Дозалау режимі
Латасоптты әрқашан өзіңіздің емдеуші дәрігеріңіз немесе балаңыздың емдеуші дәрігерінің нұсқауларына сәйкес дәл қолданыңыз. Күмән туындаған жағдайда, емдеуші дәрігеріңізбен, балаңыздың емдеуші дәрігерімен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.
Ересектер (оның ішінде егде жастағы пациенттер) мен балаларға ұсынылатын доза зақымдалған көзге тәулігіне бір рет бір тамшыны құрайды. Препаратты кешке тамызу ұсынылады.
Жанаспалы линзаларды пайдаланушылар
Егер сіз немесе сіздің балаңыз жанаспалы линзаларды тақсаңыз, Латасоптты қолданар алдында оларды шешу керек. Латасоптты қолданғаннан кейін жанаспалы линзаларды қайта тағар алдында 15 минут күту керек.
Егер Латасопт басқа көзге тамызатын дәрімен бірге қолданылса
Латасоптты және басқа көзге тамызатын дәріні қолдану арасында кем дегенде 5 минут өту керек.
Қабылдау уақытын көрсете отырып қолдану жиілігі
Латасоптты күніне бір реттен жиі қолданбаңыз, себебі препаратты жиі қолданғанда емдеу тиімділігі төмендеуі мүмкін.
Емдеудің ұзақтығы
Дәрігер препаратты тоқтатқанға дейін Латасоптты өз емдеуші дәрігеріңіздің немесе балаңыздың емдеуші дәрігерінің нұсқауларына сәйкес қолданыңыз.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар
Препаратты әдеттегі уақытта қалыпты мөлшерде қолдануды жалғастырыңыз. Өткізіп алған орнын толтыру үшін екі есе дозаны қабылдамаңыз. Кез-келген күмән туындаған жағдайда дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесу керек.
Тоқтату кезіндегі симптомдардың қаупінің бар-жоғын көрсету
Егер сіз Латасопт қабылдауды тоқтатқыңыз келсе, өз емдеуші дәрігеріңізбен немесе балаңыздың емдеуші дәрігерімен кеңесіңіз.
Егер сізде осы препаратты қолдану туралы қосымша сұрақтар туындаса, өз емдеуші дәрігеріңізбен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.
Дәрілік препаратты қабылдамас бұрын дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз
ДП-ты стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар
Өте жиі
• Нұрлы қабық деп аталатын көздің боялған бөлігіндегі қоңыр пигмент мөлшерінің ұлғаюына байланысты көз түсінің біртіндеп өзгеруі. Бір түсті көздерге (көгілдір, сұр, жасыл немесе қоңыр) қарағанда, егер сізде көзіңіздің түстері аралас болса (қоңыр-көгілдір, сұр-қоңыр, сары-қоңыр немесе жасыл-қоңыр) болса, сіз бұл өзгерісті байқайсыз. Көз түсінің өзгеруі бірнеше жылға созылуы мүмкін, бірақ әдетте емдеу басталғаннан бастап 8 ай ішінде байқалады. Түстің өзгеруі қайтымсыз болуы мүмкін және егер Латасопт тек бір көзге тамызылса, оның айтарлықтай байқалуы мүмкін. Көз түсінің өзгеруі денсаулыққа байланысты проблемалармен қатар жүрмейді деп болжанады. Латасоптпен емдеуді тоқтатқаннан кейін көз түсінің өзгеруі тоқтайды.
• Көздің қызаруы.
• Көздің тітіркенуі (ашыту сезімі, көздегі құм, қышу, түйілу және көздегі бөтен дененің болу сезімі). Егер сіз нәтижесінде көз жасы ағуының жоғарылауы пайда болатын көздің қатты тітіркенуін сезсеңіз немесе осы дәрілік препаратты қолдануды тоқтатуды қарастырсаңыз, тез арада (апта ішінде) өз емдеуші дәрігеріңізге, фармацевтке немесе медбикеге қаралыңыз. Сіздің жағдайыңызға сәйкес келетін емді одан әрі алу үшін сізге емді қайта қараудың қажет болуы мүмкін.
• Емделетін көз кірпіктерінің біртіндеп өзгеруі және сол көздің айналасындағы жіңішке талшықтар, бұл көбінесе шыққан тегі жапондық пациенттерде байқалады. Бұл өзгерістерге түс қарқындылығының артуы (қараю), кірпіктердің ұзаруы, қалыңдауы және көбеюі жатады.
Жиі (пациенттердің 1% - дан астамында, бірақ 10% - дан кемінде кездеседі):
• Көз қабатының тітіркенуі немесе зақымдануы, қабақтың қабынуы (блефарит), көздің ауыруы, жарыққа сезімталдық (фотофобия), конъюнктивит.
Жиі емес (пациенттердің 0,1% - дан астамында, бірақ 1% - дан кемінде кездеседі):
• Қабақтың ісінуі, көздің құрғауы, көз қабатының қабынуы немесе тітіркенуі (кератит), көздің бұлыңғырлануы, көздің боялған бөлігінің қабынуы (увеит), торқабығы ісінуі (макулярлы ісіну).
• Тері бөртпесі.
• Кеуденің ауыруы (стенокардия), жүректің жиырылу сезімі (жүрек соғысы сезімі).
• Демікпе, ентігу (диспноэ).
• Кеуденің ауыруы.
• Бас ауыру, бас айналу.
• Жүрек айну, құсу
• Арқаның ауыруы, бұлшықеттің ауыруы.
Сирек (пациенттердің 0,01% - дан астамында, бірақ 0,1% - дан кемінде кездеседі)
• Нұрлы қабықтың қабынуы( ирит), көз қабатының ісіну немесе тырналау/зақымдану симптомдары, көз айналасының ісінуі (периорбитальды ісіну), кірпіктердің өсу бағытының өзгеруі немесе кірпіктердің қосымша қатары, көздің қабатындағы тыртық, көздің боялған бөлігіндегі сұйықтыққа толы аумақ (нұрлы қабықтың кистасы).
• Қабақтардағы тері реакциясы, қабақ терісінің қараюы.
• Демікпенің нашарлауы.
• Терінің қатты қышуы.
• Қарапайым герпес вирусынан (ҚГВ) туындаған көз инфекциясының дамуы.
Өте сирек (пациенттердің 0,001% - дан астамында, бірақ 0,01% - дан кемінде кездеседі)
• Жүрек-қан тамырлары аурулары қатар жүретін пациенттерде стенокардияның нашарлауы, шүңірейген көздер (қабақ сайының тереңдеуі).
• Балаларда ересектерге қарағанда мұрыннан бөліністер ағуы және мұрынның қышуы, сондай-ақ температураның жоғарылауы жиі кездеседі.
Өте сирек жағдайларда, көздің алдыңғы бөлігінің (мөлдір қабық) мөлдір қабатына қатты зақым келген кейбір пациенттерде емдеу кезінде кальцийдің жиналуына байланысты мөлдір қабықта бұлыңғыр дақтар пайда болды.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz