Әсер ету механизмі
Лднил – 3-гидрокси-3-метилглутарил-коэнзим А-ны холестериннің ізашары - мевалонатқа айналдыратын ГМГ-КоА-редуктаза ферментінің селективті бәсекелес тежегіші болып табылады. Розувастатиннің әсер ететін негізгі нысанасы бауыр болып табылады, онда холестерин (XC) синтезі және тығыздығы төмен липопротеидтердің (ТТЛП) катаболизмі жүзеге асады.
Розувастатин жасуша бетіндегі ТТЛП бауыр рецепторларының санын арттырады, соның арқасында ТТЛП қармау мен катаболизм күшейеді және бауырдағы тығыздығы өте төмен липопротеидтердің (ТӨТЛП) синтезі басылады Нәтижесінде ТӨТЛП және ТТЛП жалпы саны азаяды.
Фармакодинамикалық әсерлері
Розувастатин ТТЛП холестеринінің (Хс-ТТЛП), жалпы холестерин мен триглицеридтердің (ТГ) жоғары мөлшерін төмендетеді, жоғары тығыздықтағы липопротеидтердің холестерин деңгейін жоғарылатады (Хс-ЖТЛП), сондай-ақ аполипопротеин В (АпоВ), ЖТЛП емес холестерин (Хс-ЖТЛП емес), ТӨТЛП холестерин (Хс-ТӨТЛП ), ТӨТЛП триглицеридтер (ТГ-ТӨТЛП ) мөлшерін төмендетеді және А-I (АпоА-I) аполипопротеин мөлшерін арттырады, Хс-ЖТЛП/Хс-ЖТЛП, жалпы холестерин/Хс-ЖТЛП, Хс-ЖТЛП емес/Хс-ЖТЛП және АпоВ/АпоА-I арақатынасын төмендетеді (3-кестені қараңыз).
3-кесте. Бастапқы гиперхолестеринемиясы (IIa және IIb типі) бар пациенттерді емдеу кезініде препараттың әртүрлі дозаларының әсері (бастапқы деңгеймен салыстырғанда түзетілген орташа пайыздық өзгерістер)
Доза — N — Хс-ТТЛП — Жалпы холестерин — Хс-ЖТЛП — Триглицеридтер — Хс-ЖТЛП емес — АпоВ — АпоАI
Плацебо — 13 — -7 — -5 — 3 — -3 — -7 — -3 — 0
5 мг — 17 — -45 — -33 — 13 — -35 — -44 — -38 — 4
10 мг — 17 — -52 — -36 — 14 — -10 — -48 — -42 — 4
20 мг — 17 — -55 — -40 — 8 — -23 — -51 — -46 — 5
40 мг — 18 — -63 — -46 — 10 — -28 — -60 — -54 — 0
Емдік әсері препаратпен ем басталғаннан кейін бір апта ішінде білінеді, емнің 2 аптасынан кейін мүмкін болатын ең жоғары әсердің 90% - на жетеді. Ең жоғары емдік әсерге әдетте 4 аптада жетеді және жүйелі қабылдаған жағдайда сақталады.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Лднил ересек пациенттерде, сондай-ақ пациенттердің арнайы топтарында, мысалы, қант диабеті немесе отбасылық гиперхолестеринемиясы бар пациенттерде триглицеридемиясы бар немесе жоқ гиперхолестеринемияны емдеуге арналған тиімді препарат болып табылады. Бұл әсер пациенттердің нәсіліне, жынысына және жасына байланысты емес.
Розувастатин ІІа және IIb типті гиперхолестеринемиясы бар пациенттердің көпшілігін емдеуде тиімді (Хс-ТТЛП орташа бастапқы деңгейі шамамен 4,8 ммоль/л құрайды) және Еуропалық қоғамның атеросклерозды зерттеу ұсынымдарында (European Atherosclerosis Society, EAS; 1998). ұсынылған мақсатты көрсеткіштерге сәйкес келеді. Препаратты 10 мг дозада қабылдайтын пациенттердің шамамен 80%-ы Хс-ТТЛП (<3 ммоль/л) нысаналы деңгейіне жетті.
Гетерозиготалы отбасылық гиперхолестеринемиясы бар 435 пациенттің қатысуымен жүргізілген ірі зерттеуде розувастатин дозаны үдемелі титрлеу әдісін қолдана отырып, 20 мг-ден 80 мг-ға дейінгі дозада тағайындалды. Барлық дозалар липидтер параметрлеріне және нысаналы көрсеткіштерге оң әсерін көрсетті. 40 мг тәуліктік дозаға дейін титрлеуден кейін (12 апта емдеу), ТТЛП деңгейі 53% - ға төмендеді. Пациенттердің отыз үш пайызы (33%) ТТЛП-холестериннің (<3 ммоль/л) деңгейіне арналған EAS ұсынымдарына қол жеткізді.
