Құрамында хинолондар немесе фторхинолондар бар препараттарды қабылдаумен байланысты анамнезінде елеулі жағымсыз реакциялар болған пациенттерде левофлоксацинді қолданудан аулақ болу керек. Мұндай пациенттерді левофлоксацинмен емдеуді емдеудің баламалы нұсқалары болмаған кезде және пайда/қауіп арақатынасын мұқият бағалаудан кейін ғана бастаған жөн.
Арнайы сақтандырулар
Метициллинге резистентті S. aureus (MRSA) штаммдары
Левофлоксацинді қоса алғанда, фторхинолондарға MRSA айқаспалы резистенттілігі жоғары. Зертханалық зерттеулердің нәтижелері микроорганизмнің левофлоксацинге сезімталдығын растаған жағдайда және стандартты бактерияға қарсы ем әсер етпеген жағдайда ғана Левоксимед препараты MRSA туындатқан белгіленген немесе болжамды инфекцияларды емдеу үшін ұсынылмайды.
Жедел бактериялық синусит және созылмалы бронхиттің өршуі
Егер бұл инфекциялық ауруларға дұрыс диагноз қойылса, Левоксимед препаратын жедел бактериялық синуситті емдеу үшін және созылмалы бронхиттің өршуі кезінде қолдануға болады.
Escherichia coli туындатқан инфекциялар
Несеп шығару жолдарының инфекциясының ең көп таралған қоздырғышы E. coli фторхинолондарға төзімділігі әр түрлі географиялық аудандарда түрліше болады. Дәрігерлер фторхинолондарға E. coli резистенттілігінің таралуы туралы жергілікті ақпаратты ескеруі керек.
Сібір ойықжарасының өкпедегі түрі
Адамдарда левофлоксацинді қолдану Bacillus anthracis in vitro сезімталдығы туралы деректерге және жануарларға жүргізілген зерттеулерде алынған деректерге, сондай-ақ адамда қолдану жөніндегі шектеулі ақпаратқа негізделген. Левоксимед препаратын осы ауруға шалдыққан пациенттерде қолдану қажет болған кезде емдеуші дәрігер сібір ойықжарасын емдеу жөніндегі ұлттық және/немесе халықаралық нұсқауларды басшылыққа алуы керек.
Ұзаққа созылған, мүгедектікке әкелетін және ықтимал қайтымсыз ауыр жағымсыз дәрілік реакциялар
Хинолондар мен фторхинолондарды қолданған пациенттерде, пациенттердің жасына және алдыңғы қауіп факторларына қарамастан, адам организмінің әртүрлі, кейде бірнеше жүйелеріне (қаңқа-бұлшықет, жүйке, психикалық жүйелер, сезім мүшелері) әсер ететін ұзақ (бірнеше ай немесе жылдар бойы), мүгедектікке әкелетін және ықтимал қайтымсыз ауыр жағымсыз дәрілік реакциялардың өте сирек жағдайлары туралы хабарланды. Кез келген ауыр жағымсыз реакцияның алғашқы белгілері мен симптомдары пайда болған кезде левофлоксацинді қабылдауды дереу тоқтатып, дәрігерге көріну керек.
Тендинит және сіңірлердің үзілуі
Тендинит және сіңірлердің үзілуі (әсіресе ахилл сіңірлері), кейде екі жақты, хинолондармен және фторхинолондармен емдеуді бастағаннан кейін 48 сағат ішінде, сондай-ақ емдеуді тоқтатқаннан кейін бірнеше ай ішінде пайда болуы мүмкін. Егде жастағы пациенттерде, бүйрек жеткіліксіздігі, паренхиматозды ағзалары транспланттацияланған пациенттерде, тәулігіне 1000 мг левофлоксацин алатын пациенттерде және бір мезгілде кортикостероидтармен ем алатын пациенттерде тендиниттің және сіңір үзілуінің даму қаупі артады. Кортикостероидтар мен фторхинолондарды бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек.
