Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 мл препараттың құрамында: — 0,25% — 0,5%
белсенді зат: хлорамфеникол — 2.50 мг — 5.00 мг
қосымша заттар – бор қышқылы, натрий гидроксидінің 1М ерітіндісі, инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір түссіз немесе сарғыштау ерітінді.
Препаратқа сезімтал микроорганизмдерден туындаған конъюнктивиттер, кератиттер, блефариттер.
Қолдану басталғанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Әсер ету механизмі
Хлорамфеникол – кең ауқымды әсер ететін бактериостатикалық антибиотик.
Микробтарға қарсы әсерінің механизмі микроорганизмдердің ақуыз синтезінің бұзылуымен байланысты. Майда еритін қасиеті бар болғандықтан, бактериялардың жасушалық жарғақшасы арқылы өтеді және бактериялық рибосомалардың 50S суббірлігімен қайтымды байланысады, онда өсетін пептидтік тізбектерге амин қышқылдарының көшуі тежеледі.
Фармакодинамикалық әсерлері
Бактериостатикалық әсер етеді. Грамоң бактериялардың көптеген штаммдарына қатысты белсенді: Staphylococcus aureus, Streptococcus spp. (оның ішінде Streptococcus pneumoniae, Streptococcus hemolyticus); грамтеріс бактериялар: Neisseria gonorrhoeae, Neisseria meningitidis, Escherichia coli, Haemophilus influenzae, Salmonella spp., Shigella spp., Klebsiella spp., Yersinia spp., Proteus spp., Moraxella lacunata, Rickettsia spp., сондай-ақ Spirochaetaceae, кейбір ірі вирустарға және микоплазмаға қатысты белсенді.
Пенициллинге, стрептомицинге, тетрациклинге, сульфаниламидтерге төзімді бактериялық штаммдарға қатысты тиімді.
Қышқылға төзімді бактерияларға, көк іріңді таяқшалар, қарапайымдылар және клостридийге қатысты белсенділігі әлсіз.
Pseudomonas aeruginosa, Serratia marcescens қатысты тиімсіз.
Хлорамфениколға микроорганизмдер төзімділігі баяу дамиды.
Балалар
1 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды (0,25%).
3 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды (дозасы 0,5%)
Дозалау режимі
1 жастан 8 жасқа дейінгі балалар – 0,25% тамшылар:
- алғашқы 2 күнде екі сағат сайын зақымдалған көзге 1 тамшыдан.
Алғашқы 2 күннен кейін – әр төрт сағат сайын зақымдалған көзге 1 тамшыдан.
3 жастан 8 жасқа дейінгі балаларға – 0,5% тамшы:
- екі көзге күніне 1 тамшыдан 3-4 рет.
8 жастан асқан балаларға және ересектерге – 0,25%, 0,5% тамшы:
- екі көзге күніне 1-2 тамшыдан 3-4 рет.
Емдеу курсының ұзақтығын әр пациент үшін емдеуші дәрігер жекелей анықтайды.
Қолдану тәсілі
Қолданар алдында қолыңызды жуыңыз.
Препаратты конъюнктивальді қалтаға пипеткамен тамызады.
Тамызғаннан кейін көзді жауып, артық сұйықтықты таза матамен көзден сүртіп алыңыз.
Тамшыларды тек ояу кезінде қолданыңыз.
Енгізу әдісі мен жолы
Субконъюнктивалық
Емдеу ұзақтығы
Инфекцияның қайтарылуын болдырмау үшін емдеу курсының ұзақтығы аурудың симптомдары жақсарғаннан кейін де 5 күнге созылады.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кезде қажетті шаралар
Егер сіз дәрі тамызу уақытын өткізіп алсаңыз, есіңізге түскен кезде көзге тамызатын дәріні қолданыңыз, бірақ ұмытылған дозаны толтыру үшін қос дозаны қолданбаңыз.
Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну жөніндегі ұсынымдар
Егер аурудың симптомдары 2 күн ішінде жақсармаса, онда емдеуші дәрігерге жүгіну керек.
- әсер етуші затқа (заттарға) немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
- жекелей жақпаушылық;
- тері аурулары (псориаз, экзема, зеңдік зақымданулар);
- жедел алма -кезекті порфирия;
- көздің вирустық және зеңдік аурулары;
- алдыңғы хлорамфениколды қолданғаннан кейінгі миелосупрессия;
- аплазиялық анемияны қоса алғанда, қанның жүре пайда болған немесе тұқым қуалайтын дискразиясы;
- глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы;
- жүктілік және лактация кезеңі;
- 1 жасқа дейінгі балалар (0,25%);
- 3 жасқа дейінгі балалар (0,5%);
- бауыр және/немесе бүйрек жеткіліксіздігі.
Тамызғаннан кейінгі алғашқы секундтарда жылдам өтетін күйдіріп ашыту болуы мүмкін.
Иммундық жүйе, тері және тері асты шелі тарапынан
- бөртпе, ангионевроздық ісіну, есекжем, қышыну, тері гиперемиясын қоса алғанда аллергиялық реакциялар, қызба, везикулярлық және папулездік дерматит, анафилаксиялық шок.
