Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Раствор спиртовой для наружного применения
Дозасы
1%
Саудалық атауы
Левомицетин
Әсер етуші зат
Хлорамфеникол
Мақсаты
Сезімтал микроорганизмдерден туындаған терінің бактериялық инфекциялары, оның ішінде инфекцияланған күйіктер (беткейлік және шектеулі терең), трофикалық ойық жаралар, фурункулдар
Өндіруші
ТОО "Фармация 2010"
Ел
Казахстан
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
100 мл препарат құрамында
белсенді зат : левомицетин 1.0 г
қосымша зат: 70 % этанол 100.0 мл-ге дейін
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Спирт иісі бар түссіз мөлдір немесе аздап сарғыш сұйықтық.
• Сезімтал микроорганизмдерден туындаған терінің бактериялық инфекциялары, оның ішінде инфекцияланған күйіктер (беткейлік және шектеулі терең), трофикалық ойық жаралар, фурункулдар
Левомицетин әсері кең ауқымды антибиотик, микроб жасушасында ақуыз синтезінің үдерісін бұзады (жақсы липофильділікке ие бола отырып, бактериялардың жасушалық жарғақшасы арқылы өтеді және бактериялық рибосомалардың 50 S суббірліктерімен қайтымды байланысады, онда амин қышқылдарының өсуші пептидтік тізбектерге ауысуын кідіреді, бұл ақуыз синтезінің бұзылуына әкеледі). Көптеген грамоң және грамтеріс бактерияларға, риккетсияларға, спирохет және бірнеше ірі вирустарға (трахома қоздырғыштары, пситтакоз, шаптық лимфогранулематоза) қатысты белсенді; пенициллинге, стрептомицинге, сульфаниламидтерге төзімді бактерия штаммдарына әсер етеді. Әдеттегі дозаларда бактериостатикалық тұрғыдан әсер етеді. Қышқылға төзімді бактерияларға, көк іріңді таяқшаларға, клостридийге және қарапайымдыларға қатысты белсенділігі әлсіз. Күйген және іріңді жараларды және трофикалық ойық жараларды тазартуға және жазуға ықпал етеді, эпителизацияны жылдамдатады.
Енгізу әдісі және жолы
Жергілікті компресс түрінде, дәріленген дәке, инстилляция, ысқылап жағу түрінде. Сыртқы есту жолына ерітіндіге суланған мақта тампонын салады.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсы 3-5 күн.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар
Препаратты дәрігердің кеңесінсіз ұзақ уақыт қолдану ұсынылмайды.
• әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- қантүзілімінің бәсеңдеуі (анемия, лейкопения, тромбоцитопения)
- глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы
- тері аурулары (псориаз, экзема, зеңдік зақымдану)
- 1 жасқа дейінгі балалар
- жүктілік және бала емізу кезеңі
• Жергілікті қолданғанда гиперемия, ұсақ папулезді бөртпе және қышыну түріндегі жергілікті реакциялар болуы ықтимал. Барлық құбылыстар препаратты тоқтатқаннан кейін қайтымды.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Анықталмаған
Емдеу барысында шеткері қанның көрінісін жүйелі бақылау қажет. Этанолды бір мезгілде қабылдаумен ауқымды беткейлерге жаққан кезде дисульфирам тәрізді реакциялар (тері жабынының гиперемиясы, тахикардия, жүрек айну, құсу, рефлекторлы жөтел, құрысулар) дамуы мүмкін.
Этанолды сыртқа қолданғанда тері және шырышты қабықтар арқылы ішінара сіңеді, оны балаларда, егде жастағы пациенттерде, бауыр және бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде пайдалану кезінде ескеру қажет.
Арнайы сақтандырулар
Бұрынырақ цитостатикалық препараттармен немесе сәулелік еммен ем қабылдаған пациенттерде сақтықпен қолданады.
Қолдануға болмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Ерітіндідегі ингредиенттердің шөгінді болып түсуін туындатуы мүмкін.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде 30оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.