Тендониттің алғашқы белгілері пайда болған кезде (мысалы, ауырсынатын ісіну, қабыну) левофлоксацинді қабылдауды тоқтатып, баламалы емдеуді қарастыру керек. Зақымдалған аяқ-қолды тиісті түрде емдеу керек (мысалы, аяқтың иммобилизациясы). Тендинопатияның белгілері пайда болған кезде кортикостероидтарды қолдануға болмайды.
Миоклония
Левофлоксацинмен емделген пациенттерде миоклонияның даму жағдайлары туралы хабарланды. Егер левофлоксацин дозасы креатинин клиренсіне байланысты түзетілмеген болса, егде жастағы пациенттерде және бүйрек функциясының бұзылулары бар пациенттерде миоклонияның пайда болу қаупі артады. Миоклонияның алғашқы даму белгілерінде левофлоксацинмен емдеуді дереу тоқтатып, тиісті емдеуді бастау керек.
Clostridium difficile астасқан диарея
Диарея, әсіресе ауыр түрдегі, персистирлейтін және/немесе қан аралас, Левоксимед препаратымен емдеу кезінде немесе одан кейін (емдеуден кейін бірнеше аптадан соң пайда болатын жағдайларды қоса алғанда) Clostridium difficile (CDAD) астасқан диарея симптомы болуы мүмкін. CDAD ауырлық дәрежесі әлсізден өмірге қауіп төндіретін деңгейге дейін өзгеруі мүмкін, бұл аурудың анағұрлым ауыр түрі - жалғанжарғақшалы колит болып табылады. Осыған байланысты Левоксимед препаратымен емдеу кезінде немесе одан кейін дамитын ауыр диареясы бар пациенттерде мұндай диагноз қою мүмкіндігін қарастыру маңызды. CDAD күдік туғанда немесе расталғанда препаратты дереу тоқтатып, тиісті ем тағайындау керек. Мұндай клиникалық жағдайда перистальтиканы басатын препараттарды қолдану қарсы көрсетілімді.
Құрысудың дамуына бейім пациенттер
Хинолондар құрысуға бейімділікті төмендетіп, құрысуды туындатуы мүмкін. Левоксимед препаратын анамнезінде эпилепсиясы бар пациенттерге қолдануға болмайды. Басқа хинолондар сияқты, препарат құрысулардың дамуына бейім пациенттерде немесе теофиллин сияқты құрысуға бейімділік шегін төмендететін препараттарды бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде аса сақтықпен қолданылуы тиіс. Құрысулар пайда болған кезде препаратпен емдеуді тоқтату керек.
Глюкоза-6-фосфат дегидрогеназа тапшылығы бар пациенттер
Латентті немесе глюкоза-6-фосфат дегидрогеназа тапшылығы диагнозы қойылған пациенттер хинолондармен емдеу кезінде гемолиздік реакцияларға бейім болуы мүмкін. Сондықтан мұндай пациенттерде Левоксимед препаратын қолдану қажет болған жағдайда гемолиз дамуының әлеуетті қаупін бақылау керек.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Левофлоксацин көбінесе бүйрекпен шығарылатындықтан, препарат дозасын бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде түзету керек.
Аса жоғары сезімталдық реакциялары
Левофлоксацин өлімге дейін (ангионевроздық ісінуден анафилаксиялық шокқа дейін), оның ішінде Левоксимед препаратының бірінші дозасын қабылдағаннан кейін аса жоғары сезімталдықтың елеулі реакцияларын тудыруы мүмкін. Мұндай жағдайларда емдеуді дереу тоқтатып, тиісті кезек күттірмейтін көмек іс-шараларынн жүргізу үшін дәрігерге немесе шұғыл көмек қызметіне жүгіну керек.
Терінің ауыр жағымсыз реакциялары
Левофлоксацинді қолданған кезде уытты эпидермальді некролизді (Лайелл синдромы деп те аталатын УЭН), Стивенс-Джонсон синдромын (СДС) және өмірге қауіп төндіретін немесе өліммен аяқталуы мүмкін эозинофилиямен және жүйелік симптомдармен дәрілік реакцияны (DRESS синдромы) қоса алғанда, терінің ауыр жағымсыз реакциялары (ТАЖР) туралы хабарланды. Препаратты тағайындаған кезде пациенттерге терінің ауыр реакцияларының белгілері мен симптомдары туралы хабарлау және олардың жай-күйіне мұқият бақылау жүргізу қажет. Осындай реакцияларға тән белгілер мен симптомдар пайда болған кезде левофлоксацинді дереу тоқтатып, баламалы емдеу мүмкіндігін қарастыру керек. Пациентте СДС, УЭН немесе DRESS синдромы сияқты ауыр реакция туындаған жағдайда, левофлоксацинді қолдану кезінде болашақта осы пациентте левофлоксацинмен емдеуді қайта бастауға болмайды.
Дисгликемия
Басқа хинолондарды қолданған жағдайдағыдай, гипер- және гипогликемияны қоса алғанда, қандағы глюкоза деңгейінің ауытқуы әдетте егде жастағы пациенттерде және әдетте, диабетке қарсы пероральді дәрілерді (мысалы, глибенкламид) немесе инсулинді қабылдайтын диабетпен ауыратын пациенттерде тіркелді. Гипогликемиялық кома жағдайлары туралы белгілі. Диабетпен ауыратын пациенттерде қандағы глюкоза деңгейіне мұқият мониторинг жүргізу ұсынылады.
Егер пациентте қандағы глюкоза деңгейінің бұзылуы орын алса, препаратпен емдеуді дереу тоқтатып, фторхинолондарға жатпайтын антибиотиктермен баламалы емдеу мүмкіндігін қарастыру керек.
Фотосезімталдық профилактикасы
Левофлоксацинді қабылдау кезінде фотосезімталдық жағдайлары туралы хабарланды. Фотосезімталдықты болдырмау мақсатында пациенттерге емдеу кезінде және препаратпен емдеуді тоқтатқаннан кейін 48 сағат ішінде ашық күн сәулесінің немесе жасанды ультракүлгін сәулелердің (мысалы, кварц шамы, солярий) әсеріне қажеттіліксіз ұшырамау ұсынылады.
К дәруменінің антагонистерін қабылдайтын пациенттер
Коагуляциялық тестілердің (протромбиндік уақыт (ПУ)/халықаралық қалыптасқан қатынас (ХҚҚ)) мәндерінің ықтимал ұлғаюына және/немесе левофлоксацинді К дәруменінің антагонистерімен (мысалы, варфарин) біріктіріп қабылдайтын пациенттерде қан кетудің дамуына байланысты осындай препараттарды бір мезгілде қолданған кезде коагуляциялық тестілерге мониторинг жүргізу керек.
Психоздық реакциялар
Хинолондарды, оның ішінде левофлоксацинді қабылдау кезінде пациенттерде психоздық реакциялар байқалды. Өте сирек жағдайларда реакциялар суицидтік ойларға және өзіне-өзі зиян келтіру мінез-құлқының бұзылуына, кейде левофлоксациннің бір дозасын қабылдағаннан кейін өршіді. Егер пациентте осындай реакциялар дамыса, олардың алғашқы белгілері немесе симптомдары пайда болған кезде левофлоксацин қабылдауды дереу тоқтату керек. Пациент бұл туралы дәрігерге хабарлауы керек. Құрамында фторхинолоны жоқ антибиотиктермен баламалы емдеу мүмкіндігін қарастыру және тиісті шаралар қабылдау керек. Психоздық бұзылулары бар пациенттерге немесе анамнезінде психикалық аурулары бар пациенттерге Левоксимед препаратын сақтықпен тағайындау керек.
QT аралығының ұзару синдромы
QT аралығының ұзару қаупінің белгілі факторлары бар пациенттерге левофлоксацинді қоса алғанда, фторхинолондарды қабылдау кезінде сақ болу керек, мысалы:
- туа біткен QT аралығының ұзарған синдромы;
- QT аралығын ұзартатыны белгілі, басқа дәрілік заттармен (мысалы, IA және III класының аритмияға қарсы препараттар, трициклді антидепрессанттар, макролидтер, психозға қарсы препараттар) бір мезгілде қабылдау;
- электролиттік теңгерімнің түзетілмеген бұзылулары (мысалы, гипокалиемия, гипомагниемия);
- жүрек аурулары (мысалы, жүрек жеткіліксіздігі, миокард инфарктісі, брадикардия).
Егде жастағы пациенттер мен әйелдер QTc аралығын ұзартатын препараттардың әсеріне анағұрлым сезімтал болуы мүмкін. Левофлоксацинді қоса алғанда, фторхинолондарды мұндай пациенттерде сақтықпен қолдану керек.
Шеткері нейропатия
Хинолондар мен фторхинолондарды қабылдайтын пациенттерде парестезияға, гиперестезияға, дизестезияға немесе бұлшықет әлсіздігіне әкелетін сенсорлық немесе сенсомоторлы полиневропатия жағдайлары туралы хабарланды. Левофлоксацинді қолданатын пациенттерге емдеуді жалғастырмас бұрын, мүмкін қайтымсыз жағдайлардың дамуын болдырмау үшін ауырсыну, күйдіру ашу, шаншу, ұйқышылдық немесе бұлшықет әлсіздігі сияқты нейропатия симптомдар пайда болған жағдайда дәрігерге хабарлау ұсынылады.
Гепатобилиарлық бұзылулар
Левофлоксацинді негізінен ауыр негізгі аурулары бар, мысалы, сепсисі бар пациенттерде қолданғанда өліммен аяқталатын бауыр жеткіліксіздігіне әкеп соқтыратын бауыр некрозының даму жағдайлары туралы хабарланды. Пациенттерге емдеуді тоқтатып, анорексия, сарғаю, несептің күңгірттенуі, қышыну немесе іштің ауыруы сияқты бауыр ауруының белгілері мен симптомдары пайда болған кезде дәрігерге көріну керек.
Миастения гравис өршуі
Фторхинолондардың, левофлоксацинді қоса, жүйке-бұлшықеттік бөгеу белсенділігі бар және миастения гравистан зардап шегетін пациенттерде бұлшықет әлсіздігін күшейтуі мүмкін. Миастения грависке шалдыққан пациенттерде қолданудың постмаркетингтік тәжірибесінде өлім мен тыныс алуды қолдауды талап ететін жағдайларды қоса алғанда, ауыр жағымсыз реакциялар жағдайлары байқалған. Левоксимед препаратын анамнезінде миастения гравис бар пациенттерде қолдануға ұсынылмайды.
Көрудің бұзылулары
Көру бұзылғанда немесе көру мүшесі тарапынан жағымсыз реакциялар пайда болғанда дереу офтальмологпен кеңескен жөн.
Салдарлы инфекция
Левоксимед препаратын қабылдау әсіресе ұзақ, резистентті микроорганизмдердің өсуіне әкелуі мүмкін. Препаратпен емдеу кезінде салдарлы инфекция пайда болған жағдайда тиісті шаралар қабылдау керек.
Зертханалық зерттеулерге әсері
Левоксимед қабылдайтын пациенттерде несептегі апиындарды анықтау жалған оң нәтижелер беруі мүмкін. Оң нәтижелерді анағұрлым спецификалық әдістермен растау қажет болуы мүмкін.
Левофлоксацин Mycobacterium tuberculosis өсуін тежеуі және туберкулездің бактериологиялық диагностикасында жалған теріс нәтижелерге әкелуі мүмкін.
Аортаның аневризмасы және аортаның қатпарлануы, регургитация/жүрек клапанының дәрменсіздігі
Эпидемиологиялық зерттеулерде, әсіресе егде жастағы пациенттерде аортаның аневризмасы және қатпарлануының жоғары қаупі, сондай-ақ фторхинолондарды қабылдағаннан кейін аортальді және митральді клапанның регургитациясы туралы хабарланды. Фторхинолондарды қабылдайтын пациенттерде аорта аневризмасы және қатпарлануы, кейде үзілумен асқынған (оның ішінде өліммен аяқталған), сондай-ақ жүрек клапандарының кез келгенінің регургитация/дәрменсіздік жағдайлары тіркелген.
