Жағымсыз дәрілік реакцияларды жіктеу үшін жиіліктің мынадай санаттары пайдаланылды: өте жиі ((1/10); жиі ( 1/100 -ден <1/10-ға дейін); жиі емес ( 1/1 000 -нан <1/100-ге дейін); сирек ( 1/10 000 -нан <1/1 000-ға дейін); өте сирек (<1/10 000), жиілігі белгісіз (қолда бар деректер негізінде есептелуі мүмкін емес).
Жиі
- жеңіл және қысқа мерзімді бас ауыруы және бас айналу;
- көзден бөлінділер болуы (конъюнктивит);
- жүрек айнуы, іш ауыруы, асқазан бұзылысы, диарея және құсу.
Жиі емес
- салмақ жоғалту (анорексия), ұйықтай алмау (ұйқысыздық), депрессия;
- бас айналу сезімі, құлақтың шуылдауы (тиннитус);
- жүрек жеткіліксіздігі, жүрек қағуының жиілеуі, тахикардия, бетке қан тебу сезімі;
- аллергиядан мұрын бітелуі (ринит);
- іш қатуы, шамадан тыс газ түзілуі (метеоризм), кекіру, ауыздың құрғауы, гастрит, пептидтік ойық жара, іштің жоғары бөлігінің ауыруы, он екі елі ішектің ойық жарасы, ауыз қуысының ойық жарасы;
- бауыр ферменттері белсенділігінің артуы (қан талдауы бойынша анықталатын);
- бөртпе, қышыну, қатты тершеңдік, терінің қызаруы (эритема), ангионевроздық ісіну (терінің терең қабаттарының, әдетте беттің тез ісінуі), аллергиялық бөртпе (есекжем), шаштың түсуі (алопеция);
- буындардың ауырсынуы (артралгия);
- өзін нашар сезіну (дімкәстік) беттің ісінуі.
Сирек
- тамақтың ауырсынуы ( фарингит);
- анемия, қан жасушаларының санын азайту (тромбоцитопения және лейкопения);
- анафилактоидты реакциялар мен анафилаксияны қоса алғанда, аса жоғары сезімталдық (әдетте организмнің беттің ісінуімен, бетке қан тебуімен, тыныс алудың қиындауымен және естен тану алдындағы жай-күймен сипатталатын реакциясы);
- сананың шатасуы, күйгелектік, қозу, ұйқышылдық (ұйқы келген кезде), парестезия (шаншу сезімі), дәм сапасының өзгеруі, тремор, бас сақинасы, көрудің бұзылуы;
- артериялық қысымның артуы, қан құйылулары;
- қан кетулер, гематомалар (көгерулер), қан ұю уақытының ұзаруы;
- тыныс алудың қиындауы (ентігу), жөтел, бронх түйілуі;
- ойық жараның тесілуі, қан құсу, асқазан ішек жолдарының қан кетулері, қарамай тәрізді нәжіс;
- ауыз қуысының қабынуы, эзофагит (өңештің қабынуы), гастроэзофагеальді рефлюкс, жұтынудың қиындауы, афтозды стоматит (ойық жаралы), тілдің қабынуы;
- бауыр функциясын бағалау нәтижесіндегі қалыптан ауытқу;
- терінің проблемалары, мыс., экзема, бөртпе;
- сүйектің ауыруы, бұлшықет түйілуі, бұлшықет ауырсынуы;
- несеп шығарудың, түнде ояну қажеттігі және түнде несептің көп шығуы (никтурия), немесе қанда мочевина және креатинин деңгейі артуы сияқты проблемасы болуы;
- әлсіздік, қажу
Өте сирек
- ҚҚСД бүкіл класына тән әсерлер: нейтропения, агранулоцитоз, аплазиялық анемия, гемолиздік анемия, бүйрекке нефроуыттылық әсері;
- асептикалық менингит;
- бауырдың зақымдануы, гепатит (бауырдың қабынуы), сарғаю, холестаз (бауырдан өт ағынын тоқтату);
- көгеру, ісіну, терінің ауыр бұзылулары (Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz