Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Капли для приема внутрь
Саудалық атауы
Лантиген Б
Әсер етуші зат
Другие препараты для лечения заболеваний органов дыхания
Мақсаты
Тыныс алу жолдарының қайталанатын инфекциясының профилактикасы үшін; инфекциялық көріністер жиілігін, айқындылығын азайту үшін
Өндіруші
Брушеттини С.р.л.
Ел
Италия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір мл препараттың құрамында
белсенді заттар: антигенді экстрактілер
Staphylococcus aureus 79.6 ХБ,
Streptococcus pyogenes (A тобы) 126.2 ХБ,
Streptococcus pneumoniae (3 тип) 63.2 ХБ,
Haemophylus influenzae (b типі) 50.22 ХБ,
Branhamella catarrhalis 39.9 ХБ,
Klebsiella pneumoniae 39.8 ХБ,
қосымша заттар: полисорбат 80, натрий метилпарагидроксибензоаты, хлоргексидин диацетаты, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Сұр-қоңыр түсті бозаңданатын суспензия
Ересектерге
- тыныс алу жолдарының қайталанатын инфекциясының профилактикасы үшін; инфекциялық көріністер жиілігін, айқындылығын азайту үшін
Балаларға
- күтілетін жастағылар үшін аурудың едәуір жиі жағдайлары болатын 3 айдан асқан балаларда тыныс алу жолдарының қайталанатын бактериялық инфекциялар профилактикасы үшін. Препарат инфекциялық көріністердің жиілігі мен айқындылығын азайтуы мүмкін.
ATХ коды: R07AX
Әсер ету механизмі
Препарат тіл астына енгізген кезде ауыз қуысы мен жұтқыншақ шырышты қабаты арқылы бактериялық антигендердің сіңірілуінің арқасында жергілікті иммундық үдерістердің стимуляциясын туындатады. Лантиген Б спецификалық иммунитетті стимуляциялайды, бұл А типіндегі (IgA-S) секрециялық иммуноглобулиндер класының антиденелерін өндірілуіне әкеледі, олар жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабығының беткейіне микроорганизмдердің адгезиясын тежеу есебінен инфекциядан қорғауды қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ, Лантиген Б иммуностимуляциялайтын препарат ретінде әсер етеді, ол Т-жасушалар пролиферациясының жоғарылауын, IgM синтезін, моноциттермен IL-1 өндірісін, гранулоциттердің бактерицидтік және хемотаксикалық белсенділігін арттыру арқылы спецификалық емес жасушалық иммунитетті күшейтеді.
Фармакодинамикалық әсерлер
Лантиген Б - бұл тыныс алу жолдарының (S. pneumoniae, S. pyogenes, B. catarrhalis, S. aureus, H. influenzae, K. pneumoniae) инфекцияларының едәуір жиі қоздырғыштары болып табылатын микроорганизмдердің бақыланатын аутолиз үдерісінен алынған бактериялық антигендер суспензиясы.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
In vitrо бірқатар зерттеулері препараттың иммуностимуляторлық әсерлерінің арқасында өзінің фармакологиялық әсер ететінін көрсетті, төмендегіге қабілетті:
- полиморфты ядролық нейтрофилдердің функционалдық параметрлерін қалыпты деңгейге дейін қалпына келтіру
- өсірінді мононуклеарлық жасушаларда интерлейкин-1 өндірілуін ұлғайту;
- «лаконос митогеніне» қарағанда жоғары стимуляциялайтын белсенділікті сақтай отырып, лимфоциттердің поликлональді активаторы ретінде әсер ету;
- өсірінді лимфоциттердегі IgM өндірілуін белсенді стимуляциялайды; Сонымен қатар, in vivo зерттеулері Лантиген Б:
- IgA, IgM, IgG айналымдағы және сілекейдегі өндірілуінің деңгейін жоғарылатады;
- инфекция жұқтыру жағдайларының жиілігі мен қарқындылығын төмендетеді;
- антибиотиктердің тұтынылуын азайтады.
Дозалау режимі
1 мл құрамында 22 тамшы бар.
3 айдан 10 жасқа дейінгі балалар: дозаторды екі рет басқанда алынатын препарат мөлшеріне (15 тамшы) сәйкес келетін бір доза, тіл астына, күніне бір рет (таңертең) немесе дозаторды бір рет басқанда алынатын препарат мөлшеріне (7-8 тамшы) сәйкес келетін дозаның жартысын күніне екі рет (таңертең және кешке).
Өте кішкентай балаларға және препаратты жұтпай, ауызында ұстап тұра алмайтын балаларға тамшыны астыңғы ерін мен астыңғы жақтың арасына ұйықтап жатқан кезде енгізеді.
Ересектер мен 10 жастан асқан балалар: дозаторды екі рет басқанда алынатын препарат мөлшеріне (15 тамшы) сәйкес келетін бір доза, тіл астына, күніне екі рет (таңертең және кешке).
Пайдаланар алдында құтыны шайқау керек. Қалқып жүрген шөгінділер болуы (тіпті шайқағаннан кейін) мүмкін.
Қолдану жөніндегі нұсқаулық Құтыны мұқият шайқаңыз және қақпақтың ортасына орнатылған пластик ұштықты ұстап тұратын пломбаны сындырыңыз, құтыны бұрау кезінде оны тартып және толығымен жұлып алыңыз. Қақпағын ашыңыз, құтыны төменнен жоғары қарай төңкеріңіз, одан кейін сұқ саусақ пен бас бармақтың арасында дозаторды қысыңыз және дозаторды баса отырып, тамшының қажетті мөлшерін алыңыз.
Енгізу әдісі және жолы
Ішуге арналған, тіл астына.
Суспензияның сілекейде жақсылап еруіне мүмкіндік беру үшін әр дозаны жұтпай, ауызда 2 минут бойы ұстай тұру керек, осылайша, препараттың сіңірілуін жеңілдету керек.
Емдеу ұзақтығы
Қабылдау ұзақтығы көрсетілген дозаға сәйкес балалар үшін бір құтыны (18 мл) немесе ересектер үшін екі құтыны (36 мл) құрайды. Емдеу ұзақтығы 2-3 апта.
Қайта қабылдау қажет болған жағдайда Лантиген Б курстар арасындағы үзіліс 2-3 апта болуы керек.
Соңында, қайталанған курс көрсетілген дозаға сәйкес ересектер үшін 1 құтыдан немесе балалар үшін жарты құтыда іске асырылуы тиіс.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер
Препаратты қолдану жөнінде сұрақтар болса, емдеуші дәрігерге жүгініңіз.
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- аутоиммундық аурулар
- ішектің жедел инфекциялары
- 3 айға дейінгі балалар
- жүктілік және лактация кезеңі
Сирек
- ринорея
- іш қату, іштің ауыруы
- айқын себепсіз температураның көтерілуі (≥ 39°С)
- аса жоғары сезімталдық реакциялары (есекжем, ангионевроздық ісіну), бронх түйілуі
- бронх демікпесінің ұстамалары және жөтел
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
- ішуге арналған, тіл астына
- қолданар алдында құтыны шайқау керек. Қалқып жүрген шөгінділер (тіпті шайқағаннан кейін де) болуы мүмкін.
Арнайы сақтандырулар
Лантиген Б препаратын қабылдау қызба жағдайында, әсіресе емдеудің басында тоқтатылуы тиіс.
Жедел респираторлық аурудың басталуымен байланыссыз температураның 39° С-ден жоғары көтерілуі сияқты сирек жағымсыз әсерлер болуы мүмкін. Мұндай жағдайда емдеу тоқтатылуы тиіс және қайта басталмауы тиіс.
Құрамында бактериялық экстрактілер бар, спецификалық емес иммуномодуляциялайтын белсенділігі бар басқа дәрілік заттарды қатарлас қабылдаудан аулақ болу керек.
Құрамында бактериялық экстрактілер бар дәрілік заттарды қабылдағаннан кейін анамнезінде бронх демікпесінің ұстамалары жағдайлары бар пациенттерге Лантиген Б қабылдамаған жөн.
Жоғары сезімталдық реакциялар жағдайында емдеуді дереу тоқтату керек және қайта бастауға болмайды.
Препараттың құрамына кіретін натрий метилпарагидроксибензоаты аллергиялық реакцияны (баяу түрде болуы мүмкін), ал ерекше жағдайларда бронх түйілуін туындатуы мүмкін.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың автомобильді және басқа механизмдерді басқару мүмкіндігіне әсері байқалмады. Бірақ, арнайы зерттеулер жүргізілмегенін ескеру керек.
Жүкті және бала емізетін әйелдерде Лантиген Б пайдалану жөнінде деректер жеткіліксіз. Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде қолдануға болмайды.
Анықталмаған.
Иммундық реакция туа біткен немесе жүре пайда болған иммунитет тапшылығы бар пациенттерде, иммуносупрессивті ем кезінде немесе кортикостероидтармен емдеу кезінде төмендеуі мүмкін.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Құтыны ашқаннан кейін препаратты 28 күн ішінде пайдалану керек.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.