Осы себепті фторхинолондарды отбасылық анамнезінде аневризмасы бар немесе жүрек клапандарының туа біткен ақаулары бар пациенттерде, сондай-ақ аорта аневризмасы және/немесе қатпарлануы диагноз қойылған немесе жүрек клапандарының дәрменсіздігі бар пациенттерде немесе жүрек клапандарының жеткіліксіздігі дәрменсіздігіне бейім басқа да қауіп факторлары болған кезде пайда/қауіп арақатынасын мұқият бағалағаннан және емнің басқа ықтимал нұсқаларын қарағаннан кейін ғана қолдану керек:
- аорта аневризмасы мен қатпарлануының дамуына және сонымен бір мезгілде жүрек клапанының регургитациясы/дәрменсіздігінің туындауына (мысалы, Марфан синдромы немесе Элерс-Данлос синдромы, Тернер синдромы, Бехчет ауруы, гипертензия, ревматоидты артрит сияқты дәнекер тін аурулары) немесе,
- аорта аневризмасы мен қатпарлануының дамуына (мысалы, Такаясу артерииті, алып жасушалы артериит, атеросклероз немесе Шегрен синдромы сияқты тамырлар тарапынан бұзылулар) немесе,
- жүрек клапанының регургитациясы/дәрменсіздігінің пайда болуы (мысалы, инфекциялық эндокардит).
Жүйелі кортикостероидтарды бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде аортаның аневризмасы мен қатпарлануының және оның жарылуының пайда болу қаупі де артуы мүмкін.
Іштің, кеуденің немесе арқаның кенеттен ауыруы пайда болған жағдайда пациенттер жедел жәрдем бөліміне дереу дәрігерге баруы керек.
Пациенттерге жедел ентігу, алғаш рет пайда болған жүректің жиі соғуы, сондай-ақ құрсақ қуысының немесе аяқ-қолдың ісінуі дамыған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну ұсынылады.
Жедел панкреатит
Левофлоксацинмен ем алатын пациенттерде жедел панкреатит дамуы мүмкін. Пациенттерді жедел панкреатитке тән белгілер туралы хабардар ету керек. Жүрек айнуы, әлсіздік, іштің дискомфорты, іштің қатты ауыруы немесе құсу пайда болған пациенттер дереу дәрігермен кеңесу керек. Жедел панкреатиттің дамуына күдік туындаған кезде левофлоксацинді қолдануды тоқтату керек; диагноз расталған жағдайда левофлоксацинді қайта қолдануға болмайды. Анамнезінде панкреатитпен ауыратын науқастарда препаратты қабылдаған кезде сақ болу керек.
Қан жүйесі тарапынан бұзылулар
Левофлоксацинмен емдеу кезінде лейкопения, нейтропения, панцитопения, гемолиздік анемия, тромбоцитопения, аплазиялық анемия немесе агранулоцитозды қоса алғанда, сүйек кемігі функциясының тежелуі байқалуы мүмкін. Қан жүйесі тарапынан жоғарыда аталған бұзылулардың кез келгенінің дамуына күдік туындаған кезде қан көрсеткіштеріне мониторинг жүргізу қажет. Параметрлер қалыпты мәндерден ауытқыған кезде левофлоксацинмен емдеуді тоқтату керек.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат көлік құралдарын және әртүрлі механизмдерді басқару қабілетіне болмашы немесе орташа әсер етеді. Кейбір жағымсыз реакциялар (мысалы, бас айналу/вертиго, ұйқышылдық, көрудің бұзылуы) зейін қою қабілетін төмендетуі мүмкін, бұл қабілеттер маңызды болған жағдайларда (мысалы, көлік жүргізу немесе механизмдерді басқару кезінде) белгілі бір қауіп төндіреді.