Қалыптастырылған титрлеу жағдайында, ашық түрдегі зерттеуде гомозиготалы отбасылық гиперхолестеринемиясы бар 42 пациент (8 баланы қоса алғанда) розувастатинмен емдеуге жауап көрсеткіші бойынша 20-40 мг бағаланды. Жалпы популяцияда ТТЛП-холестерин деңгейінің орташа төмендеуі 22% құрады.
Пациенттердің саны шектеулі болған клиникалық зерттеулерде розувастатин фенофибратпен бірге пайдаланғанда триглицеридтер деңгейін төмендетуде және ниацинмен біріктірілгенде ЖТЛП-холестериннің деңгейін арттыруда аддитивті тиімділікке ие екендігі көрсетілді.
Көп орталықты, салыстырмалы жасырын, плацебо - бақыланатын клиникалық зерттеуде (METEOR) 45-тен 70 жасқа дейінгі және жүректің ишемиялық ауруының даму қаупі төмен (10 жыл ішінде Фрэмингем бойынша қауіп ретінде <10% анықталды), ТТЛП-холестериннің орташа деңгейі 4,0 ммоль/л (154,5 мг/дл), бірақ субклиникалық атеросклерозы бар (күретамырдың интима-медиальді сегментінің қалыңдығын өлшеу арқылы) 984 пациент күніне бір рет 40 мг-ға дейін розувастатин немесе 2 жыл бойы плацебо алатын топтар рандомизацияланған. Розувастатин плацебомен салыстырғанда күретамырдың 12 бөлігі бойынша ең жоғары CIMT үдеу жылдамдығын -0,0145 мм/жылына едәуір баяулатты [95% сенімді аралық -0,0196, -0,0093; р <0,0001]. Бастапқы деңгеймен салыстырғанда өзгеріс плацебо үшін + 0,0131 мм/жыл (жылына 1,12% (р <0,0001)) үдеумен салыстырғанда розувастатин үшін -0,0014 мм/жыл (жылына -0,12% (маңызды емес)) құрады. CIMT төмендеуі мен жүрек-қантамыр оқиғалар қаупінің төмендеуі арасында тікелей байланыс анықталған жоқ. METEOR зерттеуінде зерттелген пациенттер популяциясында жүректің ишемиялық ауруының даму қаупі төмен және 40 мг розувастатин үшін нысаналы популяция болып табылмайды. 40 мг дозаны жүрек-қантамыр ауруларының қаупі жоғары ауыр гиперхолестеринемияға шалдыққан пациенттерге ғана тағайындаған жөн.
Бастапқы профилактикада статиндерді пайдалануды негіздеуде: розувастатинді бағалауға бағытталған интервенциялық зерттеу (JUPITER), розувастатиннің айқын атеросклероздық жүрек-қантамыр ауруларының көріністеу жиілігіне әсері 17 802 ер адамда (≥ 50 жас) және әйелдерде (≥ 60 жас) жүргізілді.
Зерттеуге қатысушыларды кездейсоқ таңдау әдісімен плацебо (n = 8901) немесе розувастатин топтарына күніне бір рет 20 мг (n = 8901) бөліп, 2 жыл бойы бақылаған.
ТТЛП-холестериннің концентрациясы плацебо тобымен салыстырғанда розувастатин тобында 45% - ға (p <0,001) төмендеді.
Фрэмингем бойынша бастапқы қауіп көрсеткіші > 20% (1558 пациент) қаупі жоғары пациенттердің қосалқы тобының ретроспективті талдауында біріктірілген соңғы нүктелер көрсеткіші бойынша айтарлықтай төмендеу байқалды: плацебомен салыстырғанда розувастатинмен емдеу тобында жүрек-қантамыр құбылыстары, инсульт және миокард инфарктісі (p = 0,028) себебінен болған өлім-жітім. 1000 пациент-жыл жағдайлардың көріну жиілігі бойынша қауіптің абсолюттік төмендеуі 8,8 құрады. Қаупі жоғары топтағы жалпы өлім-жітім өзгерген жоқ (p = 0,193). Бастапқы қауіп көрсеткіші = 5% (65 жастан асқан пациенттерді қосу арқылы экстраполяцияланған) қаупі жоғары (9302 пациент) пациенттердің қосалқы тобының ретроспективті талдауында біріктірілген соңғы нүктелердің көрсеткіші бойынша айтарлықтай төмендеу байқалды: плацебомен салыстырғанда розувастатинмен емдеу тобында жүрек-қантамыр құбылыстары, инсульт және миокард инфарктісі (p = 0,0003) себебінен болған өлім-жітім. 1000 пациент-жыл жағдайлардың көріну жиілігі бойынша қауіптің абсолюттік төмендеуі 5,1 құрады. Қаупі жоғары топтағы жалпы өлім-жітім көрсеткіші өзгерген жоқ (p = 0,076).
JUPITER зерттеуінде розувастатин тобындағы пациенттердің 6,6%-ы және плацебо тобындағы пациенттердің 6,2% - ы тіркелді, олар жағымсыз әсерлердің дамуына байланысты зерттелетін препаратты қолдануды тоқтатты. Емдеуді тоқтатуға әкелген ең жиі жағымсыз әсерлер: миалгия (0,3% розувастатин, 0,2% плацебо), іштің ауыруы (0,03% розувастатин, 0,02% плацебо) және бөртпе (0,02% розувастатин, 0,03% плацебо). Плацебодан асатын немесе оған тең жиіліктегі ең көп таралған жағымсыз әсерлер - несеп шығару жолдарының инфекциясы (8,7% розувастатин, 8,6% плацебо), назофарингит (7,6% розувастатин, 7,2% плацебо), белдің ауыруы (7,6% розувастатин, 6,9% плацебо) және миалгия (7,6% розувастатин, 6,6% плацебо).
Педиатриялық популяция
Кейінгі 40 апталық (n = 173, 96 еркек пен 77 әйел жынысты) розувастатин дозасын ашық титрлеу фазалы салыстырмалы жасырын рандомизацияланған көп орталықты плацебо бақыланатын 12 апталық зерттеуде (n = 176, 97 ұл және 79 қыз балалар) гетерозиготалы отбасылық гиперхолестеринемияға шалдыққан 10–нан 17 жасқа дейінгі пациенттер (II-V Таннер сатысы, әйел жынысты, менархеден кейін кемінде 1 жыл) 12 апта бойы күн сайын 5, 10 немесе 20 мг розувастатин немесе плацебо алды, содан кейін барлығы 40 апта бойы күн сайын розувастатин алды. Зерттеу басталған кезде пациенттердің шамамен 30% - ы 10-13 жас аралығында болды және шамамен 17%-ында, 18%-ында, 40%-ында және сәйкесінше 25%-ында Таннер II, III, IV және V сатысы болды.
5, 10 және 20 мг дозада розувастатинді қабылдаған кезде ХС-ТТЛП деңгейі плацебоны қабылдаған кездегі 0,7% - бен салыстырғанда 38,3% - ға, 44,6% - ға және тиісінше 50,0% - ға төмендеді.
Нысанаға 40 апталық ашық титрлеудің соңында, күніне бір рет 20 мг дозалай отырып, 173 пациенттің 70-і (40,5%) 2,8 ммоль/л-ден кем LDL-C нысаналы деңгейіне жетті.
52 апталық зерттеуден кейін бой өсуіне, салмаққа, ДСИ-не немесе жыныстық жетілуге әсер етпеді (4.4 бөлімін қараңыз). Бұл зерттеу (n=176) дәрі-дәрмектердің сирек кездесетін жағымсыз әсерлерін салыстыруға жарамсыз болды.
Розувастатин сонымен қатар 6 жастан 17 жасқа дейінгі гетерозиготалы отбасылық гиперхолестеринемиясы бар 198 балада (88 еркек және 110 әйел, Таннер сатысы <II-V) 2 жылдық титрлеу зерттеулерінде зерттелген. Барлық пациенттер үшін бастапқы доза тәулігіне бір рет 5 мг розувастатин болды. 6 жастан 9 жасқа дейінгі пациенттер (n = 64) күніне бір рет 10 мг ең жоғары дозаға дейін және 10 жастан 17 жасқа дейінгі пациенттер (n = 134) күніне бір рет 20 мг ең жоғары дозаға дейін титрленуі мүмкін.
Розувастатинмен 24 ай емдеуден кейін ТТЛП-с бастапқы мәнімен салыстырғанда LS орташа пайыздық төмендеуі -43% құрады (бастапқы деңгей: 236 мг/дл, 24 ай: 133 мг/дл). Әрбір жас тобы үшін Хс-ТТЛП бастапқы мәндерімен салыстырғанда LS орташа пайыздық төмендеуі -43% (бастапқы мәні: 234 мг/дл, 24 ай: 124 мг/дл), -45% (бастапқы мәні: 234 мг/дл, 24 ай: 124 мг/дл) және жас топтарында тиісінше 6-дан <10-ға дейін, 10-нан <14-ке дейін және 14-тен <18-ге дейін -35% (бастапқы мәні: 241 мг/дл, 24 ай: 153 мг/дл) құрады.
Розувастатин 5 мг, 10 мг және 20 мг сонымен қатар келесі екінші реттік липидті және липопротеинді айнымалылар үшін бастапқы деңгейден статистикалық маңызды орташа өзгерістерге жетті: Хс-ЖТЛП, жалпы холестерин, Хс-ЖТЛП емес, Хс-ТТЛП/(Хс-ЖТЛП), жалпы холестерин/Хс-ЖТЛП, ТГ-Триглицеридтер/Хс-ЖТЛП, Хс-ЖТЛП емес/Хс-ЖТЛП, АпоВ, АпоВ/АпоА-I. Осы өзгерістердің әрқайсысы липидтердің әсерін жақсартуға бағытталған және 2 жыл бойы сақталды.
24 айлық емдеуден кейін бой өсуіне, салмаққа, ДСИ-не немесе жыныстық жетілуге әсер етпеді (4.4 бөлімін қараңыз).
Розувастатин гомозиготалы отбасылық гиперхолестеринемиясы бар 14 бала мен жасөспірімдегі (6 жастан 17 жасқа дейінгі) плацебоға қарағанда күніне бір рет 20 мг розувататинді қолданған рандомизацияланған, салыстырмалы жасырын, плацебо-бақыланатын көп орталықты айқаспалы зерттеуде зерттелді. Зерттеу диеталық қабылдаудың белсенді 4 апталық кезеңі, оның барысында пациенттер 10 мг дозада розувастатин алды, плацебо емінің 6 апталық кезеңінің алдында немесе одан кейін 20 мг дозада розувастатинмен емдеудің 6 апталық кезеңінен тұратын айқаспалы фазасы және 12 апталық демеуші фазаны қамтыды, оның барысында барлық пациенттер 20 мг дозада розувастатин алды. Эзетимибті зерттеуге немесе аферез терапиясына қатысқан пациенттер зерттеу барысында емдеуді жалғастырды.
Статистикалық маңызды (Р = 0,005) Хс-ТТЛП деңгейінің төмендеуі (22,3 %, 85,4 мг/дл немесе 2,2 ммоль/л) плацебомен салыстырғанда 20 мг дозада розувастатинмен 6 аптадан кейін байқалды. Жалпы холестериннің (20.1%, p=0.003), Хс-ЖТЛП емес (22.9%, p=0.003) және АпоВ (17.1%, p=0.024) статистикалық маңызды төмендеуі байқалды. Плацебомен салыстырғанда 20 мг розувастатинмен емделген 6 аптадан кейін ТГ, Хс-ТТЛП/ Хс-ЖТЛП, жалпы холестерин/ Хс-ЖТЛП, Хс-ЖТЛП емес/ Хс-ЖТЛП және АпоВ/ АпоА-I төмендеуі де байқалды. 6 апталық плацебо емімен салыстырғанда 20 мг дозада розувастатинмен емделген 6 аптадан кейін Хс-ТТЛП төмендегені байқалды, кейіннен 12 апта бойы үздіксіз ем жүргізілді. Бір пациентте 40 мг дозада 6 аптадан кейін Хс-ТТЛП (8.0%), жалпы холестериннің (6.7%) және Хс-ЖТЛП емес (7.4%) одан әрі төмендеуі байқалды.
Осы пациенттердің 9-ында ұзақ мерзімді ашық емдеу кезінде 90 апта ішінде 20 мг розувастатин қабылдаған кезде Хс-ТТЛП төмендеген деңгейінің мәні -12,1% - дан -21,3% - ға дейінгі ауқымда сақталды.
Гомозиготалы отбасылық гиперхолестеринемиямен дозаны титрлеуді ашық зерттеуден бағаланатын 7 бала мен жасөспірімде (8 жастан 17 жасқа дейін) (жоғарыдан қараңыз) 20 мг дозада розувастатинмен 6 аптадан кейін бастапқы деңгейден ТТЛП-с (21,0%), жалпы-с (19,2%) және ЖТЛП емес-с (21,0%) деңгейінің пайыздық төмендеуі гомозиготалы отбасылық гиперхолестеринемиясы бар балалар мен жасөспірімдерде жоғарыда аталған зерттеуде байқалғанға сәйкес келді.