесе біріктірілген терапия кезінде көрсетілген емдеу сызбаларын өзгертудің қажеті жоқ.
Глюкуронизация индукторларынсыз ЛАНИСТОР® препаратының демеуші дозасын қабылдап жатқан пациенттерде атазанавир/ритонавирді тағайындаған кезде ламотриджин дозасын ұлғайту немесе атазанавир/ритонавирді тоқтатқан жағдайда оны азайту қажет болуы мүмкін.
Лопинавирмен/ритонавирмен бірге қолдану
Қолданыстағы лопинавир/ритонавир терапиясына қосқан кезде ламотриджиннің ұсынылған дозасын түзетудің қажеті жоқ.
Ламотриджиннің демеуші дозаларын қабылдап жүрген және глюкуронидация индукторларын қабылдамайтын пациенттерде лопинавир/ритонавир қосылса, ЛАНИСТОР® препаратының дозасы ұлғайтылуы немесе лопинавир/ритонавирді қолдану тоқтатылса, азайтылуы тиіс. Плазмадағы ламотриджинге мониторингті ЛАНИСТОР® препаратының дозасын түзету қажеттілігін анықтау үшін лопинавир/ритонавирді қосқаннан немесе тоқтатқаннан кейін 2 аптаға дейін және одан кейін жүргізген жөн.
ЛАНИСТОР® препаратын қабылдауды жаңарту
ЛАНИСТОР® препаратымен емді қайта бастаған кезде емдеуші дәрігер препараттың жоғары бастапқы дозаларын тағайындау кезінде ауыр дәрежедегі тері бөртпелерінің даму қаупіне байланысты қандай да бір себептермен препаратты қабылдауды тоқтатқан пациенттерде демеуші дозаны арттыру қажеттілігін мұқият бағалауы тиіс. Препаратты соңғы және болжамды қабылдау арасындағы аралық неғұрлым үлкен болса, тағайындалған демеуші дозаны бағалау неғұрлым мұқият болуы тиіс екенін есте ұстаған жөн. Егер қабылдаудағы үзіліс ламотриджиннің жартылай шығарылуының бес кезеңіне (150 сағаттан астам) тең көрсеткіштен асып кетсе, қабылдауды тоқтатқанға дейін белгіленген демеуші дозадан бастау ұсынылады.
ЛАНИСТОР® препаратын қабылдау, егер емдеу бөртпенің дамуы себебінен тоқтатылған болса, егер қабылдаудың болжамды пайдасы ықтимал қауіптерден аспаса, қайта басталмауы тиіс.
Егде жастағы пациенттер (65 жастан асқан)
Препаратты дозалау сызбасын өзгерту қажет емес.
Бауыр функциясының бұзылуы
Бастапқы, өспелі және демеуші дозаны бауыр жеткіліксіздігінің орташа (Чайлд-Пью жіктеуі бойынша В дәрежесі) және 75% - ауыр (Чайлд-Пью жіктеуі бойынша С дәрежесі) дәрежесі бар пациенттерде шамамен 50%-ға азайту керек. Өспелі және демеуші дозалар пациенттің жеке клиникалық жауабына байланысты түзетілуі тиіс.
Бүйрек функциясының бұзылуы
Бүйрек жеткіліксіздігі кезінде ЛАНИСТОР® препаратының бастапқы дозасын эпилепсияға қарсы препараттарды тағайындаудың стандартты сызбасына сәйкес белгілейді. Ауыр дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігінің шекті сатысында демеуші дозаны азайту ұсынылады.
Енгізу әдісі мен жолы
Таблеткаларды тұтастай жұтқан жөн, таблеткаларды шайнауға немесе ұсақтауға болмайды.
Егер ламотриджиннің есептік дозасы (мысалы, эпилепсиямен ауыратын балаларды немесе бауыр функциясы бұзылған пациенттерді емдеу үшін) тұтас таблеткалардың санына сәйкес келмесе, қабылдауға арналған доза тұтас таблеткалардың аз санына тең сан болып табылады.