Жүйке жүйесі тарапынан
- көру және шеткері жүйкелердің невриті, бас ауыруы, бас айналуы мүмкін
Енгізген орындағы бұзылулар
- қабақтың ісінуін, қышыну, дерматит, көздің тітіркенуін және жас ағуды қоса алғанда, жергілікті реакциялар болуы мүмкін
Сирек
- аплазиялық анемия
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Көзге тамызатын дәрінің ішке кездейсоқ түсуі өнімде антибиотиктің төмен мөлшеріне байланысты жүйелік уыттылықты туындатуы екіталай. Хлорамфеникол көзге тамызатын дәрісіндегі хлорамфениколдың салыстырмалы түрде аз мөлшеріне байланысты, бұл өніммен артық дозаланудың қауіпті болуы екіталай. Ешқандай арнайы емдеу қажет емес.
Симптомдар: көзге жағымсыз әсер еткеннен кейін жағымсыз әсерлердің жоғарылауы, тітіркену, ауырсыну, ісіну, көзден жас ағу немесе көздің қарығуы туындауы мүмкін. Левомицетиннің арттырылған дозасы көру өткірлігінің уақытша төмендеуіне әкелуі мүмкін.
Емі: препаратты тоқтату, көзді ағын сумен 15 минуттан аз емес уақыт бойы жуу керек. Симптоматикалық емдеу.
Тамызу кезінде құты-тамшылатқыштың ұшы басқа заттармен немесе беткейлермен жанаспауын қадағалау қажет. Тамызғаннан кейін тамшылатқыш-құтыны қалпақшамен тығыз жабу керек!
Арнайы ескертулер
Кейбір өлшемшарттарға сәйкес антибиотиктерді қабылдаудың кейбір ережелерін сақтау керек.
Бактериялық төзімділіктің даму қаупіне және жағымсыз реакциялардың туындау қаупіне байланысты ем 2 аптаға дейін созылуы мүмкін. Құрамында хлорамфеникол бар препарат, бірнеше ай бойы жергілікті емдеуге төзімді, кейбір өте сирек жағдайларда және анамнезінде сүйек кемігінің дисфункциясы бар пациенттерде қан дискразиясын туындатуы мүмкін. Пероральді хлорамфеникол сүйек кемігінің депрессиясының екі түрлі типін тудырады деп есептеледі. Біріншіден, сүйек кемігінің дозаға тәуелді репарациясы, сүйек кемігінің морфологиялық өзгерістерінде пайда болатын депрессия, темірдің қалпына келуі, ретикулоциттер цитопениясының төмендеуі, анемия, лейкопения және тромбоцитопения туралы айтылып отыр. Екінші жағдай - ауыр, тұрақты аплазиялық анемия. Бұл жағдай сирек кездеседі және дозамен байланысты деп саналады. Аплазиялық анемия, әдетте, тұрақты жасырын кезеңде бірнеше аптадан бірнеше айға дейін дамиды. Бұл генетикалық немесе химиялық әсер алған пациенттерде туындауы мүмкін деп есептеледі. Тіркелген жағдайлардың көпшілігі хлорамфениколды пероральді қабылдағаннан кейін, бірақ кейбір жағдайларда венаға немесе көзге қабылдағаннан кейін болған. Алайда, қан аурулары және хлорамфениколды жергілікті қолдану туралы жалпы мәліметтер қарама-қайшы.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препаратты қолданғаннан кейін 1 сағат ішінде (айқын көргенге дейін) автокөлікті басқару немесе басқа механизмдермен жұмыс істеуден бас тарту керек.
Жүктілік және лактация кезеңінде қолдануға болмайды.
Басқа жергілікті офтальмологиялық препараттарды бір мезгілде қолданған жағдайда оларды қолдану арасында кемінде 15 минут аралықты сақтау керек.
Сақтықпен: бұрын цитостатикалық дәрілік заттармен ем немесе сәулемен емдеу қабылдаған пациенттерде.
Хлорамфениколды бауырдағы зат алмасуға әсер ететін, қан түзілуін бәсеңдететін препараттармен (сульфаниламидтермен, цитостатиктермен), сәулемен емдеумен бір мезгілде тағайындау - жағымсыз әсердің даму қаупін арттырады.
Эритромицин, клиндамицин, линкомицинмен бір мезгілде қолданғанда хлорамфениколдың осы препараттарды байланысқан күйден ығыстыруы немесе олардың бактериялық рибосомалар 50S суббірлігімен байланысуына кедергі келтіруі есебінен әсерінің өзара әлсіреуі болады. Пероральді гипогликемиялық препараттармен тағайындаған кезде бауырдағы метаболизмінің басылуынан және плазмадағы концентрациясының артуынан олардың әсерінің күшеюі байқалады.
Хлорамфеникол Р450 цитохромының ферментті жүйесін басады, сондықтан барбитуратпен, фенитоинмен, тікелей емес антикоагулянттармен бір мезгілде қолданғанда осы препараттардың метаболизмі әлсіреуі, плазмадағы концентрациясының артуы және шығарылуының бәсеңдеуі байқалады.
Аминогликозидтер, пенициллиндер, В полимиксиндер, тетрациклиндер, цефалоспориндер, эритромициндердің бактерияға қарсы әсерін төмендетеді. Сондай-ақ аскорбин қышқылымен, гидрокортизонмен, В тобындағы дәрумендермен үйлесімсіз.
Сақтау мерзімі
2 жыл.
Құтыны ашқаннан кейін препараттың сақтау мерзімі – 4 апта.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде 25 °С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.